Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Атақты қазақ ақын-жыраулары Асан қайғы, Шалкиіз,
Ақтамберді, Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай т. б. ұлттық әдеп
жүйесін заман талаптарына сәйкес жоғары тұғырға көтере білді.
Олардың әлеуметтік-этикалық ойлары қазақ халқының әдептік
сана-сезімінің қалыптасуына, кейінгі ұрпақты адамгершілік
және ұлтжандылық рухта тәрбиелеуге үлкен әсерін тигізді – деп
атап көрсеткен қазақ мәденетін зерттеуші ғалым Т.Х. Ғабитовтың
ойларымен келісуге болады [1].
Енді қазақ эстетикасына тоқталатын болсақ, онда ол адам
мен әлем қатынасында әсемдік пен сұлулық туралы қазақ
халқының ұлттық көркем мәдениетін зерттейтін философиялық
пән екендігін атап көрсетуге болады. Әрине, басқа халықтардың
өзіндік эстетикалық әлемі бар. Эстетика термині ежелгі грек тілінен
«
сезінуші, сезімдік қабылдау» деп аударылады. Қазақ халқының
қалыптасу барысындағы эстетикалық ой-пікірлерінің дамуы бірнеше
кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен
фольклорда – тұрмыс-салт жырларында, аңыздары мен мифтерінде,
батырлық және лирикалық эпоста көркем формада баяндалған.
Қазақ эстетикасының келесі бір арнасы Қазақстан жерін мекендеген
түрік тілдес ұлыстардың өзіндік мәдениеті, жазуы мен өнері болды.
Көне түрік жазуындағы Жүсіп Баласағұнның
«
Құтты білігінде», Қожа
Ахмет Иасауидің
«
Даналық кітабында», Ахмет Иүгінекидің
«
Ақыл
сыйында», Сүлеймен Бақырғанидың
«
Хакім Атасында» эстетикалық
мәдениет пен мұраттың түбегейлі мәселелері көркем суреттелді.
Ислам Ренессансы эстетикасын қалыптастыруда қазақ топырағында
дүниеге келген әл-Фараби ерекше орын алады. Ол өзінің
«
Музыканың
үлкен кітабы»,
«
Поэзия өнерінің каноны туралы трактат»,
«
Поэзия
туралы кітап» атты еңбектерінде эстетикалық болмыс пен таным
туралы терең пайымдаулар айтты.
Қазақтың төлтумалық этикалық және эстетикалық мәдениеті
хандық дәуірінде қалыптасты және ақын-жыраулар мен би-
шешендер шығармашылығында өзінің шарықтау шыңына жетті.
Мәселен, Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және т. б.
сол сияқты би-шешендердің шығармашылығында этикалық-
эстетикалық ізденістер айқын көрініс беріп, көшпелілердің дүниені
рухани игеру ерекшелігін танытты.
Би-шешендер эстетикасының құндылығы көркем мазмұнымен
ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі қазақ қоғамындағы қуатты
әлеуметтік-мәдени орны және қызметімен айқындалады. Сондықтан
олардың алдында тек бұқара халық емес, ақсүйектер де ілтипат
сақтаған. Би-шешендер толғауларында бүкіл қазақ халқының ой-