Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата28.01.2017
өлшемі0,51 Mb.
#2925
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 



Национальная академия образования им. И. Алтынсарина 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  

 

 

КОНЦЕПТУАЛЬНЫЕ ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана  

2015 


 

 

Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  



22 

сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген

 

Утверждена  приказом  Министра  образования  и  науки  Республики 

Казахстан от 22 апреля 2015 года № 227. 

 

 

 

Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 21 б. 

 

Концептуальные основы воспитания. – Астана: Национальная академия 

образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 21 с.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



© 

Ы. Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2015 

© 

Национальная академия образования  



имени И. Алтынсарина, 2015. 

 

 





Мазмұны 

 

 



Кіріспе.....………………………………………………………..................  

 



Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны 

және іске асыру механизмдері..................................................................... 

 

 



Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету...................................................... 

 



Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.............................................................. 

10 


 

Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері....................... 

 

10 


 

Тәрбие жұмысының басым бағыттары ...................................................... 

12 

 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру 



шарттары ....................................................................................................... 

 

18 



 

Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздерін  іске  асыруда  күтілетін 

нәтижелер ...................................................................................................... 

 

19 



 

Глоссарий ....................................................................................................... 

 

21 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрінің 

2015 


жылғы 01 маусымдағы  

№ 348 бұйрығымен 

бекітілген 

 

 



 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері 

 

Кіріспе 

 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік 



саясатты іске асыру шеңберінде  қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік 

мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді. 

Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 

құндылықтар,  адам  өмірі  мен  денсаулығы,  тұлғаның  еркін  дамуының 

басымдықтарын,  патриотизмді,  еңбексүйгіштікті,  адам  құқықтары  мен 

бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы 

аясында,  отбасылық  тәрбие  құндылықтары,  сондай-ақ  оқу  және  тәрбие 

процестерінің  өзара  кірігуі  негізінде  білім  беру  процесінің  тәрбиелік  әлеуетін 

арттыруға,  оқыту  мен  тәрбиені  кіріктіруге,  тәрбие  әдіснамасын,  мазмұны  мен 

құрылымын жаңартуға бағдарланған. 

Тұжырымдамалық  негіздер  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 

жүйесінде  тәрбиенің  даму  перспективасын,  басым  бағыттарын,  тәрбие 

мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және тетіктерін анықтайды.   

Тұжырымдамалық  негіздер  жаһандану  дәуірінде  қазіргі  адамда  қоршаған 

әлемге  технократтық  және  тұтынушылық  көзқарас  үстем  болатын  заманауи 

қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді. 

Осыған  байланысты  адамзатты  ұлттың  тұрақты  дамуының,  рухани 

әлеуетінің  артуына  кепіл  болатын  прогрестің  рухани-адамгершілік 

құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға 

қайта бағдарлау қажет. 

Ұлттың  ерекшеліктерін,  психологиясын,  менталитетін  ескермеу,  ұлттық-

мәдени құндылықтар   бастауынан алыстау  немесе оларды космополитизм  мен 

жалған  мәдениет  түрлерімен  алмастыру  –  адамның  моральдық  азуына,  

қоршаған  әлемге  агрессиясының  артуына,  рухани-адамгершілік  әлеуетінің 

құлдырауына әкеліп соқтырады.  

Жалпыәлемдік  тәрбие  жүйесін  зерттеу  және  талдау  елімізде  біртұтас 

кешенді  тәрбие  жүйесін,  оның  мақсаты  мен  мазмұнын  ұлттық  мақсаттар, 

мәдени  құндылықтар  мен  дәстүрлер,  діл  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

әлемдік  озық  тәжірибе,  заманауи  прогрессивті  ағымдар,  инновациялар 

үйлесімінде құрудың маңыздылығын көрсетіп отыр.  

 

 



Туған  жерін,  халқын  сүю  және  құрметтеу,  отбасылық  құндылықтарды 

қастерлеу,  үлкенді  сыйлау,  кең  пейілділік,  бауырмалдық,  ашықтық, 

қонақжайлылық,  толеранттылық  –  қазақ  халқының  діл  ерекшелігі  болып 

табылады. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан 

жолы  –  2050:  «Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  Қазақстан  халқына 

Жолдауында  атап  көрсетілгендей,  егеменді  даму  жылдарында  барша 

қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты 

құндылықтар  жасалды.  Жолдауда  бұл  құндылықтар  атап  көрсетілген: 

Қазақстанның  тәуелсіздігі  және  Астанасы;  қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік, 

бейбітшілік  пен  келісім;  зайырлы  қоғам  және  жоғары  руханият; 

индустрияландыру  мен  инновацияларға  негізделген  экономикалық  өсім; 

Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы;  тарихтың,  мәдениет  пен  тілдің  ортақтығы; 

еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі  және  бүкіләлемдік,  өңірлік  мәселелерді  шешуге 

жаһандық  тұрғыдан  қатысуы.  Президент  сонымен  қатар,  жалпықазақстандық 

мәдениетті  дамытуға  жаңаша  серпін  беретін    белсенді,  білімді  және  дені  сау 

азамат қалыптастыру міндетін қойды.  

Патриот,  білімді,  дені  сау,  жауапты  және  жігерлі,  инновациялық 

экономика  жағдайында  табысты  қызмет  ететін,  қазақ,  орыс  және  ағылшын 

тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен 

мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі 

– 2020 

жылғы қазақстандық жастар осындай болады.   



Қазақстан  Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  аз  уақыт  ішінде  әлемдік 

қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық 

және  мәдени  кеңістікке  белсенді  түрде  кіріге  бастады.  Қазақстандық  жастар 

жаһандану  процесіне  кірігуі  аясында  қарқынды  білім  беру,  ақпараттық  және 

мәдени өзара алмасудың белсенді қатысушысы болды.  

Қазіргі қазақстандық балалар мен жастарда сапалы білім алу уәжінің өсуі, 

әлеуметтік  белсенділігінің  артуы,  жаңа  кәсіптерді  және  ақпараттық-

коммуникативтік  технологияларды  меңгеруге  ұмтылысы,  коммуникативтілік, 

мәдениетаралық  қарым-қатынасты  жандандыру  сияқты  жаңа  позитивті 

трендтер  пайда  болды.  Өз  елінің  тарихына,  мәдениетіне  және  дәстүрлеріне, 

халқының  мәдени  мұрасына  қызығушылықтарының  артуы  негізінде  ұлттық 

өзіндік  сананың  өсуі  байқалады.  Жаңа  қазақстандық  патриотизм,  азаматтық, 

ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр. Елдегі оң 

өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде  көрініс тапты. Тәрбие 

практикасында  жалпықазақстандық  менталитет,  мәдени,  ұлттық-тарихи 

дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін 

жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.  

Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті 

бар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (Бағдарлама 

идеясының авторы – С.А. Назарбаева) іске асырылуда. Бағдарлама білім беру 

ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше 

іске  асырылған  жағдайда  қоғамда  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 

 

 


құндылықтарды  жаңғырту  механизмдерінің  мықты  катализаторы  рөлін 

атқарады. 

Халықтық педагогиканың көпғасырлық тәжірибесіне негізделген, заманауи 

тәрбие  теорияларының  шабыттандыратын  идеялары  қолданылған  «Өзін-өзі 

тану»  адамгершілік-рухани  білім  беру  бағдарламасының  (бұдан  әрі  -  АРБ) 

әлемдік білім беру кеңістігінде теңдесі жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың 

адамгершілік-рухани  тәрбиесінде  білім  берудің  барлық  деңгейлерінің 

үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық мәңгілік 

құндылықтарға  бағдарланған  «Өзін-өзі  тану»  адамгершілік-рухани  білім  беру 

бағдарламасы  ізгі  ниетті,  адамгершілік  қасиеттері  бар  лайықты  азамат 

тәрбиелеуге  ықпал  етеді,  және  Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздерін  іске 

асыруда басты механизм болып табылады.  

Мұғалімдердің 

кәсіби 

қызметінде 



жастардың 

функционалдық 

сауаттылығы,  көпмәдениетті  тәрбие,  үштілді  білім  беру,  ақпараттық 

технологияларды  пайдалану  процесі  артып  отырғаны  байқалады. 

Республикадағы  балалар  мен  оқушы  жастарға  қосымша  білім  беру  жүйесі, 

үкіметтік  емес  және  басқа  да  қоғамдық  ұйымдар  үлкен    мүмкіндіктерге  ие 

болып  отыр.  Сонымен  бірге,  балалар  мен  жастардың  бойында  ұлттық  тәрбие 

қажеттілігін сезіну мен азаматтық ұстаным, патриоттық сезім, ұлттық намысты 

қалыптастыру деңгейі арасында қарама-қайшылық байқалады.  

Жастардың бір бөлігінде әлеуметтік-оң бастамашылық мүлдем жойылып, 

оның  орнын  мақсатсыз  уақыт  өткізу  алмастырып  отыр.  Өмірлік  жетістікке, 

жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізу табанды және нәтижелі еңбек етумен, 

қойылған мақсатқа дәйекті түрде жету білігімен байланыстырылмайды. Тәрбие 

жұмысында  жастардың  бос  уақытын  ұйымдастыру  көңіл  көтеру  сипатындағы 

бір реттік шоу-шараларға ұқсас. 

 

Тәрбие  жүйесінде  жаһандану  процесіндегі  шиеленіспен  байланысты 



бірқатар проблемалар байқалады: 

  - 


балалар  мен  оқушы  жастардың  бұқаралық  мәдениет  құндылықтарына, 

сапасы  төмен  бұқаралық  ақпарат  құралдары  ақпаратына  және  интернет-

сайттарға бағдарлануы; 

  - 


қатыгездікті  насихаттау,  балалар  мен  жасөспірімдердің  темекі  шегуге, 

алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік;  

  - 

еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі; 



  - 

отбасылық  құндылықтар  мен  отбасылық  тәрбие  дәстүрлері  рөлінің 

төмендеуі; 

  - 


әлеуметтік  жетімдік,  балалар  мен  жасөспірімдер  арасындағы  суицид, 

нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т.б.  

ЮНИСЕФ  және  ДДҰ  2012  және  2013  жылдардағы  деректері  бойынша 

Қазақстан  суицид  себебінен  болған  өлім-жітім  көрсеткіші  жағынан 

жасөспірімдер  арасында  екінші  орында,  ал  қыздар  арасында  бірінші  орында. 

Қазақстан  10-14  жасар  жасөспірімдер  мен  қыздар  арасындағы  өлім 

коэффициентінің деңгейі бойынша бірінші орында тұр. 

Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Көптеген 

 

 


қызмет түрлері ақылы болғандықтан балалардың барлығына бірдей қолжетімді 

емес.  

Мұндай  жағдайдың  бірден  бір  себебі  тәрбиені  әлеуметтік  құбылыс  және 



мақсатты  процесс  ретінде  жете  бағаламаушылық  болып  табылады.  Тәрбие 

жастардың  тұлға  ретінде  қалыптасуына  негіз  болатын  рухани-адамгершілік 

құндылықтар мен қасиеттерді қалайды.   

Сонымен,  қазіргі  жағдайда  тәрбиенің  үйреншікті  үлгісі  тиімсіз  болып 

қалды  және  жалпыадамзаттық  әрі  ұлттық  құндылықтарға  тәрбиеленген 

Қазақстан  азаматын  қалыптастырудың  жаңа  жағдайлары  мен  талаптарына 

жауап беретін Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың объективті 

алғышарттары қалыптасты. 

 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны 

және іске асыру механизмдері 

 

Мақсаты:  Білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  балалар  мен  оқушы 



жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау. 

Міндеттері:  

-

 

білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттар- 



дың күшін біріктіру; 

-

 



қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу; 

-

 



білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі 

мен сабақтастығын қамтамасыз ету. 

Нысаны:  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейлерінің  біртұтас 

педагогикалық процесі. 

Іске  асыру  тетіктері:  Білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 

бағдарламаларын,  Тәрбиенің  кешенді  бағдарламасын,  Мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандарттарын,  барлық  үлгідегі,  деңгейдегі  және  меншік 

түріндегі  білім  беру  ұйымдарында  оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтарды, 

тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз 

болады. 


 

 

 

 

 





Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету 

 

Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздерінің  нормативтік  негізін  Қазақстан 



Республикасының келесі стратегиялық құжаттары құрайды: 

– 

Қазақстан Республикасының Конституциясы; 



– «

Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  (1995  жылы                  

30 

тамызда  республикалық  референдумда  қабылданған.  2011.  02.  02.  берілген 



өзгертулер мен толықтыруларымен); 

 



«

Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2011  жылғы  26  желтоқсандағы  №518-ІҮ  Кодексі  (2014. 

17.11. 


берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);  

–    «


Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 

№ 319-III Заңы (2015.13.01. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); 

–  «

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан 



Республикасының  2002  жылғы  8  тамыздағы  №  345-II  Заңы  (2014.29.12. 

берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); 

 

«



Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республика- 

сының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы;  

 

 



Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына  Жолдауы  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің 

жаңа саяси бағыты»; 

 



  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына  Жолдауы  «Қазақстан  жолы  –  2050:  «Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ»; 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 



халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»; 

– 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 



жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы  

Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  №  1118  жарлығымен 

бекітілген (2014. 12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); 

 



 

Қазақстан  Республикасының  «жасыл  экономикаға»  көшуі  жөніндегі 

2013-2020 

жылдарға  арналған  тұжырымдамасы.  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген; 

– 

Қазақстан  Республикасының  2015-2025  жылдарға  арналған  сыбайлас 



жемқорлыққа  қарсы  стратегиясы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  

2014 


жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген; 

−  «Барлық  білім  беру  ұйымдарында  оқытудың  тәрбиелік  құрамдасын 

күшейту  жөніндегі  үлгілік  кешенді  жоспарды  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы; 

– «

Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік 



жастар  саясатының  2020  жылға  дейінгі  тұжырымдамасы.  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің

 

2013 


жылғы  27  ақпандағы  №  191  Қаулысымен 

мақұлданған;   

 

 



Қазақстан  Республикасының  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие 

 

 



тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 

жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген; 

 



 «

Жалпы  білім  беру  ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін 

пәндердің,  таңдау  курстарының  және  факультативтердің  үлгілік  оқу 

бағдарламаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Бұйрығы. 

Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері  Адам  құқықтарының  жалпыға 

бірдей  декларациясын,  Бала  құқықтары  туралы  конвенцияны,  Адамның 

экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтарының  халықаралық 

декларациясын,  Үздіксіз  білім  беру  бойынша  ЮНЕСКО  ұсынымдарын 

ескереді. 

 

 

 

 

 



10 

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері 

 

Мақсаты:  Жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  негізінде  жан-



жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. 

Міндеттері:  

1.

 

Жаңа  демократиялық  қоғамда  өмір  сүруге  қабілетті  азамат  пен 



патриоттың  қалыптасуына;  тұлғаның  саяси,  құқықтық  және  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  мәдениетін  қалыптастыруға;  балалар  мен  жастардың 

құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік 

пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету. 

2.

 

Тұлғаның  рухани-адамгершілік  және  этикалық  принциптерін,  оның 



қазақстандық  қоғам  өмірінің  нормалары  және  дәстүрлерімен  келісілген 

моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету. 

3.

 

Тұлғаның 



жалпыадамзаттық 

және 


ұлттық 

құндылықтарға 

бағдарлануына,  ана  тілі  мен  қазақ  халқының,  Қазақстан  Республикасында 

тұратын  этностар  мен  этникалық  топтардың  мәдениетін  құрметтеуіне  ықпал 

ету. 

4.

 



Бала  тұлғасын  қалыптастыруда  ата-аналардың  ағарту  жұмысын, 

психологиялық-педагогикалық  құзыреттіліктерін  күшейтуге,  бала  тәрбиесі 

үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.  

5.

 



Тұлғаның  еңбек  дағдыларын,  экономикалық  ойлауы  мен  кәсіби 

қалыптасуы  мен  өзін-өзі  іске  асыруына  саналы  қарым-қатынас  қалыптастыру, 

экологиялық  мәдениетін  дамыту,  сондай-ақ  коэволюция  идеяларын  қабылдау 

қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету. 

6.

 

Әрбір  тұлғаның  зияткерлік  мүмкіндіктерін,  көшбасшылық  қасиеттерін 



және  дарындылығын  дамытуды  қамтамасыз  ететін  уәждемелік  кеңістік 

қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.  

7.

 

Білім  беру  ұйымдарында  көпмәдениетті  орта  құруға  ықпал  ету, 



жалпымәдени  мінез-құлық  дағдыларын  қалыптастыру,  тұлғаның  өнерде  және 

болмыста  эстетикалық  нысандарды  қабылдау,  меңгеру  және  бағалау  әзірлігін 

дамыту. 

8.

 



Салауатты  өмір  салты  дағдыларын  тиімді  меңгеру,  дене  дамуы  мен 

психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды 

анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. 

 

Тәрбие процесін ұйымдастырудың  



әдіснамалық негіздері 

 

Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері  келесі  әдіснамалық  негіздерге 

сүйенеді:  

Құндылықты  (аксиологиялық)  көзқарас  –  адамзаттың  түсінігімен  және 

рухани-адамгершілік  мазмұнымен  анықталатын  адамның  әлемге,  өзге 

адамдарға,  өз-өзіне  және  т.б.  қатынасы,  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 

құндылықтардың диалектикалық бірлігіне сүйену. 

 

 


11 

Антропологиялық  көзқарас  –  тәрбие  тақырыбы  ретінде  адам  туралы 

білімнің  барлық  деректерін  және  олардың  есебін  біртұтас  педагогикалық 

процесті құруда және іске асыруда жүйелі қолдану. 

Тұлғалық-бағдарлы  көзқарас  –  өзара  байланысты  түсініктер,  іс-әрекет 

идеялары  мен  тәсілдер  жүйесіне  сүйену,  тұлғаның  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі 

жетілдіру  және  өзін-өзі  жүзеге  асыру  процесін  қолдау,  оның  дербестігін 

дамыту. 


Қызметтік көзқарас – педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс-

әрекетін  жоспарлау,  оны  ұйымдастыру  және  реттеу,  бақылау,  өзіндік  талдау 

және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-әрекетін 

қалыптастыру,  таным,  еңбек  және  қарым-қатынас  субъектісі  позициясына 

ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді. 

Құзыреттілік  көзқарас  –  тәрбие  мақсаттарын  анықтаудың,  тәрбие 

процесін  ұйымдастыру  мен  оның  нәтижелерін  бағалаудың,  оқушыларда 

құзыреттіліктерді  қалыптастыру  мен  олардың  табысты  әлеуметтенуін 

қамтамасыз ететін  ортақ ұстанымдар жиынтығын ескеру. 



Әлеуметтік  көзқарас  –  тұлғаның  мақсаты  мен  міндеттеріне  әлеуметтік 

шынайылықтың  ықпалын  ескеру,  осы  ықпалдың  адам  және  қоғамға  тигізер 

педагогикалық салдарлары. 

Жүйелілікті көзқарас – нысанды оны құрайтын бөліктердің жиынтығына 

қосылмайтын  және  иерархиялық  құрылымы  бар  күрделі  құрылыс  ретінде 

қарастыруды  көздейді.  Жүйелі  қарастыру  құрылымдық  компоненттерді, 

олардың  қызметін  бөліп  көрсетуді,  қызметтік-иерархиялық  байланыстар 

орнатуды,  жүйеқұраушы  факторларды  анықтауды,  сыртқы  байланыстар 

талдауын қажет етеді.  



Тұтастық  көзқарас  –  білім  алушы  тұлғасының  зияткерлік  және  рухани-

адамгершілік  дамуының  бірлігін  анықтайтын  педагогикалық  процестің  мәнін 

көрсетеді.  

Синергетикалық  көзқарас  тәрбиені  тура  себеп-салдарлы  байланыстарға 

негізделмеген,  белгілі  бір  деңгейде  өздігімен  ұйымдастырылатын  процесс 

ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған 

және  стихиялы,  ретті  және  ретсіз  сияқты  көптеген  ішкі  және  сыртқы 

ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.  

Тұжырымдамалық  негіздер  тәрбие  процесінің  келесі  принциптерін  іске 

асыруды  жорамалдайды: 

Гуманистік  бағыт  принципі  –  педагогтің  тәрбиеленушіге  өз  дамуына 

жауапты  және  дербес  субъект  ретінде  бірізді  қарым-қатынасы,  оның  тәрбие 

процесінде  тұлғамен  және  ұжыммен  ізгілікті  қарым-қатынас  негізінде  өзара 

әрекет стратегиясы. 



Жалпыадамзаттық  құндылықтар  принципі  тәрбие  рухани-адамгершілік 

дәстүрлер  мен  ұлттық  және  әлемдік  мәдениет  нормаларына  негізделуі  қажет 

деп сендіреді.  

Мәденисәйкестілік  принципі  –  тәрбие  мәдениеттің  жалпыадамзаттық 

құндылықтарына  негізделуі  және  ұлттық  мәдениеттердің  жалпыадамзаттық 

 

 


12 

құндылықтары мен нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.  



Үздіксіздік принципі – тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-

жақты  дамыту,  оның  күші  мен  қабілетін,  кәсіби  және  жалпымәдени  өсуін 

барынша  толық  жүзеге  асыруда  шығармашылық  әлеуеті  мен  мүмкіндіктерін 

байыту.  



Табиғисәйкестілік  принципі  –  табиғат  дамуының  ортақ  заңдарының 

басымдығы;  табиғи  және  әлеуметтік  процестердің  өзара  байланысы;  тәрбие 

жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін ескеру. 

Тұтастық  принципі  оқу  және  оқудан  тыс  қызметтердің  кіріктірілуімен 

қамтамасыз  етіледі:  оқу  қызметі  когнитивті  құрамдасты  қалыптастырады; 

сабақтан  тыс  қызметте  эмоционалды-құндылықты  мінез-құлық  компоненті 

дамиды. 


Этникалық  принцип  –  тәрбиені  ұлттық  сана  қалыптастыруға  бағытталған 

ұлттық мазмұнмен толтыру, барлық азаматтар үшін ана тілінде білім алу және 

қарым-қатынас жасау үшін, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, рәсімдерді зерттеуге 

жағдай жасау.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет