33
Кейбір ақпараттандыру құралдары, электрондық анықта-
малықтар, энциклопедиялар, Интернет-порталдар беретін ақпарат-
тың орасан зор көлемі де оқу үдерісінде назарды алаңдаттыруы
мүмкін.
Оның үстіне, адамның уақытша жадысының мүмкіндіктері өте
шектеулі. Əдетте, қарапайым адам тек əр түрлі жеті ойланылатын
категорияларды сенімді түрде еске сақтап, бір уақытта амалдар
қолдануға қабілетті. Оқушыға əр алуан түрлі ақпаратты бір уақытта
демонстрация жасаған кезде ол маңызды ақпаратты жіберіп алып,
басқаларын қадағалау үшін ақпараттың бір түрлерінен алаңдайтын
жағдай тууы мүмкін.
Көп жағдайларда білімді ақпараттандыру құралдарын пайда-
лану оқушыларды нақтылы тəжірибелерді өз қолымен жүргізу
мүмкіндіктерінен жөнсіз айырады, ал мұның оқыту нəтижелеріне
теріс əсер ететіні сөссіз.
Сонымен, ақпараттандыру құралдарының көпшілігін шама-
дан тыс жəне жөнсіз пайдалану оқу үдерісіне қатысушылардың
барлығының денсаулықтарына теріс əсер ететіндігі туралы ұмытпау
керек.
Достарыңызбен бөлісу: