Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет124/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

298
10.2
 
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы 
оқытушыларды дайындау жүйесі
Ақпараттандыру құралдарын пайдалану оқытушылардың 
еңбегінің қарқындануына, сонымен қатар оқушыларды оқытудың 
тиімділігіне оң əсер етеді. Сонымен қатар, кез келген мұғалім 
ақпараттық жəне қатынастық технологиялардың енгізілуінің 
жеткілікті оң əсерден көп жағдайда ақпараттық құралдарды қолдану 
оқушыларды оқыту тиімділігінің жоғарылуына əсер етпейді, ал 
кейбір жағдайда ондайды қолдану кері əсер тигізетінін растайды. 
Мұндай орынды жəне ақталған оқытуды ақпараттандыру мəселесінің 
шешуі кешенді жəне жан-жақты жүзеге асырылуы қажет. Соны-
мен қатар, оқыту ақпараттық жəне телекомуникациялық техноло-
гиялар құралдарын мүлтіксіз, орынды, ретті қолдану білім беруді 
ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды дайындау мазмұнына 
кіруі қажет. 
Білім беруді ақпараттандыру негіздеріне болашақ жəне қазіргі 
мұғалімдерді кешенді түрде оқыту қажет. Ол үшін оқытушылардың 
дайындығын жүйелендіруге мүмкіндік беретін, олардың мазмұнын 
аса іргелі жəне үнемі өзгеріп, дамып отыратын ақпараттандыру 
құралдарына тəуелділігін азайтатын оқыту мақсаттары мен 
принциптері жүзеге асырылды. 
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды 
дайындайтын негізгі мақсаттар:
- білім берудегі ақпараттық жəне телекомуникациялық техноло-
гияларды қолданудың жағымды аспектілерімен танысу;
- ақпараттық қоғамда білім беруді ақпараттандырудың рөлі мен 
орны туралы түсінікті қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын тиімді қолдану салалары туралы түсінікті 
қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен білім беру технологияларын құру, 
өңдеу, ұсыну, ақпаратты сақтау мен тасымалдау ортасында 
тиімді қолдану саласы туралы түсінікті қалыптастыру;
- ақпараттандырудың жалпы əдістерімен, оқу үдерісінің 
дəл қажеттіліктерімен, оқу орындарының оқудан тыс, 
ғылыми-зерттеушілік жəне ұйымдастырушы-басқарушылық 
қызметтерін оқу нəтижелерін басқару жəне өлшеумен танысу;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет