Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
Дата05.02.2017
өлшемі467,98 Kb.
#3466

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТІҢ 



ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

___________________________________ 

 

Әдістемелік нұсқаулық 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  

2013

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТІҢ 

ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

 

___________________________________ 



 

Әдістемелік нұсқаулық 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана  


2013

 


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазғандар: 

А. Ж. Салиева,  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  

    А. И. Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  



С. Камелова, Астана қ. №38 «Шаттық» балабақшасының меңгерушісі 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

Ата-аналарға 

арналған 

консультациялық 

пункттің 

қызметін 

ұйымдастыруға қойылатын талаптар: әдістемелік нұсқаулық, – Астана, 2013. – 

20 б. 

 

 



Бұл  нұсқаулық  мектепке  дейінгі  ұйым  базасында  ата-аналар  үшін  консультациялық 

пунктті ұйымдастыру бойынша негізгі мәселелерді анықтайды.   

Сондай-ақ, 

нұсқаулықта 

міндеттер, 

ұйымдастыру 

формалары 

көрсетілген, 

консультациялық  пункттің  қызметін  анықтайтын  нормативті-құқықтық  құжаттар, 

консультациялық пункт туралы үлгі ереже, бір жылға жұмыс жоспары ұсынылған. 

Нұсқаулық  ата-аналарға  арналған  консультациялық  пункт  ұйымдастырылған  мектепке 

дейінгі ұйым жетекшілеріне, аға тәрбиешілерге, педагогтарға арналған.  

 

 

 



 

 

 



 

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» 



республикалық орталығы, 2013 

 

 

 

 

КІРІСПЕ 

 

Адам өмірінде жанұя институтының рөлі ертеден бері зерттеу пәні болып 



келеді.  Жанұяның  бірегейлігі  -  ең  басты  функциясын  орындау  үшін,  яғни 

баланың  өмірге  келуі  мен  тәрбиесіне  қажетті  бар  мүмкіндіктерімен 

байланысты.   

Жанұяда ғана баланың жеке тұлғасы қалыптасады. Оған әсер ететін басқа 

қоғам, әлеуметтік  институттарды жанұялық  тәрбие үйлестіреді.  Жанұяда ғана 

алғаш  рет  бала  алдында  таңғажайып  әлемнің  есігі  ашылады.    Осы  әлемді 

баланың  жағымды,  жағымсыз,  қызықты,  қатігез,  т.б.  қабылдауы  да  жанұяға 

тікелей қатысты. 

 Жанұяда  үлкен  тәрбиелік  потенциал  орнаған.  Оны  толық  қолдана  білу 

баланың  толыққанды  жеке  тұлға  болып  қалыптасуы,  дамуы  мен  гармониялық 

өсуіне жағдайлар жасау болып табылады.   

Қазіргі  таңда  жанұядағы  тәрбиелік  потенциал  өз  шамасында  тиімді 

орындалмайды.  Себебі,  ата-аналарда  тәрбиелеу  бағдарламасы  жетіспейді, 

олардың педагогикалық білімі аз, баланың жас және психикалық ерекшелігі мен 

қажеттілігі туралы нақты ұғымдары жоқ, өздерінің тәрбиелеу әдістерін сараптай 

алмайды.  Мұның  салдары  тәрбиелеу  нәтижесінің  төмендеуіне  әкеледі.  Ата-

аналардың  бала  тәрбиесіне  бұрыс  қарым-қатынасы  баланың  жеке  тұлғалық 

қалыптасуына  кері  әсер  етіп,  әлеуметтік  бейімделуінің  бұзылуына,  жүйкелік 

ауытқулардың пайда болуына жол береді.   

Ата-аналарда кездесетін бұл қателіктер олардың мектепке дейінгі жастағы 

балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі құзырлықтың жеткіліксіздігімен байланысты 

болады.  Заманауи  ата-аналар  бір  жағынан,  білімді  адамдар,  ал  екіншіден, 

олардың  педагогика,  психология,  физиология  және  өзге  білім  салаларынан 

хабары аз.   Қазіргі таңда кез-келген білімді ата-аналарды бала тәрбиесі туралы 

көптеген сұрақтар ойландырады. Сондықтан жанұя өзінің тәрбиелік қызметінде 

көмекті қажет етеді [11]. 

Бала тәрбиесіне тек ата-анасы ғана емес, көп адамдардың ортасы да ықпал 

етеді.  Балаларды  өмірден алшақ ұстап,  тәрбиелеуге  болмайды.  Бала  кеңістікті, 

бостандықты қалайды. Сонда ғана тәрбие тиімді болуы мүмкін [6]. 

Бүгінгі  күні  ата-аналар  үшін  психологиялық  -  педагогикалық  ақпарат 

ұсынатын  әртүрлі  арналар:  интернет,  баспалар,  бейне  және  радио  хабарлар, 

ғылыми-танымал әдебиеттер көп. Бірақ олардың кемшілігі  -  әрбір ата-ананың 

бала тәрбиесі туралы сұрағына жеке жауап беру мүмкіндігінің жоқтығы.   

Бұл  жағдайда  мектепке  дейінгі  ұйым  мамандарының  рөлі  зор.  Олар  ата-

анамен тікелей байланыса алады, бала дамуын бақылап отырады.  

Қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  білімнің  түрлері  қарқынды  дамуда,  олар: 

балабақшада  жарты  күн  болатын  топтар,  ойын-сауық  орталығы,  баласын  үйде 

тәрбиелейтін  жанұя  үшін  медициналық  –  психологиялық  –  педагогикалық 

орталықтары  құрылуда.  Олар  ата-аналарға  бала  дамуына  байланысты 

мамандардан дер кезінде кеңес алуына көмектеседі.   Сонымен бірге, мектепке 

дейінгі  білімнің  жаңа  түрлері  балабақшаға  мүлде  бармайтын  балалардың  ата-


 

аналарына да бағыталған.  



Сондай  жаңа  формалардың  бірі  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  қамтылмаған 

1-ден  6  (7)  жасқа  дейінгі  балалары  бар  ата-аналар  үшін  балабақша  базасында 

консультациялық  пункттерді  ұйымдастыру  болып  табылады.    Консультация 

балабақшалар үшін жаңалық емес. Балабақша мен ата-ана арасындағы қарым –

қатынастың  дәстүрлі  формаларының  бірі  -  тәрбиеленушілердің  ата-аналарына 

педагогтардың  жеке  және  топтық  кеңес  беруі.  Мектепке  дейінгі  ұйым 

қызметінде  тәрбиешілердің  кеңесі  ата-аналар  сұранысы  немесе  баланың  даму 

ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. Ата-аналарды толғандырған сұрақтар 

бойынша  балабақшаның  басқа  да  мамандары:  психолог,  аға  әдіскер,  мектепке 

дейінгі  білім  беру  мамандары  да  консультация  бере  алады.  Алайда  бұл  әдіс 

балалары балабақшаға баратын ата-аналарға ғана арналған.  

Консультациялық  пункттер  педагогтармен,  психологпен  және  мектепке 

дейінгі  білім  беру  мекемелеріндегі  мамандармен  жиі  хабарласа  алмайтын  ата-

аналарға  психологиялық  –  педагогикалық  көмек  беруге,  сондай-ақ  баланың 

гармониялық дамуына құрылған.  

Үй  жағдайында  тәрбиеленетін  балалар  мен  ата-аналар  үшін  мұндай 

пункттердің  жұмысы  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында,  әдістемелік 

орталықтарда жүзеге асырылады.  

 

 

Мақсаты: 

мектепке 

дейінгі 

ұйымдарды 

ата-аналарға 

арналған 

консультациялық  пункттер  жұмысын  ұйымдастыру  бойынша  оқу-әдістемелік 

материалдармен қамтамасыз ету (қазақ тілінде).  



 

 

Міндеттері: 

-  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  бармайтын  балалардың  толық  дамуын,  олардың 

құрбылары мен ересектер ұжымында  әлеуметтенуін қамтамасыз ету; 

- мектептегі оқытуға даярлық негіздерін формалау; 

-  тәрбиелеу  мен  оқытуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларға  жүйелі 

психологиялық-педагогикалық  көмек  және  ата-аналарға  консультациялық-

әдістемелік қолдау көрсету; 

-  біріккен  ойын  әрекеттерінде  балаға  ересектермен  және  құрбыларымен 

сөйлесудің  әлеуметтік  тәжірибесін  меңгерту,  мектептегі  оқытуға  даярлық 

негіздерін формалау; 

- балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қарау және мектепке дейінгі жастағы 

балаларды күту сұрақтарына ата-аналарға көмек көрсету; 

- консультациялық пунктте қызмет атқаратын педагог-мамандардың біліктілігін 

арттыру. 

 

 

Күтілетін нәтиже: 

-  мектепке  дейінгі  жастағы  ұйымдастырылмаған  балаларға  арналған  білім 

беруге қолжетімділікті және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру; 

- тәрбиешілер мен ата-аналардың консультациялық пункттерге қажеттілігі.  



 

 

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ 

 

Бәрімізге  белгілі,  бүгінгі  таңда  республикада  мектепке  дейінгі 



ұйымдардағы орын тапшылығы балабақшалар желісін арттыруды қарастыратын 

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы шешіліп келеді.  

Алайда  қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  орын  тапшылығы  әлі 

сақталып келеді, туу көрсеткіштерінің,  демографиялық өсімнің жоғарылығына 

байланысты балалардың көпшілігі мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 

қамтылмай келеді.   

Мектепке дейінгі ұйымға бармаған балалар көбінесе жаңа мектеп өміріне 

дайын  емес,  оған  табысты  бейімделе  алмайды.  Олардың  тәрбиесі  нақты 

негізделген  бағдарламамен  жүзеге  асырылмаған.    Олар    дара  дайындалған 

болуы мүмкін, бірақ мектептегі оқытуға ыңғайланып құрылмаған, тиянақтылық 

пен  шыдамдылық  көрсетуге  дайын  емес,  сыныптастарымен  сөйлескенде 

қиыншылықтарға кездеседі.    Бұл балаларда мектеп өміріне бейімделу қиынға 

соғады.  Баланың  мектепке    тез  бейімделуі  үшін  оның  мектепке  дайындығына 

дер кезінде көмектесу керек.  

Осығын байланысты, ата-аналарда баланы мектепке дайындау және оның 

болашақтағы  жақсы  үлгерімі  туралы  мазасыз  сұрақтар  туады,  балаларды 

мектепке даярлауға  ата-аналардың әлеуметтік сұранысы да кездеседі.  Көптеген 

педагогтарға  таныс  жағдай,  ата-аналар  балаларын  балабақшаның  даярлық 

тобына  беруге  тырысады,  әртүрлі  үйірмелерге  жазады,  жеке  репетитор 

жалдайды.  Сондықтан,  балалар  мен  олардың  ата-аналарына  мектепке 

дайындалу үшін  педагогтар мен мамандардың көмегі ауадай қажет.  

Айтылғандарды  ескере  келе,  қазіргі  таңда  балалар  мен  ата-аналар  үшін 

мектепке  даярлау,  бейімделуге  бірден-бір  септігі  тиетін  консультациялық 

пункттердің қажеттілігі өзекті мәселенің бірі.  

Жаңа заманауи жағдайдағы ата-аналардың сұранысы балалардың мектепке 

даярлығын  бірінші  кезекке  қойғанына  қарамастан,  оларды  бала  дамуы  мен 

тәрбиесі туралы өзге де сұрақтар толғандырады. Бұл сұрақтар бала дамуының 

жас ерекшеліктеріне байланысты болады.  

Консультациялық  пунктте  жұмыс  жасайтын  мамандар  ата-аналарға 

баланың  жас  ерекшеліктері  мен  шамаларын  есепке  ала  отырып,    бала  дамуын 

сауатты  бағалауға  көмектесетіндей  құзырлы  болуы  қажет.  Ата-аналарда 

психологиялық  -  педагогикалық  білімнің  жоқтығы  бала  мүмкіндігін  бағалауға 

әсер  етуі  мүмкін.  Көптеген  ата-ана  ерте  жастан  оқыту  мен  дамытуға  сүйене 

отырып, балаға шамадан тыс талаптар қояды. Ал егер мектепке дейінгі жастағы 

бала  өзінің  жеке  және  жас  ерекшеліктеріне  қарай  ересектер  жасап  берген 

бағдарламаны  меңгере  алмаса,  онда  ата-аналарда  оның  дамуына  байланысты 

алаңдаушылық пайда болуы мүмкін.  

Кейбір ата-аналар балаларын ұзақ уақытқа дейін кішкентай әрі зейінсіз деп 

санайды. Талаптарды төмендету де кері әсерін тигізеді.  

Ата-аналарды  сонымен  бірге,  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеудегі  жаңа 

инновациялық технологияларды қолдану, баланы тыңдата білу, бейімдеу туралы 


 

сұрақтар  да  қызықтырады.  Консультациялық  пунктте  ата-аналар  өздерінің 



барлық сұрақтарына жауап алады, күдіктері мен алаңдаушылықтарын сейілтеді, 

өздерінің  тәрбиелік  әсерлерін  үйлестіреді.  Міне,  сондықтан  да  мұнда  сауатты, 

құзырлы мамандар өте қажет.   

Консультациялық  пункттің  міндеттерінің  бірі  –  баланы  әлеуметтендіруге 

көмек  көрсету,  себебі  мектепке  дейінгі  ұйымның  артықшылығы  -  бала  үшін 

құрбыларымен  тіл  табысу  мүмкіншілігі  болып  табылады.  Көптеген  «үй» 

балаларының  тіл  табысу  ортасы  ата-ана,  туысқандар  және  ата-анасының 

достарымен  ғана  шектеледі.  Мұндай  балалар  үшін  құрбыларымен,  тіпті  өзге 

ересектермен  сөйлесу  қиынға  соғуы  мүмкін.  Балаға  құрбыларымен  тез 

үйренісуге, өзін балалық шақ қоғамының мүшесімін деп санауына көмек қажет. 

Бала өзін осы әлемнің толық құқығы бар мүшесі екендігін, өзіне тиісті белгілі 

бір  ережелерді  орындау  қажеттігін  түсіну  керек.  Мұның  бәрі  баланың 

болашақта толыққанды дамуы үшін маңызды болып табылады.  

Консультациялық  пункт  мамандарының  алдында  бала  дамуында  пайда 

болар  бұзушылықтың  алдын  –  алу  міндеті  де  тұр.  Бірінші  кезекте  бала 

дамуының  мектеп  босағасында  құлдырамауының  алдын  –  алуды  айтып  кету 

қажет. Бала денсаулығының физикалық және психикалық алдын – алу  туралы 

сұрақтар 

туындайды. 

Бұл 


міндет 

бір-бірімен 

тығыз 

байланысты.  



Консультациялық  пункт  және  оның  мамандары  жанұя  мен  әлеуметтік, 

медициналық, басқа да ұйымдар арасындағы «байланыстырушы буын» болады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ БАЗАСЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТІҢ 



ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  консультациялық  пункттердің  қызметін 



ұйымдастыруда 

Қазақстан 

Республикасы 

Үкіметінің 

2013 

жылдың                     



17  мамырында  «Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгі 

ережесі» № 499 

[13]

 қаулысына негізделген жөн.  



 Оның қызметін қамтамасыз ету үшін келесі құжаттар жасақталу қажет: 

- қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығы; 

- консультациялық пункттің жылдық жұмыс жоспары; 

- жұмыс кестесі; 

-консультациялық пункт қызметкерлерінің жұмыс кестесі; 

- ата-аналарға арналған сауалнама; 

-мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасы арасында әріптестік туралы 

келісім-шарт; 

- баламен жеке және топтық жұмыс жоспары; 

- «Ата-аналар сұраныстарын алдын-ала тіркеу журналы»; 

- «Өткізілген жұмыстың есеп журналы» және т.б. 

Консультациялық  пункттің  штатын  мектепке  дейінгі  ұйым  басшысы 

жинақтайды.  Консультациялық  пунктте  ата-аналар  мен  балаларды  қызмет 

көрсету үшін балабақшаның келесі мамандары тартылады: аға әдіскер, педагог-

психолог, мұғалім-логопед, медбике. 

Мамандар өздерінің құзырлылық деңгейінде ата-аналарға ұсыныстар және 

кеңестер береді.  

Аға  тәрбиеші  бала  дамуы  мен  тәрбиесі  саласында  мәселелерді  шешуге 

көмектеседі, ересектерді балалармен әртүрлі сабақтарға оқытады.   

Педагог-психолог  мектепке  дейінгі  баланы  балабақша  жағдайына 

бейімдеуге  ықпал  етеді,  ата-анаға  баланың  даму  заңдылығын  түсіндіреді, 

кездескен мәселелерді шешу жолдарын анықтайды. 

Мұғалім-логопед  бала  тілінің  даму  деңгейін  анықтайды  және  ата-анаға 

бала 


тілінің 

кемістігін 

жоюдың 

жолдарын,  тілдік 



ойындар 

мен 


жаттығуларды,оларды дұрыс қолдануды  ұсынады.   

Медбике ата-аналарға баланың дұрыс тамақтану сұрақтары бойынша кеңес 

береді,  балаға  күн  тәртібін  қоюға  көмектеседі.Сонымен  бірге,  ол  әртүрлі 

аурулардың  алдын-алу  бойынша  ұсыныстар  беріп,  ата-аналарды  дене 

шынықтыру процедураларына үйретеді. 

Көмек  тегін  көрсетіледі.  Ата-аналар  консультациялық  пунктке  келген 

бойда  кеңес  ала  алады  немесе  мектепке  дейінгі  ұйымның  нақты  маманымен 

кездесу туралы келісуіне болады. Өтініш «Ата-аналардың сұранысын алдын-ала 

тіркеу  журналында»  тіркеледі,  сондай-ақ  клиент  қалауы  бойынша  тіркелу 

парағы  толтырылады  (уақыты,  ата-ананың  және  консультациялық  пункт 

маманының  толық  аты-жөні).  Мұндай  парақ  ата-ана  кеңес  алуға  алдын-ала 

тіркеусіз келген жағдайда толтырылады.  

Егер  маман  консультациялық  пунктке  баламен  келуді  өтінсе,  клиент  тек 

қана  тіркеу  парағын  ғана  емес,  ата-ана  үшін  сауалнама  да  толтырады.  Маман 



 

алынған мәліметтерге сүйене отырып, көмек берудің тиімді әдістерін таңдайды, 



қажетті  әдебиетті,  пайдалы  жаттығуларды,  балалар  үшін  ойындар  мен 

ойыншықтарды  ұсынады,  коррекциялық  және  дамыту  технологиялары 

бойынша оқытулар жүргізеді. Ауызша консультациялардан басқа ата-ана баспа 

(бүктемелер,  жаднамалар,  тәжірибелік  материалдар  топтамалары)  және 

электронды  түрдегі  (фото  және  бейнематериалдар,  флэш-карталар,  балабақша 

сайты) пайдалы ақпараттарды алады.  

Егер  клиент  маман  таңдауда  қиналса  оған  аға  әдіскер  көмектеседі. 

Клиентпен сұқбатта пайда болған мәселені анықтап, ата-ананы қажетті құзырлы 

консультантқа бағыттайды.  

Ата-анамен  ұзақ  мерзімді  жұмыс  қажет  болғанда  арнайы  келісім-шарт 

жасалады.  Сабақ  уақыты  дара  келісіледі.  Келісім-шарт  жасағаннан  кейін 

мамандар  анамнез  жинағын  (мұрагерлік  туралы,  ауырған  аурулары  жайлы 

мәліметтер)  орындайды,  баланы  кезеңмен  зерттейді,  нәтижелерін  зерттеу 

картасына (хаттама) тіркейді, қорытынды жазады, ұсыныстар дайындайды және 

ата-анаға  түсіндіреді,  дара  жоспар  бойынша  баламен  жұмыс  ұйымдастырады. 

Консультациялық пункт мамандары балаға диагноз қоймайды.    



 

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ  ПУНКТ МАМАНЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТІ 

 

Қызмет  мақсаты:  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  бармайтын  ерте  және 

мектепалды жастағы балаларды тәрбиелейтін жанұяларға педагогикалық көмек 

көрсету.  

Міндеттері: 

-  жанұяның  дара  психологиялық-педагогикалық  қолдануын  қамтамасыз 

ету; 

- жанұяның тәрбиелік әлеуетін байыту; 



- дамуында ауытқулары бар балаларды дер кезінде анықтау; 

- балалармен дамыту жұмыстарын жүзеге асыру. 

Қызмет функциялары: 

ақпараттық (балабақшаға бармайтын мектепке дейінгі жастағы балалар 

туралы ақпараттар жинағы, елді мекен бойынша әлеуметтік сұранысты анықтау, 

іс-қағаздар  базасын  формалау,  білім  беру  органдарын  консультациялық  пункт 

қызметі  туралы  ақпараттандыру,  өзге  консультациялық  пункт  мамандарымен 

ақпарат  алмасу,  консультациялық  пункт  туралы  ақпаратты  ата-аналарға 

жеткізу). 

-  диагностикалық  (бала  дамуының  диагностикасына  іс-шаралар  өткізу, 

дамудың  ілгерілемелік  жолдарын  анықтау,  жанұялық  қарым-қатынастардың 

диагностикасы, жанұядағы жасырын мәселелерді және оларды шешу жолдарын 

анықтау,  жүргізілген  диагностика  негізіне  сүйеніп,  бала  үшін  дара  білім  беру 

бағдарламаларын құру). 

-  консультациялық  (мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  тәрбиелеу  мен 

оқыту  сұрақтары  бойынша  ата-аналарға  кеңес  беру,  оларды  мектепке  дейінгі 

тәрбие  әдістеріне  оқыту,  ата-аналармен  және  балалармен  дара  және  топтық 

сабақтар өткізу). 

-  үйлестіру-ұйымдастырушылық  (баланың  ата-анасына  көмек  көрсету 

жұмыстарын 

ұйымдастыру, 

консультациялық 

пункт 

педагогтарының 



әрекеттерін  үйлестіру,  есептік  құжаттарды  жүргізу,  елді  мекеннің  әртүрлі 

құрылымдарымен өзара әрекеттесу). 

-  талдағыш  (әлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  талдау  және  нақты 

бағалау,  балабақшаға  бармайтын  балаларға  көмек  көрсету  мәселелерін  талдау, 

балаларын  үйде  тәрбиелейтін  жанұямен  жүйелі  жұмыстар  ұйымдастыруда 

балабақшаның  ілгерілемелі  мүмкіншіліктерін  анықтау,  қоғам  мен  білім  беру 

ортасында жағдайлардың өзгеру тенденцияларын болжау). 

-  әдістемелік  (консультациялық  пунктті  әдістемелік  қамтамасыз  ету, 

«ұйымдастырылмаған  балалармен»  жұмысты  жоспарлауда  консультациялық 

пункт  мамандарына  әдістемелік  көмек  көрсету,  үй  тәрбиесіндегі  балалармен 

жұмыс тәжірибелерін талдау және тарату ии). 

Консультациялық  пункт  маманына  бекітілген  функция  негізінде  оның 

лауазымдық нұсқаулығы жасақталады.  

 

 



 

10 

 

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ  ПУНКТ ҚЫЗМЕТІН 



 ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ 

 

Консультациялық 

пункт 

қызметі 


келесі 

формалар 

түрінде 

ұйымдастырылады:  

- қызметі туралы ақпараттандыру; 

- бала дамуының дара бағдарламаларын құру және диагностикалау; 

- дара және топтық (іштей) консультациялар; 

- қашықтықта консультациялау; 

- ата-аналармен біріккен тренингтер, пікір-таластар және практикумдар; 

- ата-ана қатысы кезінде баламен диагностикалық сабақтар; 

- ата-ана және балалармен бірлескен сабақ; 

- бірлескен жанұялық бос уақыттар; 

- бірлескен серуендер; 

- жанұяда балаларды тәрбиелеу мен ойын қызметі үшін жағдайлар жасауда 

басты оқиғаларды қолдану. 

Тәжірибе  дәлелдегендей,  ата-ана  мен  мамандардың  кездесуі  және  «бала-

ата-ана-маман» 

өзара 


іс-әрекеттері 

емханаларда 

немесе 

жанұялық 



консультацияларда өздерін еркін сезіне алмайтын ата-аналар үшін өте пайдалы, 

Консультациялық пунктке бірнеше рет келген ата-аналар уақыт өте келе ашыла 

түседі,  педагогтармен  өздерінің  қиыншылықтарымен,  ойларымен,  жанұялық 

тәжірибелерімен бөліседі, нәтижесінде балаларын  өздеріне таныс балабақшаға 

сеніп тапсырады.  

Жанұямен алғашқы кездесу соңғы бола бермейді. Ата-ананың бір сұрағына 

жауап  алынған  соң,  екінші  және  үшінші  кездесулерге  қажеттілік  туындайды.  

Сондықтан  консультациялық  пункт  мамандарының  қызметінің  басты  міндеті 

кез-келген мәселе бойынша дайын рецептерді ұсыну ғана емес, сондай-ақ ата-

аналарды  өз  балаларымен  бірлескен  жұмысқа  тарту,  қолдау,  тәжірибелік 

дағдыларын  формалау  болып  табылады.  Консультациялық  пункт  жұмысының 

нәтижелері: 

-

 

Көмекке хабарласқан жанұялар саны; 



-

 

Мектепке дейінгі білім жүйесімен қамтылмаған балалар туралы 



мәліметтер жинағы; 

-

 



Байытылған әдістемелік материал; 

-

 



Консультациялық пункт қызметіне ата-аналар бағасы. 

 

 



11 

 

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ҚЫЗМЕТІН НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ 



ҚОЛДАУ 

 

Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  консультациялық  пункт  қызметін 



ұйымдастыруда  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  қолданыстағы 

нормативті-құқықтық құжаттарына негізделу қажет.   



 

1.    Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2007  жылы  27  шілдедегі        

N  319-III  ЗРК 

[1] 

Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының 

«Білім туралы» Заңы  

 

3-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың принциптерi 

 Бiлiм  беру  саласындағы  мемлекеттiк  саясаттың  негiзгi  принциптерi 

мыналар болып табылады: 

1) баршаның сапалы бiлiм алуға құқықтарының теңдiгi; 

2) бiлiм беру жүйесiн дамытудың басымдығы; 

3) әрбiр адамның зияткерлiк дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке 

ерекшелiктерi  ескерiле  отырып,  халықтың  барлық  деңгейдегi  бiлiмге 

қолжетiмдiлiгi; 

4)  бiлiм  берудiң  зайырлы,  гуманистiк  және  дамытушылық  сипаты, 

азаматтық  құндылықтардың,  адам  өмiрi  мен  денсаулығының,  жеке  адамның 

еркiн дамуының басымдығы; 

5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу; 

6)  жеке  адамның  бiлiмдарлығын  ынталандыру  және  дарындылығын 

дамыту; 


7)  бiлiм  беру  деңгейлерiнiң  сабақтастығын  қамтамасыз  ететiн  бiлiм  беру 

процесiнiң үздiксiздiгi; 

8) оқыту мен тәрбиенiң бiрлiгi; 

9)  бiлiм  берудi  басқарудың  демократиялық  сипаты,  бiлiм  беру  жүйесi 

қызметiнiң ашықтығы; 

10)  бiлiм  беру  ұйымдарының  меншiк  нысандары,  оқыту  мен  тәрбиенiң 

нысандары, бiлiм беру бағыттары бойынша алуан түрлi болуы. 

 

30-бапМектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту 

Бiр  жастан  бес  жасқа  дейiнгi  балаларды  мектепке  дейiнгi  тәрбиелеу 

отбасында және (немесе) мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады. 

Мектепке  дейiнгi  оқыту  балаларды  мектепте  оқуға  бес  жастан  бастап 

мектепалды даярлық түрiнде жүзеге асырылады. 

Мектепалды  даярлық  мiндеттi  және  отбасында,  мектепке  дейiнгi 

ұйымдарда,  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептердiң,  лицейлердiң  және 

гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегін болып 

табылады.   

 

 



12 

 

2. 



Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

2010 

жылы                               

7  желтоқсандағы  №  1118  [4]  Қаулысымен  бекітілген  Қазақстан 

Республикасы  білімді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы  

 

4-тарау. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары 

және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері 

Бағдарламалық мақсаттар (мектепке дейінгі білім саласында): 

Балаларды  мектепке  дейінгі  сапалы  тәрбиемен  және  оқытумен  толық 

қамтудың,  оларды  мектепке  даярлау  үшін  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен 

оқытудың  әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. 

Міндеттері: 

1.Мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру. 

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту. 

        3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз 

ету. 

 

3.

 

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз  

ету  жөніндегі    2010  –  2014  жылдарға  арналған  «Балапан» 

бағдарламасы,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылы      28 

мамырдағы № 488 

[5] 


қаулысымен бекітілген.  

 

 4-тарау. 

Бағдарламаның 

мақсаттары, 

міндеттері, 

нысаналы 

индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері 

 

Бағдарламаның мақсаты: 

Тұрғын  халықтың  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  ұйымдарының 

сапалы қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру. 

Бағдарламаның міндеттері: 

-  2015  жылға  дейін  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  және  оқытумен  мектеп 

жасына дейінгі балалардың жалпы санынан 70 %-ын қамтамасыз ету; 

-  2015  жылға  дейін  5-6  жастағы  балаларды  білім  беру  ұйымдарындағы 

мектепалды даярлықпен толық қамтамасыз ету; 

-  республикадағы  демографиялық  жағдайды  және  тұрғын  халықтың  білім 

алуға  қажеттілігін  ескере  отырып  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  вариативті 

желісін ұлғайту; 

-  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  тапшылығы  проблемасын  шешу  үшін  қажетті 

қаржылық-экономикалық жағдай жасау; 

- мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және 

үнемі олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру. 



 

4.4. тарау  «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» 

Ата-аналар үшін консультациялық пункттердің желісі дамитын болады.  

 


13 

 

 



4.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы  

№  1080 

[6]


  қаулысымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 

 

2- тарау, 6-тармақ «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» 

 

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: 

1)  баланың  өмірін  қорғауды  және  денсаулығын  нығайтуды,  толыққанды 

физикалық  дамуын,  Қазақстан  Республикасы  халықтарының  ұлттық  салт-

дәстүрлері 

негізінде 

салауатты 

өмір 


салтының 

құндылықтарын 

қалыптастыруды; 

2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін 

құруды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуді; 

3)  тілді  және  ана  тілін,  қатынас  мәдениетін  дамытуды,  сауаттылық 

негіздерін меңгеруге дайындауды; 

4)  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  адамгершілік,  құндылық  бағдарын 

адамның оң мінез-құлқы, мінез-құлық нормалары мен ережелері, қазақстандық 

қоғамда  қалыптасқан  халықтық  салт-дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптар  үлгісінде 

қалыптастыруды; 

5)  өз  Отанына,  туған  өлкесіне  сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рәміздерге 

құрметпен  қарауға,  қоршаған  орта,  отбасы,  түрлі  ұлт  өкілдеріне  деген  ізгі 

қарым-қатынасқа тәрбиелеуді; 

6)  балада  қоршаған  ортаның  тұтас  бейнесі,  өзі  және  әлеуметтік  ортасы 

туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды; 

7)  баланың  танымын  дамытуды,  интеллектуалдық  іс-әрекет  тәсілдерін 

қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды; 

8) баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық 

сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. 

 

5.

 

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары,   

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2013 жылы 17 мамырдағы  № 499 [13] 

қаулысымен бекітілді.  

 

1-тарау,  3-тармақ 

Мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі мiндеттерi:  

1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау; 

2)  тәрбиеленушілердің  дене,  зияткерлік  және  жеке  тұлғалық  дамуын 

қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;  

3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету; 

4)  азаматтылықты,  қазақстандық  отаншылдықты,  адам  құқықтары  мен 

бостандықтарын  құрметтеуді,  қоршаған  табиғатқа,  Отанға,  отбасына  деген 

сүйіспеншілікті тәрбиелеу; 

5)  баланың  толыққанды  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  отбасымен  өзара 



14 

 

қимыл жасау;  



6)  ата-аналарға  балаларды  тәрбиелеу,  оқыту,  дамыту  және  денсаулығын 

қорғау  бойынша  консультативтік  және  әдістемелік  көмек  көрсету  болып 

табылады. 

2-тарау, 25- тармақ 

Отбасы  мен  баланы  әлеуметтiк-педагогикалық  қолдау  мақсатында 

мектепке  дейінгі  тәрбиемен  және  оқытумен  қамтылмаған  балалардың  ата-

аналары    үшін  мектепке  дейiнгi  ұйымдарда  консультациялық  пункттер 

құрылады.  

 

6.



 

Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары,  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 29 

мамырдағы № 206 

[1] бұйрығымен бекітілді. 



 

 

 1- тарау, 3-тармақ 

 Мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі мiндеттерi:  

1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау; 

2)  тәрбиеленушілердің  дене,  зияткерлік  және  жеке  тұлғалық  дамуын 

қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау; 

3) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету; 

4)  азаматтылықты,  қазақстандық  патриотизмді,  адам  құқығы  мен 

бостандықтарын  құрметтеуді,  қоршаған  табиғатқа,  Отанға,  отбасына  деген 

сүйіспеншілікті тәрбиелеу; 

5)  баланың  толыққанды  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  отбасымен  өзара 

қимыл жасау;  

6)  ата-аналарға  балаларды  тәрбиелеу,  оқыту,  дамыту  және  денсаулығын 

қорғау  бойынша  консультативтік  және  әдістемелік  көмек  көрсету  болып 

табылады. 

 

 

2-тарау, 10- тармақ 

 Отбасылық бөбекжайлар: 

1)  бір  жастан  алты  (жеті)  жасқа  дейінгі  балаларды  мектепке  дейінгі 

біліммен қамтуды кеңейту; 

2)  отбасының  тікелей  қатысуымен  балаларды  дамыту  және  мектепке 

даярлау және дамыту жағдайларын жасау; 

3)  тәрбиелеу  мен  оқытуды  ұйымдастыруда  ата-аналарды  консультативтік-

әдістемелік қолдауды жан-жақты дамыту; 

4) балалардың әлеуметтік бейімделуі үшін құрылады. 


15 

 

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ  



 

1. Жалпы ереже 

 

1.1.  Үйде  тәрбиеленетін  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  ата-



аналарына арналған консультациялық пункт (заңды өкілдерге) мектепке дейінгі 

тәрбие  мен  оқытудың  жалпы  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыратын 

мектепке дейінгі ұйымдар базасында ұйымдастырылады (одан әрі - МДҰ). 

1.2. Консультациялық пункт мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы 

білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыратын  мектепке  дейінгі  ұйымдардың 

құрылымды бөлімшесі болып табылады.   

1.3. Консультациялық пункт  мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын (6) 7 

дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналып құрылады.  

1.4.  Осы  ереже  мектепке  дейінгі  ұйымдар  базасында  іске  қосылған 

консультациялық пункттің қызметін реттейді.  

1.5.  Консультациялық  пункттер  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  дамуы 

мен  тәрбиесінде  ата-аналарға  көмек  көрсету  формаларының  бірі  болып 

табылады.  

1.6.  Үйде  тәрбиеленетін  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  ата-

аналарына (заңды өкілдердің) арналған консультациялық пункт қызметі өтеусіз 

негізде жүзеге асырылады. 

 

1. Консультациялық пункт мақсаттары мен міндеттері 

 

2.1.  Отбасылық  және  қоғамдық  тәрбиенің  сабақтастығы  мен  бірлігін 



қамтамасыз  ету,  ата-аналарға  баламен  өзара  психологиялық-педагогикалық 

қарым-қатынастың  түрлері  мен  әдістерін,  мазмұнын  таңдау  тиімділігін 

қамтамасыз  етуде  психологиялық-педагогикалық  көмек  көрсету,  мектепке 

дейінгі  мекемелерге  бармайтын  балалардың  тұлғалық  жан-жақты  дамуын 

қолдау. 

2.2. Консультациялық пункттің басты міндеттері: 

-  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  тұлғалық  жан-жақты  дамуы 

бойынша  ата-аналарға  (заңды  өкілдерге)  әдістемелік  көмек  көрсету,  мектепке 

дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету;  

- ата-аналарға (заңды өкілдерге) мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын (6) 

7  дейінгі  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу  сұрақтары  бойынша  консультациялық 

көмек көрсету;  

-  ата-аналарға  (заңды  өкілдерге)  диагностикалық  көмек  көрсету,  мектепке 

дейінгі 


жастағы 

бала 


дамуындағы 

мәселелерді 

танып-білу 

және 


диагностикалау;  

-  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  физикалық,  психикалық  және 

әлеуметтік  дамуында  кездесетін  әртүрлі  ауытқулардың  алдын-алу  жұмысын 

жүргізу; 

-  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларын  үйде  тәрбиелейтін  ата-аналарға 


16 

 

(заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету. 



 

3. Консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру 

 

3.1. Консультациялық пункт қызметі аясында жүзеге асырылады:   



-  диагностикалық  көмек  -  баланы  психологиялық-педагогикалық  зерттеу, 

баланың  жеке  ерекшеліктері  мен  қабілеттерін,  потенциалдық  мүмкіндіктерін, 

сондай-ақ  әлеуметтік  бейімделу,  дамудағы  бұзылу  механизмдерін  және 

себептерін  анықтау,  баланың  келешек  дамуы  мен  тәрбиесіне  ұсыныстар 

жасақтау;  

-  консультациялық  көмек  –  психологиялық,  әлеуметтік,педагогикалық 

консультациялау,  ата-аналарды  бала  дамуының  физиологиялық  және 

психологиялық ерекшеліктері, тәрбиелік іс-әрекеттің басты бағыттары, кризисті 

жағдайлардан шығу туралы хабардар ету;  

-  әдістемелік  көмек  –  ата-аналарды  (заңды  өкілдерді)  ағарту,  оларды 

педагогикалық  әдістер  мен  тәсілдер  туралы  ақпараттандыру,    ата-аналардың 

педагогикалық  мәдениетін,  жанұядағы  жағымды  қарым-қатынастарды  

формалау;  бала  дамуының  жеке  ерекшеліктеріне  негізделген  коррекциялық 

және дамыту технологияларымен таныстыру. 

3.2.  Консультациялық  пункттің  басты  формалары  ата-аналар  (заңды 

өкілдер) өтініші бойынша қажетті жеке және топтық консультациялар жүргізу, 

жазбаша  өтініш  бойынша  сырттай  консультациялар  беру,  ата-аналар  (заңды 

өкілдер)  үшін  лекциялар,  теориялық  және  тәжірибелік  семинарлар 

ұйымдастыру, МДҰ сайты арқылы консультациялар мен әдістемелік ұсыныстар 

беру,  балабақша  мамандарымен  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды 

диагностикалау.  

3.3.  Консультациялық  пункт  ата-аналарға  (заңды  өкілдерге)  төмендегі 

сұрақтар бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді:  

- мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіру; 

- балалардың жас және психофизиологиялық ерекшеліктері; 

- ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті; 

- бала тамақтануын ұйымдастыру;  

- балаларды сауықтыру және шынықтыру үшін жағдайлар жасау;  

- білім беру бағдарламаларын таңдау. 

3.4. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдерге) келесі сұрақтар 

бойынша диагоностикалық көмек ұсынады:  

- балаларды мектепке дейінгі ұйым жағдайына бейімдеу; 

- мектепте оқытуға даярлық; 

- бала қабілеттері мен жеке дамуы ерекшеліктері; 

-  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  физикалық,  психикалық  және 

әлеуметтік дамуында кездесетін әртүрлі акытқулардың алдын-алу. 

3.5.  Әдістемелік,  диагностикалық  және  консультациялық  көмек  көрсету 

мамандар  қызметін  интеграциялау  негізінде  құрылады:  тәрбиешілер,  аға 

тәрбиеші,  меңгеруші,  медициналық  қызметкер,  психолог,  логопед    және  басқа 


17 

 

мамандар. 



Консультациялық  пунктке  тартылған  мамандар  мектепке  дейінгі  ұйым 

түрімен, оның кадрлық құрамымен анықталады.  

3.6. Консультациялық  пункт қызметін жүргізу үшін келесі құжаттар қажет: 

- ата-аналардың алдын-ала тіркелу журналы; 

- өткізілген іс-шаралар кестесі және сабаққа қатыс журналы; 

- консультациялық пункттің жұмыс жоспары; 

- консультациялық пункт жұмысының кестесі;  

- бір жылғы жұмыс сараптамасы. 

3.7.  Консультациялық  пункттің  жұмыс  уақыты  мектепке  дейінгі  ұйым 

меңгерушісімен бекітіледі.   

 

4. Консультациялық пунктті басқару және жетекшілік ету  

 

4.1.  Консультациялық  пунктті  тікелей  басқару  мектепке  дейінгі  ұйым 



меңгерушісімен жүзеге асырылады.  

4.2.  Мектепке  дейінгі  ұйым  меңгерушісі  консультациялық  пункттің  әрбір 

қызметкерінің лауазымдық (функционалдық) жауапкершіліктерін анықтайды.     

 

5. Консультациялық пунктте білім беру процесіне қатысушылардың  



құқықтары мен жауапкершіліктері  

 

5.1. Консультациялық пунктте білім беру процесіне қатысушылар-балалар, 



ата-аналар  (заңды  өкілдер)  және  мектепке  дейінгі  ұйымның  педагогикалық 

қызметкерлері болып табылады.    

5.2.  Консультациялық  пунктке  қатысушы  әрбір  баланың  құқығы, 

әлеуметтік  кепілдіктері бала  құқығы  туралы  ООН  Конвенциясына  сәйкес,  ата-

ана мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы келісім-шарт арқылы анықталады. 

5.3.  Консультациялық  пунктте  жұмыс  жасайтын  әрбір  қызметкердің  

құқығы,  әлеуметтік  кепілдіктері  Қазақстан  Республикасының  заңнамаларына 

сәйкес,  консультациялық  пункт  ашылған  мектепке  дейінгі  ұйым  жарлығымен, 

жұмыс  беруші  мен  қызметкер  арасындағы  еңбек  шартымен,  лауазымдық 

нұсқаулықпен анықталады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


18 

 

Қосымша 1 



201__-201__ оқу жылына арналған консультациялық пункт жұмысының 

үлгілік жоспары  

Консультация тақырыбы 

Өткізу формасы 

Өткізу 

уақыты 

Мамандар 

«Достар әлемі» 

Балабақшаға саяхат 

Қыркүйек 

МДҰ меңгерушісі 

«Баланың балабақшаға 

бейімделуі» 

Дөңгелек үстел 

МДҰ меңгерушісі 

Педагог -психолог 

Диагностикалық жұмыс 

Балаларды зерттеу 

Қазан 

КП мамандары 



«Біз қалай балалармен 

сөйлесеміз?» 

Консультация 

Педагог-психолог 

Логопед 

«Кел, танысайық»  

Дөңгелек үстел 

Қараша 


Педагог-психолог 

Медициналық 

қызметкер 

«Кішкентай көмекшілер» /ерте 

жастағы балаларды ұсақ 

моторикаға дамыту/ 

Ойын-сабақ 

Тәрбиешілер 

«Баламен тақырыптық серуендер» 

Дөңгелек үстел 

Желтоқсан 

Әдіскер 


Тәрбиешілер 

«Менің көңілді добым»  

/доппен ойындар/ 

Ойын-сабақ 

Дене шынықтыру 

бойынша 


инструктор 

«Дыбыстар,дыбыстар, біз сізді 

естиміз, сіз бізден кетпейсіз » / 

есту ынтасы мен фонематикалық 

естуын дамыту/ 

Дөңгелек үстел 

Қаңтар 

Логопед 


«Көзді ашып-жұмған қандай 

қызық» /есту ынтасын дамыту/ 

Ойын-сабақ 

Логопед 


«Денсаулық, күн тәртібі» 

Дөңгелек үстел 

Ақпан 

Медициналық 



қызметкер 

Педагог-психолог 

«Күлкімен өткен әрбір күн 

жарық» /баланың эмоционалдық 

жағдайы / 

Дөңгелек үстел 

Педагог-психолог 

Тәрбиеші 

«Сүйкімді балапан» /саусақпен 

бояу/ 


Ойын-сабақ 

Наурыз 


Бейнелеу өнері 

педагогы 

Тәрбиеші 

«Бала кітапшасы» 

Дөңгелек үстел 

«Дөңгелекпен жолда» 

/тіл дамыту/ 

Ойын-сабақ 

Сәуір 

 

«Ал, канекей, ойналық» 



Семинар-

практикум 

Әдіскер 

Тәрбиеші 

«Секіру»  /балалармен қимыл-

қозғалыс ойындары/ 

Ойын-сабақ 

Мамыр 


Дене шынықтыру 

инструкторы 

«Көңілді пирамидалар» 

/Ермексазбен жұмыс/ 

Ойын-сабақ 

Тәрбиеші 

Ата-аналар өтініші бойынша 

консультациялау 

Консультациялар, 

практикумдар, 

балаларды зерттеу 

Жыл бойы 

 

Аға тәрбиеші 



КП мамандары 

19 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.

 



Қазақстан Республикасының 27.07.2007 г. № 319-III «Білім туралы» Заңы 

 

2.



 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылы  7  желтоқсандағы     

№ 1118 

[4] Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы білімді дамытудың 



2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 

 

3.



 

  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылы    28  мамырдағы            

№ 488 


[5] 

қаулысымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және 

оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі  2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» 

бағдарламасы.  

4.

 

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 



[6]

 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандарты 

5.

 



Қазақстан  Республикасы  үкіметінің  2013  жылы  17  мамырдағы  №  499 

[13]  қаулысымен  бекітілген

  Мектепке  дейiнгi  ұйымдар  қызметiнiң  үлгілік 

қағидалары. 

6.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы  



29  мамырдағы  №  206 

[1]  бұйрығымен  бекітілген 

Мектепке  дейінгі  ұйымдар 

түрлері қызметінің үлгілік қағидалары. 

7.

 

С.Н.  Дубинин,  Семейное  воспитание  как  основной  фактор  развития 



личности ребенка./ С.Н. Дубинин //СПО.-2009-№5- с.29-31. 

8.

 



Л.А. Кулик, Н.И. Берестов, Семейное воспитание. М., 1990. 

9.

 



П.Ф. Лесгафт, Семейное воспитание ребенка и его значение. М.., 1991.  

10.


 

П.И. Пидкасистой, Педагогика –М., 2000. 

11.


 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесінің  нормативті-құқықтық 

актілер  жинағы,  ҚР  БжҒМ  «Мектепке  дейінгі  балалық  шақ»  Ресубликалық 

орталығы, 2010 жыл. 

12.

 

Т.Ю.Татевосян,  «Создание  консультационного  пункта  в  ДОУ».  МОУ 



«Информационно-методический центр», 2010 жыл. 

1.

 



Ю.П. Азаров, Семейная педагогика. –М.,1994. 

2.

 



С.  А.  Блохина,  Роль  семьи  в  развитии  личности  /  С.  А.  Блохина  // 

Педагогика: дәстүрлер мен инновациялар: халықаралық сырттай ғылыми конф. 

материалдары  (Челябинск  қ.,  қазан,  2011  ж.).Т.  II.   —  Челябинск:  Два 

комсомольца, 2011. — С. 124-127. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

20 

 

 



МАЗМҰНЫ 

 

1.  Кіріспе..................................................................................................... 



2.  Консультациялық пункттердің басты міндеттері................................ 

3.  Мектепке  дейінгі  ұйым  базасында  консультациялық  пункттердің 



жұмысын ұйымдастыру......................................................................... 

 



4.  Консультациялық пункт маманының функционалы...........................  

5.  Консультациялық пункт қызметін   



ұйымдастыру формалары...................................................................... 

 

10 



6.  Консультациялық пункт қызметін   

нормативті – құққықтық қолдау............................................................ 

 

11 


7.  Консультациялық пункт туралы Үлгі Ереже......................................... 

15 


8.  Қосымша.................................................................................................   18 

9.  Пайдаланылған әдебиеттер................................................................... 

19 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет