2. Педагогикалық өзара іс-әрекет стратегиясы. Педагогикалық өзара іс-әрекет – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің олардың мінезін, іс-әрекетін, қатынасын өзара өзгерте алатын кездейсоқ немесе ойластырылған, жеке немесе жалпы, ұзақ немесе қысқа мерзімдік, сөздік немесе сөздік емес жеке байланысы.
Екі жақтан да бірлескен іс-әрекеттің мақсаттарын және оған жетудің жолын түсінген, өзара келісім мен ынтымақтастыққа қол жеткізілген кезде ынтымақтастық түрінде және де бірлескен ісәрекетке қатысушылардың бірінің жетістігі басқа қатысушылардың аса өнімді және мақсатты іс-әрекетін ынталандыратын немесе тежейтін бәсекелестік түрінде көрінуі мүмкін. Гуманистік-бағытталған педагогикалық үдеріс тәрбиеші мен тәрбиеленушінің, екі қатысушы да өз білімдері мен мүмкіндіктеріне сай бірдейлік, тең құқылы серіктес ретінде көрінетін өзара іс-әрекетінде ғана үдеріс бола алады.
Педагогикалық өзара іс-әрекет стратегиясы – мұғалім ісәрекетіндегі жалпы басшылық жолы, тұлға қалыптастыру үдерісіне перспективалық мақсаттарға жетуге арналып, бағытталған нұсқаулар;
Педагог стратегияны жеке тұлғамен және тұтастай білім беру ұжымымен де дайындау қажет. Бұл бәрінен бұрын педагог дайындайтын әр түрлі жоспарлар: күнтізбелік-тақырыптық, тәрбие жұмысы жоспары және т.б. жүйесінде іске асырылады.
Әрбір оқушының бір-бірімен әңгімелесіп, сөйлеу үшін, өздері бір-біріне немесе мұғалімге және т.б. сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет. Осы орайда ойын жағдайларын пайдаланудың маңызы зор. Сабақты ойын түлерін пайдалана отырып жүргізу – оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады. Рөлдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым-қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытуда рөлдік ойындардың берер көмегі өте көп. Жұппен жұмыс істеу, пікір алысу,логика-синтаксистік схемаларды пайдалану және т.б. әдістерді арқылы оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту үшін сабақ барысында көп пайдаланамын. Мысалы, оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында берілген тақырыптар бойынша сыныптан тыс жоба жұмысын жүргізу арқылы олардың біліктілігін арттыруға болады. Жоба жұмысын қорғау барысында оқушылардың қарымқатынас мүмкіндіктерін арттыруға мынадай жұмыс шаралар мысал бола алады:
Белгілі тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде пікір алысу.
Қосалқы әдеби материалдарға сүйене отырып, сөздік қорын байыту.
Коммуникативтік оқытуда білім беру – оқушы өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарымқатынасын қалыптастыру деген сөз.