Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет12/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
еркін және жауапкершілікті шығармашылық таңдауын анықтайтын, 
белгілі бір құндылықтық ұйғарымға бірігеді. Сонымен қатар, өнегелі 
жауапкершілік үнемі бірінші кезекте, қазақ философиясының 
сипаты мен мақсатын айқындап отырды. 
Философия ұлттық сипатқа, берілген жауаптарда емес, өйткені 
барлық халықтар мен тілдер үшін ғылыми жауап – біреу, сол сауал-
дардың қойылу түрінде ие болады. Қазақы философиялық ойдың 
ерекшелігі – оның этикалық реңділігі мен эстетикалық мәнді-
мазмұндылығы, ол қазақтардың философиялық ойына, сонау түпкі 
мәніне дейін, үлгілік және тартымдылық әсер дарытады.
Қазақ халқының ұлттық философиялық пайымдау типінің 
өзгешелігіне, оның рухани мәдениетінің құнды және бай болуына, 
біздің көзқарасымыз бойынша, Қазақстанның Шығыс пен Батыстың 
ортасындағы геосаяси жағдайы, үндіирандық, қытайлық, визан-
тиялық, арабтық, түркілік, монғолдық, славяндық өркениеттермен 
ежелден бері өзара тығыз қарым-қатынаста болу дәстүрлері, сондай-
ақ көшпелілік сипаты басым болған, мал және егін шаруашылы-
ғындағы ерекшеліктер және аса шиеленісті этносаяси тарихы барын-
ша өз ықпалын тигізді. Бұған қазіргі күнге дейін келіп жеткен, 
этикалық, эстетикалық, тарихи-саяси, заңтанымдық, діни-мифоло-
гиялық және мистикалық философиялық ойға қатысты жазбаша 
және ауызша ескерткіштер дәлел бола алады. 
Қазақ халқының ұлттық философиялық пайымдау типін зерде-
леу арқылы, біз мәдениетіміздің, әлеми түйсіктеріміздің сонау қайнар 
көздеріне қол жеткіземіз және қазіргі кезде әлемді, тек өзіміздің жаны-
мызда және төңірегімізде ғана емес, сондай-ақ әлі алына қоймаған 
биіктіктер мен терең қойнауларда да көре білу қабілетіне ие боламыз. 
Қазақы философиялық ой мыңдаған ғасырлық даму барысында, 
шынайы орын алған тарихтың да ықпалын басынан кешірді. Қазақ-
тар үшін ХV–ХVІІІ ғасырлар, оларды бірыңғай ұлт төңірегіне қар-
қынды шоғырландырған және шаруашылықтары мен тұрмыс-
тіршіліктері, өнері мен мәдениеті өзара бір-біріне жақын, рулар мен 
тайпаларды біріктіру негізінде, дербес қазақ мемлекетін құрған кез 
болды. Бұл үдеріс барынша күрделі сипатта жүзеге асырылды, себебі 
бұл кездері оқтын-оқтын руаралық және тайпааралық қақтығыстар 
және сыртқы жаулармен, әсіресе жоңғар шапқыншыларымен арада 
ұзақмерзімдік шайқастар болған еді. 
ХV–ХVІІІ ғасырларда қазақ хандығының ішкі өмірінде де елеу-
лі оқиғалар орын алды. Зерттеушілер атап көрсеткендей, қазақ хан-
дығында адамдар басты екі әлеуметтік санатқа бөлінді – ақсүйектер 
мен қарасүйектер [2, 315 б.]. Ақсүйектер, негізінен Шыңғысханның 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет