Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ерте жастағЫ


Ересектер және құрдастармен өзара іс-әрекеті



бет62/91
Дата07.01.2022
өлшемі483,5 Kb.
#20291
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91
Ересектер және құрдастармен өзара іс-әрекеті

Балабақшаға жаңадан келген баланы жақындарынан бөлініп қалуды басынан өткізу кезінде өзгерген өмір жағдайларына ойдағыдай бейімделуіне көмектесуді, балабақша педагогтері мен ата-аналар жағынан эмоционалды қолдау көрсетулерін (мейірім, мақұлдау), мейірімділікпен қарау және қамқор болуларын қамтамасыз ету.

Құрдастарына жанашырлықпен қарап, көңіл қоя білу (ойыншықтарын бөлісу, орын беру), өтініштеріне құлақ асу, оларға көмектесу іскерліктерін бекіту. Дөрекі, қызғаншақ болмауға тәрбиелеу.

Құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге көмектесу, балаларды бір-бірімен ойын кезінде бірге ойнауға, қарапайым қатынасу тәсілдеріне, өтініш жасау, басқа балалармен ойыншықтарын айырбастау іскерліктерін үйрету.

Балаларды құрдастарымен бірге ортақ жұмыста (екеулеп қуыршақты қолына ұстап серуенге алып шығу, еденде отырып допты бір-біріне домалату, құрдасын жұбату) қатынас жасау қызығушылықтарына ынталандыру.

Педагогтермен және құрдастарымен бірлесіп әрекет ету үшін жағдай тудыру: ойындар, ертегілерді, тақпақ, өлеңдерді сахналау, музыка әуеніне байланысты қимылдар жасау және т.б.

Баланың заттармен, ойыншықтармен қимыл-әрекет жасау кезінде ересектерді тыңдауға және естуге талпындыру, ересектердің өтініштеріне әлі жететін тапсырмаларды орындауда (шкафқа киімдерін жинау, жерде жатқан затты жоғары көтеріп қою, т.б.) ересектермен бірге әрекет ету мен қатынас жасау қажеттілігін қолдау және дамыту.

Баланың жақын адамдарының, құрдастарының түрлі жағдайларын (қуану, қайғыру, ашулану) эмоционалды сезіну және көру қабілеттерін дамыту.

Баланы басқа адамдар (ересектер, құрдастар) өкпелі, көңілсіз, ренжулі болса, оларға жаны ашу сезімдерін оятып, баланың әрбір мейірімділік сезімдеріне қолдау көрсетіп, қатынаста болып мадақтап отыру көзделеді.

Бала өзін «Мен сурет саламын», «Мен серуендеуге шығамын» деп бірінші жақта айтуға, сыртқы келбеті бойынша (киімі, шашы), өзінің жынысын ажыратып («Мен - ұл баламын!», «Мен - қыз баламын!») айтуға мүмкіндік туғызу.

Бала өзін жақсы көрсетуге талпынуға байланысты және жарқын эмоционалды бояумен, жалпы өзін-өзі жоғары бағалауын; баланың әрекеті мен қылықтарын оң бағалауын; өз бетімен әрекет жасауын қолдауды; дербестік қажеттілігін («Мен өзім!»), өзіне, өзінің күшіне сенуді («Менің қолымнан келеді!», «Мен жақсымын!») дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет