Жарық толқындары тасымалдайтын энергия жарық энергиясы немесе сәулелік энергия деп аталады (dW). Егер жарық таралған кеңістікте кішкене аудан бар болса (), одан үздіксіз сәулелік энергия ағып өтіп жатады. Берілген ауданнан уақыт бірлігі ішінде өтетін сондай энергия мөлшері сәулелік энергия ағыны немесе жарық ағыны деп аталады (), оны қуат өлшеу бірлігімен, мысалы Вт – пен өлшеуге болады.
Жарық ағыны Ф-тің (оптикалық сәулелену қуаты) бірлігі - Люмен (лм): 1Люмен деп жарық күші 1кд болатын нүктелік көздің 1ср(стерадиан) денелік бұрыш ішінде шығаратын жарық ағынын айтады. (1лм=1кд-ср). 1 кандела- эталонның сәулелену күші.