Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет28/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               209
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
гипноз бен аутотренинг, магия мен оккультизм, аскеттік өмір стиліндегі 
гуманизм  сияқты  көпқызметті  болғандықтан,  бастапқы  руханилық 
тұтастығын меңзейді. Бұның да сарқыншақтары қазақ даласында бүгінгі 
күнге  дейін  сақталып,  исламдық  сеніммен  кіріктіріліп  кеткен.  Мәселен, 
қобыз аспабы әуелгіде өнерден гөрі, қазақ бақсылығының атрибутына ай-
налып,  өзге  әлем-мен  қарым-қатынас  орнататын  қасиетті  құрал  ретінде 
қолданылған. 
Шамандықтың  руханияттық  деңгейінің  ерекшелігі  адамның  ішкі 
дүниесіне  көбірек  үңілуді,  сыртқы  әлем  мен  рухтың  өзінше  бір  қасиетті 
үйлесімділігін орнатуды мақсат етуінде болып отыр. Бүгінгі таңда халық-
тық  медицина  мен  тұрмыста  жиі  қолданылып  жүрген  психологиялық 
тренингтердің,  интроспекцияның,  медитацияның  т.  б.  түп  бастауы  осы 
шамандық  сенім  салттарынан  тамыр  тартқан  болуы  мүмкін  деп  топшы-
лауымызға болады. Бақсының өзін-өзі әйгілеуі, транс жағдайы: еркіндік пен 
өзін-өзі билей алуды, адам болмысының тәндік құрсауын кеңейтуді негізге 
алып,  әлемге  қатынасы  бойынша  «Менің-Дүнием»  қағидасын  орнатып, 
психологиялық танымды кеңейтуді мақсат етеді. Руханилықтың түп бастауы 
адамның өзінің психикаға да қатысты тұғырларын әйгілеп, оны объективті 
рухани  болмысқа  қарай  тасымалдайды  және  керісінше  объективтілікті 
субъективтендіреді. Мәселен, ауруды, жамандық пен зұлымдықты санадан 
тыс өмір сүретін жын-пері иелеріне балайды, немесе солардың кесірінен бо-
латын құбылысқа апарып теңейді. Қобызын бәйгеге қосып, бұлт шақырып, 
жаңбыр  жаудырып,  шынайы  дүние  құбылыстарын  субъективтендіріп 
жібереді.  Бұл  руханилықтың,  сананың,  рухтың  бір  түпнегізділігін  және 
жалпы руханияттың объективтіліктен, субъективтілікке, субъективтіліктен 
объективтілікке  оңай  тасымалданатындығын  негіздейді,  жалпы  айтқанда, 
оның өмір сүруінің тәсілдерінің бірін айғақтап береді. 
Бақсылық дүниетанымдағы тыйым салулар, қобыз бен асатаяқ сияқты 
аспаптардың  қастерленуі  түркі  халқының  руханиятының  қалыптасуына 
өзіндік әсерін қосты, оның қасиеттілігін, тылсымдылығы мен қастерлілігін 
арттыра түсті, сөйтіп, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің жүйелі қалыптасуына 
да ықпал етті. «Осының бәрін шамандар мыңдаған жылдық әдет-ғұрыптық 
әрекеттер,  ауызша  тарату,  яғни  фольклордың  даму  процесінде  өзінің 
жеке санасының мәдени стратификациясы арқылы жүзеге асырды» деген 
тұжырымдарға сүйенсек [12, 207 б.], бақсылық пен әдет-ғұрыптың және қа-
зақ руханиятының қалыптасуының арақатынасын толық түйсінуімізге бо-
лады. Ислам діні ене бастап, ол түркі даласына тарағаннан кейін, бақсыны 
әулиелер, сопылар мен сауатты молдалар бірте-бірте алмастырып, ел ішінде 
өзіндік беделге ие болды, олар руханияттың діни тамырларын кеңейтті.
Бүгінгі  таңда  елімізде  әсіреисламшылдықты,  радикалды  исламды 
қолдап,  халқымыздың  дәстүрлерін  жоққа  шығаруға,  оны  орындамауға, 
мойындамауға  шақыратын  қауіпті  діни  психологиялық  климаттың  белең 
алып  келе  жатқанын  аңдай  аламыз.  Олар  исламды  ата-баба  діні  ретінде 
дәріптей келе, исламға дейінгі сенімдердің барлығын түпкілікті мойында-

210                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
майды  және  оларды  жағымсыз  мәнде  сипаттап  көрсетеді.  Шындығында, 
салт-дәстүр  мен  әдет-ғұрып  ретінде  сақталып  келе  жатырған  байырғы 
түркі  халықтарының  көне  сенімдерінің  қалыптасып,  бүгінгі  күнге  дейін 
сабақтасып келе жатқанына шамамен 4 мыңдай жыл уақыт болған, енде-
ше, салыстырмалы түрде исламдық салттар қазіргі сеніміміздің, мәдениеті-
міздің  суперстраттары  екендігін  мойындауымыз  қажет.  Екіншіден,  ислам 
дініндегі дүниетаным мен этиканың қағидалары қазақ даласында әдет-ғұрып 
пен салт-дәстүр құрылымы бойынша байырғы заманнан-ақ орныққан. Ис-
лам  діні  енгеннен  кейін  халқымыз  байырғы  сенімдері  мен  ислам  дінінің 
нормаларын  кіріктіріп  (таза  ислам  емес),  өздерінің  таным-түсініктеріне 
сәйкестендіріп алғандығы да шындық. Осындай синтезделген дүниетаным 
мыңдаған жылдары бойы, әрісі қыпшақ, берісі қазақ даласының бүгінгі күн-
ге дейінгі руханиятының іргетасын қалауға себепші болды. Үшіншіден, Ис-
лам діні дәстүрлерімізді тереңдетіп, толықтырып, келісімге келтіріп, асси-
миляциялап отырған мәдени-тарихи құбылыс болып табылады. Сондықтан 
Исламға дейінгі дәстүр мен Ислам дінінен кейінгі салттардың бірлігінің ру-
хани нәтижесі – бүгінгі күнге дейін сақталған «түркілік Рух-Қазақ-Тәуелсіз 
Қазақстан» эволюциясы екендігін естен шығармауымыз қажет-ақ.
3. Логикалық. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі қисынды 
дүниетаным,  жүйелі  ой,  алғыр  шығармашылықты  дамыту  көкжиегінде 
де маңызды рөл атқарды. «Мақалдар, нақыл сөздер мен шешендік сөздер 
ауыз әдебиетінде шағын жанр болып есептеледі, бірақ қоғамдық өмір мен 
табиғат құбылыстары сан ғасырлар бойғы бақылаулар нәтижесі болып та-
былады, халық даналығының квинтэссенциясына айналған» [13, 5 б.] деп 
атап көрсеткен пікірлер де біздің осы ұстанымымызды қуаттай түседі.
Логикалық-дүниетанымдық-Руханияттық  деңгейге  мысал  ретінде 
жұмбақ  айтысы,  ертегі  тыңдату  сияқты  таным-түсінікті  ширататын 
құбылыстарды  атап  көрсетуімізге  болады.  Руханияттық  терең  дүниета-
нымсыз,  логикалық  ой  шеберлігінсіз,  парасатты  пайымдаусыз  биік  дең-
гейде  қалыптаса  алмайды.  Мәселен,  жұмбақ  тек  ұрпақтардың  ақыл-ой 
тәрбиесінің  құралы  ғана  емес,  ересектердің  де  танымдық  деңгейі  мен 
ақыл-парасатының андрагогикалық сыншысы болған. Бұны ақындардың 
жұмбақ  айтысы  дәстүрінен,  «жұмбақтас»  әфсанасының  мазмұнының 
шығу тарихынан анық байқауға болады.
Мақал-мәтелдер де фольклор үлгісі болғанмен, халқымыздың ұлттық 
болмысының айнасы, салт-дәстүріміздің тілдік көшірмесі екендігін ескер-
сек, өркендеудің мынадай нақты тізбегін ала аламыз: Ұлт – Ұлттық болмыс 
– Ұлттық салт-дәстүр – мақал-мәтел-әфсана – дүниетаным – Руханилық – 
Руханияттық. Мәселен, «таяқ атқа жеткізеді, ат мұратқа жеткізеді» деген 
мәтелдің құрылымынан жүйелі логикалық ұстанымды байқауға болады. 
Немесе, «Қорада қой егіз тапса, далада бір түп жусан артық шығады» деген 
мақал;  дүниенің  үйлесімділігін,  экологиялық  балансты,  синергетикалық 
жүйені, қажеттілік пен мүмкіндікті т. б. білдіретін тиянақты концептуальді 
тезис екендігі күмәнсіз. 

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               211
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
Ал  жас  ұрпаққа  ертегі  түрінде,  ересектерге  әфсана,  миф  кейпінде 
жеткен оқиғалар тізбегі тұтаса келе, биік рухани деңгейдің бастауларын 
нақыштайды,  бұл  да  руханияттың  дүниетанымдық  деңгейін  логикалық 
тұрғыдан  ашып  беретін  жүйе.  Көне  Грекияның  руханияттық  деңгейінің 
бастауы  болған  және  оны  әлемге  танытқан  да  мифтер  екендігін  ескер-
сек, оны тудыру мен тарату, сақтау мен дамыту дәстүрінің қаншалықты 
маңызды екендігін байыптауымызға болады. Бірақ, бұл тұста айта кететін 
жайт,  Антикалық  мифтер  мен  түркі-қазақ  аңыздарын  салыстыруға  кел-
мейді.  Мәселен,  мағынасыздық  жайлаған  сизиф  туралы  оқиға,  әкесін 
ұлы  өлтіретін  Эдип  патша  т.  б.  көптүрлі  Антика  мифтері  ХХ  ғасырда 
да  батыстың  ағартушылық  руханиятынан  орын  тепті,  атап  айтқанда, 
А.  Камюдің,  З.  Фрейдтің  идеяларына  арқау  болды.  Осыдан  экзистенциа-
лизм, фрейдизм тәрізді ағымдар батыс елдеріне кең тарап, дүние жүзіне 
жайыла  бастады.  Бұдан  байырғы  әфсаналардың  менталитетке,  таным-
түсінікке,  Руханиятқа  көп  жылдар  бойы  әсер  ететіндігін  бағамдауымызға 
болады. Ал түркі халқындағы аңыздар кейіннен қазақ халқының биік руха-
нияттық  деңгейінің  қалыптасуы  мен  дами  түсуіне  әсер  етті,  себебі,  онда 
логикалық таным ғана емес, парасаттылық пайым, биік руханилық тұтасып 
жатты. Мәселен, Эдип патша аңызын Қорқыттың «Башпай» күйінің шығу 
тарихымен салыстырсақ, соңғысынан біздің түсінігімізге батыстық психоана-
лиз сай келе бермейтін болғандықтан, антифрейдистік сарынды, нақтырақ 
айтқанда,  антиинцестік  (қан  араласуға  қарсы)  бағдарды  байқай  аламыз. 
Сондай-ақ, Сизиф пен Қорқыттың мәңгі өмірді іздейтін аңызы да мазмұны, 
түп  мағынасы  жағынан  бір-біріне  түпкілікті  қарама-қайшы.  Қорқыт  Ата 
аңызындағы өлмейтін өмірді іздеудің рухани-танымдық мағынасы; өмірге 
құштарлық,  өмірді  сүйе  білу,  бар  болу  бақытынан  айрылғысы  келмеудің 
теориялық  философиясы,  «өмірдің  әдіснамасы»,  сайып  келгенде,  бүгінгі 
таңдағы  әлемдік  және  еліміздегі  басты  қасіреттердің  бірі  –  суицидтік 
сананың  алдын  алудың  тікелей  берілген  нақтылы  концептуальді  жауабы, 
тәжірибелік нұсқасы, өнеге аларлық үлгісі екендігіне көз жеткізе аламыз. 
Кей  тұстарда  ұлттық  таным  түсініктің  терең  түпнегіздік  ерекше-
ліктеріне  талдау  жасауда,  герменевтикалық  түсініктемелерде  еуропор-
талықтық парадигмаларға мойынсұнып кеткендігіміз соншалық, Т. Ғабитов, 
Д.  Кенжетай  сынды  философтарымыз  атап  айтқандай,  этнофилосо-
фия тарихындағы баға жетпес құнды ой-пікірлерімізді батыстандырып 
жіберетін дағдымызға сәйкес, Қорқыт дүниетанымына жаппай экзистен-
циалистік  сарындарды  тіркей  саламыз.  Жоғарыда  атап  өткендей, 
«мифтік  Сизиф»  пен  «философ  Камюдың»  ой  үндестігінен  туындаған 
тұңғиық, үмітсіз сарыуайымшылдық тұжырымдар, бір қарағанда, өмір 
философиясын  толғағандықтан,  Қорқыт  Ата  идеалымен  сәйкестенетін 
тәрізді болып көрінеді, бірақ, шындығында, бұл екеуі бір-біріне тіптен 
қарама-қайшы концепциялар болып табылады. Бірі – пессимистік өмір 
философиясы  болса,  екіншісі  –  оптимистік  шабыт  идеалының  берісі 
түркі халқына, әрісі адамзатқа жарияланған даналық толғауы. Осыдан-

212                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
ақ,  қазақ  руханиятындағы  руханилықтың  өзіндік  төлтума  беталысына 
көз жеткізуге болады.
Бұл  тұста,  біз  сараптап  отырған  әфсананың  әдет-ғұрыпқа  қатысты 
екендігі даусыз. «Мифтің рухтық субстанциясының негізін бірден бір сақ-
таушы ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен дәстүр болып табылады» деп 
тұжырымдаған ой-пікірлерді де [14, 140 б.] негізге алсақ, сол әфсаналық 
немесе ертегілік сарындарды: «өткен ұрпақтан қабылдау-сақтау-кейінгіге 
жеткізудің» өзі халқымыздың дәстүрлерінен орын тепкен, себебі, мифтік 
сананың сабақтасуының өзі де дәстүрге айналған құбылыс. Мәселен, балаға 
ертегі айту актісін жүзеге асыратын арнайы «ертекші қариялар» болады. 
Оның  құрылымында  екі  субъект  қатысады;  ертегіні  тыңдаушы  және  ай-
тушы. Тарихи арғытүптік руханияттық бастаулардың бірі – миф болған-
дықтан, ендеше оның дәстүр арқылы сақталуы, тасымалдануы, сабақтасуы 
таным заңдылығы.
Логикалық-даналық-Руханияттық  деңгей  де  қазақ  халқының  пара-
сатты  пайымдауларын,  өмірмәнділік  қажеттіліктерін,  саяси-құқықтық 
қырларын  тұтас  қамтиды.  Мәселен,  билер  институты  халқымыздың  та-
рихи-саяси қоғамдық жүйесін құрайды, ал даналыққа тәрбиелеу, діліміз-
дегі  үлкендердің  сөзін  тыңдау,  ұтымды  ой  айту,  бос  сөйлемеу,  билерді 
құрметтеу  т.  б.  қазақ  халқының  негізгі  салттарының  бірі.  Билердің  пай-
ымдаулары  қашанда  қисынды,  жүйелі,  бірізді  және  әділетті,  рухтанды-
рушы  болып  келетін  болғандықтан,  таза  рухани  бастаулардың  шынайы 
көрінісі  мен  көзі  іспетті.  «Және,  үшіншіден,  дәл  осы  тарихи  дәуірде 
халықтың  жауынгерлік  рухы  тағы  бір  тамаша  оқиғадан  көрініс  табады. 
ХVІІ  ғасырдың  бірінші  жартысында  үш  жүздің  үш  ұлы  биі  –  Төле  би, 
Қазыбек би және Әйтеке би – Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғы» атты тари-
хи құжатты қабылдайды. Бұл киелі «жеті» санын нысан еткен киелі парыз-
дан, қасиетті ережеден тұратын қазақтың әдепкі құқығының кодексі еді», 
– деп атап көрсеткен Н.Ә. Назарбаев, бұны қазақ руханиятының тарихи 
қалыптасуының тоғызыншы кезеңіне жатқызады [5, 275-276 бб.]. 
Олай болса, руханияттықпен астасып жатырған даналық халқымыз-
дың  өн  бойында  сақталған  және  құрметтелетін  асыл  қасиеттердің  бірі 
болғандықтан,  қазақтардың  өзіндік  төлтума  рухани  әлемін  байытатын 
ерекше құбылыс екендігіне көз жеткізе аламыз. Осы орайда: «Бірақ қазақ 
ойлауында  рухтың,  руханилықтың  болуы,  сол  руханилықтың  негізгі  кө-
рінісі  болып  табылатын  даналықтың  және  түсініктің  болуы  халқымыз-
дың болашағы зор екенін көрсетеді» деген руханилық мәселесін зерттеу-
шілеріміздің пікірі [15, 159 б.] тарихи болашақ пен әлеуметтік болашақтың 
біте қайнасқандығын дәйектеп көрсеткендей болады.
Келесі логикалық-шешендік-Руханияттық деңгей де даналықтан туын-
дайды, парасаттылықпен ұштасады, тапқырлық пен батылдықты, шығар-
машылық пен ұстамдылықты өзіне тұғыр етіп алады. Ол шешендік сөздер 
ретінде халықтың тарихи-мәдени жадысында сақталып келе жатқан биік 
парасаттылықтың келбетін ашып көрсетеді. Сондықтан халқымыз шешен-

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               213
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
дік өнерді де құрметтеп, оны «сөз тапқанға қолқа жоқ» деп бағалайды. Ал-
дар Көсе, Тазша бала, Жиренше т. б. образдары да шешендік құралына 
сүйенеді. Бірақ бұлар кедейліктің рәміздік кейіпкерлері, дегенмен, ұлттық 
болмыстың,  қазақ  ділінің,  халықтық  психологияның  бейнелері.  Бұл 
шындығында,  халқымыздың  дүниетанымындағы  Руханияттық  тек  билік 
пен байлық, атақ пен батырлық арқылы ғана қалыптаспайтындығын ни-
еттеп тұрғандай. 
Сондықтан, шешендік салт та ұлт руханиятын қалыптастыруда өзіндік 
маңызды рөл атқарды; әлеуметтік теңдік, қоғамдағы еркіндік, өнерді құр-
меттеу  мәселелері,  ұтымды  ой  мен  тапқыр  іс  т.  б.  мәдени-эстетикалық, 
тарихи-әлеуметтік  сипат  алып,  бүгінгі  таңда  да  маңызын  жоймай  келеді. 
Мәселен, Кеңес үкіметі тұсында да бұл кейіпкерлер туралы фильмдер мен 
мультфильмдер қазақ киносының алғашқы түсірілімдері болды. Даналық 
пен  комедиялықты  бітістірген,  ойшылдық  пен  кедейлікті  ұштастырған 
осындай  үйлесімділіктер,  шындығында  да,  адамзат  тарихында  сирек 
кездесетін дәйектеме. Бұл да қазақ руханиятының өзіндік ерекше келбетін 
айқындайды, дәстүріміздің қашанда «озығын» (дәстүрдің озығы бар, тозығы 
бар) білдіреді. 
Осы деңгейді тұжырымдай келе, «парасаттылық» ұғымының жалпы-
ланғандығын ескерсек, оған интеллектуальділік пен шығармашылық, да-
налық  пен  рухани-адамгершілік  түсініктерінің  кіріктірілетіндігін  атап 
өтуімізге  болады.  Сондықтан  қазақ  руханиятының  іргетасын  қалайтын 
осы  парасаттылық  екендігін,  халқымыздың  дүниетанымында  да  осы 
«парасаттылық  әдіснамасы»  деп  атуға  болатын  үлгі  үстемдік  етеді  деп 
пайымдауымызға болады. 
4. Этикалық. Қазақ халқының жалпы философиялық таным түсінігін-
дегі  басты  қағиданың  бірі  –  этикоцентризм.  «Дегенмен,  түркі  ойшыл-
дарының басымдылық танытатын философиялық ойының бастапқы бағ-
дары халықтың тарихи діліндегі этикалық негіздерге арқа сүйейді деген 
пікірді  шешімді  түрде  айта  аламыз»  деп  тұжырымдаған  ұлттық  құнды-
лықтарды зерттеушілеріміздің пікірі де осыны айғақтайды [16, 83 б.]. Сон-
дықтан,  салт-дәстүріміз  бен  әдет-ғұрыптырымыз,  ырым-тыйымдарымыз 
адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік, ұстамдылық сияқты этикалық 
категориялар жүйесін тұтастай қамтыған. 
Ендеше, бұл мәселені, Этикалық-адамгершілік-Руханияттық; Этика-
лық-қайырымдылық-Руханияттық;  Этикалық-әділеттілік-Руханияттық 
деңгей деп ажырата келе, былайша байыптап көрсетуімізге болады. 
Халқымыз – «Әркім сыйлағанның құлы», «Таспен ұрғанды, аспен ұр», 
«Еңкейгенге еңкей, шалқайғанға шалқай» деген сияқты өмірлік адамгер-
шілік  ұстанымдар  арқылы  өздерінің  салт-дәстүрлерін  толықтырып 
отырған. Соның бірі – қонақжайлылық дәстүр. Бұл кеңпейілділікті, сый-
ластықты,  бауырмалдылықты,  жатырқамаушылықты  білдіретін  терең 
мазмұнды  және  құрылымы  күрделі  философиялық  құбылыс.  Келген 
қонақты аттан түсіру рәсімінен басталатын қонақ күту салттарының бар-

214                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
лығы тек қана адамгершілік қағидаларына бағындырылған. Бұл – бүгінгі 
заманға дейін сақталып келе жатқан, «қазақы-қонақжайлылық» бір ұғымы 
ретінде  тіркесіп  айтылатын,  дүниежүзі  халықтары  да  мойындаған  көне 
әдет-ғұрыптың бірі. Бұның құрылымындағы: дастарқан жаю, дәм тату т. б. 
–  ішкі  рухани  дүниенің  кеңдігінен  туындайтын,  аса  құрметтелетін,  әлем 
халықтарында бұндай мәртебеде кездесе бермейтін  құбылыс.
Этикалық-қайырымдылық-Руханияттық деңгей де халқымыздың бай-
ырғы дәстүрлерінен туындайтын қазақтардың руханияттық деңгейінің биік-
тігін паш ететін үдеріс. Мәселен, «Асар» деп аталатын ғұрып – әлеуметтік 
бірлікті,  қайырымдылықты  ғана  емес,  көпшіліктің  өзара  кездесіп,  ақпа-
раттар  алмасуын,  шүйіркелесетін  қуанышты,  еңбеққорлықты  көрсететін, 
сонымен қатар,  еңбек бөлінісіне бір сәтке болса да қарсылықты білдіретін, 
әлеуметтік теңдік орнататын кең мазмұнды дәстүр болып табылады. 
Салт-дәстүр мен ырымдардың этикалық-қайырымдылық қырларының 
бірі – бата беру. Бұндай таза психологиялық құбылысты халқымыз «Жақсы 
лебіз,  жарым  ырыс»  деп  қысқаша  тұжырымдап,  практикалық  жағынан 
әсер ету бойынша маңызын арттыра түссе, «көп тілегі көл» деген мәтел оны 
ұжымдандырып-әлеуметтендіріп жібереді. Бұндай қайырымдылықтар хал-
қымыздың сан ғасырлар бойғы қалыптасқан биік мұраттарын, оптимистік 
көзқарасты, өмірлік шабытты т. б. жинақтай келе руханияттықтың қырларын 
қалыптастырудағы этикалық көріністі қамтамасыз етіп отырған.
Этикалық-әділеттілік-Руханияттық деңгей. Бұнда әдет-ғұрыптардағы 
жазалау, мадақтау, ақ жол тілеу, қарғау сияқты әлеуметтік шеңберде қол-
данылатын  құқықтық-этикалық  нормалар  әділеттілікті  сақтау  нәтиже-
сінен  туындап  жатты.  Мәселен,  «ата-баба  аруағын  қорлау»  кешірілмес-
тей күнә ретінде жазықтыны өз руынан немесе тіпті халқынан аластауға 
дейін жетелейтін өлшем. Яғни, ата-баба дәстүріне қайшы келетін өмірлік 
әрекеттер мен үдерістердің барлығы халқымыздың өмір сүру стилінің  шең-
беріне сыйғыздырылмаған. Ата-баба аруағы хронологиялық тұрғыдан тек 
өткеннің елесін «бүгінге» шақыратын магиялық феномен ғана емес, бүкіл 
халқымыздың рухани-әлеуметтік өмірін сан мыңдаған ғасырлар бойы рет-
ке келтіріп отырған әділеттіліктің басты өлшемі. Бұл рухани-адамгершілік 
талаптарды қатаң орындаумен қатар, тереңнен тамыр тартқан сакральді 
руханияттың маңызды түп бастауларының бірі ретінде қалыптасып қалған 
үдеріс.  Философиялық  дүниетаным  уақытты  шартты  түрде  үш  кезеңге 
бөліп,  «өткен-бүгін-болашақ»  түрінде  ажыратқан  «трихотомия»,  түркі 
халықтарының дәстүрінде болмаған деп айтуымызға болады. Себебі, ата-
баба рухы, оның аруағы кеңістіксіз-уақытсыз әлемге тағайындалған және 
болашаққа да еркін бой сермейтін терең руханияттық таным түсініктердің 
өмір  сүруінің  реттеушісіне  айналған  психофилософиялық  түсінік.  Бұл 
ұғым қазіргі ғылым мен мәдениет аренасында өзіндік беделге ие болған ХХ 
ғасырдағы философ-психолог К.Г. Юнгтің архетип, ұжымдық бейсаналық 
сияқты түсініктерінің түркі философиясындағы тұжырымдамасы деп ай-
та аламыз. Өткенмен әлдеқандай психологиялық байланыс бар екендігін 

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               215
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
байыптаған К.Г. Юнгтің тұжырымы халқымызда бұрыннан-ақ қалыптас-
қан парадигма іспетті ғылыми айналымға да, мистикаға да жатқызуға бо-
латын ата-баба рухы феноменінің айшықты көрінісі.
«Дат айту», «Тіл кеспек болса да, бас кеспек жоқ» деген тәрізді сөз бен 
ой еркіндігіне, биік этикаға негізделген әділеттілік қағида саяси-әлеуметтік 
құрылымның биік рухани талаптарын қамтамасыз етуге арналған. Мұндай 
өркениетті  дәстүр  халқымыздың  мәдени-әлеуметтік  уақыт  аясындағы 
өзіндік  тұғырлы  деңгейін,  нақтырақ  айтқанда,  құқықтық  этикадағы  сөз 
бостандығы мен демократияның қазақ даласында әлдеқашан-ақ орныққан 
шынайы үлгісін паш етеді. 
Бұдан халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының, ырым-тыйым-
дарының,  таным  түсінігінің,  философиялық  ойларының,  ғылыми  тұжы-
рымдарының тұтаса келе қазақтардың руханияттық деңгейінің биік мәрте-
бесінің  қалыптасуына  зор  ықпал  еткендігін  түйсіне  аламыз.  «Халықтың 
ділі  –  әдет-ғұрып,  діни  сенімдер  мен  ырымдары,  жыл  қайыру  мен  мал 
бағудан  туындайтын  астрологиялық  көзқарастары,  мал  анатомиясының 
ерекшеліктеріне  деген  білгірлік,  ою-өрнектік  сәндік  өнеріндегі  көшпелі 
тұрмыс  бейнелері  мен  күрделі  рухани  болмыс  құрылымында  осы  әлеу-
меттік қоғамдық тұрмыс-тіршіліктің көріністік бейнеленуі деу абзал» [17, 
202-203  бб.]  деген  ой  түйіндері  де  біздің  осы  ұстанымымызды  дәйектей 
түседі. 
Сонымен қатар, қазақтардың салт-дәстүр институтында, ділінде кей-
бір жағымсыз мәнді; күншілдік, барымта сияқты элементтер де кездесе-
тіндігін атап өткендігіміз жөн. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген 
халық  мәтелінің  мазмұнында  көрсетілгендей,  мәселен,  барымталау  сал-
ты  қазіргі  заманда  тарих  сахнасының  өткенінде  қалдырылған  құбылыс. 
Ал күншілдік бүгінгі күнге дейін сақталған ұлттық психологиядағы кері 
әдет. Демек, салт-дәстүріміз әлі де толықтырылу, сұрыпталу, тағайындалу, 
көнеру  мен  жаңару,  түрлену  үстіндегі  динамикалық  үрдіс.  Олай  болса, 
қазақ  руханияты  да  жаңару  мен  жандану  үстінде,  себебі,  қазіргі  заман-
ғы  жаһандану  үдерісі  оның  субстраттарының  сақталуын  және  супер-
страттарының өзгеруін талап етеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жүнісов А. Бабалар дәстүрі. – Алматы, 1992. – 77 б.
2. Сейдахметов Б.С. Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін 
тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары. Пед. ғыл. канд. 
дисс. автореф. ҚР. – Алматы, 2008. – 24 б.
3.  Қазақтардағы  шамандықтың  қалдығы//Уәлиханов  Ш.  Таңдамалы.  2-бас.  – 
Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б. 
4. Айтқазин Т.Қ. Қазақтардың мұраты. – Алматы: Ғылым, 1994. – 96 б.
5. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 б.

216                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет