Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Жалпы  білім  беретін  мектептерде  балаларға  қосымша  білім  берудің



Pdf көрінісі
бет18/21
Дата20.02.2017
өлшемі1,57 Mb.
#4554
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Жалпы  білім  беретін  мектептерде  балаларға  қосымша  білім  берудің 
толық дамуы келесі міндеттерді орындайды: 
1. Қосымша білім беру жүйесі әр балаға көңіліне жақын сабақты таңдауға, 
оқушылардың  бос  уақыттарын  толық  қамтамасыз  етуге,  көптеген  пәндерді 
терең оқуға мүмкіндік береді.  
2.  Мектепте  қосымша  білім  беру  аясында  оқушылармен  жұмыс  жасау 
маңызды тәрбиелік міндеттерді атқарады: оқушылардың бос уақытын мақсатқа 
сәйкес ұйымдастырады, шығармашылық тұлғаны қалыптастырады, әлеуметтік, 
мәдени және кәсіби өзін-өзі анықтауға жағдай жасайды, бейәлеуметтік тәртіпті 
алдын алады.  
4.  Биология,  физика,  тарих,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі  және  басқа  пәндер 
бойынша  пәндік  кеңес  беру  осы  пәндерден  оқушыларға  жобалық  және 
зерттеушілік қызметтердің негіздерін оқуға мүмкіндік береді. 
5.  Қосымша  білім  беру  жүйесі  педагог  кадрлардың  шығармашылық 
әлеуеттерін  жоғарылатуға,  педагогикалық  үздік  тәжірибені  анықтауға  және 
таратуға  мүмкіндік береді.  
6. Инновациялық педагогикалық идеяларды, білім берудің модельдері мен 
технологияларын белсенді қолдануға жағдай жасайды. 
Сөйтіп,  қосымша  білім  беру  балалардың  рухани,  зияткерлік,  дене  даму 
тұрғысында,  шығармашылық  және  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 
үшін қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге міндетті. Балаларға қосымша 
білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - әр балаға білім беру салаларын, қосымша 
бағдарламаның  бейінін  және  оны  меңгеруге  кететін  уақытын  еркін  таңдауға 
мүмкіндік жасау. Бұл мақсатты орындау қызмет түрлерінің алуандығын, білім 
беру  үдерісінің  тұлғаға  бағытталу  сипаттамасын,  оның  тұлғасын  тануға  және 
шығармашылыққа  деген  уәждемесін  дамытуға  бағытталуына,  балалардың 
кәсіби өзін-өзі анықтауына, оларды іске асыруға мүмкіндік береді.  
Заманауи мектепте балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырудың 
жолдары 
Балаларға  қосымша  білім  беруді  дамытуды  зерделеу  қазіргі  кезде  жалпы 
білім  беретін  мектептерде  оны  ұйымдастырудың  негізгі  төрт  моделі  бар 
екендігін  көрсетеді.  Қосымша  білім  берудің  бағдарламалары  бойынша  жұмыс 
жасайтын  балаларды  сабақтан  тыс  жұмыстар  жүйесіне  тарту  нақты  әрбір 
мектеп  қарастыратын  қосымша  білім  берудің  қандай  деңгейді  көздеулеріне 
сәйкес,  өзінің  ерекшеліктері  болуы  мүмкін  және  әртүрлі  тәрбиелік 
қорытындыларға жетуі мүмкін. Олар мынадай болуы мүмкін:  
1) жұмыстары бір-бірімен сәйкес келмейтін және сол уақытта бар  кадрлық 
және  материалдық  жағдайларға  толығымен  тәуелді  үйірмелер,  секциялар, 

152 
 
клубтарды кездейсоқ ашу; 
2)  балалар  шығармашылық  ұжымдарының  және  бірлестіктерінің 
жұмыстарын  ішкі  шоғырландыру,  олардың  қызметтерінің  әртүрлі  бағыттарға 
бағытталуы; 
3)  балаларға  қосымша  білім  беруді  дамытуды  мектептің  жеке  бөлімшесі 
ретінде қарау; 
4) негізгі және балаларға қосымша білім беруді кіріктіру, мектептің негізгі 
құрылымының мазмұндық және ұйымдастырушылық бірлестігі. 
Мектеп  жұмысының  тәжірибесінде  жоғарыда  көрсетілген  барлық 
ұйымдастырушылық модельдерді қолдануға болады. Қазіргі кезде мектептерде 
қосымша  білім  беруді  ұйымдастырудың  бірінші  екі  деңгейіне  артықшылық 
береді.  Кіріктіру  үдерісін  іске  асыру  жағдайында  үшінші  және  төртінші 
деңгейлер  өздерінің  жеке  тәрбиелік  жүйесін  құруға  бағытталған  мектептерге 
тән. 
Әр  модель,  кім  оларды  жобалап  және  алдыңғы  уақытта  тәжірибеде  іске 
асыратын  болса,  барлығы  үшін  нақты  бір  құндылықтармен  қамтамасыз  етеді. 
Мектепте  қосымша  білім  беруді  ұйымдастырудың  бірінші  деңгейі  негізіндегі 
модельдердің  нақты  бір  мән-мағынасы  бар,  өйткені,  балалардың  бос  уақытын 
қамтамасыз  етеді  және  олардың  сабақтан  тыс  жұмыстарының  спекторларын 
анықтауға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі модельдер балаларды, сонымен 
қатар  балалар  мен  ересектерді  біріктіретін  (қауымдастықтар,  шығармашылық 
зертханалар,  экспедициялар,  шеберханалар  және  тағы  басқалар)  өздерінің 
өзгешелік түрлерімен ерекшеленеді.  
Ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерінде 
құрылған  модельдер  балалардың  қосымша  білім  беруге  әртүрлі  сұраныстарын 
қанағаттандыруды  қамтамасыз  етуге  және  сонымен  бірге  бұданда  маңызды 
жетістіктерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Мұндай  жетістіктерге  жету 
тәрбиелік  бағдарламалардың  мазмұнын  бірлесе  әзірлеу  арқылы  барлық 
субъектілер жұмыстарының бірлігі есебінен мүмкін болады. Бірінші жағдайда, 
ортақ  бағдарлама  негізінде  жұмыс  жасайтын,  тәрбиелік  қызметтің  жалпы 
мектептік  компоненті  ретінде  қарастырылатын,  барлық  қосымша  білім  беру 
педагогтері қызметтерінің бірлігі есебінен іске асырылады. Екінші жағдайда  –
мазмұн  деңгейінде,  сондай-ақ  технологиясы  деңгейінде  негізгі  жалпы  білім 
беру  бағдарламаларын  қосымша  білім  берумен  кіріктіру  есебінен  іске 
асырылады.  
Ішкі,  сондай-ақ  сыртқы  механизмдерді  қолданатын  ұйымдастырушылық 
әрекеттестіктің  үшінші  және  төртінші  деңгейлерін  іске  асырумен 
құрастырылған  модельдер,  басымдық  ретінде  қарастырылады,  себебі  олар 
мектептегі білімнің барлық деңгейлерінде жаңа стандарттармен қарастырылған 
тәрбиелік жүйе құруға бағытталған.   
Мектептегі қосымша білім беру міндетті түрде қосымша білім берудің оқу 
бағдарламаларын  басшылыққа  алатын,  қызығушылықтары  бойынша  құрылған 
балалардың  түрлі  шығармашылық  бірлестіктерінің  жетекшілері  іске 
асырылады. 
Мектептегі қосымша білімнің бағыттары: көркем-эстетикалық, әлеуметтік-

153 
 
педагогикалық,  туристік-өлкетану,  экологиялық,  зияткерлік,  спорттық-
сауықтыру және тағы басқа. 
Сабақтан  тыс  жұмыстар  мен  қосымша  білім  берудің  маңызды 
байланыстырушы  буын  пәндік  үйірмелер  болып  табылады:  бұл  міндетті  оқу 
материалымен  байланыс;  білімге,  біліктілікке,  дағдыға  және  жеке  дамуға 
бағытталу; сабақтарға міндетті немесе ерікті қатысу; білім беру материалының 
көлемін  және  оны  меңгеруге  кететін  уақытты  таңдау  мүмкіндігін  береді.  Бір 
жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал басқа жағдайда – қосымша 
білім берудің бөлімі. 
Білім  беру  үдерісінің  баланың  дамуына,  оның  шығармашылық 
мүмкіндіктерін,  қабілеттерін  ашуға  бағытталғандығы  маңызды.  Мұнда  білім 
беру  үдерісінің  нысандалған  сипаты  аз,  сондықтан  ол  бала  дамуының  табиғи 
негізіне жақын болып келеді. Білім алушы қызметтің белсенді субъектісі болып 
табылады,  білім  алу  міндеттерін  белсенді  шешеді:  бақыланатын  көріністердің 
мәнін  және  себептерін  түсіндіреді,  қызметті  орындау  түрлерін  анықтайды, 
бақылау объектілерінің арасындағы тәуелділікті және тағы басқаны зерттейді. 
Егер  мектепте  оқытуды  жекелендіру  ережесіне  сәйкес  бастама  мұғалім 
тарапынан болатын болса, ал  балаларға қосымша білім беруде, өзіне қызықты 
қызмет  түрін  анықтау,  ең  алдымен,  баланың  тарапынан  болады.  Педагогтің 
позициясы өзгереді:ол тек қана білім тасымалдаушысы ретінде қарастырылмай, 
сонымен  қатар  оқушының  тұлғалық  қалыптасуына  көмекші  ретінде 
қарастырылады:  ынтымақтастықтың,  формалдық  емес  қарым-қатынастың  
идеясы  бекітіледі.  Қосымша  білім  берудің  педагогі  кеңес  берушінің  қызметін 
орындауда балаларға тұлғалық тұрғыда жиі және қатты әсер етеді. Осы жерде 
оның тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады. 
Баланы  дамыту  мақсатына  жету  үшін  білім  беру  үдерісінде 
ұйымдастырудың  жеке  және  ұжымдық  түрлерін,  оқытудың  проблемалық 
түрлерін (жұптық әрекеттестік, шағын топтар, топтар арасындағы әрекеттестік) 
қолдану  қажет.  Оларды  қолдану  білім  алушы  мен  педагог  позицияларын 
ауыстырады, олардың әрекеттестіктерінің субъект-субъектілік сипаттамаларын 
іске асыруға көмектеседі, қарым-қатынас жасаудың демократиялық стилін және 
педагог қызметінің ашық диалог және рефлексивті түрлерін күшейтеді. 
Оқытудың  жекелендіру  мен  дифференциациялау  проблемаларын,  өзін-өзі 
анықтау  және  тұлғаның  өзін-өзі  іске  асыруды  шешу  жағдайында  балаларға 
қосымша білім берудің мәні ұлғая түседі. 
Қосымша  білім  беру  педагогінің  қағидалық  ұстанымы  –  бала  тәрбиелеу, 
бұл  жағдайда  пән  мақсат  емес,  ол  тұлғаның  барлық  қырларын:  ой-өрісін, 
тәжірибелік  ақылын,  еңбексүйгіштікті,  дене  дамуын  және  өзін-өзі  жетілдіру, 
мінезі  мен  рухын  қалыптастыру,  дамыту  және  жетілдіру  құралы  болып 
табылады. 
Басқаша айтқанда, қосымша білім беру – баланың бай ішкі жан-дүниесіне 
еніп, оны түсіну және мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады.  
Қосымша  білім  беру  жүйесіне  тиісті  технологияларды  мектептің  оқу 
үдерісіндегі  сабақтарда  қолдануға  болады.  Олар  кешенді  сабақтар,  оқу 
жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар, пәндік технологиялар болуы 

154 
 
мүмкін.  Олар  әдеттегідей  сабақтың  шегінен  шығатын  оқытушының 
басшылығымен  білім  алушылардың  өзіндік  жеке  және  топтық  іс-әрекетін 
қарастырады.  Сонымен  қатар,  мектеп  сабақтары  оқу  сабақтарының  аясында 
материалдың  мазмұнын  тереңдету  мен  кеңейту  арқылы  және  сабақтан  тыс 
қызметтеріндегі әртүрлі нысандарда мектеп сабақтарының бөлек элементтерін 
қолдану  арқылы  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  үдерісінде 
жалғасын табуы мүмкін. 
Бір  жағынан  негізгі  және  қосымша  білім  беруді  кіріктіруді  дамыту 
мектептің әртүрлі мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарымен әрекеттесу 
қызметі  болып  табылады.  Бұл  оқушыларды  көркемөнер,  спорт,  туристік-
өлкетану  және  басқа  қызметтерге  тартудың  өте  жақсы  мүмкіндігі.  Әрекеттесу 
қызметі  жұмыс  жоспарын  үйлестіруге,  мектеп  және  қосымша  білім  беру 
ұйымдарының мүмкіншіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.   
Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру кезеңдері 
Егер  мектепте  бұрын  қосымша  білім  беру  блогы  болмаған  жағдайда, 
әкімшілік  кезең-кезеңімен  келесі  талдамалық  және  ұйымдастырушылық                         
іс-әрекеттерді жасауы керек.     
1-кезең – талдамалық.  
Осы кезеңдегі дайындық жұмыс келесіні қамтиды: 
•  мектептің  мақсаты  мен  міндеттеріне  мұқият  талдау  жасау.  Балаларға 
қосымша  білім  берудің  бағыттарын  педагогикалық  ұжымның  мақсатына, 
бағытына,  міндеттеріне,  жоғары  сыныптардағы  бар  немесе  жоспарлаған 
бейінінің сипатына байланысты тандаған мақсатты болады
•  қосымша  білім  беру  қызметтеріне  балалардың  және  ата-аналардың 
сұранысын анықтау. Олардың қажеттіліктерін сауалнамалар, ауызша сұрау, ата-
аналар жиналыстарында ұжымдық талқылау арқылы анықтау;  
• мектептегі бар факультативтік курстарды, сонымен қатар жұмыс істейтін 
үйірмелерді,  секцияларды  анықтап,  оларды  балалардың  және  ата-аналардың 
сұраныстарымен салыстыру; 
• балаларға қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын қосымша білім беру 
қызметтерін зерттеп, олармен біріккен жұмыстардың түрлерін ойластыру; 
•  мұғалімдердің,  ата-аналардың,  жоғары  сынып  оқушыларының 
шығармашылық әлеуетіне талдау жасау;  
• мектептің материалдық-техникалық мүмкіндіктеріне баға беру; 
• 
ғылыми 
және 
оқу-тәрбие 
жұмыстары 
бойынша 
директор 
орынбасарларының,  қосымша  білім  беру  педагогтерінің,  сынып  жетекшісінің, 
ұзартылған топтың тәрбиешісінің, тәлімгердің, қосымша білім беру әдіскерінің 
лауазымдық міндеттеріне талдау жасау;     
•  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдары  бойынша  негізгі  құжаттарды 
(заңдар, қаулы, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер), сонымен қатар республикалық 
және өңірлік деңгейдегі бағдарламалық құжаттарды оқып білу;    
Алдын  ала жасалған  талдау  қосымша білім беру  қызметтеріне  әлеуметтік 
тапсырыстар мен мектептің нақты мүмкіндіктері туралы түсінік береді.  
2-кезең – жобалау.  
Осы  кезеңнің  негізгі  міндеті  –  мектепте  қосымша  білім  берудің  жалпы 

155 
 
сызбасын дайындау. Оны дайындау үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:   
•  мектепке  қосымша  білім  берудің  қандай  бағыттары  қажет  және  қандай 
шамада  мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;     
• осылардың қандай бағыттарын және қандай формада  мектеп базасында, 
қандайын  балаларға  мектептен  тыс  қосымша  білім  беру  ұйымдарының 
базасында іске асыру қажет;  
•  қайсысын  педагогтердің,  шақырылған  мамандардың,  ата-аналардың, 
жоғары сынып оқушыларының көмектері арқылы іске асыруға болады
• балаларға қосымша білім беру саласында мектептің негізгі материалдық-
техникалық базасын қандай шамада қолдануға болады;   
• не арқылы оны дамытып, жетілдіруге болады; 
•  бастауыш  мектеп  жасындағы  оқушыларды  қосымша  білім  беру 
бағыттары мен формаларында қалай қалыптасуды үйретуге болады;  
•  білім  алушылардың  сұраныстарына  сәйкес  қосымша  білім  беру  арқылы 
қандай  кәсіби  деңгейге  дейінгі  немесе  кәсіптік  бейімделу  жұмыстарын 
ұйымдастыруға болады. 
Осы  сұрақтарға  жауап  бергеннен  кейін,  мектептегі  сабақ  кестесі  мен 
тәрбие  жұмыстарының  жоспарын  байланыстырып,  қосымша  білім  беру 
блогының жұмыс кестесін құру.   
3-кезең  –  мектепті  қосымша  білім  берудің  ұйымдастырушылық  және 
бағдарламалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету. 
Жобалау  кестесі  іске  аспай  тұрып  үйірмелердің,  студиялардың, 
секциялардың, 
клубтардың 
жұмыстары 
ұйымдастырушылық 
және 
бағдарламалық-әдістемелік  қолдау  алу  керек.  Біріншіден,  ол  үшін  мектеп 
жарғысына қосымша білім беру блогын ұйымдастыру жөнінде бап енгізу керек. 
Бұл  бап  әр  мектепте  іске  асырылатын  қосымша  білімнің  білім  беру 
бағдарламаларының  мазмұны  мен  түрі  анықталғыш  бағыты  бар    аса  маңызды 
жеке  сипаты  болады.  Сонымен  қатар,  тұжырымында  бірнеше  міндетті 
жағдайларды айқындау қажет:   
•  білім  беру  ұйымдары  қандай  мақсатпен  қосымша  білім  беру 
бағдарламаларын  (тұлғаның  жан-жақты  дамуы,  өздігінен  білім  алуда 
балалардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  оқытуда  бейіндікті  қамтамасыз 
ету және т.б.); 
•  мектептерде  балаларға  қосымша  білім  беру  қандай  бағыттарда  жүзеге 
асырылады; 
•  оның  мазмұны  қандай  бағдарламалардың  (үлгілік,  модификацияланған, 
авторлық) түрлерімен анықталады; 
•  балалар  бірлестіктерде  (үйірмелер,  клубтар,  студиялар,  секциялар  т.с.с.) 
қосымша  білім  беру  аясында  білім  беру  үдерістері  қандай  нысанда  іске 
асырылады; 
• қосымша білім бағдарламалары бойынша кім білім алады; 
•  педагогикалық  қызметтерге  осы  бағдарламаларды  іске  асыру  үшін  кім 
жіберіледі;  
•  мектепте  балаларға  қосымша  білім  беру  қандай  негізде  (ақылы,  тегін, 
аралас) іске асырылады?   

156 
 
Бапты  тұжырымдау  неғұрлым  кәсіби  тұрғыда  болуы  үшін,  оны 
дайындағанда мақсатты нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану.  
Екіншіден,  мектепте  қосымша  білім  берудің  блогы  туралы  Ереже  
дайындау. 
Үшіншіден,  мектеп  бір  немесе  бірнеше  арнайы  ұйымдармен  –  балалар 
шығармашылық    орталығымен  (үйлерімен),  балалар  спорт  мектептерімен, 
мұражайлармен, кітапханалармен тағы с.с. әрекеттесу туралы шарт жасау
Төртіншіден,  қосымша  білім  беру  блогында  жұмыс  істейтін  барлық 
педагог қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулар дайындау. 
Сонымен 
қатар, 
лауазымдық 
нұсқаулар 
олардың 
мақсаттарын, 
қызметтерін,  құқықтарын,  міндеттерін,  жауапкершіліктерін  белгілейді  және 
келесі жағдайларда қажет: 
•  мектептегі  қызметкердің  мәртебесі  мен  жұмысының  көлемін  анықтау 
қажет;   
•  оның  кәсіби  міндеттерін  көрсеткенде,  белгісіздікті  жою  және 
қызметтердің шеңберіне шек қою. 
Білім беру үдерісін ұйымдастыру 
Қосымша  білім  беру  блогының  жұмысы  жылдық  және  жоспарлардың 
басқа  түрлерімен,  мектеп  директоры  немесе  оның  қосымша  білім  жөніндегі 
орынбасары  бекіткен  қосымша  білім  беру  бағдарламалары  және  жоспарлары 
негізінде іске асырылады.     
Қосымша  білім  беру  блогында  оқу  жылы  15  қыркүйекте  басталады  және 
ағымдағы  жылғы  25  мамырда  аяқталады.  Жазғы  каникул  кезінде  білім  беру 
үдерісін  (білім  беру  бағдарламаларында  қарастырылған  жағдайда)  жорық, 
жиындар, плэнерлер, экспедициялар, түрлі бағыттардағы лагерлерде және тағы 
с.с.  жалғастыруы  мүмкін.  Осы  кезеңде  білім  алушылардың  құрамы  өзгермелі 
болуы мүмкін. Көп күндік жорықтарға шыққан жағдайда педагогтің жүктемесін 
көбейтуге рұқсат етіледі.     
Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі сабақ кестесі балалардың 
және  жасөспірімдердің  міндетті  оқу  жұмыстарына  қосымша  жүктеме  болып 
табылатынын ескере отырып құрастырылады.   
Осыған 
байланысты, 
әрбір 
баланы 
бірлестікке 
қабылдағанда, 
денсаулығының  жағдайы  туралы  анықтаманы  және  таңдаған  бейіні  бойынша 
қосымша  білім  беру  топтарында  оқуға  мүмкіндіктері  туралы  дәрігерден 
қорытындысын  көрсетуі қажет.    
Сабақ кестесі оқу жылының басында білім алушылардың ең қолайлы еңбек 
және  демалыс  тәртіптерін  ескере  отырып,  педагог  қызметкерлердің  ұсынысы 
бойынша  әкімшілік  құрастырады.  Сабақ  кестесін  мектеп  директоры  бекітеді. 
Сабақтарды ауыстыру немесе сабақ кестесін өзгерту қосымша білім беру блогы 
бойынша  әкімшілік  келісімі  бойынша  жасалады  және  құжатпен  ресімделеді. 
Мектептегі каникул кезіңде сабақтар арнайы кесте бойынша өткізіледі. 
Балалар бірлестігінің тізімдік құрамы: 
- бірінші оқу жылы - 12-15 адам; 
- екінші оқу жылы- 10-12 адам; 
-  үшінші және оқытудың кейінгі жылдары - 8-10 адам; 

157 
 
Оқу-зерттеу  қызметіндегі  балалардың  тізімдік  құрамы  8  адам  (мұндай 
топтарда  білім  алушылардың  саны,  оқу  топтарына  қарағанда  аздау,  4-8  адам; 
сабақтар  2-4 адамнан тұратын топтарда өткізілуі мүмкін.   
Қосымша білім беру блогында қалалық, республикалық және халықаралық 
байқауларға  қатысатын  балалармен  жеке  жұмыс  жасау  қарастырылған 
(аптасына 2-ден  6 сағатқа дейін). 
Жыл  бойы  сабаққа  қатысуы  төмендеген  жағдайда,  топтарды  біріктіруге 
немесе  таратуға  болады.  Бұл  жағдайда  артылған  қаражат  балалардың  жаңа 
бірлестіктерін ашуға жұмсалады.  
Аптадағы сабақтардың ұзақтығы мен саны қосымша білім беру педагогінің 
білім  бағдарламаларымен,  сондай-ақ  қосымша  білім  беру  ұйымдарындағы 
балалардың қызметтерінің тәртібі мен талаптарына сәйкес   анықталады. 
Сабақтарда 
компьютерлік 
техникаларды 
пайдалану 
Санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы керек. 
Бағдарламаға  сәйкес  педагогке  білім  беру  қызметіндегі  әртүрлі 
нысандарды:  аудиториядағы  сабақтар,  дәрістер,  семинарлар,  жаттықтыру 
сабақтары,  экскурсиялар,  концерттер,  көрмелер,  экспедициялар  және  т.б. 
пайдалануға  болады.  Сабақтар  бүкіл  топпен,  сондай-ақ  3-5  адамнан  тұратын  
топтарда немесе жеке өткізуге болады. 
Педагог  өз  бетінше  баға  қою  жүйесін  тандауға,  білім  алушыларды 
аттестаттауға  құқылы.  Қосымша  білім  беруде  аттестаттаудың  келесі 
формалары: тест, сауалнама, сынақ, сұхбаттасу, баяндама, реферат, олимпиада, 
байқау, көрме, конференция, концерт, басылым және т.б. пайдаланады.   
Білім  алушыларды  балалар  бірлестіктеріне  бағдарламада  қарастырылған 
мерзімге қабылдайды. Мектеп жарғысын, Ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда 
білім алушыларды бірлестіктен шығарады. Білім алушы науқастанған жағдайда 
немесе шипажайлық-курорттық емдеуде болғанда, бірлестікте орны сақталады.  
Оқушылардың  қызметтері  бірдей  жастағы  және  қызығушылықтары 
бойынша әртүрлі бірлестіктерде (оқу тобы, клуб, студия, ансамбль, театр және 
т.б.)  іске  асырылады.  Бірлестіктің  жұмысына  тізімдік  құрамына  кірмесе  де, 
педагогпен келісіп,  ата-аналарға да қатысуға болады. 
Әрбір білім алушы бір уақытта болатын әртүрлі бағыттағы бірлестіктерде 
оқуға, сонымен қатар оқытудың бағытын өзгертуге құқығы бар. 
Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі білім беру үдерісінің 
мазмұны.  
Қосымша  білім  беру  жүйесінде  көркем-эстетикалық,  экология-
биологиялық,  тарихи-өлкетану,  әлеуметтік-педагогикалық,  дене  шынықтыру  – 
сауықтыру  және  т.б.  бағыттардағы  балаларға  қосымша  білім  беру 
бағдарламаларына сәйкес іске асырылады. 
Бірлестіктерде сабақтарды бір тақырыптық немесе кешенді (біріктірілген) 
бағдарламалар бойынша өткізуге болады.   
Кешенді  білім  бағдарламаларын  іске  асыру  үшін  2  немесе  одан  көп 
педагогті тартуға болады, оқу жүктемесі қосымша білім беру бағдарламасында 
көрсетіледі. 
Педагог  бағдарламаның  Түсінік  хатында  көрсетілген  білім  беру 

158 
 
міндеттерін,  психологиялық-педагогикалық  мақсаттылығын,  санитарлық-
гигиеналық  нормаларды  айқындайтын  қосымша  білім  беру  бағдарламасының 
мазмұны,  оны  іске  асыру,  әдісі  мен  формасы,  бірлестіктің  санын  және  жас 
ерекшеліктерінің құрамын өзі анықтайды.  
Педагог  қызметкерлер  өздері  дайындаған  білім  бағдарламаларын 
пайдалануға немесе мектеп директоры бекіткен балаларға қосымша білім беру 
ұйымдарының бағдарламаларын қолдануына болады. 
Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінде  ұйымдастырылған  білім  беру 
үдерісі келесі талаптарға сәйкес болу керек: 
• дамытушылық сипаттың болуы, яғни балалардың табиғи қабілеттері мен 
қызығушылықтарын  дамытуға  бағытталған  (білім  беру  үдерісінде  білім 
алушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейі өзіндік мақсаты, балалардың 
тұлғалық көп қырлы дамуы мен қабілеттеріне сәйкес жетістіктері);    
• формалары бойынша әртүрлі болуы (топтық және жеке, теориялық және 
практикалық,  орындаушылық  және  шығармашылық  сабақтар),  сонымен  қатар 
мазмұны  бойынша  (балалардың  жалпы  және  арнайы  қабілеттерін  дамытуға 
жағдай жасайды); 
•  қосымша  білім  беру  бағдарламаларының  алуан  түрлілігі  —  жобалық, 
модификацияланған,  авторлық  бағдарламаларына  негізделуі;  олардың  бәрі 
білім  алушының  дене  және  психикалық  денсаулығына  зиян  келтірмеуі  үшін 
білім  беру  үдерісіне  енгізбестен  бұрын  әдістемелік  немесе  педагогикалық 
кеңесте қарастырылуы
•  балаларды  оқытудың  дамыту  әдістеріне  негізделуі;  қосымша  білім  беру 
педагогіне  пәндік  салада  сабақ  беретін  білімі  жеткіліксіз:  балаларға  қосымша 
білім  беруден  оқытудың  дамыту  жүйесіне  ауысуы  әр  оқытушыдан  өз 
жұмысында психологиялық және дидактикалық принциптерді және балалардың 
қабілеттерін  дамыту  әдістерін,  олардың  жеке  басының  өсуіне  ептілігін 
пайдалануды талап етеді;   
•  әртүрлі  қызығушылықтары  мен  проблемалары  бар  балаларға  жүрегіне 
жақын  іспен  айналысу  үшін  балалардың  мүдделері  мен  уәждемелерінің 
диагностикасын пайдалану.  
 
 

159 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет