Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата27.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#593
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

тобын молайтады.

Шербешнай сиязға жиналған топтың ішінде осы 

сияқты Абайға қастық ниет ойлайтын кісілердің барлығы 

Қарамолаға келетін жандаралдан Абайды жазалауды 

күтеді. Абай айдалар деп те үміт қылатындар болады. Со-

нымен, жандарал келіп, тосып тұрған ел кісілерін жағалай 

жүріп, әрқайсысымен танысып келе жатып, Абайға кел-

генде: “Партияшыл, ел бүлдіргіш Құнанбаев сенбісің?” –  

дейді. Абай: “Мен” депті. “Неге партия қыласың?” деген-

де: “Жалғыз мен емес, дүние түгел партия. Жанды-жансыз 

мақұлықтың барлығы да алыс-жұлыспен тіршілік етеді. 

Тіршілік – күрес. Сіздің өзіңіз де партия қыласыз”, – 

дейді.

“Сені болыстар неге көп жамандайды?” – дегенде: – 



“Олар көп, мен жалғызбын. Көп жуан, әрқашан тентек, 

бұзық. Бұзық көппен алысқан жалғыз жаманатты болмай 

тұрмайды. Бірақ көп екен деп жаманның сөзін мақұлдау 

керек пе?” – депті.



175

Абай өзге ұлықтарға істейтін мінезін осы жандаралға 

да істеген. Жалпы атқамінерлерше ұлыққа пара беру, 

жалынған дегенді Абай ешуақытта білген емес. Оны 

өз тұсындағы дұшпандары да айта алмайды екен. Қай 

ұлықпен болса да тең сөйлеседі. Елдің тыныштық іздеген 

тілегін жеткізе айтады. Және әсіресе ешбір ұлық баса ал-

майтын ұрлық, шабуыл, құн дауы, жер дауы сияқты дау-

шар атаулының бәрін де қалай шешіп, қалай аяқтау жол-

дарын Абай барлық басқа адамнан артық біледі. Сол жолда 

ел-елге тыныштық тапқызып, мағынасыз құр алыс, бос 

пәледен құтқарады. Бұл – өзінің де іздейтіні. Сондықтан 

ұлық атаулы бұның ақылына өзі келіп, өз әлсіздігін біліп 

келіп, амалсыздан қоңсы қонатын. Жаңағы жандарал-

ша Абайға құлшынып, жазалаймын деп келіп, артынан 

жаңағыдай мәдениетті түрде өзімен тең сөйлесетін Абай-

ды көргенде еріксіз құралынан айрылып қалады. Мына 

жандарал да Қарамола сиязында соны істейді. Абай-

ды сөйлесіп, танып алған соң еріксіз келіп, сол сиязға 

оны төбе би ғып өзі ұсынатын болады. Өзге шағымқор, 

шенқұмар, парашыл атқамінердің ешнәрсені шеше ал-

майтынын көреді. Ел арыздары шешілмесе, кеңсеге тағы 

көп тілектер үйіледі. Сондайлардың себебімен Абайдың 

билігіне өзі құштар боп, өзге рубасыларға кеп: “Сияз-

ды жақсы өткізіңдер. Ұрыда ақысы кеткендердің ақысын 

толық әперіңдер. Сиязды жақсы өткізу үшін Абай сияқты 

кісіні төбе би сайлаңдар”, – дейді.

Ел жуандарын осы жеңуі Абайдың партияшылдық 

тартысынан емес, өзінің өзгелерден артық білім-туралы-

ғынан, бас қасиетінен туған. Болмаса осы сияз алдын-

да Тобықтының Күнту, Оразбайларына үн қосқан жуан 

содырлар бір Тобықты емес, көп жерден Абайға өшігеді. 

Семей, Кереку, Өскемен, Зайсан жағынан келген би-

болыстың көбі сөз біріктіріп, өзі сыншы, өзі турашыл, өзі 

өжет, жүйрік Абайға қызғаныш ойласады. Үстінен арыз 

беріп, жер аудартпақ болғандардың басы Семей үйезі Ар-

шалы болысынан Рақыш Төгіс баласы болады. Үш-төрт 

үйездің 30-40 биінің үнін бір жерге қосуға тырысады. Абай 

жәрмеңкеге келместен бұрын істеліп жатқан қам-қарекет 


176

осы еді. Сонда бастығы Керекуден келген шет үйездер 

адамының көпшілігі мынандай Абайға қастасқан серт, 

батаға кірмейміз дейді. Біздің Тобықтымен де, әсіресе 

Абаймен де өш-қасымыз жоқ дейді. Абайды елден ерекше 

өнер қасиеті үшін бағалаушы халық сол тұстың өзінде де 

көбейіп қалғанына осы дәлел еді. Оның үстіне, жаңағы 

Рақыш бастадым деген Уақ, Керейдің өзінің ішінен оның 

ниетін қатты кінәлаған, Абайға достықтан басқа қастық 

етпейміз деп, көрінеу дос ниетке белсеніп шыққан Уақтың 

Әлімқан сияқты кісілері болады. Ол жәрмеңкеге келіп, 

Рақышты жерлеп, оған дем берген Өскемен билерін де 

ұялтып, Абайға қастық істейтіннің бәрін тойтарып тас-

тайды. Сондықтан сияз басталмастан бұрын-ақ жаңағы 

Рақыштар өздері Абай алдына келіп, оң шыраймен 

табыспақ болады.

Абай сондағы Рақыштай мансапқор, күншіл, шағым-

қой арам адамдардың қалың ортасында отырып, солардың 

өздерін көзге шұқып отырғандай қып, бір үлкен терең 

сөз тастайды. “Биік мансап – биік жартас, оның басына 

екпіндеп қыран да шығады, ерінбей еңбектеп жылан да 

шығады”, – деген. 

Сияз ел-елді ақыластыратын, неше алуан ұлы-кіші 

дауларын шешетін, түйін-түйнектерін жазатын сияз. 

Бұнда қай жолмен, қандай кесіктер айтылу керек? Дау 

алуанына қарай заң, ереже тудырып, орамды әділ билік 

жасау керек. Осы міндетті мойнына алған Абай бірнеше 

күн хатқа жазып ереже тізеді. Онысының көбі қазақтың 

өзі ескіден білген ел заңы болумен қатар, кей жерлерде 

жаңа жол-жоба болады. Біздің қолымызға осы Қарамола 

сиязы мен кейінірек болатын Семей, Жетісу екі облысы 

бас қосқан Көктума сиязындай ұлы дүбір сияздың хатқа 

түскен ережелері тимеді. Көктума сиязында да төбе биге 

халықтың ұйғаруымен әділ би деп Абайды сайлаған.

Абаймен бірге Қарамолада болған Мүсірәлі ақсақал-

дың куәлігі бойынша, бұл жолы Абай тізген ереже бабы 

жүзден аса еді, – дейді. Сол Мүсірәлінің есінде қалған екі 

бабы анық Абайдың өзі қолданған, өзі қостырған, тың 

жаңа жолға ұқсайды. Сол күннің жағдайында шамасы 


177

келгенінше әр жанға әділет іздеген Абай ұрлық, қылмыс 

пен әйел мәселесіне арнап екі жаңа ереже айтады.

1. Бұрынғы жол бойынша ақы иелері алатын малды 

төлеуге ұрының өз мүлкі жетпегенде, ағайыны төлейді 

екен. Абай енді “ағайыны емес, ұрыға ат майын беруші, 

сүйеуші төлейтін болсын”, – дейді.

2. Бұрын байы өлген жесір қатынды алатын әмеңгері 

жоқ болса, байының ағайыны өзге біреуге сатып беруге 

болады дейді екен. Абай: “Бұл әділет емес, ол әйел баста 

бір сатылған, жасау-мүлкімен көп алғашқы қалыңмал 

орайын төлеткен. Енді екі сатылмақ – зорлық. Алатын 

әмеңгері болмаса, еркі өзінде, ол азат”, – деген.

Осы екі баптың, әсіресе алғашқысы ұрар жерін тауып  

соққан ереже. Ұрыға ат майын берушінің көбі азғын 

 

жуаннан, құнсыз қорқау байдан, ел ішіндегі арылмас пәле 



басы, бықсық шонжардан шығатын. Абай мына ережеде, 

көп ұры еместі ұры етіп жіберетін сондай індет түбін тауып 

ұрып отыр. Осыны ереже қып бекітеді де, Абай өзі төбе би 

боп орындатады. Бұндай жайлар да талай жерден Абай ба-

сына өшігетін сотқар, бұзарларды көбейтіп жүрген.

Сонымен қатар қалың елдің шын әділдікті іздейтін 

көп момыны, көп бұқарасы Абайдай әділ таразының 

билігін іздегіш те болады. Кейінгі Абай өмірінде, талай-

талай алыс елдің нелер қиын сүрі дауларымен мұны іздеп 

келетіні осыдан. Осы жайдың өзі де Абай даңқын асырып, 

көп ортаның би, жуанын Абай басына өшіктіріп, қас ете 

берген.


Ал Қарамола сиязы Абайдың қатты әсерімен, сол 

белгілеген бетпен өтеді. Бұл тұста Абаймен бірге Қарамо-

лаға келе жатып, жолда түс көрдім деп Абайға бар 

түсін өлеңмен айтып, өзі өлеңмен жоритын кәрі ақын 

Бәйкөкшенің айтқаны түгел, дәл келіп шығады. Бірақ 

сияз осылай өтсе де, Күнту болыс болып тұрған уақытта, 

Абаймен ұстасқан жуандар тартыстан да, арыз-шағымнан 

да тыйылмаған. 

Абайды жер аудартуға жақындайды. Осы орайда Семей 

қаласына Ақмола, Семей облысының “корпісі” – генерал-

губернаторы келеді. Абайға жаулық ойлағандардың арызы 

оның алдынан да жаңбырша жауады. Корпіс бұл істерді 



178

көрген соң, Абайды жер аударуды бекітпекші болады. 

Бірақ сол уақытта мұның қасында корпістің кеңсесін 

басқаратын Лосовский деген чиновник бар екен. Бұл 

бұрын Семей үйезінде істеген, Абайды жақсы білетін 

адам еді. Сол Абайды корпіске жолықтырып, бетпе-бет 

сөйлестіріпті. Абай мұнымен де жәй арызшы түрінде емес, 

жаңағы жандаралмен сөйлескендей, оқымысты кісіше 

еркін, тең сөйлессе керек; дәл не сөйлескені мәлім емес. 

Бірақ әңгіменің артынан Абайға: “Сен ортаңнан басың 

асқан адам екенсің”, – депті.

Осы әңгіменің артынан бұрынғы жер аударылу де-

ген сөз қалады. Аздан соң Күнту өтірік шағымдары үшін 

болыстықтан түсіп, қызметті басқа кісіге тапсырады. Бірақ 

Семейде болып жатқан бұл түрдегі өзгерісті ел білмейді. 

Абай айдалатын болыпты деген дақпыртқа нанған қарсы 

жағы осы кезде Абайдың Тәңірберді деген ағасының бір  

қос жылқысын – 800 жылқыны тиіп алады. Алумен тұр-

май, топты жылқыны талап әкетіп, көбін қырып салады. 

Дәл осы уақытта Күнту болыстықтан түсіп қалады. Пәле 

басы атқамінерлердің берекесі кетіп, қатты сасады.

Айдаудан қайтқан Базаралы, тегі, осы кезде кеп 

киліксе керек. Тәңірбердінің мыңға тарта жылқысын тиіп 

алған бетте, бата қимылдайтын, әсіресе, Жігітек болды. 

Шабуылға жігітін мол жіберген ел де сол. Оразбай, Күнту 

сияқтылардың өз бастары бұл уақиғадан сырт қалады. 

Жігітек жылқыны алған бетінде пышақ үстінен үлесіп 

әкетіп, бүтіл Қарауыл өзенін өрлей, құлдай отырған ел 

жағалай сояды. Бұл іс ол уақытта да естімеген ірі іс болып 

шығады. Күнту мен Оразбайдың өзі де қатты қорқады. 

Болыстық тағы қолдарынан кетіп қалған. Ендігі тартысқа 

басшылық ету былай тұрсын, өздері бас сауғалай бастай-

ды. Күнту Мұқыр болысына осы орайда шығады да, Ораз-

бай Құнанбай балаларымен татулық іздеп, бұрынғы кетіп 

қалған болысынан шығып, Шыңғысқа қайта кеп кіреді. 

Күнту құдасы болғандықтан, сол ұшырап кетеді деп, 

араға дәнекер болмаққа қайта келеді. Құнанбай балала-

ры бұны жуасып келген күйінде қайта алуын алады. Бірақ 

Оразбайдың өз басына тимегенмен, Жігітекті оқшаулап 


179

шығарып ап, қатты кек қуады. Алынған жылқыны Жігітек 

сойып, қырып, жеп қойған еді. Енді соның әр жылқысына 

екі бестіден төлеу кестіріп, қолма-қол тіздіріп алады. 

Тәңірбердінің шығысынан кірісі асып түседі. Бірақ соған 

орай Жігітек тегіс кедей боп, тұралап тұрып қалады. Сол 

жылдар көшуге жарамай, қыстау-қыстау басында ошары-

лып жатақ боп отырып қалған ауылдары көп болады. Со-

нымен, Күнту болыс болғанның арты сол рубасылардың 

айдап салған көпшілігіне тағы бір ауыртпалық боп бітеді. 

Аман қалғанда пәлеге бастық болған рубасылардың ұпайы 

түгел боп, көпшілік ерін арқалап қалады. Сол көп керістің 

ішінде найза басы боп жүрсе де, дәл өз басына олжа, 

пайда таппайтын Жігітектің бірі – Базаралы. Күнту бо-

лыс болғанда айдаудан қашып кеп, Тәкежан жылқысын 

алғызушы өзі болғанмен, Базаралы тек қиыншылықтың 

бар салмақ, ауыртпалығын ғана арқалап қалады.

Кезі келген соң айта кету керек, Базаралы Абаймен 

тұстас шыққан, Жігітек адамының ішіндегі өзгеше бір ірі 

адамы еді. Бұның өмір жолы Абай өмірімен көп кездесетін 

болғандықтан және Базаралы өз дәуірінде алуаны көптен 

бөлек, ерекше болғандықтан, біраз қосымша деректерді 

айта кету қажет.

Құнанбай тұсынан, Тобықты ішінен сырт елге аттары 

мәлім болған адамдар бірнешеу ғана. Ол Құнанбайдың өзі 

дедік. Сонан соңғы Құнанбай тұстасы Бөжей. Келер буын-

да сыртқа аты шыққан адам – Абай болса, осыдан кейінгі 

бір білікті, даңқты адам сол Базаралы болады. Бұның 

жасы Абайдан аз үлкенірек болған. Әкесі Қаумен шағын 

дәулетті, орта қатарлы кісі болады да, Балағаз, Базаралы, 

Оралбай деген балалары өрттей отты, алғыр жігіттер боп 

өседі.


Абайдың жігіт шағында Базаралының інісі Оралбай 

басынан кешкен бір жастық уақиғасы Тобықтыға қатты 

лаң салған. Оралбай Бөкенші ішіндегі Сүгір деген байдың 

Көрімбала деген қызына асық болып, алып қашады. 

Қыздың беріп отырған жері – Қаракесек Қарқаралы 

қазағы. Алынған қалыңмал бар. Ел бүлініп, пәле ұлғая 

бастайды. Бірақ Балағаз, Базаралы одан жасқанбай, екі 


180

жастың еркіндік махаббатын өздерінің найзасымен, 

ерлігімен қорғап жүреді. Бөкенші жағы тек қапысын 

тауып, Базаралылар жоқ кезде қызды ұрлап әкетеді. 

Оның алдында Жігітек, Бөкенші кезек шабуылдасып, 

Көрімбаланың орайына Бөкенші бір Жігітектің үйінде тек 

отырған қатынын зорлықпен алып қашқан. Жігітек соған 

орай ғып, Бөкенші Шалғымбай дегеннің қатынын алып 

қашады. Екі жақ жасанып ұрысып, найзаға адам шаншы-

лып, қан шығарысып та қалысады. Базаралы осыған да 

қарамай, інісін сүйген қызды өлісе жүріп қорғамақ еді, 

тек ұрлап әкету қолын байлаған. Көрімбаланы Бөкенші 

зорлықпен қайнына, Қаракесекке жібергенде, Оралбай 

да қуа барады. Тағы алып кетпек боп іздеп барады. Сонда 

пәледен қажыған Көрімбала тоқтамақ болып, Оралбайды 

да жақсы шыраймен тоқтатпақ болып, бір мінез істейді. 

Сойған қойдың еті піскенде, қазаннан тілді алып, бір шетін 

өзі тістеп тұрып, ата-енесінің көзінше Оралбайға: “Ақсақ 

кемпір еткен соңғы сәлем осы болсын, күн өтті, дәрмен 

жоқ. Енді кел, Оралбай, мынау тілді менің аузымнан өзің 

ал да, ырза бол! – дейді. Оралбай Көрімбаланың айтқанын 

орындап тоқырайды. Екеуінің айырылуы осы екен. 

Міне, осы уақиға тұсында ел ырқына көнбей, батырлық, 

батылдыққа бекініп шығатын Базаралы, Балағаз кейін де 

көп жөнде оқшау болады. Найза ұстаған батыр, сері База-

ралы әрі сұлу, әрі тілді шешен, ірі жігіт боп өседі. Ағайыны, 

маңайы бұны арқа тұтады. Өзі тұрғылас Жігітек жігіттері 

әр пәлеге Базаралыны бас қыла бергісі келеді. Құнанбай 

мен Базаралының бірнеше қағысқан, қиғаш келіскен де 

жәйі бар-ды. Оның үстіне, Жігітек жігіттерінің ұрлығы 

үшін және Құнанбаймен ежелгі араздығы үшін көп ада-

мы айдалғанда, Құнанбай жағы Базаралыны да іле кеткісі 

келеді.

Алғашқы айдалған топтың ішінде Базаралы болма-



ғанмен, кейін Балағаздар Найманның Құдайсүгір деген 

жуан аулының жылқысын алып, соның салдарынан тағы 

біраз кісіні хаттап, соттап айдайды. Осы орайда Базара-

лы Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаныммен жақын болып 

жүріп, сол сыры жарияға шығып, Ырғызбай жағы намыс 

қуып, Базаралыны да жазаламақ болады.



181

Өз басы “ұры да емес, ұры емес те емес” десіп жүретін 

Базаралыны жігіттік өзге қасиет, қабілеті үшін Абай 

жақсы көрген. Бірақ Нұрғаныммен болған жаманаты 

оның жауын көбейтеді де, бір кезеңде Абай да қатты араз 

болады. Базаралы әр сылтаумен келіп, айдалатын бола-

ды. Қыстың күнінде елден түйеге мінгізіп әкетіп бара-

ды екен, сонда Абай қоштаса кеп, күй-жәйін сұрағанда: 

“Жаздыгүні қол шатырдай немеге мінгізген менен не жәй 

сұрайсың”, – дейді екен. Қасында айдауға бірге кетіп бара 

жатқан қорқақ бір жолдасы туралы тағы қалжың айтып: 

“Әншейінде қыбланамадай көзі ойнақшып тұрушы еді, 

жаны шықпай келеді десеңші әйтеуір!” – дейді.

Күнту болыс болғанда айдаудан қашып елге келеді. 

Сонда алдынан талай жастар қуанып шығып, қалада да, 

елде де үлкен дос пейілмен қарсы алады.

Әріп, Көкбай сияқты ақындар Базаралының келісіне 

арнап ірі өлеңдер айтады. Абай да кеп амандасады. “Орыс-

ша білдің бе, Базеке?” – деп сұрайды. Сонда азап сапарына 

кетерде қалжың айтып кеткен Базаралы әлі де бұлжыма-

ған, өзгермеген әзілқой мінезбен Абайға іле қалжың ай-

тады: “Е, шырағым-ай, өзімнің көк милығым болмаса, 

тәуір-ақ тіл білетін жерге жібердіңдер ғой”, – дейді.

Бұрынғы дағды серілікпен, малы аздығына қарамай, 

біреудің әдемі қара көк атына қызығып, бір қысырақты 

түгел беріп сатып алады. Атының көркіне қызыққан 

біреулер қалжыңдап, барлап:

– Базеке, мынау атыңды өзің кетерде тасқа байлап 

кеткенбісің, неткен жақсы, қайдан алдың! – дегенде:

– Е, бір қысырақты астына мініп жүрмеген кісі жігіт 

пе? – дейді.

Осы морттық, омырау, тәуекелшілдік Тәкежан жылқы-

сын алғанда да Базаралыны найза басы етіп шығарады. 

Кейін Күнту түсіп, ұлық атаулы Жігітек ішін тентек деп, 

қалада тығыз тергеу болмаққа айналғанда, Абай оншалық 

қатты жамандауға барғызбай, қазақтың өз билерінің ал-

дында, ара ағайын алдында келісім айтқызып, тоқтаспақ 

болады. Көлденең би боп Тобықты емес, Тоғай бойының 

Уақ, Бураның адамдары төрелік айтатын болады.


182

87-жылы келесі сайлау болғанда, қалған Шыңғысқа 

Оспан болыс болады.

1884 жылдан соң елдің сөзінен безер боп, басын алып 

қашқан Абай жаңағы уақиғалар тұсында амалсыз кіріссе 

де, енді бар іс пен сөзді іні, балаға тастап, шамасы келсе 

аулақ болуға тырысады. Шынымен ел тыныштығын іздей-

ді. Өз басы нәрлі еңбекке берілмек болады. Сондықтан 

Оспанның екі жақтағы болыстарға өкпелеп шығып кеткен 

ағайындармен татуласуын сұрайды. Пәле азайып, ел басы-

на, өз басына тыныштық, толас болар ма екен дейді.

Ел жұмысын Оспан алған соң, Абай өзі бірбеткей 

ілім іздеу жолына, ақындыққа бой ұрады. 80-жылдардан 

бұрын кітап оқуға кіріскен ақын кітабын ешуақытта да 

тастамаған еді. Сонымен бірге 86-жылдан 89-жылға жет-

кенше көп өлеңдер жазады. 

Мүмкін болғанынша бұрынғы арман қылған, мағына-

лы өмірін бастап көреді. Тағы да кітапты көп оқиды. Өз 

қолындағы кітаптары біткенде әдейі ат айдатып қалаға кісі 

жіберіп, Семей кітапханасынан жаңа кітаптар алғызып, 

оқығанын қайтарып жіберіп, жаңғыртып отырады.

Осы жыл Абайдың барлық ақындық қызметінің 

ішіндегі ең өнімді, ең жемісті жылы болады. 89-жылы 25 

шамалы өлең жазылады. Бұл сөздерінің ішінде бұрынғыша 

өз ортасының өзі көрген кемшілік міндерін, қатал сыншы, 

үлкен ұстаз тілімен шенеп, тексеру бар. Сонымен қатар ма-

хаббат жайындағы сөздер, табиғат суреттері, бас қайғысы 

да бар. Одан соң Пушкиннің Онегинін аудара береді. 

Және осы жылдан бастап Абайдың білімі мен өсиетіне 

құмар болған, ел ішінің көзі ашық жастарына Абайдың 

аулы үлкен білгіштің медресесі сияқты болады. Абай ұстаз 

да, мұның алдына келген, сөз ұғатын, талапты жастардың 

бәрі – шәкірт. Абай іні, бала, ағайындарына дос-жастарға 

мағыналы тәрбиеші бола бастайды. 

Енді сөз ұғатын жастарды жаңа жолмен өзі қиял қылған 

өнер-білімге, жаңа саналы адамгершілікке қарай жетек-

теп баулығысы келеді. Бұларға өз өмірінің өкініштерін, 

ауыртпалықтарын да көп айтады. Ескі үлгіде қалма, 

өзгерген заманының жаңа түрлі басшысы болуға әзірлен 


183

дейді. Сондықтан өлең сөздерінде бір айтса, ауызша өсиет, 

мәжілістерімен тағы да баулып, ылғи ғана сол атаған жаңа 

жолына қарай бастайды. Абай жалғыз өз өсиетіне қанағат 

қылмай, жаңағы жастардың сезім-тәрбиесін толықтырмақ 

болып, көбіне музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен 

Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны қолында ұста-

йды. Мұқа Абай аулына кеңшілік жәй емес, қысылшаң хал 

үстінде пана тілеп барған еді. Өз ағайынының біреуінен 

қалған жесір әйелге асық болып, соны әмеңгеріне тигізбей, 

алып қашады да, Абай аулына барады. Бұл кеткен соң 

жуан ағайыны артындағы үйін шауып алып, пәле бастала-

ды. Абай сондайлық ауыртпалығына қарамай, Мұқа мен 

келіншекке ара түсіп, бастарына азаттық әперіп, артын 

өзі жайғастырып, өнер иесі Мұқаны өзіне дос етіп, туыс 

етіп алады. Тағы сол кезде Әсет деген ақынды да сақтайды. 

Әсет әрі ақын, әрі үлкен әнші адам. Бұл күнде көпке мәлім 

“Әсет” деген әннің шығарушысы сол. Ақындық, айтыс 

өлеңдерінен де көп сөздері ел есінде нық сақталып қалған 

ірі өнерпаз кісінің бірі. Бұл Абайдың өлеңдерін қатты 

қадірлеп жаттап алып, кейін Орта жүз, Ұлы жүздің көп 

еліне мол таратады. Осы Әсет сияқты әнші, ақынның ең 

бір ірі адамы Біржан сал да Абаймен жүз көрісіп, үлкен 

дос болған. Ол Абайдың жасырақ кезінде Тобықты ішіне 

келіп (атақты ақын қыз Сарамен айтысатын сапары болу 

керек), көп уақыт қадірлі қонақ боп жатып, Көкшетау, Ат-

басардан бергі жерде болған қазақ өнерпаздарының көп 

қазынасымен Абайды кең таныстырып кетеді. Абай өзі де 

көп ән үйреніп, көп ақынның сөзіне қанып қалады. Әйелі 

Әйгерімге Біржанның әндерін үйреттіреді. Бұл сияқты 

кездесулер Абайды өз заманындағы қазақ сахарасындағы 

халық өнерімен мол таныстырып, нық байланыстырып 

отырған. 90-шы жылдарда өлең өнеріне тереңдеп кіріскен 

Абай бір өзінің көрген, сезгенін жырлайтын ақын емес, 

бүткіл қазақ даласындағы, бүткіл қазақ халқындағы алға 

бастар қауымның мұң арманын, ой-сезімін жырлаушы 

Абай болады. Осындай үлкен арналы ақындық жолына 

берілген соң, 91-жылға шейінгі өмірі Абайдың өзінше ең 

мағыналы өткізген жылдары болады. 90–91-жылдарда да 


184

көп өлең жазады. Сол уақыттарда жас жігіт болып, әкесінің 

қолында тұрып, оқып жүрген Тұраш: “Осы жылдарда 

мәжілісінде ілім сөзінен басқа сөз жоқ болады. Бар талап-

кер жастар болып сөзін тыңдап, медреседегі шәкірттерше: 

ақиқат олай емес, бұлай деп, бір-бірімізбен дауласып жату-

шы едік”, – дейді.

“Сол екі жылдың ішінде жоғарыда айтылған өлең-

дермен бірге және де көп өлеңдеріне ән де шығарып еді. 

Ұстаздық қылып отырғанда бізге: малқұмар, мансапқұмар 

адам – адам емес деп ұғындырушы еді. Әрдайым сағынып, 

көксеп, қатты рахаттанатын уақыты: сөзді ұғар-ау деген 

адамдарға, жастарға ілім сөзін сөйлеп, насихат айтып оты-

ратын кезі болушы еді. Ондай сөзге түсіп отырғанда ша-

руа судай ағып бара жатса да, қаперіне алған емес. Біреу не 

шаруа айтып, не ел арасындағы партияның жайын айтып 

сөзін бөлсе, кейіп, я ашуланып қалушы еді. “Сауданың, 

ақшаның есебі секілді есеп әңгімесі шықса, аза бойы қаза 

тұрып, жеркенген кісідей болып мазасы кетіп, “есептерің 

бар болса, аулаққа барып есептеңдер”, – деп, өзі отырған 

үйінен қуып жіберуші еді” – дейді.

Осы айтылған сөздердің барлығы жалғыз Абайдың өз 

баласы емес, сол кездерде Абайдың тәрбиесінде болған көп 

адамдардың бірдей айтатын сөздері. Сондай өмір, осындай 

мағыналы, үлгілі жол Абайдың барлық кейінгі өмірінде 

айнымай ұстасам деген жолы болады. Егерде ел ішінің 

бір қалыпта тұрмайтын тынышсыз, тынымсыз әдеттері 

осындай өмірден Абайды кей уақытта еріксіз тартып ал-

маса, Абай 1889 жылдан бастап, соңғы күндеріне шейін өз 

өмірін осы жолмен өткізбекші еді. Бірақ ойлаған мақсұт-

ниеті бұл тұста да түгелімен арман қылған өрісіне жете ал-

мады. 1890 жылға дейін тыныштық болып, кейін дәл сол 

жылдың жазында Оспан мен Оразбай қайта араздасып, 

жауласа бастайды. Абай басында бұл екеуін татуластырмақ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет