2
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді
оқытудың жолдары
Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен «Балапан» бағдарламасын
іске асыру міндеттерінде мектепке дейінгі ұйымдардың қолданысындағы
бағдарламалардың мазмұнын жаңарту көзделген.
Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді үйрету жұмысына
қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім берудің
үлгілік оқу жоспарларында айқындалған (ҚР БҒМ 2012 ж. 20 желтоқсандағы
№557 бұйрығы).
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді үйрету және
дамыту Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының (ҚР Үкіметінің 2012 ж 23 тамыздағы №1080 қаулысы)
талаптарына сәйкес жүзеге асырылады[10].
Мемлекеттік тілді үйрету және баланың ана тілін дамыту «Алғашқы
қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалардың негізгі
мазмұнын құрайды.
Бұл бағдарламаларда балалардың сөздік қорларын дамыту, әрі оларды
күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста еркін қолдануға
жаттықтыру жолдары жас ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған.
Мысалы: ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балалардың сөздік
қорының дамуы баланың заттарды атауы, әрекеті, олардың қасиетін түсінетін
сөздерді айтуы, сұраққа жауап беруі, ойын кезінде, серуенде қолдана алатын
әдебиеттің кіші түрлері (мәтелдер, әзіл, қысқа өлеңдер, әндер, тақпақтар)
арқылы жүзеге асырылады.
12
Аталған бағдарламалардың мазмұны мектепке дейінгі жастағы балалардың
жас кезеңдеріне сәйкес, олардың жеке дамуын қамтамасыз ету бағыттарына
негізделіп құрылған. Сонымен қатар «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» білім
беру бағдарламалары балама ретінде қолданылады. Олардың мазмұны жаңа
стандартқа сәйкес жаңартылуда.
Бүгінгі күні мемлекеттік тілді дамытуды мектепке дейінгі саладан бастап,
А0 деңгейіне, еуростандартқа сәйкестендіру жұмысы жүргізілуде. «Балабақша
–
мектеп – колледж – жоғары оқу орындары» жүйесінде үздіксіз оқытуды
енгізудің әдістемелік негіздерін айқындайтын мемлекеттік тілді оқыту
бағдарламасы әзірленуде.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде отандық және шетелдік тіл үйрету
әдістемелерінің озық үлгілерін тиімді пайдалана отырып, үздіксіз оқыту бүгінгі
күннің басты талабы.
Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік
тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада жалғасын таппақ. Қазақта
«Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша
табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре
білетін болсақ, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз. Сондықтан тіл тағдырына
терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі
талап, міндеттер үнемі жаңа, заманауи бағыттар бойынша жүзеге асырылуы
керек.
Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан
бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай
түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.
Психологтардың зерттеулерінде баланың жас кезінде танымдық,
қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез
меңгеретінін көрсетеді. Мектепке дейінгі кезеңде бала тілді меңгеруде ерекше
сензитивті, ал егер де 5-6 жасқа дейін ана тілін белгілі деңгейде меңгермесе,
бұл одан кейінгі жас кезеңінде өз деңгейінде болмайтынын ғалымдар
дәлелдеген.
Сол себепті де мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-
тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыра отырып, тілдің дыбыстық
мәдениетін жетілдіру, сөз үйрете отырып, сөздік қорларын байыту,
байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
5 жастағы бала барлық тіл дыбыстарын толық меңгеріп, тілдік белсенділігі
артатыны бала тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың еңбектерінен белгілі. Бұл
балаларды сөзді дыбыстау мәдениетіне мектепке дейінгі кезеңде тәрбиелеу
қажеттігін айғақтайды. Баланы дер кезінде дұрыс сөйлеуге үйретпесе, онда бала
өмір бойы анық сөйлеп, ойын дұрыс айта алмауы ықтимал. Ауызша сөйлеуінің
өз деңгейінде жетілмеуі жазбаша тілдің дамуына кері әсерін тигізеді.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, тіл кемістігі бар балалардың жалпы мектеп
жағдайында оқу мен жазуды толығымен меңгеруге мүмкіндігі болмайды.
13
Дыбысты меңгерудің өзі бала өзінің сөйлеу және тыңдау аппараттарын
меңгерген өмірінің бірінші жылында басталады. Алғашқыда бала белгілі бір
эмоциялы жағдай негізінде әлеуметтік мәні жоқ дыбыс шығарады. Тілдің
дыбыстық жағын меңгеру Д.Б Элькониннің пікірі бойынша, тіл қарым-қатынас
құралы ретінде қызмет ете бастаған кезден басталады. Бір жағынан, бұл балаға
қаратып айтылған сөзді түсінуі, екінші жағынан – алғашқы өзінің айтқан
сөздері.
Баланың сөзді ерте кезде қабылдауы ырғақты-мелодикалық құрылым
негізінде жүреді. Сөздің фонематикалық құрылымы қабылданбайды.
Ғалым Н.X. Швачкин бұл этапты «фонемаға дейінгі тіл дамыту» деп атады.
Баланың сөздерді дыбыстау кезеңдерін қарастыратын болсақ, 10-11 айда сөз
қарым-қатынас құралы бола бастайды және тілдік құрал сипатына ие болады.
Фонемалы тіл дамыту кезеңі басталады.
Бірінші жылдың аяғына қарай алғашқы сөздер пайда болады. Өмірінің
екінші жылы басталуымен дыбыстарды ажырату басталады. Бастапқы кезеңде
дыбыстың қойылуына тән ерекшелік дыбысты айтуда артикуляцияның
тұрақсыздығы болып табылады. Тіпті бір сөзде бір дыбыс бірнеше рет
қатарынан айтылғанда да бір дыбыстың орнына әртүрлі дыбыстық нұсқалар
айтылады.
Жаңа фонетикалық элементтер тобымен пайда болады. Көпшілік дыбыстар
дұрыс қалпында бірден қалыптаса қоймайды, ол біртіндеп, аралық дыбыстар
арқылы қалыптасады.
Ауысатын «орынбасар дыбыстарды» білудің үлкен мәні бар. Дыбыстардың
ауысу процесі күрделі және ерекше. А.Н. Гвоздев тіл дамыту үдерісінде
айтылмаған дыбыстар баланың мүмкіндігіндегі басқа дыбыстармен ауысады
деп санайды. «Бір дыбыстың басқамен ауысу жүйесі, негізінен, дыбыстардың
артикуляциялық жақындығына, ең алдымен жасалу орнына қарай топтасуын
негізге алады».
Балалар дыбыстың дұрыс айтылуын меңгерген кезде оны керек жерінде де,
керек емес жерінде де пайдалана бастайды, тіпті сол дыбысты кезінде
ауыстырған дыбыстың орнына да айтады. Бала ш дыбысының айтылуын
меңгергеннен кейін (бұрын с деп айтқан), енді с дыбысы айтылатын сөзде де ш-
ны айтады, «шағат», «шу» деп айтатын балалар кездеседі. Ғалымдар бұл
құбылысты «артығымен қолдану» деп түсіндіреді немесе дыбыстың кері
ауысуы бұл меңгерілген дыбыс біршама уақыт күшті тітіркендіретін –
доминант
болып,
орнына
жұмсалған
дыбыстан
жекешеленуінің
жеткіліксіздігінен соңғы меңгерілген дыбыс алдыңғыны заңды тұрған орнынан
ығыстырып жібереді (арма-алма, рампа-лампа).
Тілдің фонетикалық жағын дамытудың негізгі жолынан бала 3-5 жас
аралығында өтеді. Үш жасқа дейін баланың сөйлеу тілі қалыптасқанда, ызың
(ш, ж), ысқырық (с, з), үнді (р, л, ң) дыбыстарын айту қиындық тудырады.
Ана тілін үйренуде сөйлеу дағдысының пайда болу интенсивтілігі тілдік
ортаның мүмкіндігіне – табиғи (үйде үйреткенде) немесе басқа жолмен, яғни
14
әдістемелік құралдармен (мектепке дейінгі ұйымдарда) арнаулы дайындаған
тілдік ортаға байланысты.
Тілдік ортаның даму потенциалы әдетте оны жасаған кезде тілді үйрену
заты ретінде және сөйлеуде тілдің жұмыс ерекшеліктерін, сондай-ақ баланың әр
түрлі жас сатысында тілді үйрену психологиясын неғұрлым дәлдікпен ескерсе,
соғұрлым жоғары болады.
Тәрбиеші бала тілін дамытумен бірге мидың жұмысын да қалыптастырады,
сөйлеу бұлшық еттерінің жұмысы да қалыптасады, дамиды. Демек, бала тілінің
дамуы мен сөйлеу бұлшық еттерінің арасында, сөйлеу дағдыларының арасында
тікелей байланыс бар. Баланың ана тілін меңгеру қабілеті сөйлеу органы
бұлшық еттерінің машықтанғандығына байланысты болады, егер бала
фонемаларды дыбыстауды (артикулдеуді), сондай-ақ дыбыстар кешенінен
оларды дауыстап бөліп алу қабілетін игерсе, кез келген тілді үйрене алады.
Баланың тілді үйренуі үшін сол тілдің әрбір фонемаларын және оның
позициялық нұсқаларын айтуға қажетті сөйлеу аппаратының қозғалысы
жаттықтырылған болуы керек, ал бұл қозғалыстар баланың естуімен сәйкес
болғаны жөн.
Тілдің дыбыстық мәдениеті екі бөлімде айқындалады: сөзді айта білу және
сөзді тыңдай білу мәдениеті. Сондықтан да жұмыс екі бағытта жүргізіледі:
1. Сөйлеу аппаратын дамыту (артикуляциялық аппарат, дұрыс тыныс алу)
және соның негізінде дыбыстың, сөздің айтылуын, нақты артикуляциясын
қалыптастыру;
2. Сөзді қабылдауын дамыту.
А. Максаков пен Г. Тумакова сөздің дыбыстық жағын меңгеруге ерекше мән
берген: «Сөздің дыбыстық жағын игеру –балалар үшін күрделі үдеріс. Бұл
үдерісті былай анықтауға болады:
-
сөздің қалай дыбысталатынын тыңдау арқылы;
-
дыбыстарды дұрыс айту және ажырату арқылы;
-
сөз ішінен дыбыстарды өздігінен танып, оңай ажыратып алу;
-
сөздерді актив қолдану арқылы».
Жоғарыда айтылған пікірлерді негізге ала отырып, ізденуші Г.Ж.Омарова
тіл дыбыстарын меңгертуді өз ретімен бір-бірін жалғастырып отыратын төрт
кезеңге бөліп қарастырады:
Бірінші дайындық кезеңінде артикуляциялық аппаратты дайындау
мақсатындағы жаттығулар жүргізіледі. Бұл кезең сөйлеу аппаратын дайындап,
оның моторикасын, тыныс алуды дайындауды қамтиды. Дыбыстарды дұрыс
айту дыбыстау мүшелерінің әрекетіне біртұтас тәуелді болады (тіл, ерін,
жұмсақ таңдай, тістер және т.б.), олардың қозғалмалығы мен иілгіштігіне,
артикуляциялық қозғалыстардың координациясына, олардың күші мен
дәлдігіне байланысты болады. Мысалы, дыбысталуы қиын
р дыбысы тілдің
қозғалысының иілгіштігін, тіл ұшының жылдам вибрациясын талап етеді. Ызың
дыбыстар күшті ауа ағынын, тілдің «қасық» формасында көтерілуін, еріндердің
дөңгелектенуін және олардың алға қарай біршама шығуын талап етеді. Р
15
дыбысын дұрыс айтуға артикуляциялық аппаратты дайындау мақсатында
дайындық кезеңінде
«Кімнің тісі таза» ойын-жаттығуын жүргізуге болады.
Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету.
Қысқаша сипаттамасы: ауызды аздап ашып тұрып, тілді оңға-солға
жылжытып, тілдің ұшымен жоғарғы тістерін іш жағынан «тазалайды».
Ерін жымиған күйінде, астыңғы, жоғарғы тістері көрініп тұрады. Тіл ұшы
жоғарғы тістердің түбінде орналасады.
Осы кезеңде артикуляция мүшелерін жүйелі жаттықтыру қажет, қажетті
қалып беру мақсатында, тілдің бұлшық еттерін жаттықтыруға, еріннің, жақтың
қозғалмалығына бағытталған, ауа ағынын, дұрыс тыныс алуды қалыптастыруға
бағытталған жаттығулар жүргізіледі. Сөйлеу аппаратын дайындау мақсатында
алуан түрлі ойын түрінде жүргізілетін жаттығулар қолданылады, бұл өз
кезегінде оларды бірнеше рет қайталау үшін жағдай жасайды.
Екінші - тіл дыбыстарының қалыптасуы немесе дыбысты қою кезеңі –
дыбыстың жеке айтылуын қалыптастыратын ойын жаттығулары арқылы іске
асады. Дыбыстарды қою артикуляциясы бойынша оңай дыбыстардан басталады
және аса қиын дыбыстармен аяқталады (бағдарламада көрсетілгендей);
олардың бірізділігі фронтальды және жеке жұмыс үшін сақталады (ызың,
ысқырық, р,л,ң). Дыбыстың толыққанды болмауы немесе оның тұрақсыз
дыбысталуы көпшілік мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі байқалады, бұл
жағдайда баланың зейінін тіркеу жеткілікті. Бұл еліктеу бойынша дыбысты қою
болып табылады. Мысалы «Р» дыбысы бойынша дыбысты қою кезеңі «ұшақ
ұщуға дайындалады», «мотоциклдің моторы жұмыс істеп тұр», «иттің және
күшіктің ырылдауы» сияқты ойын-жаттығулары арқылы жүргізіледі.
Үшінші - дыбыстарды бекіту және автоматтандыру кезеңі. Дыбыстарды
автоматтандыру - бұл дыбысты буын, сөз, сөйлем ішінде дұрыс айтқызу. Бала
дыбысты жеке тұрған күйінде дұрыс айтқанымен, сөйлеу тілінде оны басқа
дыбыстармен шатастырып, кейде түсіріп, кейде қате айтуы кездеседі.
Дыбыстың сөз, сөйлем ішінде дұрыс айтылуын қалыптастыру жаңылтпаштар,
жұмбақтар, мақал-мәтелдер, түрлі тапсырмалар орындау бағытындағы ойын
жаттығулар бойынша жүргізіледі. Мысалы, р дыбысын буын, сөз, сөйлем
ішінде айтқызып жаттықтыруда (сергіту сәті ретінде қимылмен орындалады)
Ра-ра-ра – ұшып келді ара,
Ар-ар-ар – тауға жауды қар
Ыр-ыр-ыр– шаршап қалсаң отыр. немесе
Омар ора алар,
Омар ора алмаса, Орал ора алар сияқты жаңылтпаштарды пайдалануға
болады.
Төртінші кезеңде дыбысталуы бір-біріне жақын, шатастыратын дыбыстарды
ажырату бағытында жұмыстар жүргізіледі. Дыбыстарды ажырату бойынша
жұмыстар шатастыратын екі дыбысты баланың кез келген үйлесімде дұрыс
айтпауынан басталады, сонымен бірге, әрдайым дұрыс қолданыла бермейді
және басқа дыбыспен алмастырылады. Балалар жаңа дыбысты бірқатар ұқсас
16
дыбыстардан айыра алмайды және оларды шатастырады (тарақ – «талақ»,
қар– «қал», «қай»).
Алайда, тілдің дыбыстық жағын қалыптастыру жұмысының осынша
мәнділігіне қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке баратын әрбір
баланың таза сөйлеуі үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылмай келеді. Зерттеу
материалдары бойынша дыбыстарды дұрыс айтуы жетілмей мектепке келген
балалардың 15-20 % балабақшадан келген балалар, бес жасында мұндай
балалар 50% шамасында. Сондықтан да бүгінгі күні тіл дыбыстарын меңгерту
мәселесі өзекті болып қала береді.
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден-бір жолы –
өзара тілдік қарым-қатынас болғандықтан, ол әр баланың табиғи қабілетін
ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында
достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-
тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады.
Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топқа
жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің
қуану сияқты факторлары өз септігін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың
сөздік қорын дамыту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде
қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін
ұдайы ұйымдастыру балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен
қажеттісін таңдап, оқу іс-әрекеттің әр кезеңінде тиімді қолдану жолдарын да
білу қажет. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, бастысы -
тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда көрнекілік әдісі мен
техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік
технологияның бір өзі атқара алады. Ақпараттық технология – ақпараттарды
жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер
мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы
болып табылады. Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық
құралдарды оқу іс-әрекетте жан-жақты қолдану, педагогтың көптеген
қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа
тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Осыған орай, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану арқылы әдетте
шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, балалардың салыстыруға, өз ойларын
сол тақырыпқа сай жеткізе білуге машықтандыра отырып, онлайн желісінде,
балаларға арналған «Балапан» телеарнасында тікелей эфирде жүргізіліп жатқан
бағдарламаларды: «Бала тілі- бал», «Он саусақ», «Күлегеш», «Ғажайпстанға
саяхат», «Санамақ», «Дәрумен» «Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар» сияқты
көптеген бағдарламаларына қызықтыру, насихаттау қажет.
Ақпараттық технология арқылы оқу іс-әрекеттерін түрлендіріп, жаңаша
ұйымдастыра алуға мүмкіндік туады. Тақырыпқа байланысты бейнежазба
көрсету арқылы балардың оқу іс-әрекетке деген ықыласын көтеріп,
17
белсенділігін арттыруға болады. Ақпараттық технологияның көмегімен
жүргізілетін шараларда – бала өзін белсенді және еркін ұстай алады.
Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру үшін, яғни қазақ тіліне тән тоғыз
дыбысты айтуға төмендегі жаттығулар арқылы үйретуге болады.
Ә; І; Ң; Ү; Ұ; Қ; Ө; Ғ; Һ
Оқу іс-әрекет барысында «Жеті лақ» ертегісімен танысатын болсақ
1. Оқимыз.
2. Ертегіні аудио таспа арқылы тыңдаймыз.
3. Ертегіні интерактивті тақтамен көру.
4. Ертегіні кейіпкерлерге бөлу.
5. Ертегідегі (қасқыр, лақ) сөздеріндегі «Қ» әрпіне тілдерін жаттықтыруға
арналған жаттығулар жасату.
Мысалы: Қ-дыбысының айтылуын. Қа; Қо; Құ;Қы; Қи; Қу;
Айнамен жаттығулар орындату дыбысты таза, анық айтуға жаттықтыру.
1. Ертегіні сахналау
2. Саусақ театры арқылы ойнату
Тілдік қарым-қатынаста түсіну дағдыларын дамыту (тек, қазақ тілін де
түсіндіру).
«Сөзбен ойнау арқылы ғана бала - тілдің нәріне ғана сусындайды, оның
сазды үнін жанына сіңіреді» - деген ұлағатты қағида бар.
Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды оқу іс-
әрекетте жан-жақты қолдану, педагогтың көптеген қиындаған қызметтерін
жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына
мүмкіндік туғызады.
Қазақ тілін үйретуде ойын элементтерін қолдану өте тиімді. Ойын арқылы
бала бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады.
Сондай-ақ, балабақшадағы әрбір педагог қазақ тілін үйрету үшін өз үлесін
қосуға тиісті.
Тәрбиешінің басты міндеті:
-
балалардың сөздік қорларын дамыту;
-
жаңа сөздерді меңгерту;
-
үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру;
Ән жетекшісінің міндеті:
-
Әнді балаға үйрету кезінде баланы айналасындағы қызықты нәрселерге
көңілін аудара отырып, қазақ тілінде айтылатын әндерді ойынмен
байланыстыра отырып, бойларына сіңіру;
Психологтың міндеті:
-
педагогикалық процестер барысында баланың көңіл –күйіне мән беру;
-
жағымды мінез танытып, жағдайын қазақ тілінде сұрап білу.
Дене шынықтыру мұғалімінің міндеті:
1
жасалатын жаттығуларды, ойындарды қазақ тілінде түсінікті, нақты
жеткізу.
18
Балабақшада қазақ тілін бағдарламадағы жаңа жүйе бойынша А0
деңгейінен бастаймыз.
Бала қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: айтылым,
тыңдалым, оқылым және жазылым.
1. Оқылым: дауыс ырғағын дұрыс келтіру, оқылған мәтіннің мазмұнын
түсіну:
2. Жазылым: Заттарды түстеріне сәйкес бояу:
3. Тыңдалым: Лексикалық минимум көлемінде монологтік және диалогтік
сөйлеуді меңгеру.
4.
Айтылым: өз ойын, пікірін жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға
жауап қайтара білу:
Лексикалық тақырыптар бойынша:
1. Ойын дұрыс жеткізе білу, оң немесе теріс жауап бере білу;
2. Өзі жайлы, отбасы жайлы әңгімелеп, ойын дұрыс айта білу;
3. Табиғаты, өзінің қызығушылығы туралы әңгімелеп айта білу;
4. Сұрақтарды қоя білу және жауап бере білу;
Қазақ тілі дыбыстары, заттың атаулары, сөз мағыналары, қанатты сөздер
балабақшаның ересек және мектепке даярлық топ балаларына (5-7жас)
ыңғайластырылып құрылған сөздік минимум тілдік бірліктер ретінде тілдік
әрекеттерге бастайтындай етіп берілген. Балалардың тілдік әрекетінің көрінісі
олардың өздігінен сөзге араласуынан, яғни қазақ тілінде сөйлеуінен көрінеді.
Ғалымдар сөздерді тақырып жағынан дұрыс ұйымдастырып беру деп-
сөздерді топ бойынша тез еске сақтауға үйрететінін, олардың бір-бірімен
ұқсастығын байқататынын және жағдаяттарға қарай іштей оларды жақсы сезіп,
еске түсіріп сөйлеу дағдыларына қоса бастайтындығын айтқан.
Екіншіден, сөздерді грамматикалық белгілеріне қарай топтату өте тиімді. 1-
сыныпқа барар алдында балаларға «Кім?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді
атаңдар, «Не?» деген сұраққа қандай сөздермен жауап бересіңдер? «Кімдер?»,
«Нелер?» деген сұрақтарды қандай жағдайда қоямыз? Осылайша сын есімді,
сан есімді, етістікті біртіндеп меңгерту жүргізіледі.
Үшіншіден, сөздерді туыстық қатысына қарай топтауға үйрету балабақша
мен бастауыш сыныпта өте жиі қолданылады. Мысалы, жалпы атауы мен
жекелей аталымдарды жіктеп атау. «Отбасы»-жалпы аталым, ал ата, әже, әке,
бала, қарындас, іні, сіңлі. Жеті атаны атау, үш жұртты атау, т.б.
Төртіншіден, төрт-түлік малдың, жан-жануардың төлдерінің атаулары,
қызмет аталымдары, т.б. Сонымен қатар, сөздерді шығу тегіне қарай топтауға
үйретуге назар аударылады. Мысалы: дәрі, дәрігер, дәріхана; ас, аспаз, асхана,
т.б.
А0 деңгейіне сипаттама беретін болсақ, тілді бұл деңгейде білетін бала:
күнделікті қарым-қатынаста өзі туралы, отбасы туралы айтады, сұрақтар қоя
алады, шағын мәтіндерді түсінеді. Өзіне қатысты тақырыптар бойынша
жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Елі, тарихы,табиғаты, өзінің
қызығушылығы, мақсаттары туралы әңгімелей алады.
19
Республика тұрғындарының мемлекеттік тілі ретінде қазақ тілі балабақшада
тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына енгізіліп отырғандығы заман талабы
болғанмен, оның әр түрлі тілдік ортаның жағдайында оқытылуы және әр түрлі
тілдік аймақтардың қалыптасып отыруы оқыту мазмұны мен құрылысына сол
аймақтың ерекшелігіне сай болуын көздейді.
Республиканың солтүстік және орталық аймақтарында орыс тілі басым
қолданылғандықтан, қазақ тілі 3-4 жасар балаларға әр түрлі практикалық әдіс-
тәсілдермен ойын жағдайында үйретілсе, 5 жастан бастап арнайы сабақ
үлгілерімен әрі ойын, әрі логикалық жаттығулары бар оқыту жүйесінде
үйретіледі. Осы пайымдауларды қорыта келе, балабақшада қазақ тілін оқытып,
қазақша тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастаруда тәрбиеші-мұғалім
төмендегідей қағидаларды есте ұстағаны жөн:
1. Балабақшадан бастап қазақ тілін оқытудың басты міндеті – балалардың
жастайынан өздері күнделікті жүрген ортасында мемлекеттік тіл болып бекіген
жергілікті тұрғындардың тілін түсінетін, тіпті сол тілді қарапайым формада
қолдана білуге үйрету деп түсіну;
2. Екінші тілге үйретуде психологиялық тиімді жағдай тудырудың бір
жолы – балалардың бойында басқа тілді үйренудің ешқандай қиындығы жоқ
деген түсінік қалыптастыру екендігін ескеру;
3. Қазақша түсініп сөйлесе бастайтын балалар тобында қысқаша
синтагмалар үш-төрт жастан ұсынылады. Қазақ тілін алғаш рет үйрету
жүйесінде, яғни таза орыс тілді топтарда, қарым-қатынасқа түсіретін қысқа
синтагмалар үшінші,төртінші сабақтарда амандасу, танысуға үйрету, «Не бар,
не жоқ?» ойынын ойнату кезеңдерінде қысқа сөйлем үлгілері түрінде беріледі.
Дегенмен, мұндай синтагмалар басқа сөйлем байланыстарымен ілесіп сөйлеу
тілінің негізін құрай алмайды. Лингвистикалық материалдар жүйелі түрде
балалардың өзара және айналасындағылармен қазақ тілінде тілдік қатынасқа
түсу бағытында берілуін қамтамасыз ету;
4. Бала тілді бөлшектеп үйренбеуі керек, тіл әр уақытта үйретілсе де, бір
тұтастықта, баю, жетілу тұрғысында қабылдануы тиіс. Мұндай тұтас қабылдау
«тілді сезіну» деп аталады. Балалар қазақ тілін меңгеріп келе жатқандығын
өздері сезіп отырулары керек. Олардың өзге тілді өте жоғары дәрежеде
қабылдануына педагогпен немесе өзара тілдік қарым-қатынасқа түсіретін
жағдаяттар (ситуациялар), сол сияқты ерекше ұйымдастырылған тілдік
әрекеттер қатты әсерін тигізетінін әрдайым естен шығармау;
5. Балабақшада қазақ тілі сабақтары аптасына екі реттен, 20-25 минут
ұзақтықта болуын, балаға меңгертілетін білім-дағдылар бала психологиясына
салмақ түсірмейтіндей, ойын-тапсырмалары баланың жас ерекшелігіне сай
болуын ескеру қажет. Мысалы, шығармадағы сөздердің, тіркестердің мәнін
бейнелейтін тірек суреттер мен тірек-сызбаларды сөз тіркесін, сөйлемшелер
құрастыру үшін қолданып отыру қажет.
6. Балаларға сабақ барысында берілетін білімді сабақтан тыс уақытта
балабақша қызметкерлерінің көмегімен көркем-әдеби және көрнекті жайма
20
кітаптар (панорама), арнайы әзірленген құралдар арқылы бекітіп отыру қажет.
Осы
келтірілген
педагогикалық,
психологиялық,
дидактикалық,
лингвистикалық заңдылықтар мен талаптар қазақ тілін екінші мемлекеттік тілде
сөйлеуге үйрету үдерісінде, әр баланың ана тілінде байланыстырып сөйлеу
тілін дамыту кезеңдерінде ескерілгені жөн.
Балалар бақшасында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде игеріп, тілдік
қатынасқа түсудің маңызды түрі – ауызша сөйлеу тіліне үйрету. Ал толық түрде
жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни айтылған ойды тез түсіну, тез жауап қату
біртіндеп мектепте бастауыштық және орта білімдік сатыларда, тіпті баланың
бүкіл өмірінде дамытылады. Топта түркі негіздес ұлттар тілінің болуы
балалардың «тілдік сезімінің» біркелкілігін байқатады. Баланың үлкендермен
тілдік қатынасқа түсуі олардың сезімдік қатынасынан басталады. Бұл баланың
үлкендермен қатынасқа түсуінің басы болып табылады. Бала тіл дамытудың
алғашқы кезеңінде-ақ үлкендер мейіріміне мейіріммен жауап беруге, алғашқы
дыбыстар шығаруға үйренеді. Тәрбиеші немесе айналасындағы үлкендердің
алғашқы эмоциялық қатынасы, баланың болашақта осы тілде сөйлеу мәнерінің
қалыптасуына негіз болып табылады. Бір жастағы баламен қатынаста бұл
кезеңде тіл немесе сөз заттарды нақты атауларын және бала мінезінің
қалыптасуына басшылық жасайтын үлкендердің әрекеті кезіндегі сөздерін
бейнелейді. Мысалы: отыр, тұр сияқты бұйрық сөздермен әрекетке, доп,
орындық, үстел деген нақты атауларға, допты ал, орындыққа отыр дегендей
бұйрық мәнді етістік тіркестермен тілдік қатынастарға бала бірден тартыла
бастайды.Тілдің табиғи түрде дамуын тәрбиеші мен тіл маманы жақсы білуі
тиіс. Өмірінің алғашқы жылында эмоция арқылы қатынасқа түсу баланың
үлкен адамға немесе бір-біріне көңілі толу, толмау сияқты өзара әрекетте
көрінеді.
Бүгінгі балабақшада тілді үйрететін орта – баланың айналасындағы
адамдардың сөйлеу тілі. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білсін деген
баланың айналасында мемлекеттік тілдегі тілдесім басым болуы керек. Бұл
орайда, республикалық телехабарлардың, радиохабарлардың бағдарламалық
материалдардың мемлекеттік тілде күнделікті берілуі қамтамасыз етілуі тиіс.
Әрине, мұндай қажеттілік мақсатты ұйымдастырылған жағдайға біздің
қоғамдық салтымызда бірден тез жету мүмкін емес. Сондықтан да қазақ тілін
орыс тілді балабақшалардың екінші кішкентайлар тобынан бастап арнайы
оқытудың типтік бағдарламалары мен авторлық нұсқалары әр деңгейде
ұйымдастырылуда. Орыс балабақшаларына баратын балаларға жоғары
топтарда қазақ тілін көркем шығармалардың ең кіші жанры өлең-
тақпақшалармен үйреткен жөн.
Қазақ тілін кішкентай балаларға үйрету үшін балалардың жас
ерекшіліктері мен жеке ерекшеліктерін, әрқайсысының зейін, қабылдау, еске
сақтау, ойлау, қиялдау ерекшеліктерін, сезім, ерік пен жеке дарындылық
қасиеттерін жақсы біліп алу керек. Балабақшадағы балалардың қайсысы
болмасын зейіні тұрақсыз, олардың кейбірінің сабақ үстінде әсерленуі күшті,
21
ой бөлісу қабілеті тіпті жоқ десе де болады, сондықтан қазақ тілінің жекелеген
сөздеріне қатысты тірек- сызбаларды дұрыс іріктеу, оларды мәніне қарата
балаларға ажырата қолдануды әдетке айналдырған жөн болар. Әңгіме
оқығанда, тақпақ жаттағанда әрдайым қолданылып келген сызбаларды баланың
өздері танып, зейінін тұрақтандыруы, олардың тіл үйренуге деген
құлшыныстарын арттыра түседі. Естиярлар мен ересек балалар топтарында
тірек-сызбалармен қатар үйретіліп отырған шығарма сөздеріне, кейіпкерлеріне
қатысты бояуы қанық тартымды салынған суреттер беріледі. Ал мектепке
даярлық тобында тақпақ мәтіні жартылай сурет арқылы, жартылай сөз арқылы,
күрделендіре отырып, сөз сызбаларын ұсынуға болады[12].
Жалпы әлем елдерінің тәжірибесінде тіл үйрету балабақшадан басталады
екен. Шетелдік ғалымдар балаға ерте жастан тілді үйрету оның ақыл-ойының
жақсы дамуына ықпал ететінін және сәбидің ерте жасында жылдам қабылдау
жүйесі жақсы жұмыс істейтінін айтады.
Жапондық «Sony» корпорациясының негізін қалаушылардың бірі- Масару
Ибука балаларды ерте жастан дамытуға арналған «3 жастан кейін кеш болады»
атты кітабында: «Біз 3 жастан жоғары балаларды неге үйретуге болады деген
мәселеге көп назар аударамыз. Бірақ ол жастағы баланың миы 70-80% дамып
қояды»,- дейді. Демек, бұл бізге баланың миын 3 жасқа дейін дамытуға күш
салу керек дегенді нұсқап отырған жоқ па? деп сауал тастайды және сол
сұраққа өзі жауап береді. Оның пікірінше, ерте дамыту дегенде сәбиді
фактілермен және сандармен күштеп қоректендіруді міндеттеп тұрған жоқ.
Бастысы – «уақытында» жаңа әдісті енгізу керек.
Қорыта айтқанда, балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл
мәдениетін жетілдіру, сөздік қорларын үнемі молайтып, бекіту- өмірлік
маңызға ие болып отыр. Бұл талаптар қазақ тілінде ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеттерді жүргізудің жан-жақты кешенді түрлерін, оларды өткізу
ерекшеліктерін меңгеру әрі әдістемелік жағынан ұтымды әдістерді қолданғанда
ғана баланың жан дүниесін баулап алады.
Білім беру мен тәрбие үрдісін жаңғырту, оқу-тәрбие мекемелерінде жаңа
технологияларды қолдану балаларға білім беру сапасына тікелей әсер етеді.
Біздің мақсатымыз, балалардың білімі мен дағдыларын қалыптастыру, үйрену
қабілетін дамыту, оларды білім жүйесімен таныстыру, білімді, ұғымды,
іскерлікті игерту.
Достарыңызбен бөлісу: |