29
ерекшелігін ескермегендікті байқатады. Сол сияқты орта
сыныпта поэма, роман оқыған оқушылар жоғары сыныпқа
барғанда шағын ӛлең мен әңгіме оқиды (7-сыныпта
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын, 9-сыныпта
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы оқыған бала 10-сыныпта
Ұ.Есдәулетовтің
«Біз
түркілерміз»,
11-сыныпта
С.Сейфуллиннің «Сыр сандық», Қ.Аманжолов «Ӛзім
туралы», Т.Молдағалиевтің «Бауырлар» ӛлеңін оқумен
шектеледі. 8-сыныпта М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал»
романы оқытылса, 10-сыныпта Ш.Мұртазаның «Тәуекел
той» әңгімесі оқытылады).
11-сыныптың «Пайым мен парасат» атты 2-тоқсанында
С.Елубайдың
«Жалған
дүние»
романы
мен
Қ.Аманжоловтың «Ӛзім туралы» ӛлеңі оқытылады. Жоғары
сынып оқушысының бір тоқсан бойы бір роман, бір ӛлең
оқуы тым аз екені ескерілмеген.
Достарыңызбен бөлісу: