Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Бұл бағытта күш-жігер мыналарға бағытталатын болады



Pdf көрінісі
бет56/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
4.2 Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Бұл бағытта күш-жігер мыналарға бағытталатын болады: 
- Оқушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелерін реттейтін 
Қазақстан Республикасының заңнамаларына өзгерістер енгізу; 
- балалардың тамақтануын ұйымдастыру нормалары мен ережелерінің 
сақталуына бақылауды күшейту; 
- мектептік тамақтанудың стандарттары мен нормаларын әзірлеу
ге; 
- оқушылардың барлық әлеуметтік қорғалмаған санатын және бастауыш 
сынып оқушыларын тегін сапалы тамақтандырумен қамтамасыз етуді ескере 
отырып «Мектептік тамақтану» өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге және іске 
асыруға; 
- мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде облыс орталықтарында, 
Астана және Алматы қалаларында 2020 жылға дейін 16 мектепте 
тамақтандырудың энергия үнемдейтін комбинатының құрылыс арқылы мектептік 
тамақтандыруды модернизациялауға. 
 
Үшінші. 
Әлеуметтік 
жетімдіктің 
профилактикасы 
және
деинституционалдандыру стратегиясын іске асыру
2013 жылы ата-аналық міндеттерін атқармайтын 734 ата-ана ата-аналық 
құқықтарынан айрылды.
Денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
жүйесінің ұйымдарында тәрбиеленетін 9 мыңнан астам жетім балалар мен ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың 
80%-нан көбі – тірі ата-аналары 
бар «әлеуметтік жетімдер».
Бұл бағытта күш-жігер мыналарға бағытталатын болады:
- отбасылық типті балалар үйлерін ашуға, ірі балалар үйлерін қайта 
ұйымдастыруға; 


82 
- асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылық, асыранды отбасы және 
балаларды орналастырудың басқа да отбасылық түрлерінің институтын дамытуға 
және ынталандыруға, балалар үйлерінде тәрбиеленушілер санын төмендетуге;
- ЮНИСЕФ-пен және ЖАО-мен бірігіп кәсіптік қамқоршылықтық 
тәрбиелеу жүйесін құру бойынша пилоттық жобаны әзірлеуге;
- Қабылдаушы ата-аналар мектептерінің және отбасыны қолдау 
қызметтерінің желісін дамытуға және олардың қызметін әдістемелік қамтамасыз 
ету; 
- қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар отбасыларын ерте анықтау 
бойынша оларға өз уақытында көмек көрсету үшін ведомствоаралық өзара әрекет 
тетігін ендіруге; 
- «Бала жанұяда өмір сүруге тиіс» қоғамдық қозғалысының әлеуметтік 
бастамасын қолдау және іске асыру; 
- қазақстандық отбасыларына жетім балаларды орналастыру мәселелері 
бойынша позитивті қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік 
жарнаманы жандандыруға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет