Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет120/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тарихын екі тарихнаманың да – яғни отырықшы халықтар мәдениеті-
нің өнімі болып табылатын кәдімгі, жазба тарихнаманың да, далалық 
ауызекі тарихнаманың да мәліметтерін тарту негізінде қалпына 
келтіруге болады» [7, 64 б.]. Одан ары бұл автор даланың ауызша 
тарихнамасына анықтама беріп, оның ерекшеліктерін сипаттайды: 
«Даланың ауызша тарихнамасы – бұл Дешті Қыпшақтың, біз 
үшін, ең алдымен, моңғол дәуірінен кейін көшпенділердің жалпы 
білімінен ерекше салаға бөлініп шыққан Шығыс Дешті Қыпшақ 
көшпенділерінің тарихи білімі. Осы себепті де ол ол «ауызекі дәстүр» 
терминімен де, «аңыз», «әпсана» сөздерімен де анық-талмайды. 
Даланың ауызша тарихнамасы мифологиямен де, фольклор-мен 
де, оның ішінде батырлар жырымен де теңгеріле алмайды, өйткені 
фольклордың өзі даланың ауызша тарихнамасынан нәр алады... 
Даланың ауызша тарихнамасы шамалы түрі өзгергертілгенімен, дәл 
сол жалпы тарихнаманың өлшемдермен сипатталады. Аталмыш 
тарихнаманың деректерін зерттеу Дешті Қыпшақ көшпенділерінің 
тарихи білімін феномен ретінде, жүйе ретінде, көшпелі мәдениеттің 
даму деңгейінің индикаторы ретінде пайымдауға мүмкіндік береді. 
Даланың ауызша тарихнамасы – Еуразия халықтарының ауызша 
тарихнамасының бір бөлігі. Ал ол өз кезегінде әлем халықтары 
тарихнамасының бөлігі болып табылады. Ауызша тарихнама – бұл 
қоғамдық құбылыс ретіндегі тарихнаманың дамуындағы әмбебап 
кезеңдік-типологиялық феномен деп тұжырымдауға болады» [7, 65 б.]. 
Көптеген жазба деректерде ауызша тарихнаманың мәліметтерін 
мейлінше мол қолданылатынын ескерсек, оны зерттеп үйренуде 
өз әдістемелік тәсілдері болатын қосымша шығыстанулық-тарихи 
пәнді енгізу қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Оның міндетіне тарихи 
зерттеу-лерде ауызша тарихнаманың мәліметтерін пайдалану 
принциптерін жинау, жүйелеу, жіктеу, талдау және даярлау жатады. 
«Материалдық мәдениеттің ескерткіштерін жер қойнауынан тауып, 
халықтардың алыстағы өткенін тірілтетін археологтар сияқты, 
деректанушылар далалық ауызша тарихнаманы тірілтіп, мәдениеттің 
осы үлкен әрі ұмытылған аумағын оны қалыптастырушыларға – 
қазақ, қарақалпақ және өзге халықтарға қайтарып, олардың өздері 
туралы бұрынғы жадын түлету керек. Бұл – оңай міндет емес. Бірақ 
бұл зерттеушілер үшін құрметті де ізгі парыз», – деген белгілі де 
беделді осы шығыстанушының сөзі отандық қоғамдық ғылымға 
аманат жүгін арқалатып тұрғандай көрінеді.
Жазба деректердің осы ерекше тобына Хиуа ханы Әбілғазының 
«Түрік шежіресін» де жатқызуға әбден болады. Бұл еңбектің авторы 
туралы қысқаша мәлімет бере кетсек. 


 
123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет