Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата19.01.2017
өлшемі0,61 Mb.
#2222
1   2   3   4   5

 

 

10 

 

3. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 



МЕРЕКЕЛЕР СЦЕНАРИЙЛЕРІ

 

Күнде өсіп келеміз! 



(Ойын-сауық) 

ІІ кіші топ 

 

Балалар көңілді әуенмен ән-күй залына кіреді. 



Тәрбиеші:  Балалар,  сендер  үлкен  болып  өсіп  келе  жатырсыңдар.  Ән,  өлең 

айтып, жұмбақ шеше аласыңдар ма? 



Балалар: Иә. 

Тақпақ: 

                 Бала, бала,баламыз, 

                 Бақшамызға барамыз. 

                 Күні бойы қызыққа, 

                 Батамызда қаламыз. 

 

                 Иілеміз оңға бір, 



                 Иілеміз солға бір. 

                 Тәрбиеші қарайды, 

                 Аяққа бір, қолға бір.  

 

Тәрбиеші: Сендер таңертең қайда келесіңдер? 

Балалар: Балабақшаға. 

Тәрбиеші: Балалар дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз балабақша әнін айтайық. 

Ән: «Біздің балабақшамыз» 

Тәрбиеші: Тамаша!  

Тәрбиеші:  Балалар  сендер  оңымызды,  солымызды  танып  келесіңдер. 

Қолымызды,аяғымызды  ажырата  аласыңдар.  Сендермен  ойын  ойнағым  келіп 

тұрғаны. Ойнаймыз ба? Балалар.  

Ойын: «Қолдарымыз қайда біздің»   

Тәрбиеші:  Тамаша!  Көңілді  көтеріп  сергіп  қалдық.  Балабақшада  не 

істейсіңдер? 



Балалар: Балалар жауаптары. 

Әуенді қимыл-қозғалыс: «Күнде өсіп келеміз» 

11 

 

Ән: «Гүлдер ай» 

Музыка естіледі (Түлкі кіреді) 

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме! Балалар мен қоянымды іздеп жүр едім, әдемі ән 

естіп қалдым қайдан шығып жатыр. 



Тәрбиеші: Бұл біздің балалардың әні. 

Түлкі:    Менде  сендердің  әндеріңді  тыңдағым  келеді.  Бірақта  қоянымды 

іздеп жүрмін. Сендер көрдіңдер ме?  



Тәрбиеші: Біздің балалар білетін шығар. 

Тақпақ:     Ұзын құлақ сұр қоян, 

                   Естіп қалып сыбдырды

                   Ойлы, қырлы, жерлерден, 

                   Ытқып-ытқып жүгірді.  



Тәрбиеші:    Міне,  балалардың  өздері  айтып  тұр.  Қояныңыз  ытқып-ытқып 

секіріп кетіпті. 



Ойын: «Қояндар мен қу түлкі» 

Түлкі:  Сендермен  көңілді.  Мен  қоянымды  іздеп  тауып  алайын.  Бірақ, 

сендер  маған  ән  айтып,  би  билеп  беріңдерші.  Ән  айтқан  балалардың  бәріне 

кәмпит беремін. 

Тәрбиеші: Түлкіжан сен бізді алдап кетпейсіз бе? Қулығыңды асырмайсың 

ба?  


Түлкі: Жо-о-қ өтірік алдамаймын. 

Би: «Топ-топ балақан» ортақ би. 

Түлкі:  Ой,  қояным  кетіп  бара  жатыр.  Кеттім,кеттім  ұстап  алайын!  Деп 

қашып кетеді. 



Тәрбиеші:  Балалар  қу  түлкі бізді  алдап  кетті.  Бізге кәмпит  берем  деп еді 

бермей  кетіп  қалды.  Не  істедік  балалар?    Кампит  жегілерің  келеме?  Ендеше, 

өзіміз жасап алайық. 

Балалар кампит жасайды,сиқырлы қорапқа салады. 



Сиқырлы  әлем: «Кәмпит жасау»  

Балаларға кәмпит таратылады. 



Тәрбиеші:  Осымен,  балалар,    ойын-сауығымыз  аяқталды.  Барлығымыз 

топқа барып тәтті кәмпитімізді жейміз. 

Балалар көңілді әуенмен шығады. 


12 

 

Дос болайық бәріміз! 



(Ойын-сауық) 

ІІ кіші топ 

 

Балалар көңілді әуенмен залға кіреді. Екі жаққа бөлініп отырады

Тәрбиеші:   Бейбітшілік өмірдің 

                     Туы қолда толқыған. 

                     Жадыраған көңілдің 

                      Күйі керней ағылған. 

                      Майдың жыры, май үні, 

                      Аралай түс жер шарын. 

                      Нұрыңды төк, май күні, 

                      Ал құлашқа ел таңын!  

-  Балалар,  көктемде  әдемі  көңілді  мерекелер  өте  көп.  Наурыз  мерекесі, 

аналардың мерекесі, ал енді, 1 мамыр күні бізге достық мерекесі келе жатыр. 

Айтыңдаршы,  сендер  тату-дос  балаларсыңдар  ма?  Бірге  ойнап,  бірге 

жүресіңдер ме? Әрине, сендер тату-тәтті доссыңдар. Біздің балабақшамызда әр 

түрлі  ұлттың  балалары  бар,  бәрі  тату  өмір  сүреді.  Солай    жер  бетіндегі  бар 

адамдар  тату  өмір  сүру  керек.  Осы  достық  мерекесі  достыққа  шақырады.  

Сондықтан,  біз  бүгін  осында  жиналып  отырмыз.  Бүгін  әр  ұлттың  ойынын 

ойнап,  көңілді  әндерді  айтып,  би  билейік.  Біздің  көңілді  бақытты  өміріміз 

туралы бір ән шырқап жіберейік. 

 

Балалардың тақпақтары. 



Ән: « Біз өмірдің гүліміз » 

        Тәрбиеші: Тамаша балалар!  

                   Достық- біздің сиқырлы шеңберіміз, 

                   Достық -біздің достарға сенгеніміз. 

                   Достық -таңнан біреумен достасуың, 

                   Достық -кеште достармен қоштасуың. 

Достармен көңілді сәлемдесеміз! 

(Қимыл қозғалыс арқылы сәлемдесу: Сәлем!  Хеллоу, Привет!) 

Көңілді жаттығуымызды айтайық. 

Біз екеуміз ерте тұрдық керілдік ( керіледі) 

Балабақшаға бет алдық ( аяқ басып) 

Онда ойыншық жануарлар ( секіреді) 

Күтуде балаларды ( аяқ басып) 

Жаттығумен күн бастап ( иіледі оңға,солға)  


13 

 

Би билеп әнімізді саламыз ( би билейді) 



Көрмесек бір бірімізді саағынамыз ( отырып мұңаяды) 

Балабақшам бәрібірде көңілді. ( секіреді, қуанады) 

Достарыммен тату тәтті жүремін. ( қол шапалақтайды, құшақтасады) 

Қоңырау соғылады. 



Тәрбиеші: Балалар ненің дауысы естіледі. Барлықтарын отырыңдар. Бізге 

қонаққа Леопольд келді. 

( Залға ән ырғағымен Леопольд кіреді.) 

  

Мысық Леопольд пен тышқандардың көрінісі 

 

Мысық  Леопольд: 

Сәлеметсіздер  ме,  балалар!  Сәлеметсіздер  ме,  қонақтар.  Мен  сендерге 

мереке  болатынын  біліп  тілек  тілеуші  жеті  түрлі  деген  гүлді    өсіріп    алып  

келдім. 


(Қызыл бантик байланған қорап шығарады) 

Мысық  Леопольд: 

Ой-ой-ой,  мен  үйде  гүлдің  қолдану  тәсілін  ұмытып  кетіппін,  тез  барып 

алып келейін. 

(Кетіп қалады) 

(Тышқандар жүгіріп келеді.) 

1-тышқан: 

Леопольд, шық. 



2-тышқан: 

Қорқақ, шық. 



1-тышқан: 

Неге үндемейсің? 



2-тышқан:  

Ол бір жаққа кетіп қалды. 



1-тышқан: 

Ал, қорап ше? 



2-тышқан:  

Осында тұр. 



1-тышқан: 

14 

 

Онда  біз  оған  тосын  сый  жасап  қоямыз.  (Сары  бантикпен  байланған 



қорапты алып келіп, жанына қояды.) Қораптарды ауыстырып қоямыз, Леопольд 

ашады, ал онда « Бах!» (Қолдарын қағып күледі)  

Аяқтепкіштің қоңырауы естіледі. 

2-тышқан:  

Қорапты ал, қашайық бұл жерден! 



Леопольд шығып қолдану тәсілін оқиды. 

Бұл жеті түрлі гүл, ол мейірімді-дос балаларға бақыт әкелетін гүл. 

(Қорапты ашып гүлді алып шығады) 

1-тышқан: 

Бұл қалай болғаны, біз қорапты ауыстырып қойып едік қой? 



2-тышқан:  

«Бах» қайда? 



1-тышқан: 

Білмеймін, қане қарайықшы! 

(Қорапты ашса, қорапта шар жарылады. Тышқандар қорқып құлайды) 

Мысық Леопольд:  Сендер солай менің балаларға деген сыйлықтарымды 

құртайын дедіңдер ме? Әне жазаларыңды алдыңдар. Ұялсаңдар етті? 



Тышқандар: Кешірші бізді, Леопольд! Өтінем, кешірші! 

Мысық Леопольд: Кешіреміз бе? Балалар! 

Балалар: Кешіреміз! 

Мысық Леопольд: Балалар, бәріміз тек достықта өмір сүрейік! 

Ән: «Балабақшада» 

Мысық  Леопольд:  Маған  осындай  әндер  ұнайды.  Ал  енді  маған  үйге 

қайтуым керек. Мені игі істер күтуде. Адамдарға жақсылық жасау менің сүйікті 

ісім.  Сендерге  алып  келген  сыйлығымды  тәрбиеші  апайларына  тастап  кетем. 

Сау болыңдар балалар! Бәріміз тату тәтті өмір сүрейік. 

(Мысық Леопольд шығып кетеді) 

Тәрбиеші гүлді ұстап тұрып,балаларға  әркім өз арманын айтса осы гүлдің 

күлтелері  арқылы  орындалады  дейді.Гүлдің  күлтелерін  алып  алақандарына 

алып ұшырады. Және қонақтарға да  ұсынады. 



Тәрбиеші:  Осымен  біздің  достық  мерекесіне  арналған  ойын  –сауығымыз 

аяқталды.  Ал  қазір  біз,  балалар  қайтадан  шеңберге  тұрып  бір-бірімізге  жылы 

сөздер айтайық. 

Балалар:  Біз балдырған тең басқан, 


15 

 

                  Дос құшағын елге ашқан. 



                  Тілегіміз тыныштық, 

                  Ашық болсын кең аспан. 

                  Мықты болсын іргеміз, 

                          Бәріміз де біргеміз. 

 

 

Жаңа жыл мерекесі 



І кіші топ 

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Міне, біздің ең көңілді, ең сүйікті 

мерекеміз  жаңа  жыл  да  келіп  қалды.  Сендерді  көңілді  ойын-сауықтар, 

сыйлықтар күтіп тұр. Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша. Бұл шыршаны  

Аяз  Ата  орманнан  жіберіпті  әдемі  ойыншықтар  тізілген.  Осы  ойыншықтарға 

арнап әдемі би орындайық. 

Би: « Ойыншықтар биі» 

(Алыстан бір дауыс естіледі

Аққала: Көмектесіңдер! Көмектесіңдер! Қардан шыға алмай қалдым. 

Тәрбиеші: Балалар бір дауыс естіледі. Көмектесеміз бе? 

Балалар: Иә! ( балалар арқанды тартып алып шығады.) 

Аққала:  Ой,  балалар  сендерге  көп  –  көп  рахмет  маған  жақсы 

көмектестіңдер. Менің қояным қайда? Менің жанымда қояным бар еді.  

(Қоянның дауысы шығады) 

Қоян: Көмектесіңдер! Көмектесіңдер! 

Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе? 

Балалар: Иә! (Балалар арқанмен тартып шығарады. Қардың астынан қоян 

шығады. Қорқып тұрады.) 



Тәрбиеші:  Қоян  қорықпа  бұл  балалар  ғой.  Балалар  бізге  қонаққа  қоянда 

келді. 


Қоян:  Сәлеметсіңдер  ме!  Балалар.  Біз  Аққала  екеуміз  Аяз  Атаның  хатын 

әкеле  жатып,  қатты  боран  соғып,  қардың  астында  қалып  қойдық,  алып 

шыққандарына көп-көп рахмет! Сендерге хат әкелдім. 

Тәрбиеші: Қане хатыңды алып көрейін. Мына хатта Аяз Ата көңілдеріңді 

сылдырмақпен көтеріңдер мен келе жатырмын – депті. 

(Қоян сылдырмақтарды таратып береді.) 

Ән: «Сылдырмақ» 


16 

 

Аққала: Ойын ойнап, ән салып, 

                Біз өсеміз,өсеміз. 

                Жүгіреміз, жүреміз, 

                Ойынға біз тоймаймыз. 

Ойын: Қане, қызық ойын бар! 

Жүреміз, жүгіреміз (Тәрбиеші, аққала, қоян бірге ойнайды)   

Көңілді ойынмен орындарына отырады. 



Тәрбиеші:  Балалар,  шыршамыз  жанбай  тұр.  Осыны  жағу  үшін  бізге  кім 

керек?  


Балалар: Аяз Ата! 

Тәрбиеші: Балалар, Аяз Атаны шақырайық!  

Балалар: Аяз Ата (3 рет)  

Аққала мен қоян: Біз Аяз Атаның алдынан шығайық.  

Тәрбиеші: Көңілді бимен қарсы алайық! 

Би: «Біз көңілді баламыз»

Аяз ата! 3 рет 

Аяз Ата кіреді. Қолында шанасы. 



Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,  

               Амансыз ба қыздарым!  

               Қандай жарқын жүздерің,  

               Қандай әсем билерің. 

               Аяз Ата сендерге 

               Шаршап келді алыстан. 



Тәрбиеші:  Аяз  Ата,  сені  көптен  күттік.  Аяз  Атаны  сағындық.  Қош 

келдіңіз! 



Тақпақтар. 

Ән: «Жаңа жылды қарсы алайық» 

Аяз ата: Қандай әсем жырларың! 

Ақшақар:  Шаршағаным  да  басылып  қалды.  Сендерге  мен  ойын  алып 

келдім. Ойын: «Қар түйіршіктерін жинау»



Тәрбиеші: Аяз Ата, бізге сыйлықтарыңыз бар ма?  

Аяз ата: Иә, бар! Қабымды ашайын, сыйлығымды берейін. 

Құттықтау сөз. Аяз Ата қоштасып шығып кетеді. 



Тәрбиеші: 

Сіздерге 

арналған 

шағын 


ертеңгілігіміз 

аяқталды. 

Бүлдіршіндердің «Жаңа жыл» биін тамашалаңыздар. 

Көңілді әуенмен шығады.  

 


17 

 

Жаңа жыл мерекесі 



ІІ кіші топ 

Балалар көңілді әуенмен кіреді. 



Тәрбиеші: Құттықтау сөз. 

Құрметті  қонақтар,  балалар!  Жаңа  жылы  бәрімізге  мол  бақыт,  тек  қана 

жақсылық  әкелсін!  Осы  кішкентай  сәбилеріңіздің  сыңғырлаған  күлкісі 

кетпесін!  Қандай  әсем  шыршамыз,  Көз  тоймайды  қараса.  Бәріміз  қосылып 

шырша  жырын орындайық. 

Ән: Шырша жыры 

Тақпақтар: 



Тәрбиеші:  Балалар,  қараңдаршы,  мына  таңғажайып  үйді.  Бұл  үйде  кім 

тұрады екен? Қане, мен мына қоңырауды қазір соғайын. Кім шығады екен? 

(Қарша қыз шығады) 

Қаршақыз:  Сәлеметсіңдер  ме,  балалар!  Мен  мына  үйде  атаммен  бірге 

тұрамын.  Үйде  от  жақпаймыз,  өйткені  атам  оттан  қорқады,  мен  де  оттан 

қорқамын.  Мені Қаршақыз дейді. Менің ақшақар сіңлілерім ұшып келіңдер, би 

билеп өнер көрсетіңдер! 



Би: Ақшақар 

Ақшақар:  Мерекеге  мен  келдім.  Әдемі  кітабымды  ала  келдім.  Сендер 

қызығын көре тұрыңдар! Мен қазір келемін. (Үйіне кіріп кетеді) 



Тәрбиеші: (Кітапты ашады) 

Көрініс:  

Өтірік Аяз ата: Өңкей жүгірмектер жиналып қалыпсыңдар! Біз де жеттік 

ортаға. 


Өтірік Ақшақар: Қандай әдемісіңдер! Біздің киіміміз сондай әдемі емес. 

Тәрбиеші: Балалар, сендер оларға сенесіңдер ме? 

Балалар: Жоқ! 

Өтірік Аяз ата: Әй, жүгірмектер, неге сенбейсідер? Мен Аяз Атамын ғой.  

18 

 

Өтірік Ақшақар: Міне, мен де қандай әдемімін!  



Тәрбиеші: Сіздер Аяз ата-Ақшақар болсаңыздар, дәлелдеңіздер! 

Өтірік Аяз ата әні:         Мен Аяз Атамын, 

                                           Сыйлықты сатамын. 

                                           Аяз бен елді қатырып, 

Өзім мәз болып отырамын. 

Әкел ақшаңды, міне сыйлық! 

(Сыйлыққа кәмпит береді). 



Тәрбиеші: Өтірікші, мынау кәмпит емес қой!  

Балалар: Жооқ, Сіз  Аяз Ата, Ақшақар емессіз! 

Тәрбиеші:  Балалар,  егер  кітабымызды  жапсақ,  олар  шынға  айналуы 

мүмкін. Қане, жауып көрейін! (Кітапты жабады). 



Тәрбиеші:  Балалар,  сонда  біздің  Аяз  Атамыз,  Ақшақарымыз  келгенше 

көңілді би билейік! 



Би: Достарым, кел, билейік! 

Тәрбиеші:  Жаңа  жыл  мерекесінде  Қаршақыздың  жанында  кім  болуы 

керек? 


Балалар: Аяз ата! 

Тәрбиеші:  Әрине,  бізге  Аяз  ата  жетіспейді!  Қане,  бәріміз  Аяз  Атаны 

шақырайық! Аяз Ата!  (3 рет қайталайды). 

Аяз ата кіреді. 

Аяз  Ата:  Армысыңдар,  балалар!  Бармысыңдар,  халайық!  Жету  үшін 

сендерге көптеген алыс елдерден, таныс емес жерлерден, мерекеге келдім мен! 

Жаңа  жылды  қарсы  алуға  жақсылап  дайындалған  екенсіңдер!  Киімдерің 

қандай  тамаша!  Жарайсыңдар!  Шыршаларың қандай көрікті!  Тек  қана  шамын 

жағайық!  Қане,  барлығымыз  сыйқырлы  сөзімізді  айтайық.  Шырша,  шырша 

жарқыра ! (3 рет). 

Пай-пай! Бәрекелді! Ғажап! 

Тәрбиеші: Шыршаны айнала қоршап Аяз Атамызға әнімізді орындайық.  


19 

 

Ән: Аяз Ата. 



Тәрбиеші: Аяз Ата, біз сізбен ойнағымыз келеді!  

Аяз ата: Ойнасақ ойнайық! 

Ойын: Қар, Боран, Жел. 

Аяз Ата: Керемет! Керемет! Сендер мені қуанттыңдар!  

Тәрбиеші:  Жаңа  жылға  дайындаған  тақпақтары  бар.  Назар  салып 

тыңдаңыз! 



Тақпақтар 

Аяз  Ата:  Менің  де  кететін  уақытым  болды  (Бүлдіршіндер  қол  ұстасып 

жібермейді). 



Балалар: Бізбен бірге би билеңіз!  

Би: Буги-вуги! 

Ойын: «Қар жинау» 

Тәрбиеші:  Асықпаңыз  Аяз  Ата,  есіңізге  түсіріңізші!  Сіз  ештеңе  ұмытқан 

жоқсыз ба? 



Аяз  Ата:  Пай-пай!  Аяз  Ата  –  Аяз  Атамыз  қартайды.  Мен  балаларға  ең 

басты  сыйлығымды  беруге  ұмытып  кетіппін  ғой.  Қабыл  алыңдар,  қонаққа 

келген пингвин достарымның биі! Қане, ортаға шығып, би билеп беріңдер! 

Би: Пингвин  (Соңында мұз әкеліп қояды). 

Аяз  Ата:  Мынау  мұз  жай  мұз  емес!  Егер  сендер  қаласаңдар,  мен  мұны 

сыйлыққа айналдырамын! 



Балалар: Қалаймыз! 

Аяз ата: Бір, екі, үш – айнал мұзым сыйлыққа! 

Тәрбиеші:  Бәрекелді!  Рахмет,  Аяз  Ата!  Ендеше  біздің  әнімізді  қабыл 

алыңыз! 


Ән: Жаңа жыл 

Аяз Ата: Мінеки, достарым, кететін уақыт та таяп қалды. Амандық болса, 

бір жылдан соң қайтып ораламын. Хош сау болыңдар! 



Қаршақыз: Келесі жүздескенше! 

20 

 

Тәрбиеші:  Жаңа  жыл  барлығымызға  құт  береке,  мереке  алып  келсін! 

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. 

 

Жасыл шырша жанында 

Ортаңғы топ 

Залдың іші әсем безендірілген. Балалар көңілді әуенмен залға кіреді. 



Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, 

                    Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. 

                    Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн, 

                    Қанаттана кең алқапқа тарайды. 



 

Құттықтау  сөз:  Құрметті  қонақтар,  балалар!  Жаңа  жыл  бәрімізге  мол 

бақыт, зор денсаулық, жаңа табыс, тек қана жақсылық әкелсін, 

1-бала: Ескі жылмен қоштасып,  

             Шығарып сап келеміз. 

             Жаңа жылмен достасып, 

             Алға басып келеміз. 

2-бала: Жаңа жылды қарсы алып, 

             Би билейміз ән салып. 

             Бала бақша ішінде

             Қуанамыз баршамыз. 

3- бала: Жасыл желек жамылған, 

              Асыл моншақ тағынған. 

              Міне сұлу шыршамыз, 

              Көптен күтіп сағынған. 

4-бала: Шамдары самсаған, 

             Шыршамыз тұр жараса,  

             Басында әсем жұлдызы,  

             Көз тоймайды қараса. 

5-бала: Тамаша, тамаша, 

             Қандай қызық тамаша. 

             Аяз Ата ортада, 

             Қуанады балаша. 

6- бала: Жаңа-жыл! Жаңа жыл!  


21 

 

              Жаңа жылда-жаңа жыр. 



              Жасыл шырша жанында

              Билеп барлық бала жүр. 



 

Тәрбиеші: Шырша жырын барлығымыз қосылып әнге салайық. 

Ән:  «Шырша  жыры»  (қолдарымен    бір-бірімен  тізбектеліп,  шеңберге 

тұрады) 


Шыршаның артынан қояндар секіріп шығады. 

1-

 



Қоян:  Ау, жараңдар, ал қараңдар! 

                Жауып тұр қар себелеп. 

                Көкке толды, жерге қонды, 

                Сансыз аппақ көбелек.  

 

2-

 



Қоян:  Тым алыстан, Марстан, 

                Келеді Аяз атамыз. 

                Жылды тойлап, билеп, ойнап, 

                Көп қызыққа батамыз. 

 

Секіріп билеп жүргенде алдынан аю шығады, қояндар қорқып тұрып. 



Қояндар: Амансың ба? Аю паң ! 

Аю:          Жаңа жылдың алдында, 

                  Тойды еске алдымда

                  Ұйқымды ашып сегідім, 

                  Ұйықтамаймын мен бүгін. 

                  Жылды қарсы алайық, 

                  Би билеп ән салайық! 



Қояндар: Жаңа жылда, 

                  Жан салайық ойынға! 

(Қояндар аю қол ұстасып би билейді. Сол кезде майысып түлкі кіреді) 

Түлкі:       Қоянжанға бір сәлем! 

                  Аю панға бір сәлем! 



Аю, қоян: Аман ба, түлкі кел, мұнда! 

Түлкі:       Достарым жаңа жыл келді, 

                  Сыйлығын ол ала келді. 



22 

 

    Аю  паң,  қоянжаным  Аяз  Ата  адасып  кетіпті,  көмекке  шақырып  жатыр. 



Сендер оң жақтан, мен сол жақтан барайын - деп шыршаны бір айналып шығып 

кетеді. 


Тәрбиеші: Балалар Аяз Ата адасып кетіпті. Қане дауыстап шақырайық. 

Балалар: Аяз Ата ! Аяз Ата! 

(Аяз  Атаның  орнына  Түлкі  кіреді  де  шыршаны  айналып,  қонақтардың 

алдына келіп, шыршаны көріп қалады.) 

Түлкі:  Пай-пай!  Шыршаның  кереметін-ай.  Оларды  жақсы  алдадым  ғой. 

Тамаша болды. Мына шыршаны үйге алып кетсем бе екен! (Осы кезде төменге 

еңкейіп  шыршаны  тырмалай  бастайды,  түйірімен  алып  кетемін  деп  сөйлей 

бастайды.) 



Тәрбиеші: Түлкіжан тоқтай тұр!  Не істеп жатырсың? 

Түлкі:  Қазір  қасекені  алып  келемін  өзіміз  жаңа  жылды  тойлайтын 

боламыз.( Ешкімнің сөзіне мән бермей жұла бастайды.) 



Тәрбиеші:  “Жаңа  жыл”  мейрамын  тойлап  жатырмыз.  Тимеңіз 

шыршамызға (түлкі сөзіне мән бермей былай дейді). 



Түлкі:  Туу!  (маңдайдағы  терін  сүртіп,  тұрып)  Мына  шыршаның 

тамырының  терең  отырғызылғаны-ай  жұлынбайды  ғой  сол  кезде  жылтыраған 

кілтті көріп қалады да) Мынау қандай қызық кілт өзі, осы бағанада жылтыраған 

сандық көріп едім соның кілті шығар. Соның ішінде тәттілер, дәмділер ақшада 

бар  шығар.  Шыршаға  теймей  ақ  қояын  осы  кілтпен  барып  ашайын  тамағына 

тойып,  ақшасына  байып  қалайын-  деп  кетіп  бара  жатқанда    бір  жылтыр  таяқ 

түсіп қалады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет