80
Кәмелетке толмағандарға, қиын өмірлік
жағдайға
тап
болған
отбасыларына қатысты профилактикалық және оңалту іс-шараларының тәсілдерін
жетілдіру
мақсатында
жұмыс
тәжірибесі
зерделенетін,
туындайтын
проблемаларды шешу үшін шаралар әзірленетін семинарлар, конференциялар,
отырыстар тұрақты түрде өтеді.
Жалпы алғанда, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың
орташа есеппен 6-7% төмендеуі байқалады.
Өз құқықтары туралы балалар мен олардың ата-аналарының құқықтық
сауаттылығы және хабардарлығы бойынша жұмыс жандандырылды.
Халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қолдауымен
«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» кең ауқымды жалпы
ұлттық ақпараттық науқан өткізіледі
.
Қазақстан тұрақты ішкі саяси жағдайы бар, әскери және ұлтаралық
шиеленістері жоқ елдерге жатады.
Қарулы жанжалдарға, соғыс іс-қимылдарына қатысуға балаларды тартуға,
қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттауға елде заңнамалық актілермен
тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: