Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- күрделі, қымбат немесе қауіпті тəжірибені модельдеу  мүмкіндігін; -



Pdf көрінісі
бет39/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

- күрделі, қымбат немесе қауіпті тəжірибені модельдеу 
мүмкіндігін;
- үдерістерді динамикалық көрсету есебінен абстракт ақпаратты 
визуалдауды;


107
- микро жəне макро дүниелердегі үдерістерді жəне объектерді 
визуалдауды кіргізуге болады.
Мультимедиа құралдарын нақты пəндер саласында да, бірнеше 
пəндер тобындағы орналасқан пəндерді оқыту үдерісін жақсарту 
үшін қолдануға болады.
Білім беру жүйесінің эффектілеріне белгілі дəрежеде оқу үдерісі 
жүріп жатқан ортада əсер етеді. Бұл түсінікке оқыту үдерісінің 
құрылымы оның есептері жəне оңайлығы кіреді (қоғам, кітапханалар
мультимедиалық ресурс орталықтары, компьютерлік зертханалар 
жəне т.с.с. )
Мұндай жағдайда мультимедиа баспалары жəне ресурс-
тар көп санды мүмкін болған оқыту құралдарының бірі ретінде 
қолданылады. Демек, заманға сай мультимедиа құралдарының 
дамуы білім беру технологияларын жаңа деңгейде қолға 
келтіруге мүмкіндік береді, бұл мақсат үшін ең алдыңғы қатарлы 
техникалық инновациялар қолданылады. Білім беру аясына кіретін 
мультимедиалық құралдардың заманауй болып əртүрлі модель-
деу құралдары жəне қызмет көрсетуі технологияларға негізделген, 
виртуал ақиқат деп аталатын құралдар болып табылады. Вир-
туал объектілер немесе үдерістерге нақты немесе елестетілетін 
объект немесе үдерістердің электрондық моделдері жатады. Вир-
туал сөзі қағаз жəне басқа материалдық тасушыларда көрсетілген 
білімдік жəне басқа объектілердің электрондық нұсқаларының си-
патын айтып көрсету үшін қолданылады. Виртуалды шындық – бұл 
дыбыстық, көру, тактильды тағы басқа ақпарат түрлерін беретін жəне 
қолданушыға виртуалдық кеңістікке кіру елесін тудыратын мульти-
медиа құралдары. «Виртуалды шындық» жүйелері адам мен орта 
арасында тура «тікелей» қатынасты жүзеге асырады. Олардың ең 
жетілгендеріне қолданушы жасалған қолғапты киіп, тек компьютер 
жадындағы нысанға қолын тигізе алады. Басқа жағдайларда экранда 
бейнеленген нəрсені «айналдырып» жəне оны басқа жағынан көруге 
болады. Қолданушы «ақпараттық костюм» «ақпараттық қолғап» 
«ақпараттық жəне көзілдірік» басқа құралдар мен құралданып 
«виртуалдық кеңістікке» қадам басады.
Осындай мультимедиа құралдарын білім беру жүйесінде 
қолдану қолданушы қабылдайтын ақпараттың мағынасы жəне 
қабылдау механизмін өзгертеді. «Виртуальды ақиқат» жүйелерімен 
жұмыс жасау кезінде, білім беруде ақпаратты қабылдау кезінде са-
палы өзгерістер болады. Бұл жағдайда қабылдау тек көру жəне есту 


108
арқылы ғана емес, сондай-ақ сезу жəне иіскеу арқылы да жүзеге 
асады. Принципшіл жаңа деңгейде білім берудегі көрнекіліктің 
дидактикалық принципиптерін жүзеге асыруда сілтеулер пайда бо-
лады. Білім беруде мультимедиа технологиясына пайдаланудың 
кеңістіктік ойлауын дамытуда, нақты шындыққа максимал 
жақындаған жағдайда мамандардың машықтануын ұйымдастыруда 
маңызы зор. «Виртуал ақиқат» жүйесін медицинада хирургтар-
ды күрделі операцияларды жүргізуге, ауруларды реабелитациялау 
мəселелерін шешуге үйрету үшін қолдануы таңқаларлық жүйе. 
«Виртуалды шындық» берген ақпаратты түсіну тек тоериялық емес, 
практикалық болуы да мүмкін, дəлірек айтқанда: көрнекті – бейнелі 
немесе көрнекті – əрекетті. Практикалық ойлау тоериялық ойлаумен 
салыстарғанда тырысуды аз талап етеді, ереже бойынша, бейнелік 
ақпаратты түсіну символдық ақпаратты түсінуге қарағанда жеңіл. 
Виртуал ақпарат технологиясын пайдаланып құрылған электрондық 
басылымдар мен ресурстар оқыту үдерісінде оқу метериалын жақсы 
түсіну жəне меңгеруді қамтамасыз ете алады. Бірақ, виртуалды 
шындық жүйесінің деңгейі қанша жоғары болған сайын, оларды 
жасауға сонша көп еңбектену керек, педагогтар мен оқушыларға 
берілетін ақпараттанудың техникалық құралдарының мінсіз болуы 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет