204
деп екі топқа бөлінуі тиіс; дайындаушылық жұмыстарды ең
төменгі білікті мамандар жүзеге асыра алады;
- сараптамадан өткен электрондық білім беру басылымда-
ры мүмкіндігінше өзгертіліп жəне жетілдірілгендіктен оқу
жүйесінде пайдалану үрдісі кезінде сапаны сараптамалық
бағалау рəсімі толық көлемде мерзімдік қайталанып тұруы
қажет.
Кешендік сараптаманы ұйымдастыруға қойылатын талаптар
дегеніміз – электрондық білім беретін басылымдарды жəне ре-
сурстарды құру жəне қолдану бойынша техника-технологиялық,
психологиялық-педагогикалық жəне дизайн-эргономикалық
аспектілерді сараптамалау əдісі.
Техника-технологиялық сараптама. Техника-технологиялық са-
раптама жүргізу барысында анықталады:
- құралдардың талап етілетін орталарда, желілік режімде, басқа
басылымдар жəне ресурстармен үйлескенде қалыпты жұмыс
жасай алу мүмкіндігі;
- заманауи мультимедиа құралдарын жəне байланыс техноло-
гияларын қолданудың дұрыстылығы;
-
жұмыс жасау қабілетінің тұрақтылығы, сенімділігі,
гетерогенділік, ақауларға беріктігі;
- тіркелмеген құбылыстардан қорғау сапасы жəне оның бар бо-
луы;
-
инсталляция жəне деинсталляцияның қарапайымдылығы,
сенімділігі жəне толықтығы;
Достарыңызбен бөлісу: