Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ж. У. Жубандыкова, З. А. Баймаханова



Pdf көрінісі
бет64/84
Дата17.11.2022
өлшемі3,37 Mb.
#50835
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84
Байланысты:
1 Электр тізбек. электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптауэлектр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау (1)

Сигналдық немесе сілтегіш реле реленің өзінің жəне басқа да екінші 
аппараттардың іс-əрекетін тіркеу үшін қызмет етеді. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.Реленің жіктелуін баяндаңыз, оларға қойылатын негізгі талаптарды 
атаңыз. 
2.Электрмагниттік реленің негізгі түрлерін атаңыз. Олардың 
ерекшеліктерін, негізгі параметрлерін, қолдану аумағын баяндаңыз. 
3.Жылу релесінің негізгі түрлерін атаңыз. Олардың ерекшеліктерін, 
негізгі жəне сипаттамаларын, қолдану аясын баяндаңыз. 
4.Уақыт релесінің негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз (орындаушы 
орган бойынша: электромагниттік, моторлы, сағат механизмімен, 
пневматикалық, электронды жəне т.б.). Олардың ерекшеліктерін, негізгі 
параметрлері мен сипаттамаларын баяндаңыз. 
 
4.1 Ток трансформаторлары мен кернеу трансформаторларын 
жалғаудың векторлық диаграммасы мен сұлбалары 
4.1.1 Векторлық диаграмма жəне ток трансформаторларын жалғау 
сұлбалары 
Ток 
трансформаторы–релелік 
қорғаныс 
элементі, 
токтың 
электромагниттік өлшеу түрлендіргіші, ол қорғаныс жəне автоматика 
тізбектерін токпен қоректендіреді жəне ақпаратты өлшеу органдарына 
беретін датчиктің рөлін орындайды. Бұл аппарат бастапқы тізбектің тогын 1 
немесе 5 ампер стандартты токтарға түрлендіреді.
Ток трансформаторының қалыпты жұмыс режимі - қысқа тұйықталу 
режимі. 
Ток трансформаторының қателіктерін анықтауға арналған 
векторлық диаграмма 
Ток трансформаторындағы қателіктердің себебі-магниттелетін ток.
Векторлық диаграмма ток трансформатордын алмастыру сұлбасы 
негізінде құрылған, онда алмастыру схемасына сəйкес біріншілік жағының 
барлық шамалары екіншілік орамның орамдарына келтірілген. Векторлық 
диаграммадан көрінеді, екіншілік ток абсолюттік мəні бойынша келтірілген 
бірішілік токтан di = I'1 - I2 ток қателігіне, ал фаза бойынша дельта 
бұрышына айырмашылығы бар.
Бұл 
айырмашылық 
ток 
трансформатордың 
ТТ 
өзекшесінде 
магниттелетінмагнит ағының тұдыратын магниттелетін тогының Іном 
болуымен байланысты. Z ' m кедергісіне токтың тармақталуы көп болған 
сайын, соғұрлым ток трансформаторының қателігі көп болады. 
АС шамасы ток бойынша қателік деп аталады жəне I'1-I2 
арифметикалық айырмасына тең. Бұрыштық қателігі дельта бұрышы болып 


96 
табылады жəне есептелу токтың фазасы нақты токқа қарағанда неше есе 
жылжуын көрсетеді (сурет.65). 
65 –сурет. Ток трансформатордың векторлық диаграммасы 
Релелік қорғаныс типтік сұлбалардан қоректенеді, олар ток 
трансформаторларын жəне реле орамдарын жалғаудың əр түрлі 
нұсқаларымен ерекшеленеді. Əрбір жалғау схемасы үшін схема 
коэффициенті есептелінеді.
k =
ф
Бұл коэффициент реледегі токтар ток трансформаторларының 
екіншілік орамында өтетін токтардан неше есе айырмашылығы бар екенін 
көрсетеді.
Мұндай өзгерістер əр түрлі схемалардың элементтерінде қайталама 
токтар жинақталуына немесе алынып тасталуына байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет