Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата22.11.2022
өлшемі287,74 Kb.
#51833
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Бижанова М.А. Қазақ философиясы тарихы 2 том (1)

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
болған (ХVІІІ-ХІХ ғғ.): Тайкелтір шешен, Әлдебек шешен, Сеңкібай 
шешен, Сырым шешен, Зілқара шешен, Біке шешен, Бөлтірік шешен, 
Жанқұтты шешен, Байкөкше шешен, Асаубай шешен, Қозыбай 
шешен, Шағырай шешен, Байсерке шешен, Қылышбай шешен, 
Қанай шешен [5, 587 б.]. Шешендердің философиялық дүниетанымы 
тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңнен бері жүйелі қарастырыла 
бастады.
Сонымен қатар жырау, «датқа» деген атаққа ие болған қазақ 
шешендері болған. «Датқа» деген атаққа Байзақ Мәмбетұлы (1789-
1864) мен Сапақ Байшуақұлы (1833-1913) іліккен болатын. Датқа – 
халық тілегін әділдікпен шешетін ел басшысы деген парсы сөзі [5, 
454 б.]. Міне, осындай көп түрлі қырлары бар рухани өмірдің келбеті 
тарихи кезеңде айқын көрініс берген еді.
ХVІІІ ғасырдың жалпы қазақ қоғамдық өмірінің сипаттамасын 
«жаугершілік заманы», «тәуелсіздік үшін күрес заманы» десек 
болады. Ал, енді осы қоғамдық дамудағы бағытқа сәйкес келетін өмір 
философиясы болды дегеніміз шындыққа біршама жақын келеді. 
Олардың барлығы қазақ даласы ойшылдарының, яғни билерінің, 
шешендерінің, жырауларының, ақындарының шығармашылығының 
мағына-мәндік негізін құрады. Дүниетанымының әмбебаптылығы, 
жан-жақтылығы осы негізгі бағдардан өрістейді. 
«Ақтабан шұбырынды» жұрттың алдына мемлекеттік филосо-
фия мәселесін, сана мен билік арақатынасын, қолданбалы философия 
мәселесін тікелей қойды. Бұл Бұқар жыраудың көсемдік жырларына, 
Ақтамбердінің эпикасына, Төле бидің, Әйтеке би мен Қаздауысты 
Қазыбектің шешендік-философиялық талғамдарына негіз болды. 
Бұл сарындар Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Шөже, Жанақ, 
Кемпірбай шығармаларында және «Қармыс батыр», «Балуан-Нияз», 
«Бекет батыр», «Айман-Шолпан» поэмаларында көрініс тапты», – 
деген қазақ философиясын зерттеуші философ М.С. Орынбеков [6, 
23 б.]. Шыныменде, байқалатын мәселе өткен ғасырларда рухани 
сабақтастықтың жалғасын тауып отырғандығы. Халық өзінің 
руханиятын үнемі өзі кемелдендіріп, жіктеулерден өткізіп отырды. 
Ол өзінің менталитетінде әділ бағалаушы, сараптаушы қызметті де 
атқарып отырады. Дегенмен, дәстүрлі қоғамның баяу ырғағы кейбір 
әлемдік үдерістерге төтеп бере алмайтындығын сиптта өрбігенін 
кейінгі тарих көрсетті.
Билер мен шешендерден кейінгі толқынмен келген қазақ 
ағартушылары руханияттың түлеуіне үлкен үлес қосты. Ы. Алтынсарин 
өзінің ағартушылық философиясында жас ұрпақтың тағдырына 
халықтың рухани қайта өрлеу үмітін артып, осыған байланысты 


 
209


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет