Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- түсіну күрделілігі 3 буыннан артық сөздің негізгі құрамының  өсуімен үлкейеді; -



Pdf көрінісі
бет113/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

- түсіну күрделілігі 3 буыннан артық сөздің негізгі құрамының 
өсуімен үлкейеді;
- қысқа мерзімді жадтың көлемі 7 ± 2 бірлікке тең (байланыспаған 
сандар, байланыспаған буындар немесе сөздер);
- мағыналық түсінушіліктің өнімділігі механикалық түсіну-
шіліктен 20 есе жоғары;
- адамның көрермен анализаторының өткізгіштік қабілеті 
естушіліктен 100 есе жоғары;
- негізгі ақпараттың мəтін мəндік ортасы оның танылуы мен 
қабылдану жылдамдығына тікелей əсер етеді; 
- кеңістік кескіннің орналасуы кеңістік орналасу, стимул түсі 
мен формасы жайлы ақпараттың визулды қысқа мерзімді жад-
та репрезинтациялауға үлкен мағынаға ие. 
Мультимедиа-ресурстың əзірленуі кезінде мультимедиа 
құралдардың біртұтас жүйесіндегі синтаксистік, семантикалық 
жəне прагматикалық ішкі жүйелердің біртұтас тіркесін оның 


272
типологиялық моделі деңгейінің барлық мүмкін деңгейлерін табу 
қажет.
Дизайн-жобаға білім беруші мультимедиа құралдың жасау-
шысы мақсаттық бағыттың болашақ бірлігін, объект мазмұны мен 
формальды сапасын қосады. Жасалған жоба аз логикалық қисынды, 
аз функционалдық қисынды түрде негізделсе, ой жəне алынған 
өнім арасындағы айырмашылық көп болған сайын, жүйе тиімділігі 
де аз болады. Жүйелік дизайнның бірінші фазасы маңызды рөл 
атқарады. Бұл кезеңде келесі əрекеттің мағыналық орталығын 
анықтайтын қажетті ақпараттың жиналуы мен талдануы жүзеге 
асады.
Дизайн-тұжырымдама жоба мақсаты мен жетістіктерінің 
тəсілдерін негіздейді. Ол болашақ ғимараттың құрылымдық жəне 
эстетикалық мүмкіндіктерін анықтай отырып іргетасы болып табы-
лады. Мультимедиа-ресурстың дизайн-тұжырымдамасының түрткі 
болатын сəті əрдайым оқушылар болып табылады.
Дизайн-бағдарлама жобалаудың бастапқы фазасы сапасында 
болады. Ол дизайн-тұжырымдамасының іске асу операциясының 
негізгі топтарынан тұрады жəне берілген əрекет түрінің жобасы не-
месе моделін ұсынады. 
Дизайн-сценарий кеңістік-уақыт ортасының дизайн-
бағдарламасын нақтылайды жəне оның өмір əрекетінің барлық 
мүмкін көріністерін көрсетуге мүмкіндік беретін болашақ 
мультимедиа-ресурстың кескінін ұсынады. 
Жалпы орты білім беру жүйесінде мультимедиа-ресурстардың 
жасалуында интерфейс құрылымына əсері бар нақты кепілдемелер 
ескерілуі қажет. Мысалы оқушыларға мультимедиа-ресурс 
аумағында ерікті орналасу үшін бір беттен келесі бетке орналасу 
уақыты бір секундтан аз болуы керек. 
Мультимедиа-ресурстың жасалуы кезінде оқушылар беттің ашы-
луы үшін 10 секундтан артық уақыт күтпеу керектігіне қол жеткізу 
керек, ол бұл адамның күту уақытында басқа нəрсеге назар аударып 
кету мүмкіндігінің шегі.
Үн қосу уақытына сəйкес негізгі ақпарат 1968 жылғы 
FallJointComputerConference конференциясындағы Роберта Б.Мил-
лера (Robert В. Miller) баяндамасында көрсетілген: 
- Секундтың оннан бірі(0,1) – сол уақыт аралығында оқушы 
алған жауап жүйесі лездік қабылдауға арналған, яғни экранға 
нəтиже шығаруға арналған кері байланысты қажет етпейтін 


273
анықталған мағына. Бұл ұғым нақты уақытта оқушылар 
экрандағы элементтерді қозғалту, өлшемін өзгерту жəне басқа 
да əрекеттер жасайтын мультимедиа ресурстағы жауаптың 
үздікті уақыты болу керек.
- Бір секунд (1,0) – оқушы ойы аялдаманы байқаса да, үзілмейтін 
уақыт аралығынаң үздіксіз ұзындығы. Əдетте кері байланыс 
аялдама мəліметтермен 0,1 секундтан көп жəне 1 секундтан 
кем болмаса қажет емес, бірақ оқушы мəліметтермен үздіксіз 
жұмыс жасайтының сезбейді. Егер жаңа бет 1 секунд ішінде 
пайда болса, онда оқушы шектен тыс аялдамаларға тап бол-
майды. 
- Он секунд (10,0) – оқушы тек диалогқа фокусталған шек 
аралығы. Егер аялдама көп болса, онда оқушы мульити-
медиа ресурстың жұмысы аяқталуын күткенге дейін басқа 
жұмыстармен айналыса бастайды. Оқушы жаңа беттер 20 
секунд аралығында ашылатын болса, сілтемелерді ашуды 
жалғастыра береді.
Үн қосу уақыты барынша аз болу керек. Компьютер оқушы 
жылдамдығымен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен сезетінін 
ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, мультимедиа-ресурстағы айналма-
лы тізім оқушы өзіне керек элемент экранда қалу үшін уақытында 
тоқтата алмайтындай барынша тез қозғалуы мүмкін.
Жылдамдықтан басқа жауап уақытының шағын шашылуы да 
маңызды. Мультимедиа-ресурстарды қолдану уақыт аралығы өте 
ерекшеленеді, сондықтан оқушылар баяушылықтан ыңғайсыздық 
сезінеді. Оқушылардың қанағатшылдығы үн қосу уақытына ғана 
тəуелді емес, сонымен қатар оқушылардың күтуіне де тəуелді. Егер 
бір əрекет кейде тез, кейде жай орындалса, онда оқушылар нені 
күтерін білмейді, сондықтан да өзінің жұмысын оңтайландыру 
үшін əрекет жасай алмайды. Егер оқушылардың бір немесе басқа 
əрекеттері жылдам болса, онда олардың жай орындалу əрекетінен, 
яғни əрекет жай орындалатын, басқа əрекетке сабырлықпен 
қарай алатын мүмкіндіктен айрылады. Міне сондықтан да 
барлық ерекшеліктерді үн қосудың барынша аз уақыты барлық 
ерекшеліктерді əкелу мағынасына ие. Егер дəл сол əрекеттің орын-
далу əрекетіне дəл сондай уақыт қажет болса, онда оқушы қанша 
уақыт күту керек екенін білетін болады. 
Мультимедиа-ресурсты қолдану уақытында көп беттер мен 
файлдарды жүктеу уақытын болжау үшін оқушыға көмек беру керек. 


274
Бұл үшін сілтеме жанындағы жүктелетін файлдың немесе беттің 
көлемін көрсету жеткілікті. Ереже бойынша өлшем жүктелу уақыты 
10 секундтан асатын файлдар үшін көрсетілуі керек. 50 Кбайттан 
асатын өлшемді кез келген файлдың көлемін ескерту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет