III тарау. Қазақтың халық философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері да тоқтата алмайды. Бірақ шартты қисынмен уақытты белгілі бір
(аса қысқа) сәтке бөлшектеу арқылы тұйықтап, заттың кеңістіктегі
қозғалысын да жоққа шығаруға болады. Қозғалыс жылдамдығы
уақыт пен мекенге, қозғалыс уақыт пен кеңістікке тәуелді сияқты
көрінеді. Шынында, кеңістік те, уақыт та қозғалыстың арқасында ғана
мағынаға ие болады.
Уақыт пен кеңістік тепе-тең тәуелділікте, екеуі де бірін-бірі
жоққа шығара алады. Бірақ қозғалыс олардан тыс, бұрын. Мәселен,
Зенон априориларында уақытты қысқа бір сәттік өлшемде тұйықтау
арқылы жебенің тұйықталған кеңістікте тоқтайтынын дәледеуі,
қозғалысты жоққа шығарады. Бірақ уақыт пен кеңістік қожасы және
қозғаушысы арқылы әрекетке түсіп кеткендіктен, әрбір қозғалысты
шартты түрде, ой-қиялда ғана тоқтатуға болады. Осы өлшемді
уақыты бар үнемі қозғалыстағы кеңістіктің мекендік, мезгілдік бүкіл
өлшемдерінен тыс барлығына қозғалыс арқылы мағына берген бір
қозғаушы иесі бар, сондықтан да қозғалыс олардан бұрын, қозғалысты
жоққа шығару мүмкін емес. Зенонның мысалы қозғалысты жоққа
шығарудан гөрі қозғалыссыз барлығы мағынадан айрылатынына
меңзейтіндей. Себебі, қозғалыс бәріне мағына беретін болса, осының
бәрін мәндендіруші қозғалыстан да жоғары оның қожасы, қозғаушы
иесі бар екені дәлелденеді.
Әдебиеттер 1 Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.
2 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991.
3 Газали. Бақытқа жету әліппесі. – Алматы: Қасиет, 1998. – 120 б.
4 Абай. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1995. – 1-т. – 210 б.
5 Иасауи Қ.А. Хикмет жинақ. – Алматы: Жалын, 1998. – 656 б.
6 Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – 1-т. – 384 б.
7 Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. – Алматы: Арыс,
2008. – 360 б.
8 Шәкәрім шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. – 235 б.
9 Билер сөзі. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 91 б.
10 ХІХ және ХХ ғасырдағы әдебиетінің жинағы (Құрастырған Әуезов М.,
Жолдыбаев М., Қоңыратбаев Ә.). – Алматы, 1934. – 134 б.
11 Шортанбай. Құрастырушы Мәдібаева Қ. – Алматы: Айқап, 1993. – 137 б.
12 Әдеби мұра және оны зерттеу. – Алматы, Қазақ ССР ҒА баспасы, 1961.
– 372 б.
13 Омаров Б. Зар заман поэзиясы. – Алматы: Білім, 2000. – 26 б.