14-практикалық сабақтың тақырыбы
1. Жазушының ағартушылық, оқытушылық қызметі, аударма саласындағы қызметі, «Үлгілі бала» жинағын шығаруы.
2. «Қалың мал» романының проза жанрын дамытуға қосқан үлесі. Образдар жүйесі.
3. «Орындалған арман» атты мемуарлық шығармасы.
|
Жаттығу талдау
|
2(101-114), 4(78-86)
|
15 апта
|
15-тақырып. Сәбит Дөнентаевтың өмірі меншығармашылығы
1.Сәбит Дөнентаев (1894 – 1933). Ақынның шығармашылық өмірбаяны, поязиялық мұралары, мысал өлеңдерінің тарихи мәні. «Уақ-түйек» жинағының өзіндік ерекшелігі.
2.Ғұмар Қарашұлы (1876-1921). Өмірбаяны, оқытушылық қызметі, өлеңдері, шығармаларындағы реалистік сипат. Аударма саласындағы сіңірген еңбегі.
|
Шолу
лекция
|
2(115-120), 4(87-91)
|
15-практикалық сабақтың тақырыбы
1. Сәбит Дөнентаев ақынның шығармашылық өмірбаяны, поязиялық мұралары, мысал өлеңдерінің тарихи мәні.
2. «Уақ-түйек» жинағының өзіндік ерекшелігі.
3. Ғұмар Қарашұлы өмірбаяны, оқытушылық қызметі, өлеңдері, шығармаларындағы реалистік сипат. Аударма саласындағы сіңірген еңбегі.
|
Семинар-зерттеу
|
2(115-120), 4(87-91)
|
2.Оқу сабақтарын өткізу нысандары:
Дәрістер: онлайн-форматта, бейне-дәрістер, тренингтер, қонақ лекциялары, вебинарлар, бейнеконференциялар.
Практикалық сабақтар: стартаптарды, жобаларды әзірлеумен практикалық-бағдарланған тәсіл, практикалық жағдайларды талдау (case-study), виртуалды практикалық тапсырмаларды орындау және т. б.
СӨЖ: Тапсырмаларға жатады: лекция конспектілерін құрастыру, есептерді шешу, бақылау жұмыстарын орындау, глоссарий, эссе, реферат, портфолио жазу, презентациялар дайындау және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |