51
Отбасына жетім баланы тәрбиелеуге алған азаматтарды материалдық
қолдау мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес
патронаттық тәрбиешіге
1 947 балаға ай сайын 10 АЕК (17 310 мың теңге) мөлшерінде жетім балаларды
күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат пен 32 мың 500 теңгеден 60 мың теңгеге
дейінгі аралықта (жұмыс өтіліне, біліктілік санатына қарай) жалақы төленеді.
2011 жылдан бері
қорғаншылар мен қамқоршыларға жетім баланы
күтіп-бағу үшін 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Қазіргі уақытта
жәрдемақы қамқоршылықтағы және қорғаншылықтағы
19 775 балаға (2012 жылы
– 19 527 бала) төленеді.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының бала асырап алушыларды көтермелеу
бойынша шаралар әзірлеу туралы тапсырмасына сәйкес 2015 жылдан бастап бала
асырап алуға байланысты
75 АЕК мөлшерінде біржолғы мемлекеттік жәрдемақы
төленбек.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
отбасында өмір үруп, тәрбие алу құқығын іске асыру отбасылық жағдайларға
жақындатылған жағдайларда неғұрлым өнімді қамтамасыз етілмек.
Республикада отбасылық үлгідегі 8 балалар деревнясы, 3
SOS Қазақстан
балалар деревнясы, отбасылық үлгідегі 16 балалар үйі бар.
Бүгінде отбасы үлгісінде жұмыс істейтін балалар үйінде балалар 8-10
адамдық топтарда тұрады, ағайындылар мен апалы-сіңлілер, олардың достары бір
отбасыға бөлінеді, отбасыға жеке тұрғын блоктары бөлінеді және т.б.
Баланың толыққанды күтім алатыны, қамқорлыққа бөленетіні, отбасында
өмір сүру тәжірибесін алатыны жетім балалардың орналастырудың осындай
нысанының басты артықшылығы болып табылады.
Бұдан басқа, балалар үйлерінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескере
отырып тәрбиелеу бағдарламалары енгізілген.
52
Қазақстан
Республикасының Үкіметі
SOS
Қазақстан
балалар
деревняларындағы балалар мен жастарды күтіп-бағуға
жыл сайын жергілікті
бюджеттерден мемлекеттік субсидиялар бөледі.
Барлық ұйымдарда оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасалған,
лингафондық және мультимедиалық кабинеттер бар,
145 ұйым Интернет желісіне
қосылған.
Мемлекеттік органдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,
азаматтық қоғамның, ҮЕҰ қолдауымен балалар үйлерін деинституционалдандыру
және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін
білім беру ұйымдарында 3,6 мың әлеуметтік педагог, 7,8 мың психолог,
қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі
функцияларды орындайтын 314
маман жұмыс істейді.
Мамандар балалардың және отбасының
жағдайы нашарлағанын ерте
анықтап, отбасыларға уақтылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды
орындайды. Барлық органдардың қызметіндегі басымдық – баланың туған
отбасын сақтап қалу.
Республикада Қамқоршылар одағы, Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар директорларының
республикалық кеңесі, ҮЕҰ консультативтік-кеңес
беру кеңесі құрылған,
олардың бағыттарының бірі әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі
жұмыстар болып табылады.
Өгей ата-аналардың
117 мектебі және
69 Отбасыны қолдау қызметі бар,
2012 жылы – 87 және 58 болған еді.
2013 жылы Мектептер мен Қызметтер 1 348 әртүрлі іс-шаралар өткізді,
оның ішінде 416 тұрақты тыңдаушы қамтылған 164 сабақ, 2 972 адам қамтылған
426 оқыту семинары және 6092 консультация (23 000 адам) өткізілді.
2013 жыл бойы Өгей ата-аналардың мектептері
мен Отбасыны қолдау
қызметтері 6921 қамқоршыға, қорғаншыға, патронаттық тәрбиешіге және бала
асырап алғысы келетін азаматтарға заңдық, психологиялық және педагогикалық
көмек көрсетті.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды
орналастырудың отбасылық нысандары белсенді түрде дамып келеді. 2004
жылдан бері Патронаттық тәрбиеші институты енгізілді.
2012 жылдың маусым айында «Милосердие» еріктілер қоғамы» ҚҚ-мен
бірге «Қазақстанда бала асырап алу» бірыңғай ақпараттық интернет-порталы
құрылды, оған отбасыларға орналастырылатын балалар туралы ақпарат
орналастырылады.
155 бала қазақстандық азаматтардың отбасыларына
орналастырылды.
Республикада жыл сайын отбасына бала алғысы келетін азаматтарды
қолдауға және тартуға бағытталған «Ризашылық - Доброта во благо детям...!»,
«Қуан, сәби», «Қамқоршы күні» қайырымдылық мерекелері өткізіледі.