3.ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Інжу
|
Шыңғыс ұрпақтарының жасау ретінде алған жерлері.
|
Вақфтық жерлер
|
Дін иелерінің жерлері
|
Сойырғал, иқта
|
Әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет істегендерге берілген жерлер
|
Шаруалардың мүліктік жерлері
|
Отырықшылық аудандардағы егіншілік жерлер
|
11-Билет
С.Датұлы бастаған көтерілістің алғышарттары мен себептері.
Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын сәйкестендіріңдер. Эндогамия, экзогамия деген ұғымдарды ажыратыңдар.
Қыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
1.С.Датұлы бастаған көтерілістің алғышарттары мен себептері
XVIII ғасырдың 70 – 80-жылдары елдің экономикасына кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуі, орыс помещиктерінің, Жайық казак әскерлерінің зорлық-зомбылығы, ішкі өзара тартыс халықтың жағдайына нұқсан келтірді.Шекаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқаулары жүзеге асуын қамтамасыз етуді бақылады. Казакәскерлерінің жергілікті халыққа қысымы, алауыздықтың күшеюі, кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді.Көшпенділердің жайылымдарын өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардапты салдарларының болғандығын атап өткен жөн.Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, шешен Сырым Датұлы шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы үн қосты.Көтерілістің басты қозғаушы күші –қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары болды. Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3 500 адам деп айтады.Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғандығы да анықталуда
С.Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және казактарға қарсы соққы беру болды.
2.Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын сәйкестендіріңдер. Эндогамия, экзогамия деген ұғымдарды ажыратыңдар.
Адам баласының биологиялық эволюциясы: австралопитек (б.з.б.2,6 млн жыл), питекантроп(б.з.б.1 млн жыл), синантроп(б.з.б.500-200мың жыл), неандерталь(б.з.б. 200-35мыңжыл), кроманьон(б.з.б. 40-30мың жыл).Адам баласының биологиялық эволюциясы ең соңғы деректер бойынша мынадай жолмен іске асқан.Біздің арғы тегіміз гоминидтер – адам тектес маймылдар. Солардың ең бір жақсы зерттелген өкілі –австралопитектер.
Олар тек Африкадан табылған, бұдан 6-1 млн жылдар бұрын өмір сүрген. Осы австралопитектердің кейініректегі (2,8- 2,4млн жыл бұрын) түріне хомо хабилис деген атау берілген. Бұл «қабілетті адам» дегенді білдіреді. Хомо хабилистер Африкадағы Олдувай шатқалынан табылған.Адамның осы түрімен бірге ең алғашқы кездегі тас құралдар табылған.Мөлшермен бұдан 2 млн жыл бұрын хомо хабилистен хомо ергастер(әрекетшіл адам) және хомо еректус(тік жүретін адам) дамып шықты. Бұл адамдар бұдан 500 мың жыл бұрынғы заманға дейін өмір сүрді.Соңғы кезеңде бұлар Еуропаның оңтүстігі, Азияның көпшілік аумағына қоныстанды.Көне адам эволюциясындағы бұдан кейінгі түр гейдельберг адамы.Оларб.з.д. 600-150 мың жылдықтар мөлшерінде өмір сүрген. Соңғы көзқарастар бойынша неадертальдықтардың(б.з.д.130-30мыңжылдықтар) бүгінгі адамдардың дамуына тікелей қатысы жоқ.Бұрын бүгінгі адамға ең жақыны деп есептелетін.Мөлшермен бұдан 40-30 мың жыл бұрын Еуропа жеріне келген гейдельберг адамдары бәсекелестік күрес нәтижесінде олардың тұқымын мүлде құртып жіберген.
Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы. Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымы ұзақ даму жолынан өтті. Бірінші формасы – алғашқы адамдардың тобыры. Австралопитек, питекантроп, синантроп адамдары тобыр болып өмір сүрді.Тобыр- өзара қандас туыстас жандардан құралды және де эндогамиялық ұжым болды. Эндогамия дегеніміз- ұжымның ішінде некелік қатынастарға рұқсат беру ғұрпы.Адамдар тобыры ұжым ретінде бірлікте ұзақ өмір сүре алмады, жиі тарап кетіп отырды. Бір тобырдың адамдары екінші тобырға қосылып, нәтижесінде біртіндеп қандас туыстығы жоқ адамдар тобы құрылды. Адамзат баласының ішкі қатынастарында экзогамия ғұрпы пайда болды.Экзогамия дегеніміз- туыстас адамдардан құралған ұжымның өз ішінде некелік қатынастарға тыйым салу ғұрпы. Уақыт өте келе неке тұрақты сипатқа еніп, адамдар ұжымнан рулық қауым сатысына өтті.Бұл әлеуметтік ұжымның келесі бір формасы болды. Ру саналы адамға (кроманьон) сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |