Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,42 Mb.
#204
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
115 
2) 
пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:  
1) 
«Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»; 
2)
 
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»; 
3)
 
«Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»; 
4)
 
«Мен және менің құқығым»; 
5)
 
«Өз құқығыңды білесің бе?»; 
6)
 
«Бала және оның құқығы»;  
7)
 
«Ұлы дала заңдары»;  
8)
 
«Заң және заман»;  
9)
 
«Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б. 
 
Өзін-өзі тану   
 
«Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқытудың  негізгі  мақсат-мүдделері:    Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында 
«Жаратылыстану»  пәні  бойынша  нақтыланған  оқушының  тұлғалық  рухани-
адамгершілікті  дамытуды  ынталандыру,  жалпыадами  құндылықтарды  және 
құнлықтар туралы білімдерді жетілдіруге, оқушының жеке әлеуетін дамытуға, 
өзіндік  қабілеттерін,  әлеуметтік  маңызды  тұлғалық  қабілеттерді  және  өмірлік 
дағдыны қалыптастыруға жағдай жасау, адамды өмірге дайындауды  табысты іс 
жүзіне асыру.  
Оқыт пәнінің негізгі  міндеттері:  

өзін-өзі тануға және үнемі жетілуіне бағыттау;  

оқушыларда қарым-қатынас жасау негіздерін қалыптастыру; 

қоғамда  және ұжымда өз орнын білуге көмектесу; 

өзі,  адамдар  және  қоршаған  орта  бір-бірімен  қарым-қатынаста  екенін 
сезінуді ынталандыру; 

өмірлік және әр түрлі оқу жағдаяттарында  адамгершілік және әлеуметтік 
тәртіп тәжірибесін қалыптастыру;                     

не үшін өзінің өмірсүретінің және өмірлік мақсатқа жету үшін тұлғалық 
қасиеттерін дамыту. 
«Өзін-өзі тану» бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы маңызды жағдай 
болып «Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық» 
сияқты әдістемелік тәсілдер сабақтарда салауатты орта құру болып табылады.  
«Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  білім  беру  процесі  арнайы  жабдықталған 
кабинетте  жүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-
көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.  
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына барлығы  
34 сағат.   
 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы  
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  
15  шілдедегі  №281  бұйрығына  сәйкес  2016-2017  оқу  жылынан  бастап  оқу 
процесіне «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық 
және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізіледі. 
9-
сыныпта  үлгілік  оқу  жоспарының  вариативтік  компоненті  есебінен 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
116 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын  міндетті  түрде 
оқыту  үшін  аптасына  1  сағат,  оқу  жылында  34  сағат  бөлінеді.  Курсты 
біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді. 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және 
маңызы оның қазіргі қоғамдағы тарихи, мәдени мен рухани құндылықтықтарды 
анықтайтын  бастаулары  ретінде,  тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ететін  ғылыми-
дәйектелген негіздерін қалыптастыруды құраушы элемент ретінде қабылданған 
болып  табылады.  Курс  орта  білім  жүйесіндегі  қоғамтану  және  әлеуметтік-
гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.  
Факультативтік курсты оқытудың мақсаты: 

оқушыларды  «зайырлылық»  ұстанымын  құндылық,  яғни  мемлекет 
баяндылығының  басты  тұғыры  ретінде  қабылдауға,  дінді  зайырлы  таным 
аясында тануға үйрету;  

зайырлылықты 
рухани-адамгершілік 
құндылықтар, 
мемлекет 
тұрақтылығының  басты  факторы  ретінде  қабылдау,  дінді  мәдениет  ретінде 
қабылдауға үйрету, білім жүйесіне және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету;  

діни  сенім  бостандығы,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің,  жаңа  діни 
қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен 
тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру;  

оқушыларды  экстремизм,  терроризм  және  діни  радикализм 
идеологияларын  қабылдамауға  үйрету,  рухани-адамгершілік  құндылықтар 
негізінде  толеранттылық  қасиетке  тәрбиелеу  және  олардың  гуманистік 
дүниетанымын қалыптастыру.  
Факультативтік курсты оқытудың міндеттері: 
1)  оқушыларға  діннің  мәні,  тарихы  және  оның  қазіргі  қоғамдағы  рөлі 
жөнінде жүйелі мәлімет беру; 
2)  зайырлылық  ұстанымдарын  мемлекеттілік  пен  тәуелсіздіктің  негізі 
ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру; 
3)  зайырлылық  тұрғысынан  діни  сана,  діни  сенім,  діни  таным  және  діни 
тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;  
4)  діннің  дүниетанымдық,  мәдени  танымдық  және  адамгершілік  мәнін 
түсіндіру; 
5)  оқушыларды  діни  сенім  бостандығын  құрметтеуге,  толеранттылыққа 
баулу  арқылы  қазіргі  қоғамдағы  діни  ағымдарға  зайырлылық  ұстанымы 
негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру; 
6)  Қазақстандағы  этносаралық,  конфессияаралық  келісімді  зайырлылық 
ұстанымдарының  нәтижесі  ретінде  таныта  отырып,  оқушылардың  бойында 
азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу; 
7) Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің 
ерекшеліктерін айқындау 
8)  экстремизм,  терроризм,  діни  радикализм  секілді  жаһандық  жағымсыз 
құбылыстардың  теріс  идеологияларының  ұлттық  қауіпсіздікке,  зайырлылық 
ұстанымдарына,  қоғам  тұрақтылығына  төндіретін  қауіп-қатерін  түсіндіре 
отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу; 
9)  оқушылардың  бойында  діни  әдебиеттер,  электрондық  ресурстар  және 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
117 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  материалдарын  салыстыра  білу  және  сыни 
тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру; 
10) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, 
осы  тұрғыдағы  білімін  арттыруға,  Қазақстан  азаматтарының  құқықтары  мен 
еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу. 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  бағдарламаларының 
материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. 
Қоғам.  Құқық»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Өнер»  сияқты  пәндерімен  және 
«Этносаралық  қатынастардың  қалыптасу  тарихы»,  «Абайтану»  курстарымен 
пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.  
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұнында дін тарихын 
оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз 
мәнділігі бар білім алмайды. Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда 
болуы, нығаюы және дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет 
және  дін,  зайырлық  этикасы  негіздері,  адамның  рухани  өмірі  мен  қоғамдағы 
діннің  рөлі,  діни  бірлестіктер  мен  ағымдар,жаңа  діни  ағымдар  мен  дәстүрлі 
діни  жүйелердің  танымдық,  психологиялық,  тұрмыстық  деңгейдегі  қарама-
қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.  
Білім 
алушылардың 
жоғары 
рухани-адамгершілік 
қасиеттерін 
қалыптастыруда  Әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Иассауи,  Абай,  Ыбырай,  Шәкәрім 
сияқты  көрнекті  ағартушылар  мен  ойшылдардың  мәдени  және  рухани 
мұраларын оқыту айрықша маңызға ие. 
Деструктивті  ағымдардың,  тыйым  салынған  діни  ұйымдардың, 
бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен 
терроризмнің  ұлттың  қауіпсіздігі  үшін  қатерлі  екендігін  оқушылардың 
ұғынуына айрықша назар аударылған .  
«Қазақстан-дінаралық  бейбітшілік  пен  келісім  елі.  Қазақстан 
Республикасының  діни  заңнамалары.  Зайырлылық  –  ұлттық  қауіпсіздік  пен 
мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты басты жолы 
болуы тиіс.  
Курстың  мазмұнында  оқушылардың  өзіндік  зерттеу  әрекеттерін 
ұйымдастыратын  шығармашылық  жобалар  қарастырылған.  Шығармашылық 
жобаларда,  түрлі  нысандағы  ұйымдастырылған  өздігінен  жасалынған  зерттеу 
жұмыстары  барысында  діндер  мазмұнындағы  рухани  құндылықтар  мен 
Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер 
мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.  
Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда оқушылар өмірге 
қажетті  Қазақстан  аумағындағы  діндер  мен  діни  бірлестіктердің  мақсаты  мен 
ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты 
мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады. Осылайша, жүйелі түрде 
игерілген  білім  оқушыға  Қазақстан  Республикасының  толыққанды  азаматы 
ретінде  рухани  толысуға,  өз  халқының  рухани  мәдениетін  деструктивтік, 
радикалды  діни  бірлестіктердің  зиянды  әрекетінен  сақтау  және  қорғау 
мүмкіндіктерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  алады,  екінші  жағынан,  адамның 
қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
118 
ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.  
Оқушылар  бойында  өз  халқының  рухани  құндылықтарына  құрмет  сезімі 
қалыптасуы  тиісті,  олар  гуманистік  дүниетанымға,  жалпыадамзаттық 
құндылықтарға  және  толеранттыққа  қайшы  келетін  ұстанымдар  туралы 
ұғымдарды білуі тиіс.  
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық  
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсының  оқу 
процестерін  ұйымдастыру  барысында  пікірталас,  дөңгелек  үстел,  шағын 
жиналыс, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын, пікірталас 
және т.б. формаларын қолдану тиімді.  
Жобаларды  жеке  және  ұжыммен  ынтымақтаса  педагогика  принциптерін 
қолдана отырып орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және 
алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:  

дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет 
мақалаларына  талдау  жасау,  таңдап  алынған  тақырыптары  бойынша  ауызша 
және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау; 

діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;  

дәстүрлі 
діндердің 
біртұтас 
платформалары 
мен 
жалпы 
тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру; 

БАҚ  ақпараттарына  сүйене  отырып  елімізде  және  өңірлердегі  діни 
жағдайларды сараптау;  

Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;  

толеранттылық  және  дінаралық  келісім  орнаған  еліміздегі  нақты 
жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;  
Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:  

мәдени-тарихи,  өркениеттілік  мәніндегі,  дін  саласындағы  Қазақстанның 
қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;  

пәнді  оқыту  барысында  қандай  да  бір  діни  бағыттарға  артықшылықтар 
бермеу;  

жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;  

ақпарат,  дін,  рухани  құндылықтар,  мәдениет  саласына  қатысты 
заңнамалар талаптарын сақтау;  
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  аясында  алған  білімдерін 
бекіту  мақсатында  оқушыларға  қызықтыратын  тақырыптары  бойынша 
шығармашылық-жобалық  жұмыстар  жасауға  болады.  «Зайырлылық  және 
дінтану  негіздері»  бойынша  әзірленген  электронды  оқулық,  Қазақстанда  дін 
жүйесінің  таралуы  мен  ықпалы  туралы  мәдени-танымдық  сипаттағы  барлық 
діндер  бойынша  қысқаша  бейнематериалдар  т.б.  (міндетті  түрде  Дін  істері 
комитетінің  сараптама  комиссиясы  мақұлдаған)  сабақ  барысында  пайдалану 
ұсынылады.  
Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:  
-
 
ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды; 
-
 
зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын; 
-
 
мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас 
мәнін;  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
119 
-
 
діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін; 
-
 
қазақ-мұсылмандығының танымдық ойларын; 
-
 
«Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  Қазақстан 
Республикасының Заңын; 
-
 
әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай 
Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын; 
-
 
республикадағы  мемлекет,  мәдениет  және  діни  бірлестіктер 
арасындағы қарым-қатынастың жайын; 
-
 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты 
сақтау,  елдегі  және  халықаралық қауымдастықтағы  адамдардың  шынайы діни 
сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын; 
-
 
экстремистік, 
террористік, 
теріс 
сипаттағы 
ұйымдардың 
ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі. 
сонымен бірге: 
-
 
зайырлық,  діни  сана-сезім,  діни  сенім,  діни  тәжірибе,  діни  ой-сана 
ұғымдарының ара жігін ажырату, 
-
 
экстремистік,  террористік  сипаттағы  діни  топтар  мен  ағымдар 
идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитеті; 
-
 
діни,  рухани  маңызды  мәселелер  бойынша  әртүрлі  ой-талқы  жасау, 
пікір-таластыра  білу,  осы  саладағы  маңызды  оқиғалар  мен  құбылыстар, 
тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу; 
-
 
өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық 
деректер нұсқасында  тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі. 
 
«ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Музыка  
5-6-
сыныптарда  «Музыка»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың 
музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру, 
тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде 
қолдана  білуге  негізделген.  Музыка  баланың  бойындағы  асыл  қасиеттерін 
оятып, елін, жерін, Қазақстан Республикасын – Отанын сүюге тәрбиелейді.  
Пәнді оқытудың міндеттері:  
– 
дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен 
байланысы  және  оның  композиторлық  шығармашылығындағы  рөлі  туралы 
білім беру; 
– 
оқушылардың  музыка  өнері  жайында  көзқарасын  кеңейту,  музыкалық 
құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастырып, 
музыкалық шығармаларды бағалай білу; 
– 
музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу; 
–  музыкалық  өнер  арқылы  оқушыларды  адамгершілік  қасиеттерге 
тәрбиелеу; 
–  музыка  өнерінің  әртүрлі  әрекеттерінде  оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін дамыту.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
120 
Пән мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс 
және  батыс  классикалық  музыкасының,  әлем  музыкасының  ең  озық, 
қазақстандық  заманауи  өнер  туындыларын  қамтиды  және  оқушылардың 
мәдени,  құндылықты,  тұлғалық,  зияткерлік  қасиеттерін  қалыптастыруға 
бағытталған.  
Сабақтың,  сабақтан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік  мақсатын  «Мәңгілік  Ел» 
идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
музыка  өнері  туындылары  бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 
орындалады.  
«Музыка»  пәні  бойынша  бағдарлама  пәнаралық  интеграция  принципін 
ұстана  отырып,  тіл  және  әдебиет,  тарих  және  бейнелеу  өнерімен  байланыста 
оқытуды  көздейді,  бұл  өнер  түрлерінің  өзара  байланысы  туралы  көзқарас 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Оқытудың  әдістемелік  жүйесі  үздіксіздік  принципін  ұстана  отырып, 
бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік 
айқындалады. Дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің 
жан-жақты  дамуы  мен  түрлі  құбылыстарына  жеке  көзқарасын  қалыптастыра 
отыра, мұғалім мен оқушы арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық 
білдіре алады. Тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән 
айту  және  аспапта  орындау  тәсілін  бойына  сіңірудегі  басты  әдіс  болып 
табылады. 
Оқушылардың «Музыка» пәні бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу 
процесінің  қажетті  элементтерінің  бірі  болып  саналады.  Дұрыс 
ұйымдастырылған  жағдайда,  үй  тапсырмасы  (мәтінмен  жұмыс,  ән  салуға 
жаттығу, тамақ гимнастикасы және т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және 
тереңдетуге,  музыка  мен  ән  салуға  қызығушылықты  қалыптастыруға  және 
оқушылардың вокалдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді,  
«Музыка» пәні бойынша 5-6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағат, 
оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды. 
 
Бейнелеу өнерi  
Оқыту мақсаттары: 

эстетикалық  сезімдерді,  бейнелеу  өнеріне  қызығушылығын  тәрбиелеу; 
өнегелі  тәжірибесін  байыту,  ізгілік  пен  зұлымдық  туралы  ойларын  дамыту; 
адамгершілік  сезімдерін  тәрбиелеу,  Қазақстан  және  басқа  елдердегі 
халықтардың мәдениетін құрметтеу;  

қиялын,  кез  келген  іске  шығармашылық  тұрғыдан  қарау  ниеті  мен 
икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте 
бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;  

өнер  құралдарының  көмегімен  оқушылардың  шынайы  өмірге  деген 
эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру; 

халық  шығармашылығына  деген  қызығушылығы  мен  сүйіспеншілігін 
тәрбиелеу;  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
121 

аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту; 

оқушылар  көркем  композиция  жасау  кезінде,  сондай-ақ,  орындалған 
жұмыстарды  сыныпта  қарап,  талқылау  процесінде  олардың  көркемдік 
талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.  
Оқыту міндеттері:  

өзінің  қоршаған  әлемге  көзқарасын  шығармашылық  жұмыстарында 
көрсете білу қабілетін дамыту;  

сурет,  кескіндеме,  композиция  бойынша  бейнелеу  сауаты  негіздерімен 
таныстыру, жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге 
үйрету;  

бейнелеу  өнерінің  түрлерімен  (графика,  кескіндеме,  сәндік-қолданбалы 
өнер,  мүсін,  дизайн,  сәулет  өнері)  және  жанрларымен  (пейзаж,  портрет, 
натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру; 

көркемдік  дағдыларды  меңгеру  (әртүрлі  материалдармен  жұмыс  істеу 
және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);  

шынайы  өмірде  көркем  мәдениеттің  көрінісін  байқай  білу  қабілетін 
дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.); 

балаларда  сезімдік-эмоциялық  белгілерді:  зейін,  есте  сақтау,  қиял, 
елестетуді дамыту; 

оқушылардың  қолдарының  моторикасын,  иілгіштігін,  икемділігін  және 
көзбен шамалау дәлдігін жақсарту; 

өзінің  көлемді  композицияларын  жасау  немесе  жазық  және  көлемді-
кеңістіктік  тәсілдер  үйлесімдіктерін  пайдалану  арқылы  көркемдік  құрастыру 
элементтерімен таныстыру. 
«Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын 
сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі 
түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа 
базалық  курстарымен  тығыз  ықпалдастыруға  бағытталған.  Ол  негізгі  мектеп 
оқушыларының пластикалық өнердің әртүрлі материалдары мен техникаларын 
қолданып  көркем  бейне  жасауына  бағытталған  көркем-шығармашылық 
қызметтің  алуан  түрлеріндегі  бейнелі  тілін  меңгеруді  көздейді:  «Өнер 
туындыларын  қабылдау»,  «Кескіндеме»,  «Графика»,  «Мүсін  өнері», 
«Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».  
Білім беру тәжірибесінде «Бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін 
сияқты  бейнелеу  өнерлерімен  қатар  сәулет  және  сәндік-қолданбалы  өнерді 
қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз. 
Сабақтардың маңызды нәтижелері: 

мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, суретте немесе 
мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және 
өзінше  бағалай  білуі,  қазақ  және  әлемдік  өнердің  негізгі  стильдері  мен 
бағыттарын айыра білуі;  

өнер  тарихында  елеулі  рөл  атқарған  шеберлердің  шығармашылығымен 
танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады.  
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
122 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына, 
одан  кейін  әлемдік  көркем  мәдениет  үлгілерімен  танысуына  бағытталған. 
Сабақта  оқу  қызметінің  кез  келген  түрі  өзіндік  мәнге  ие,  оқушылардың 
мүдделерімен  келісіледі,  оларды  оқушы  өмірінде  нақты  пайдалануға 
бағдарланады.  Өнерге  деген  қызығушылығы  мен  көркемдік  талғамын  дамыту 
қалыптасқан  шығармашылық  іс-әрекеттің  жеке  тұлғалық  тәжірибесі,  өзіндік 
эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады. 
Бейнелеу  өнеріне  оқыту  барысында  оқушыларға  шығармашылық 
жұмыстың  арқауын  жасауда,  қызмет  түрлерін,  көркем  материалдарды,  жеке 
немесе  топтық  жұмыстарды,  шығармашылық  тапсырмаларды  орындау 
күрделілігін,  үй  тапсырмасының  формаларын  және  т.б.  таңдауда  көбірек 
еркіндік  беріледі.  Олар  оқушының  мәдени,  құндылықты,  тұлғалық  және 
зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. 
Оқу  материалы  көркемдік  білімнің  іскерлік  сипаты  мен  адамгершілік 
болмысын  көрсететін:  «Өнер  мен  көркемдік  қызметтің  адам  және  қоғам 
өміріндегі  рөлі»,  «Өмір  мен  өнердің  рухани-адамгершілік  проблемалары», 
«Әсем өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары» 
бөлімдерімен ұсынылған.  
Осылайша  бөлімдерге  бөлу  ерекшелігі  мынада,  бірінші  бөлім  оқу 
материалының  мазмұнын  ашады,  екінші  бөлім  оны  іс  жүзінде  іске  асырудың 
құралдарын  береді,  үшінші  тапсырма  тақырыбының  рухани-адамгершілік, 
эмоциялық-құндылық  бағыттылығын  болжамдайды,  төртінші,  олардан  бала 
көркемдік-шығармашылық  тәжірибе  алып  шығатын  қызмет  түрлері  мен 
шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, 
құндылыққа  бағдарланған,  қызметтік  қырларын  ашады.  Олар  (барлығы  бірге) 
әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық бөлімдер кешенді түрде жалпы 
көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.  
 
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
5-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат;  
6-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет