Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет27/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
 
 
Білім беру ұйымдарында оқушыларға медициналық қызмет көрсету
 
Мектепте медициналық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты – оқушылардың 
денсаулық жағдайын бақылау, алғашқы медициналық және дәрігерлік көмек 
көрсету. 


40 
Мектеп 
оқушыларының денсаулығын жақсарту үшін Денсаулық 
сақтау және Білім және ғылым министрліктері білім беру ұйымдарында 
медициналық кабинеттер желісін дамыту жөнінде шаралар қабылдауда.
Мектептердің 86,2%-ында 6 286 медицина кабинеттері бар, олардың 5 170-і 
лицензияланған. 
Кабинеттердің медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 96,78%-ды, 
медикаменттермен – 93,2%-ды құрайды. 
92 медицина кабинетінде күрделі жөндеу жүргізілді. 46 медицина кабинеті 
ашылып, қалпына келтірілді, атап айтқанда Жамбыл облысында – 1, Ақмола 
облысында – 2, Атырау облысында – 2, Оңтүстік Қазақстан облысында – 3, 
Алматы облысында – 4, Ақтөбе облысында – 13, Қызылорда облысында – 15, 
Астана қаласында – 1, Алматы қаласында – 5. 
999 бастауыш мектепте медицина кабинеттері жоқ (медицина кабинетін 
ұйымдастыру үшін жағдай жоқ), атап айтқанда: Атырау облысында – 3, Алматы 
облысында – 5, Маңғыстау облысында – 12, Қызылорда облысында – 18, 
Қарағанды облысында – 42, Оңтүстік Қазақстан облысында – 52, Жамбыл 
облысында – 59, Ақтөбе облысында – 78, Павлодар облысында – 97, Батыс 
Қазақстан облысында – 112, Шығыс Қазақстан облысында – 115, Қостанай 
облысында – 122, Солтүстік Қазақстан облысында – 125, Ақмола облысында – 
159. 
Бүгінгі күні оқушыларының саны 600-ден 2500-ге дейінгі жалпы білім беру 
мектептерінің штатында орта буынның бар болғаны 1 медицина қызметкері бар, 
ол өзіне функционалдық міндеттер бойынша жүктелген жұмыс көлемін 
(иммундық профилактика, химиялық профилактика, оқушыларды терең 
медициналық тексеру, медициналық құжаттаманы жүргізу, санитариялық 
қағидалар талаптарының сақталуын бақылау және т.б.) қамтамасыз ете алмайды.
Оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін орта 
білім беру мектептерінде штаттық дәрігер бірліктері көзделмеген. 
Мектеп оқушыларына медициналық қызмет көрсету мәселесі 2012 жылғы 
23 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қаралды (№ 20-5-И-
863 хаттама). Оның қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі 
мектептердегі 
медициналық 
қызмет 
көрсету 
мәселелері 
бойынша 
ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау үшін жұмыс тобын құрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет