78
Білім беру желісінің маңызды сипаттамасы оқушылардың әртүрлі
білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін мекемелер
бойынша оның саралылығы болып табылады.
Көп тілде білім беруді ендіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Көп тілді білім беретін мектептер саны 33-тен 90 мектепке дейін өсті.
Электрондық оқыту жүйесін дамыту білім беру сапасын, оның ішінде
шағын жинақты ауыл мектептерінде жоғарылату проблемасын шешуге әсер етеді.
Инклюзивті білім беруды дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымын және құрамын
жаңарту бойынша жұмыс жалғасуда.
Балалардың қоғамдық өмірде өзін өзі көрсетуі үшін жағдайлар жасалуда.
Қазіргі уақытта Қазақстанда
1073 жастар бірлестігі жұмыс істейді.
Қатарларында 1 миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер бар «Жас Ұлан»
және «Жас Қыран» ұйымдарының қызметін белсендіруге үлкен роль бөлінеді.
Біздің елімізде балалардың мәдени-рухани дамуына, шығармашылыққа,
демалыс пен бос уақытқа құқықтарын іске асыру қосымша білім беру
ұйымдарының желісі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясаттың басымдық бағыты
балалардың денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады.
Балалар денсаулық сақтау медициналық көмек көрсетудің барлық
деңгейлерінде қолжетімділікті және сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Кардиохирургияда, онкологияда, травматологияда, басқа да маңызды
салалар қатарында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін
қамтамасыз етуге және ең алдымен балаларды емдеген кезде жоғары
медицианлық технологияларды қолдануға ерекше назар бөлінеді.
Әйелдер мен балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмекті
көрсетудің қолжетімділігін және сапасын жоғарылату мақсатында республикада
қазіргі заманғы, әлем стандарттарына жауап беретін медициналық мекемелер
қызмет етеді.
Тек 2013 жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша 2012 жылдың ұқсас
кезеңімен салыстырғанда ана өлімі - 24%-ға, бала өлімі 17%-ға төмендеді
Балаларды тиісті емес өмір жағдайларынан және тәрбиеден пәрменді қорғау
тетігін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ата-аналарға ата-аналық
құқықтарын қалпына келтіру туралы соттың шешімі бойынша туған
отбасыларына балаларды қайтарудың оң үрдісі байқалуда.
Мемлекеттік органдар жергілікті атқару органдарымен бірігіп азаматтық
қоғамның, ҮЕҰ-дың қолдауымен балалар үйлерін қайта институционалдау және
әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы бойынша шаралар кешені жүзеге
асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: