Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Компьютер жəне компьютерлік желілер



Pdf көрінісі
бет23/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

2.4 Компьютер жəне компьютерлік желілер 
телекомуникациялық құрал ретінде 
Адамзат тарихындағы адамдар арасындағы қарым-қатынас 
ақпарат алмасу арқылы дамылады. Білім саласында бұл қарым-
қатынас ерекше рөл атқарады. Адамдар басқа бір адамға ақпарат 
беру арқылы сонымен қатар адамдарды оқыту пайда болды. Ақпарат 
алмасусыз оқытушымен оқушы арасындағы жұмыс мүмкін емес. 
Адамзат тарихының басында қарым-қатынас ақпарат алмасумен со-
дан кейін белгілі бір дыбыспен, соңында кəдімгі адами тілмен жүзеге 
асты. Мыңдаған жылдар бойы ақпарат алмасу тек тікелей қарым-
қатынаспен орындалды. Содан кейін жазбаша түрде, папирустық 
түрде, пергаменттің, қағаздың көмегімен жүзеге асты. Бұл жағдайда 
адамдардың тікелей қатынасы қажет болды. Соңғы жүз елу жылда 
адамдар арасындағы ақпарат алмасу телеграф, телефон, радио, те-
ледидар көмегімен технологияның дамуы арқасында жүзеге асты. 
Бұндай технологияның құралдарын ақпарат алмасудың бірнеше 
түрлеріне қол жеткізетіндіктен толығымен телекоммуникациалық 
деп айтуға болады. Бұл құралдар білім беру үрдісін арттырады, 
бірақта телекомуникациялық құралдар техникалық жəне техноло-
гиялық жағынан өте күрделі. Қазіргі əлемде, үлкен рөлді ақпарат 
алмасуда компьютер алады, оның негізгі компьютерлік телеком-
муникациалық құралдар. Өткен ғасырдың 60 жылдарының ортасын-
да адамдар компьютерді бір-бірімен байланыстыруды үйренді. 
Компьютерлік желілер түсінігімен сіз 7-сыныпта таныстыңыз, 
желілер түрлерінің көрнекі үлгісі- мектептің информати-
ка кабинетінің компьютерлік желісі. Мұндай көлем бойынша 
кішігірім, бір үй, ғимарат, кəсіпорын аумағында жұмыс істейтін 
желілер жергілікті деп аталады. Аймақтық немесе ауқымды деп 
аталатын басқада желілер бар. Қала, облыс, ел ішінде орналасқан 


61
желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға не-
месе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпаративтік деп 
аталады. Мысалы, ҚР-ның Ұлттық банкінің желісі – Banknet, 
негізгі банктің компьютерлерін оның барлық филиалдарының 
компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қосу) біріктіреді.
Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер 
ауқымды деп аталады. Олар корпаративтік те, жалпы да бола алады. 
Мысалы, интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға 
қызмет ету мүмкіндіктері бар. Компьютерлерді желіге олардың 
ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін жəне ақпаратпен алмасу 
үшін біріктіріледі. Компьютердің ресурстары ақпараттық жəне 
техникалыққа бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар 
жəне деректер, ал техникалықтарға – принтер, модем, сканерлер
график сызғыштар кіреді. Ақпарат сақтау құралдары СD-ROM, ZIP, 
DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар 
жəне деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу 
логикалық дискіге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан 
компьюткрінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті 
деп аталады. Желінің басқа компбютерлеріне де ашық компьютер 
ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті жəне 
ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл – жергілікті ресурсты ортақ 
етуге болады жəне, керісінше ортақ ресурсқа жергілікті мəртебесін 
беруге болады. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп 
аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын жəне осы ресурстар пай-
даланатын негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентра-
торлар арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл 
желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі 
оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, 
онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады. «Сақина» топологиясы-
на тəн бір нəрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; де-
ректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай 
сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің 
басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық 
уақытта бір бағытта қозғалады. 
«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық 
желілік компьютер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің 
бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» 
тағы бір осал жері компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол 
деректерді жібереді, басқасы бойынша қабылдайды. Tokin Ring-тің 


62
ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген. Осылайша, Tokin 
Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты 
безендірілген.
Жергілікті желіде ақпарт жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/
с-қа дейін жетеді.
Жергілікті есептеу желілері бірыңғай жəне ирархиялық болып 
бөлінеді. Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы жəне 
бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-
15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. 
Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сəтте басқа 
компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде кли-
ент де бола алады, яғни өзі ресустар беретін компьютердің ресур-
старын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдыруы 
компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдармен жасалады. Қажет 
болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгі-
лейді. Бірыңғай желілердегі ОЖ-лер ортақ ақпараттық ресурстардың 
оқылуын жəне редакциялануын, «бөтен компьютерден» програм-
маларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралын 
қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет