Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет49/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

· гипермəтін принципі бойынша құрылған материалды меңгеру
қабылдау үшін ыңғайлы жəне оқу курсының мазмұнын 
меңгеруге жағымды əсер етеді;
· практикалық сабақта қолданылатын гипермəтін оқушылардың 
өзіндік жұмыстарын белсендіруге жағдай жасайды; 
· гипермəтінмен жұмыс жасау оқушылардың интеллектуалдық 
деңгейін арттырады;
· 
ақпаратты гипермəтіндік түрде көрсету жұмыстарына 
негізделген оқыту, оқушыларды əртүрлі ақпараттың берілу 
деңгейі жəне оны көрсетудің көпнұсқалы тəсілдері туралы ой 
салады;
· 
гипермəтін көмегімен берілген материалды меңгеру, 
оқушыларда меңгерілетіннің құрылымын нақты түсінуді, 
жүйелі ойлау дағдысын қалыптастырады;
· 
гипермəтін компьютерлік жəне телекомуникациялық 
техниканың оқыту үдерісіне енуіне жағдай жасайды. 
Педагогтар үшін гипермəтіндік жүйе дəріс, семинарлардың, 
зертханалардың жəне практикалық жұмыстардың мазмұнын да-
йындаудың ыңғайлы құралы болып табылады. Гипермəтінді қол-
дана отырып, оқытушы үлестірмелі материалдарды, жаңа материал-
ды көрсетуге арналған көрнекілік құралдарды немесе есептер ше-
шуде нұсқаулар алуға мүмкіндік беретін практикумдарды өздігімен 
жасай алады. Интернет желісі сияқты, қазіргі телекомуникациялық 
желілерде гипермəтін принципі бойынша ұйымдастырылған жəне 


140
оқыту үдерісіне пайдалы ақпараттың үлкен көлемі сақталады. 
Мұндай ақпаратпен жұмыс жасай отырып, педагог əрбір дəрістің 
немесе семинардың мазмұнына меңгерілетін нысан немесе құбылыс 
туралы жаңа мəліметтер қоса алады.
5.3 Білім берудегі ақпараттық модельдеу
Ақпараттық технологиялардың жəне ақпараттандыру 
құралдарының дамуы кез келген оқу мекемесінде оқытудың сапа-
сы мен қарқындылығына кардиналды түрде əсер етеді. Компьютер-
лер жəне олармен байланысты программалық құралдар оқытуды 
ұйымдастырудың мүмкін болатын экспериментальдық-практикалық 
қорын кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушыларды 
қызметінің ерекшелігімен, мүмкіндіктерімен таныстыру есебінен 
жəне оқушылар мен студенттердің болашақ кəсіби іс-əрекеті аясында 
ақпараттандыру құралдарын практикалық қолдануға бағыттауымен 
білім беру мазмұнын толықтырады. 
Білім беруді ақпараттандыруға айтарлықтай үлес қосатын 
ақпараттық технологиялардың бірі – ақпараттық үлгілеу техноло-
гиясы. Адам бұрыннан үлгілеуді нысандарды, үдерістерді жəне 
құбылыстарды зерттеу үшін қолданған. Мысал ретінде, синхро-
фазотрон немесе мекемелер мен құрылыстардың жерсілкінуге 
төзімділігін зерттеу жұмыстарын меңгеруді келтіруге болады. 
Үлгілерді құру жəне зерттеу:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет