Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата13.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4043
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
186 
4)  рота  бойынша  күндізгі  кезекшінің  міндеттерін  іс  жүзінде  үйрететін 
орын; 
5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын; 
6) тактикалық алаң; 
7) кедергілерден өту жолының кешені; 
8) жабдықталған ату тирі; 
9) әскери және еңбек даңқының бұрышы. 
Оқу  орындарын  қару  және  өзге  де  әскери-техникалық  құралдар 
макеттерімен,  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  ету  оқу  орнының  есебінен  іске 
асырылады. 
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:  
10-
сыныпта  –  аптасына  1  сағат,  жылына  барлығы  34  сағат,  қосымша 
далалық  оқу  жиынына  30  және  сынаққа  4  сағат  вариативті  бөлімнен 
қарастырылған;  
11-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды. 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
187 
 
6 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
2016-2017 
оқу жылында шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін 
ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының  «Білім  туралы  Заңы», Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080  қаулысымен 
бекітілген  Жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты,  «Жалпы  білім  беру 
ұйымдарының  (бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  беру)  түрлері 
бойынша  қызметінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  17  қыркүйектегі 
№375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Типтік ереже) басшылыққа алынады.  
Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар, 
оларды  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  ескеру  қажет:  материалдық-
техникалық  базасының  әлсіздігі  және  инфраструктураның  дамымағандығы, 
әртүрлі  жастағы  біріктірілген  сыныптарда  оқыту  қиындығы,  педагогикалық 
кадрлардың,  оқу-әдістемелік  және  ақпараттық  ресурстардың  жеткіліксіздігі. 
Оқушылар санының аздығы бәсекелестікті және коммуникативті іскерліктердің 
дамуын  төмендетеді.  Шағын  жинақты  мектептің  жағдайлары  оқушыларды 
бейінді  пәндермен  және  олардың  кәсіби  бағытын  ескеретін  таңдау  бойынша 
курстармен толық қамтамасыз ете алмайды. 
 
Шағын жинақты мектеп (бұдан әрі – ШЖМ) өзінің білім беру әрекетінде 
келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:  
-
 
білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру; 
-
 
бір  пәндік  және  бір  тақырыптық  ұстанымдарға  негізделген  кіріктіре 
оқыту сабақтарын ұйымдастыру; 
-
 
біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру; 
-
 
даралап және саралап оқыту;  
-
 
оқу  процесінің  технологиясы  мен  мазмұнының  икемділігін  және 
вариативтілігін жүзеге асыру; 
-
 
білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту; 
-
 
тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  мәдени  орталықтардан  шалғай 
орналасқандығын ескеру; 
-
 
оқушылардың  оқу  барысындағы  бір–біріне  өзара  көмектесуі  және 
ынтымақтастығы.  
Типтік  ережеге  сәйкес  шағын  жинақты  мектептерде  жекелеген  пәндерді 
оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда сынып  кіші 
топтарға бөлінеді.  
Сыныптарды  басқа  бір  сынып-кешенге  біріктіргенде  әртүрлі  жастағы 
білім  алушылардың  саны  10-нан  аспауы  тиіс. ШЖМ-дегі  сыныптардың 
толымдығы 3-10 адам және одан көп адамға дейін рұқсат етіледі. 
Мектептiң  бастауыш  білім  беру  деңгейінде  оқушыларды  сыныптық-
құрамдарға  бiрiктiрудiң  мынадай  нұсқалары  болуы  мүмкiн:  2+3,  3+4;  2+4, 
2+3+4.  
1-
сынып  оқушылары  жеке  оқытылуы  тиіс,  себебі  мектепке  енді  қадам 
басқан  оқушылардың  оқу  әрекетiне  бейiмделуі,  талаптануы,  зейіннің 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
188 
тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке 
оқыту керек.  
Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), 
әрбiр  сыныппен  сабақтың белгiлi  бiр  бөлiгiн  жеке  өткiзу  үшiн  жағдай  жасау 
мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.  
Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық 
материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi 
сақталуы керек:  
-
 
жазу сабағы бойынша: 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан;  
-
 
математика  сабағы  бойынша:  2-сыныпта  15  минуттан,  3-сыныпта  
20 минуттан аспауы тиiс.  
Мектептiң негiзгi орта және жалпы орта білім деңгейлерінде сыныптарды 
бiрiктiру әр сыныптағы оқушылар санына байланысты.  
Оқушылар санының аз болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте 
біріктірген  дұрыс:  5+6;  6+7;  7+8.  Мұндай  бiрiктiруде  бір  пәндік  ұстанымға 
негізделген  пән  ішіндегі  мазмұны  ұқсас  тақырыптарды  кіріктіре  оқытуға 
болады.  
Пәнішілік  байланысты  жүзеге  асыруға  болмайтын  жағдайда  пәнаралақ 
кіріктіре  оқыту  мүмкіндігін  қолдануға  болады.  Сабақтас  пәндерді  кіріктіре 
оқытуды ұйымдастырғанда  пәндерді  келесідей  кіріктіре  оқыту:  тіл  -  әдебиет, 
тарих-әдебиет,  химия-биология,  тарих-география,  география-биология, 
математика-информатика, физика-химия және т.б. ұсынылады.  
Кіріктірілген  сабақтардың  негізіне  білім  беру  мазмұнының  басты 
элементтерін  бөлуге  мүмкіндік  беретін,  жүйені  құрайтын  идеяларды, 
түсініктерді,  оқу  әрекетінің  тәсілдерін  дамытуды  қарастыратын  пәнаралық 
байланыстар салыну керек. Кіріктіру, бір жағынан «әлемді біртұтас» көрсетуге 
мүмкіндік береді, басқа жағынан бейінді саралау үшін қолдануға болатын оқу 
уақытын босатады.  
Біріктірілген  сыныптарда пәнішілік  кіріктіре  оқытудың  мұғалімдер мен 
оқушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:  

білім беру саласындағы пәндердің мазмұнын әртүрлі деңгейде тұтастай 
игеру; 

оқушылар  әртүрлі  сыныпта  оқығанымен,  олардың  назарын  бір  пәннің 
мазмұнындағы  ұқсас  тақырыптарды  білім,  білік  дағдылар  негізінде  кешенді 
игеруге бағыттау; 

ұжымдық  оқыту  әдісін  тиімді  қолдану  және  білім  алушылардың 
коммуникативтік дағдыларын дамыту; 

жоғарғы  сынып  білім  алушылары  өзінің  білімін  кіші  жастағы  сынып 
оқушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану. 
9, 11-
сыныптар  мектепті  бiтiрушiлер  болғандығын  ескере  отырып, 
олардағы бала  саны  аз  болған  жағдайдың  өзінде  де  өзге сыныптармен  қосып 
оқытылмайды.  
Шағын  жинақты  мектептегі  қызметті  ұйымдастыру  дамытатын 
педагогикалық  ортаны  құруды  талап  етеді.  Оның  негізінде  әртүрлі  жастағы 
оқушылардың өзара нәтижелі  әрекеттестігі мен өздігінен білім алу идеяларын 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
189 
жүзеге  асыруға  болады.  Әртүрлі  деңгейдегі  бір  сыныптың  аясында  оқытуды 
саралау мақсатында жеке және топтық кеңестер, оқушылармен үйірмелік және 
факультативтік жұмысты қолдану ұсынылады.  
Шағын  жинақты  мектепте  оқу  процесін  ұйымдастыруда  тиімді 
педагогикалық  технологиялар:  деңгейлеп  оқыту,  саралап  оқыту,  ұжымдық 
оқыту,  дидактикалық  бірлікті  ірілендіру,  ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды  қолдану,  дамыта  оқыту,  модульдік  оқыту,  сын  тұрғысынан 
ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б. қолданылады.  
Деңгейлеп  оқыту  оқушылардың  жас  және  білім  деңгейі  ерекшеліктерін 
ескере  отырып,  деңгейлік  тапсырмалар  беру  арқылы  олардың  танымдық 
белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.  
Ұжымдық оқыту  әдісі  динамикалық  жұптар  құра  отырып,  оқушылардың 
арасында  олардың  танымдық  өзара  қарым-қатынасын,  бірін-бірі  оқытуын 
ұйымдастыру  болып  табылады.  Ұжымдық  оқыту  әдісі  ауылдық  жерлерде 
оқушылардың  аздығы  жағдайында  балалардың  қарым-қатынасының 
тапшылығын  азайтуға,  монологтік  және  диалогтік  сөйлеу  қабілеттерін 
дамытуға  жағдай  жасап,  мұғалімнің  жалпы  сыныппен  жұмысын  азайтып, 
жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.  
Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін 
қамтамасыз  ететін,  мағыналық  қисынды  байланыстар  негізінде  білімдік 
ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер 
блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы 
аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.  
ШЖМ-ке  электронды  оқытуды  енгізу  жеке  және  өздігінен  оқытуды 
кеңінен қолдану арқылы әртүрлі жастағы ұжымдарда педагогикалық әрекеттегі 
қиындықтарды  еңсеруге  мүмкіндік  береді.  Қашықтықтық  технологияларды 
қолданатын  электронды  оқыту  бейіналды  дайындық  пен  бейінді  оқытудың 
бірыңғай  ақпараттық-білім  беру  ортасын  құру  үшін  қосымша  мүмкіндіктер 
береді. Физика, химия және биология бойынша виртуалды зертханалар болса, 
мұғалімдер  аталған  пәндерді  меңгеруге  қажетті  оқу  жабдығының 
жеткіліксіздігі  мәселесін  шеше  алады.  Сондай-ақ,  педагог  әрекеті  ақпаратты 
жаңғырту  емес,  оқушыны  оқу-танымдық  процесте  психологиялық-
педагогикалық  қолдайтын  тьютор,  сессиялық  және  сессияаралық  кезеңдерде 
магниттік мектеп оқушыларының проблемалық аймақтарының орнын толтыру 
бойынша  түзету  жұмысын  ұйымдастырушы  рөлінде  болады.  Мұғалім-
тьютордың көмекшісі рөлінде оқу материалын өздігінен игеру дағдылары мен 
іскерліктерін меңгерген оқушы да бола алады.  
Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық 
жүйесі  (бұдан  әрі  -  ЭОАЖ)  құрылды:  білім  беру  ұйымдарының  порталы, 
Ұлттық білім беру деректер қоры (бұдан әрі - ҰБДҚ), ішкі корпоративтік қор, 
электрондық кітапхана, білім беру ұйымын басқару жүйесі және электрондық 
оқытудың басқа да құрауыштары. Берілген электрондық оқытудың ақпараттық 
жүйесі  https://e.edu.kzсайтында  қолжетімді.  ЭОАЖ-нің  маңызды  құрауышы 
7511 цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі - ЦБР) орналасқан электрондық 
кітапхана болып табылады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
190 
Цифрлық  білім  беру  ресурстары  –  бұл  оқу  пәнінің  нақты  тақырыбына 
әзірленген,  ЭОЖ-ге  қосылған  мектептерге  онлайн  қолжетімді  цифрлық 
форматтағы дидактикалық  материалдар. Әрбір  ЦБР  интегративті  кешен  және 
оқу  пәнінің  белгілі  бір  тақырыбы  бойынша  мультимедиялық  түсіндіру, 
интерактивті тапсырмалар мен тестілеу сұрақтар элементтерінен тұрады. ЦБР-
дің  бұл  құрылымы  электрондық  оқыту  жүйесінде  оқушылардың  белсенді 
өзіндік  жұмысын  қамтамасыз  етеді,  ал  мұғалімге  сабақтың  әрбір  түрі  немесе 
кезеңінің,  яғни  жаңа  материалды  түсіндіру,  материалды  бекіту  немесе  оны 
меңгеру  деңгейін  тексерудің  нақты  дидактикалық  міндеттеріне  байланысты 
оқытуды ұйымдастырғанда берілген ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді.  
Мұғалімдерге  көмек  ретінде  цифрлық  білім  беру  ресурстарын  қолдану 
бойынша  оқу-әдістемелік  құралдар  әзірленген.  Олар  ҚР  БҒМ  порталының 
(https://e.edu.kz/98
)  «Педагогтерге  арналған  басшылық»  бөлімінде,  сондай-ақ 
Ұлттық  ақпараттандыру  орталығының сайтында:  http://nci.kzорналасқан   және 
ашық қолжетімді.  
Шағын  жинақты  мектеп  жағдайында  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны  қолдану  арқылы  ғылым  мен  мәдениет  және  т.б.  салаларда 
ақпараттардың  дереккөздерін,  электрондық  оқу  материалдарын  пайдалану, 
қашықтан  оқыту,  тірек  мектебімен  (ресурстық  орталықпен)  сессияаралық 
кезеңде байланыс орната отырып, олардың білім қорларын пайдалану  жүзеге 
асырылады.  
Әр  оқушының  жан-жақты  дамуына  жағдай  жасау  арқылы  белсенді  тұлға 
тәрбиелеуде  дамыта  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдері  кеңінен 
қолданылады.  
Оқу  процесінде  әртүрлі  білім  құралдарын  және  педагогикалық 
технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:  

МЖМБС  талаптарына  сәйкес    оқу  пәндерінің  мазмұнын  игеру, 
оқушылардың білім сапасын арттыру;  

белгілі  практикалық  іс-әрекеттер  түрлеріне  оқушылардың  қабілеттерін 
дамыту;  

оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ақпараттық қорларды тиімді 
пайдалану; 

оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау; 

белгіленген  білім  саласын  тереңдетіп  оқуға  оқушылардың  білім 
қажеттілігін қанағаттандыру;  

оқушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту; 

қашықтықтан оқыту.  
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық, физиологиялық 

жасаралық  және  басқа  да  ерекшелік  ұстанымдарын  ескере  отырып,  оқыту 
технологияларының  бағыттарын  анықтау  қажет.  Шағын  жинақты  мектептер 
жағдайында инновациялық білім технологияларын жасау – уақыт талабы.  
Қазақстан  Республикасының  әрбір  өңірінде  құрылған  тірек  мектептері 
(ресурстық орталықтар) шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруда 
маңызды  рөл  атқарады.  Қазіргі  таңда  жұмыс  жасайтын  мектептер  базасында 
149  ресурстық  орталық  құрылған,  оған  464  магниттік  шағын  жинақты 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
191 
мектептер бекітілген.  
Ресурстық  орталықтар  (тірек  мектептер) өзінің  білім  беру  әрекетінде 
келесі қағидаларға бағдарланады:  

тірек  мектебінің  білім  беру  ресурстарына  (оқу-әдістемелік,  ақпараттық 
және материалды-техникалық) магниттік мектептің қолжетімділігін қамтамасыз 
ету; 

ресурстық  орталықтар  (тірек  мектептер)  мен  магниттік  мектептердің 
білім беру процесін біріктіру және синхрондау мақсатында сессияаралық және 
сессиялық кезеңдердегі нақты, әрі бірізді өзара байланысқан бағдарламаларды 
әзірлеу; 

кіріспе,  аралық  және  қорытынды  тестілеу  нәтижесінің  негізінде  жеке 
траекторияны әзірлеу арқылы оқытуды жекелендіру; 

сабақтарда,  қосымша  сабақтарда,  шығармашылық  зертханалар  мен 
шеберханаларда,  сыныптан  тыс  шараларда  оқушыларды  әлеуметтендіру  және 
жағымды ынтаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау; 

ресурстық  орталықтың  бірыңғай  ақпараттық-білім  беру  ортасын 
ұйымдастыру 
мақсатында 
әртүрлі 
жастағы 
топ 
оқушыларының 
қызығушылықтарына,  бейімділіктеріне  және  мүмкіндіктеріне  сәйкес  бірыңғай 
ақпараттық-білім беруші кеңістікті құру; 

білім  алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдайлар 
жасау; 

бейіналды  дайындық  және  бейінді  оқытуды  ұйымдастыру  арқылы 
оқушылардың ерте бейінділігін дамытуға жағдай жасау; 

шеберлік сабақтарын, коучингтер мен семинарлар ұйымдастыру арқылы 
мектептің  әдістемелік  бірлестігінде  және  пән  кафедраларында  «бірдейлерді 
өзара оқыту» (магниттік мектептердің мұғалімдерін оқыту) негізінде ресурстық 
орталықта (тірек мектебі) қызметті ұйымдастыру.  
Магнитті  ШЖМ-нің  оқу-тәрбие  жоспарларын  ескере  отырып  тірек 
мектебінде оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жоспарлары, бірыңғай жұмыс оқу 
жоспарлары,  бірыңғай  күнтізбелі-тақырыптық  жоспарлау,  әдістемелік 
жұмыстың жоспары, сессияаралық кезеңді жүргізу жоспары, тікелей сессияны 
жүргізу  жоспарлары,  қашықтықтан  сессия  өткізу  жоспарлары,  жобалық, 
зерттеушілік, бейінді бағыттағы арнайы курстардың бірыңғай бағдарламалары, 
оқытудың жеке маршруттарын әзірлейді және жүзеге асырады.  
Тірек  мектептер  (ресурстық  орталықтар)  базасында  шағын  жинақты 
мектеп оқушыларына жылына үш рет (оқу жылының басында, ортасында және 
соңында)  10  күннен  оқу  сессиялары  (бастапқы  –  қазан  айының  бірінші 
онкүндігінде,  сессияаралық  –  ақпан  айының  бірінші  онкүндігінде  және 
қорытынды сәуір айының үшінші онкүндігінде) ұйымдастырылады. 
Сессия басталғанға дейін магнитті ШЖМ білім алушыларын кіріспе тестілеп, 
оларды оқытудың жеке маршруттары анықталады, сессияаралық кезеңдегі жұмыс 
жоспарланады. Шағын жинақты мектеп оқушылары сессия кезінде оқу процесіне 
белсенді  қатысады.  Олар  физика,  химия,  биология  сабақтарында  толық 
жабдықталған  кабинеттерде  зертханалық  жұмыстарды  орындауға  және 
ақпараттық технологияларды  белсенді  қолдануға мүмкіндік алады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
192 
Биологияны  оқыту  кезінде  зертханалық  жұмыстарды  тақырыптары 
бойынша  біріктіру  ұсынылады  (мысалы,  6-сыныптағы  35  зертханалық 
жұмыстың кейбіреулерін «Өсімдік жасушасының құрылысы» бөлімі бойынша; 
«Тамыр», «Өркен», «Гүл, жеміс », «Гүлді немесе жабықтұқымды өсімдіктер», 
«Даражарнақтылар  класы»  тараулары  бойынша,  «Саңырауқұлақтар  дүниесі» 
бөлімі бойынша біріктіруге болады). 
Сессияаралық  кезеңде  шағын  жинақты  мектеп  оқушыларының  оқу-
танымдық  әрекеті  тірек  мектебі  (ресурстық  орталық)  мұғалімдерінің 
қатысуымен және қашықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі, 
сессияаралық  кезеңде  оқу  қиындықтар  аймағын  жоюға  жеке  нұсқаулар 
беріледі. Магнитті мектеп оқушылары білімінің жоғарылауы мен кемшіліктерін 
айқын  көруі  үшін  салыстырмалы  талдау,  мониторинг,  графиктер  салынады, 
шағын  жинақты  мектеп  оқушыларының  оқу  қиындықтар  аймағын  жою 
бойынша  дербестігін  белсендету  мақсатында  түзету  жұмыстары  жүргізіледі. 
Жеке  оқыту  маршрутын  жүзеге  асыру  бойынша  қорытынды  сессияда  білім 
алушының негізгі пәндері мен таңдау курстары бойынша түйінді қиындықтары 
анықталып, олардың дайындық деңгейі бағаланады. 
Тірек  мектебінде  (ресурстық  орталық)  қазақ,  орыс,  шет  тілдерін, 
информатика  пәндерін  оқытқанда,  ырғақ,  музыка,  дене  шынықтыру,  алғашқы 
әскери  дайындық,  технология  сабақтарында,  сондай-ақ,  бейінді  пәндер 
бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыс жүргізгенде кіші топтарға бөлу 
рұқсат етіледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып толымдығы – 20-25 
адам,  ал  8-11-сыныптарда  –  15-20  адам  болғанда  тірек  мектебі  (ресурстық 
орталық) Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі. 
Магнитті  мектептердің  оқушыларының  тірек  мектебінде  оқыту 
деңгейіне байланысты білім беру процесін келесідей ұйымдастыру ұсынылады:  
Магниттімектептердің1-4-сыныптары 
сырттай 
оқиды, 
яғни 
шығармашылық, зерттеушілік жобаларды орындайды, сайыстарға дайындалады 
және  т.с.с.  Жылына  бір  рет  тірек  мектебіндегі  конкурстар  мен 
конференцияларға қатысу үшін бара алады.  
5-7-
сыныптар  магнитті  және  тірек  мектептеріндегі  пән  мұғалімдерінің 
жетекшілігімен қашықтан оқытылады (магнитті және тірек мектептерінде МТБ 
жеткілікті,  интернет  болған  жағдайда).  Бұл  үшін  кафедралар  немесе  МӘБ 
отырысында  жұмыс  жоспарлары,  тесттік  тапсырмалар  әзірленеді.  Сонымен 
қатар,  магниттік  мектептің  мұғалімдеріне,  оқушыларына  арналған  онлайн 
семинарлар ұйымдастырылады. 
8-11-
сыныптар  тікелей  оқытылады  және  сессияларға  шығады  (бейіналды 
және  бейінді  дайындықтың  ұйымдастырылуымен).  Сессияаралық  кезеңді 
сессиялық  кезеңмен  сабақтастықты  сақтай  отырып  жүргізу  қажет.  Берілген 
жұмыс  тірек  және  магнитті  мектептердің  даму  бағдарламасы  мен  шаралар 
жоспарына сәйкес ұйымдастырылуы керек. 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
193 
 
7 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУҰЙЫМДАРЫНДА  
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  тілдерді,  ғылым  негіздерін, 
мәдениет,  өнерді    терең  меңгерген  парасатты  тұлға    әлеуетін  дамытуға 
бағытталған  элитарлық  білім  беру  іс-әрекеті  қызметін  ұйымдастыруда  «Білім 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР ҚР МЖМБС-2012,   Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №  499  қаулысымен 
бекітілген  Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік 
қағидалары,  сонымен  бірге  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің  2013  жылғы  27  қарашадағы  №472  бұйрығымен  бекітілген 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарының  түрлері  қызметінің  үлгілік 
қағидаларын (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) басшылыққа алады. 
Мамандандырылған 
мектептер 
(мамандандырылған 
мектеп, 
мамандандырылған 
лицей 
(мамандандырылған 
мектеп-лицей), 
мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) (бұдан әрі 
– 
мамандандырылған 
мектептер) 
іс-әрекет 
қызметін 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 
Заңына, өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерге,  сондай-ақ, осы Қағидаларға 
және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. 
Мамандандырылған  мектептер  элитарлық  білімді  жалпы  орта  білім 
берудің  бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беретін  оқу бағдарламалары және  
олардың    негізінде  әзірленетін  мамандандырылған  жалпы  білім  беретін  оқу 
бағдарламалары арқылы және оқытудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін 
инновациялық педагогикалық технологияларды іске асыруы тиіс. 
Үлгілік  қағидаларға  бойынша    мамандандырылған  мектептер  білім  беру 
процесін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш 
деңгейі бойынша жүзеге асырады: 
1) 
бірінші деңгей - бастауыш білім беру; 
2) екінші деңгей - негізгі орта білім беру; 
3) үшінші деңгей - жалпы орта білім беру. 
Мамандандырылған  мектептерде  білім  беру  процесін  ұйымдастыру  оқу 
жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. 
Мамандандырылған  мектептердің  оқу  жұмыс  жоспарларын  білім  беру 
ұйымдарының  әкімдігі  бекітеді  және  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрлігінің  «Дарын»  республикалық  ғылыми-практикалық 
орталығымен,  білім  беру  саласындағы  жергілікті  атқарушы  органдармен 
келіседі. 
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, 
жалпы  орта білім  берудің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламалары  негізінде 
әзірленеді  және  білім  алушылардың  тілдерді,  ғылым,  мәдениет,  өнер,  спорт 
негіздерін  терең  игеруіне,  олардың  шығармашылық  әлеуеттері  мен  дарын-
қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Мамандандырылған  мектептер  оқу  жоспарының  вариативті  бөлігі 
құрамына  кіретін  және  бағыт  ерекшелігін  сипаттайтын  оқу  пәндері  бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет