1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ
ЭССЕ ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
(ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ)
Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау
2
Алғы сӛз
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016
жылдың 16 қарашасында шыққан №660 бұйрығына сәйкес 2016-2017
оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып
оқушыларын қорытынды аттестаттауға ӛзгерістер енгізілді. 11-сынып
оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу
міндеттелді. Эссе жазу мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа формат
болғандықтан, Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан кӛмекші құрал
ретінде әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Әдістемелік нұсқаулықта
эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның
шығармадан айырмашылығы жӛнінде түсінік берілді. Сонымен қатар
эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгілері
ұсынылып, оларға талдау жасалды.
Эссе талаптары және бағалау критерийлері халықаралық
тәжірибелерге сүйене отырып, бірнеше дереккӛздердегі мәліметтерді
қарастырып, сараптап, талдап ұйғарылған қорытынды шешім бойынша
құрастырылды.
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне,
оқушыларға арналады.