- оқу-тəрбие үдерісінде денсаулық сақтауды дамытуды жоспар-
лау;
- ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын
қолдану арқылы оқыту барысында пайдаланылатын мектептің
286
іс-əрекетін денсаулық сақтау мақсатында ұйымдастыру бойын-
ша əрекетті талдау мен жоспарлау;
- оқу-тəрбие үдерісін денсаулық сақтау мен сүйемел-
деуге бағдарланған оқытушылардың дайындығы мен мотива-
циясы;
- компьютерлік техниканы қолданумен сабаққа дайындалу
мен өткізу барысында СанПиН талаптарын сақтау бойынша
бақылауды ұйымдастыру;
- ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын
қолданумен оқыту барысында демалыс пен оқу іс-əрекетінің
рационалды сəйкестігін сақтау бойынша бақылау жүйесін
ұйымдастыру;
- денсаулық сақтау мақсатындағы мұғалімдер, оқушылар жəне
ата-аналардың үздіксіз білім беру жүйесін құру;
- ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын
қолдану арқылы оқушылардың шаршауын азайту мақсатын-
дағы оқу материалын жүйелеу, кіріктіру жəне оңтайландыру
жолымен оқыту мазмұны мен əдістерін жетілдіру;
· ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының мектеп
оқушыларының денсаулығына əсерін оқып-үйрену.
Оқу бағдарламаларын жаңа мазмұнмен толықтыра оты-
рып, оқу жоспарының мазмұнын жетілдіре отырып, шығарма-
шылық үдеріспен жəне əртүрлі ақпараттық-қатынастық
технологиялардың құралдарын пайдалануға қызыға отырып, педа-
гогтар оқушылардың мүмкіндігі, физикалық жəне психикалық сипат-
тамалары туралы ұмытады. Нəтижесінде білім сапасы төмендейді,
ал дұрыс емес педагогикалық əрекет оқушылардың денсаулығын на-
шарлатады.
Мектепте денсаулық сақтау жүйесін құру, денсаулыққа əсер
ететін барлық факторларды біріктіру жəне оларды ақпарат-
тық-қатынастық технологиялар құралдарын қолданумен оқытуда
меңгеру, мектептегі барлық оқу сабақтарында жəне оқушы-
лардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, ағзаның
жұмысқа қабілеттілігі мен қызметтік жағдайы оңтайлы деңгейін
сақтауға міндетті түрде əсер етеді. Бұл ақпараттық-қатынастық
технологиялардың құралдарын қолданумен оқытудағы басты
мақсатының бірі. Қазіргі қоғамның дені сау, ақпараттық ағымда
бағдарлануға қабілетті жəне ақпараттық технологиялардың
|