Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет56/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91
Байланысты:
пед

Пайдаланған әдебиеттер
1.Зимняя И.А.Педагогикалық психология: Жоғары оқу орныдарына арналған оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. – М. Логос; Алматы: TST-company6 2005. – 438 бет.
2.И.Е.Синица. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік.- Алматы, 1987.
3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, /Дарын/- Алматы, 2004.
4.Д.Карнеги. Как вырабатывать уверенность в себе и влиять на людей, выступая публично.- Минск, 1990.
5.Зязюн И.А.Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для специальных высших учебных заведений. М.,
Просвещение, 1989.-205с.
6.Основы педагогического мастерства. Упражнения. Тесты. Советы начинающему педагогу. Учебно-методическое пособие/ Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 стр.
7.Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства: учебник для студ. сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.

Тақырып №11. ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИМИДЖ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ СЕНІМ


Теориялық мәліметтер Жоспар:
1.Педагог имиджінің мазмұны
2.Сенім түрлері және оның жіктеліуі.
3.Сендіре білу – педагогтік әсер етудің әдісі ретінде
Негізгі ұғымдар: педагогикалық өзара іс-әрекет, сенім, бұйрық, тәртіп,имиджелогия
1.Педагог имиджінің мазмұны
Имиджелогия қазіргі уақытта мәдениеттанудың негізгі бір белгілері ретінде коммуникациялық және ақпараттық, визуалдық, симулятивтік қасиеттердің геометриялық тұрғыда өсу ретін көрсететін, сондай-ақ, жаңа мәдени ситуацияларға байланысты білім беру салаласының неғұрлым талап етіліп отырған жаңа бір тармағы. Қазіргі ақпараттық постиндустралдық қоғамда үстемдік алып келе жатырған визуалды мәдениет, яғни «көз мәдениеті» адамзатты әлемді сезімдік-бейнелік түсінуге қайта жақындастыру болып табылады. Жаңа визуалды мәдениет кәсіби білікті маман үшін имидждік технологияның міндетті болуын, мінез-құлық психологиясы саласы бойынша жан-жақты болуын және кәсіби имиджді түзету мен қалыптастырудың заңдылықтарын түсіне білуін талап етуде.
Имидж (ағылш. сөзі) бейне, сырт кейіп деген білдіреді. Кәсіби имидж өзіндік ерекшелікке ие: ол көбінесе күтілетін белгілі бір кәсіби табысқа байланысты, сәйкес кәсіби әрекетті, мінез ерекшеліктерді таныту. Сонымен қатар, кәсіби имидж-өзіндік кәсіби белгілерге толы кәсіби маманның эмоционалды бейнелік бояуын танытатын, өзіндік символикалық табиғаты бар, қоршаған ортаға психологиялық әсер беретін имидж. Имидж әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде екі мағынадағы бағытта қарастырылып отыр: адамды басқа адамдардың көзімен қабылдау нәтижесі (Е.В.Змановская, Г.Г.Почепцов), яғни имидждің аудиторияның күткен нәтижесімен ситуативті түрде байланыстылығының ерекше көрінуі; мақсатқа лайықты қалыптасқан адамның, субьектінің бейнесі ретінде (В.М.Шепель, Е.А.Власова). Кәсіби имидж келесі ерекшеліктерді көрсетеді: ол белгілі бір күтілген нәтижелерге сәйкес келетін, кәсіби жетістікті анықтайтын, мінез-құлықты қабылдауға бағытталған. Кәсіби имидж – кәсіптің персоналық ерекшеленген бейнесі, яғни қорашаған ортасына психологиялық әсер беруші, сенімділікті арттыратын ықпалы мен символикалық табиғаты бар, типтік кәсіби білікті адамның жалпыланған түрде эмоционалды боялған бейнесі.
Кәсіби имидждің мынадай компонентері анықталды: ішкі компоненттер – құзырлық, педагогикалық бағыттылық, ғылыммен айналысу, кәсіби маңызды сапалары; сыртқы компоненттері – әлеуметтік сипаттамалары (мамандықтың танымалдылығы, өз әріптестерімен, оқу орнымен өзара әрекет етуі, беделі, әлеуметтік танымалдылығының белгілері). Ресейлік ғалым Л.Ю.Донсктың сауалнамалық зерттеулері бойынша педагог имиджіндегі кәсіби маңызды, үстем болған сапалар келесі пайыздық көрсеткіштері берген: коммуникативтілік (64%), әсер ету (60%), эмпатия (56%), толеранттылық (52%), мейірімділік (88%), әзілді түсіну (60%), тактика (52%). Сонымен, бұл көрсеткіштер бойынша имидждің басты құраушысы ол коммуникациялық құзырлық, өйткені дәл осы қарымқатынаста педагогтың құндылықты және интеллектуалдық тұлғалық деңгейі ерекше көрінеді.
Педагогтың кәсіби имиджі туралы көптеген ғалымдардың классификациясына тоқталып өтсек, В.А.Баранованың ұсынуы бойынша жалпы қоршаған ортамен қабылданатын имидждің деңгейлері:

  • Биологиялық – имиджде жынысы, жасы, денсаулығы, темпераменті, физикалық ерекшеліктеріне баса назар аударылады.

  • Психологиялық – имиджді қабылдауда мінездің белгілеріне, ерікі, есте сақтауы, ойлау жүйесі, мінез-құлқы, қабілеттері т.б.

  • Әлеуметтік – имиджде бұрын сөз болып жүрген, өсек түрінде таратылған, аңызға айналған, көп айтылған фактілер жүйесі қабылданады.

В.В.Бойко педагог имиджіндегі келесі құрылымдарды қарастыруды ұсынады:

  • Аудио–визуалды – сауатты, көркем-әдеби сөйлеуі, дикциясы жағымды, өзін-өзі ұстау, киім-киісі, шанының сәндігі жарасымдылғы т.б.

  • Мінез стилі – тұлғаның: кәсіби, интеллектуалдық, эхмоционалды, адамгершілік, коммуникативтік, этикалық, эстетикалық аспектілерінің болуы.

  • «Ішкі философия» - өзіндік құндылықтары, адамгершілік принциптерін ұстануы.

  • Атрибуттар – педагог тұлғасының статусы мен әсерін көрсететін: қызмет кабинеті, жиһазы, көлігі, үй жануарлары т.б.

  • Психологиялық «МЕН бейнесі» - педагогтардың сырт және ішкі бейнесі бойынша жайлы, сабырлы, мейірімді, оптимист, дүниетанымы кең т.б. қасиеттері. В.М.Шепель пікірінше «педагог имиджі жеке тұлғалық «сыр көркі, әсемдігі» сияқты өзіндік имиджінің технологиясында игеру керек» дейді. Бұл имиджді құру технологиясына келесі сапаларды енгізді: 1. Визуалды эффект – бұл педагогтың фейсбилдинг – яғни «бет бейне» белгілерін сәйкесінше қолдана және құра алу, физиогномика – яғни, басқа адамдардың бет бейнесінен түсіне алу, оқи білу, кинесика - яғни, өзіндік мимикаларды, жесттерді қолдана білу.

  1. Коммуникативтік механика – эмпатия, интуиция, сөйлеу, этикетінің технологиясын игеру.

  2. «Флюидттік әсер беру» - бұл коммуникациялық өзара әрекетте болатын биоэнергетика. Оның: Нимба эффектісі – деген тәсілі бар, яғи педагогың ақыл-ойының- эмоционалдық энергиясын жымиуы, қимыл-көзқарасы, манерасы, жүріс-тұрысы, жест, дауыс модуляциясы арқылы көрсету, әсер ету. Риторикалық тәсілі – бұл педагогтың сөйлеу логикаы, пауза, акцент, интонация, эмоционалдық, сенімді қатынас, әдеби-көркем сөйлеу ерекшелігі арқылы әсер ету. Педагогтың идеалды имиджі, мінсіздікке ұмтылыс сияқты, екі түрлі имидждің құрамдас бөлігін көрсетеді – ғалым имиджі, яғни ғылыми ізденіспен шұғылданатын, аналитикалық және абстрактылық ойлау қасиеті бар, педагог имиджі бұл ауқымды ақпараттылық, ұйымдастыру қабілеті жақсы игерілген, позитивті, ашық, коммуникациялық қасиеті жоғары. Сонымен, педагог имиджі жалпы мәдени, кәсіби және арнаулы кәсіби құзыреттілікті өз бойына игеруге тиісті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет