Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ»


МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ



бет10/15
Дата07.01.2022
өлшемі34,9 Kb.
#18814
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ

Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.

Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі – біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек. Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.

Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы-әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен, протездермен, протезді- ортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ, кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» - деп атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері шектелген балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамдағы орнына, олардың мінез-құлық және мінез ерекшеліктеріне мән бермеу бүгінгі қоғам дамуында мүмкін емес. Дегенмен, «ерекше» балаларды оқыту мен тәрбиелеу және әлеуметтендіру күрделі мәселе болып отыр. Аталған балалар категориясын қоғамға интеграциялауға дайындаудағы жағымды бет алыстардың алдын-алу үшін оларды оқыту, тәрбиелеу және барлық өмірлік әрекеттерін ұйымдастыруда арнаулы (түзетім) білім берудің қазіргі проблемаларын талдаудан шығатын жаңа теориялық ықпал жасауды талап етеді және де бұл мүгедек балаларды әлеуметтік қорғауға қатысты медициналық, педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және өзге де проблемалар комплексін ескере отырып шешілу қажеттігін туындатады.

Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. Егер адамды тарих пен табиғаттың бір бөлігінің өнімі ретінде биоәлеуметтік нәрсе деп қарастырар болсақ, мұнан дамуға әсер ететін биологиялық (табиғи) және әлеуметтік (әлеуметтік орта) фактор шығады. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртібі нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес, әлеуметті құбылыс болып табылады». (Л.С.Выготский) Психиканың тарихи-мәдени қалыптасу теориясында Л.С.Выготский кез- келген кемшілік, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірбиесін игеруге кедергі келтіретініне баса назар аударады.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей білім алуға, жұмыс істеуге, демалуға т.б. яғни қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді, дегенмен, бұны шынайы түрде іске асыру оңай еместігі белгілі. Білім алу, қоғамдық өмірге араласу, түрлі мүмкіндіктерді игеру, мемлекет, жергілікті әкімшілік білім беру жүйесінен қолдау таппаған жағдайда тек қағаз жүзінде ғана қалып қояды. Арнаулы білім беру мәселелерін қайта қараудың нақты бағыттары білім беру жүйесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды интеграциялау туралы ұсыныстар және интеграциялық оқыту практика барысында қолға алынып, практикаға енгізіліп, жақсы нәтижелерге қол жетіп жүрген инклюзивтік оқыту барысы және жалпы білім беру мекемелерінің жанынан ашылып жатқан арнаулы (түзетім) топтар мен логопункттер.

Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық- педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Дегенмен, осы балалармен жүргізілген жұмыстардың

нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты. Ең алдымен, оқу сабақтарының балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға, коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арасындағы байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше маңызды. Практика барысында балаларда болашақ әлеуметтік бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі. Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін сабақтан тыс уақыттарда «Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста» т.б. сияқты сюжетті- рольді ойындар өткізіледі. Балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара көрсету керек. Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал, танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жас ерекшеліктеріне сай балалар еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман орындаса қынжылып, ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, тәрбиешісіне көрсетіп, мадақтауды ұнатады. Балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның бәрі балалардың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып, олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы қарым- қатынастың қалыптасуына әсер етеді.

Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс болып табылады. Бұл жерде көрнекілік шынайылық деген мағынаны білдіреді. Педагог мүмкіндіктері шектелген балаларды экскурсия, сюжетті-рольді ойындар, ертегі қойылымдар, театрландырылған қойылымдар барысында сыртқы ортаның қасиеттерімен, құбылыстарымен таныстырады. Бұл балалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста және арнаулы өндірісте қиын емес еңбек операцияларын орындауға, мүмкіндігінше қоршаған ортаға икемделуге бағытталған жұмыстар. Осындай жұмыстар барысында дамуында проблемасы бар балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше жұмыс істей алуға, түрлі жағдаяттар барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің бағалауына парапар ұстауға үйренеді. Түзету жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді.

Ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік- тұрмыстық білім мен икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып,

педагог арнайы сабақтарда балалардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар мен жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету керектігін де басты назарда ұстайды. Мысалы, жаяу жүргіншіге арналған белгілер, ойнауға тиым салынатын белгілер, жақын жердегі асхана, емхана бар екені туралы айтатын белгілерді көріп, керегіне жарата алу, кез-келген жағдаяттан шығатын жол болатынын түсіндіру әрине білім беру барысында алатын біліммен байланысты.

Мүмкіндіктері шектелген балаларда қоршаған орта туралы сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып, дұрыс педагогикалық процесс ұйымдастыруымен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін балардың дамуы оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады. Сондықтан, бұл балаларды өмірге бейімдеу экскурсия және сабақтар, түрлі ойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын алады. Егер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Тағамдар», «Дүкенде» тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс уақыттарда тақырыптық эксурсия өткізудің маңызы ерекше. Бірақ балалар белгілі бір объектіні сырттай бақылап қана қоймай, ересектердің әрекеттеріне еліктей отырып, өздері де жас шамаларына қарай әрекет ете алатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды. Мысалы, дүкен жұмысын бақылаудағы экскурсиялар балалар сауда залдарында жүріп түрлі бөлімдерді белгілер арқылы анықтауға болатынын, сатушыдан керектерін сұрауға, дүкендегі қалыптасқан қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға үйренетіндей және өздері әрекет жасайтындай етіп жоспарлану керек. Мұндай экскурсия үлкен, егжей-тегжейлі ұйымдастыру жұмыстарын қажет етеді. Егер педагог әрбір ұйымдастырылатын әрекет, іс-шаралардың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, алынған материалдарын игертіп қана қоймай, балаларға (экскурсия барысына есеп беру, әңгіме жазу немесе бір оқушының әрекеттерін сипаттау) т.б. тапсырмалар жүйесін дайындаса, бұл мүмкіндіктері шектелген балаларды өз ісіне, жұмысына, берілген тапсырмаларды орындауға дағдыларын қалыптастырумен қатар, балаларға үлкен жауапкершілікті сезіне бастауға дайындап, жүктей бастайды. Мысалы, төменгі топтарда ұйымдастырылатын ойындардың өзінде жеке баланың әрекеті барлық ұжымның әрекетімен тікелей байланысты екенін түсіндіру. Яғни,

«Кітапханада» ойыны барысында бір бала кітапханашыдан керек кітабын сұрамаса, кітапханашы ол балаға керек кітабын тауып баре алмайтынын, ойын желісі осы жерден үзіліп қалуы мүмкін. Немесе қимылды ойындар барысындағы ойын ережесін қатаң сақтау керектігін түсіндіру. Ал ойын ережесі сақталмаған жағдайда ойын барысы осы жерден үзілетіні туралы түсіндірілумен қатар, ережені сақтамаудың себебі мен салдарын түсіндірудің де маңызы ерекше. Тәжірибе мүмкіндіктері шектелген балалар жүйелі жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыстар нәтижесінде компьютерде, қылқаламмен көптеген әдемі туындылар жасай алатынын, т.б. белгілі бір еңбек даярлығын, кейін түрлі өндірісте ұжыммен бірлесе отырып,

мүмкіндігіне сай айналыса алатын еңбек түрін анықтай алатынын көрсетіп отыр.

Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс координацияларының т.б. жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрады. Ал, бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін мұндай балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі жұмыс атқаруы қажет. Онда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Соның ішінен педагог-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет