Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#768

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА 

 ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ҮЙРЕТУ БОЙЫНША  

БАҒДАРЛАМА   

 

_________________________________ 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Астана  



2015 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

 

 



 

 

 



 

Пікір жазғандар:  

 

А.Қ. Тусупова, ф. ғ. к. 

Г.Қ. Бакенова, меңгеруші 

Ж.А. Мухиденова, әдіскер 

 

 

 



 

 

 



 

Мектепке дейінгі ұйымдарда шетел тілдерін үйрету бойынша бағдарлама. – 

Астана, 2015.  

  

 



 

Ұсынылған бағдарлама ағылшын тілін  балабақшада алғашқы шетел тілі ретінде үйретуге, 

мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  ауызша  сөйлеуінің  қарапайым  дағдыларын  дамытуға 

және  қалыптастыруға  бағытталған.  Ұсынылған  тақырыптар  балалардың  жас  кезеңдері, 

танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес, балалар қиялы кеңістігі мен өзінің 

дербестігін білдіруге мүмкіндіктер береді. 

Аталған  бағдарлама  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесі  педагогтарына,  ЖОО  мен 

колледждердің студенттеріне арналған. 

 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  шетел  тілдерін  оқыту  бойынша  бағдарлама  ҚР  БҒМ 



«Мектепке  дейінгі  балалық  шақ»  Республикалық  орталығының  (№6  хаттама  2015  жыл  10 

қыркүйек) ғылыми-әдістемелік кеңесінде каралды және ұсынылды. 

  

 

 



 

 

 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» 

         республикалық орталығы, 2015 



 

 

 

 

 



 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА  

 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  шетел  тілдерін  оқыту  бойынша  бағдарлама 

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандартына, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен 

қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 

әзірленді.  

Осы  бағдарламаны  іске  асыру  баланың  одан  әрі    әлеуметтік,  тұлғалық, 

танымдық дамуына, көптілді және көпмәдениетті заманауи әлемде оның алғашқы 

бейімделуінің пайда болуына мүмкіндік береді.   

Бағдарламаның  педагогикалық  мақсатқа  сәйкестігі  мектеп  жасына  дейінгі 

балаларды ағылшын тіліне үйрету дұрыс айтуды қалыптастыратын, лексикалық 

қордың  жинақталуын,  шетел  тілін  тыңдап  түсіне  білуді  және  қарапайым 

әңгімелесуге  қатысуды  алдын-ала  қарастыратын  маңызды  кезеңдердің  бірінен 

тұратындығында.   

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  шетел  тілін  игеруінің  педагогикалық 

маңыздылығы  тұлғаның  тілді,  соның  ішінде  шетел  тілін  игеруі  зияткерлік, 

эмоциялық және адамгершілік дамуымен тығыз байланыстылығынан тұруында. 

Мамандар мектепке дейінгі жасты шетел тілін игеру үшін барынша қолайлы 

кезең  деп  санайды.  Психологтар  нақты  осы  жаста  тілдік  материалды  есте 

сақтаудың  орнықтылығы  мен  фонематикалық  естудің  жоғарғы  дәрежесін 

белгілейді. Балалық шақта шетел тіліне үйрету тіптен үзіліспен болғанның өзінде 

де уақыттың босқа өткендігі деп санауға болмайды.  Тәжірибеде мектепке дейінгі 

жаста игерілген тілдің айтарлықтай шапшаңдықпен қайта еске түсетіндігі туралы 

мағлұматтар да көп кездеседі.     



Өзектілігі. Қазіргі қоғамдағы өмірде шет тілінің маңыздылығы барынша жоғары. 

Қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  балаларды  шет  тіліне  үйрету  педагогтар  мен 

психологтарды,  психолингвистерді,  ата-аналарды  қызықтыратын  әңгіменің  арқауы 

болып тұр.  

  Шет  тілінің  негіздерін  меңгеру  балаларды  мәдениаралық  қарым-қатынастың 

жалпы  танылған  және  барынша  кең  тараған  құралдарының  біріне  қазіргі  әлемдегі 

маңызды  ақпараттардың  маңызды  қайнар  көзіне  тартуға,  сондай-ақ  өзінің 

қатысымдық тәжірибесін, жалпы және тілдік мәдениетін байытуға мүмкіндік береді.  

Қазіргі  таңдағы  шетел  тілдерін  мектепке  дейінгі  кезеңде  үйретуге  ата-

аналардың сұраныстары айтарлықтай жоғары және ол өз кезегінде бағдарламаның 

қажеттілігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді.  

Осы  бағдарламаның  өзектілігі  оның  тәжірибелік  маңыздылығына 

негізделген.  Балалар  алған  білімдері  мен  практикалық  тәжірибелерін  мектепке 

барған кезде де қолдана алады. Оған дейін балаларда ағылшын тілін одан әрі оқуға 

қызығушылық  қалыптасады,  белгілі  білім  көлемі  жинақталады,  демек  бұл 

бастауыш  сыныпта  ағылшын  тілін  оқыту  бойынша  кез-келген  бағдарламаны 

меңгеруді жеңілдетеді.   

 


 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 



 

 Мақсаты:  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  танымдық  және  тілдік 

қабілеттерін қалыптастыру. 

Бағдарламаны іске асыру барысында келесі міндеттер шешіледі: 

-    мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  ағылшын  тілінде  ауызша  сөйлеуге 

үйрету; 


- зейіні мен есте сақтауын, зияткерлік қабілеттерін дамыту;  

 -  бастауыш  сыныпта  үштұғырлы  тілді  қалыптастыруда  сабақтастықты 

жалғастыру үшін тілдік дайындықтың нормативтік базалық деңгейін қамтамасыз 

ету; 


-  үйретілетін  тіл  бойынша  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  белсенді 

және енжар сөздігін дамыту;  

-  ана  тілінің  базалық  құндылықтарын  игерген,  мемлекеттік  және  басқа 

тілдерде  мәдени-әлеуметтік  өзара  қарым-қатынасқа  дайын,  қоршаған  ортамен 

ауызша  және  ауызша  емес  құралдармен  қарам-қатынасқа  қабілетті  мектепке 

дейінгі жастағы балалардың көптілді тұлғасын тәрбиелеу; 

-    мемлекеттік,  орыс  және  ағылшын  тілдерінде  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастыру  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау  арқылы  үш  тілділік  білім  беру 

саясатын іске асыру. 

Шет тілін игерудің бастапқы кезеңіндегі оқытудың негізгі ұстанымдары

- қатысымдық бағыт (негізгі қызмет – қатысқа жағдайлар жасау); 

-  жеке-ұжымдық  өзара  әрекет  (негізгі  қызмет  –  үйретудің  ұжымдық  түрі 

арқылы баланың жеке қабілеттерін барынша іске асыру); 

-  қолжетімділік  және  күш  жетерлік  (әрбір  жастың  мүмкіндіктері  мен 

ерекшеліктерін есептеу); 

- үйретудің негізі ойын болып табылады.  

Балалық  шақта  әлемді  тану,  соның  ішінде  өзге  тілді  тану  көбінесе  ойын 

әрекеті  жағдайларында  жүреді.  Ойын  –  бұл    тілдік  қарым-қатынас  жасауға 

дайындықты қамтамасыз ететін әдістемелік құрал, баланың ең басты уәждемелік 

қозғаушы  күш.  Сондықтан  да  дәл  осы  ойын  әдісі  балабақшада  шетел  тіліне 

үйретудің  негізгі  ұстанымын  анықтайды.  Қарапайым  шетел  тіліндегі  дағдылар 

мен  біліктерді  кезең-кезеңімен  қалыптастыру  оқу  үдерісінің  үздіксіздігі  мен 

толықтығын, балалардың жетістіктерін қадағалауды және олардағы осы кезеңдегі 

коммуникативтік  құзіреттіліктің  қалыптасу  деңгейлерін  анықтауды  қамтамасыз 

етеді.   

Бағдарламаға  сәйкес  балаларға  ерте  жас  кезеңінен  бастап  ағылшын  тілін 

үйрету барысында келесі: 

- қатысымдық; 

- көрнекілік; 

- жобалық негізгі әдістерді қолдануға болады.  



Қатысымдық  әдіс  оқу  әрекеті  ретінде  шет  тілінің  ерекшеліктеріне  сәйкес  

жоғарғы,  басымдық  әдіс  болып  табылады.  Осы  әдістің  арқасында  бірінші 

кезектегі  міндет  -  ерте  жас  кезеңінен  бастап  ауызша  шет  тілінде  қатынасудың 

қарапайым  дағдылары  мен  біліктерін  игеру  арқылы  балаларға  ағылшын  тілін 



 

үйрету  шешіледі,  балалардың  мәдениаралық  қатынасқа  алғашқы  қабілеттілігі 



қалыптасады. 

Көрнекілік  әдіс  балалардың  практикалық  әрекетінде  оқу  материалын 

түсінуді,  есте  сақтауды,  қолдануды  жеңілдету  мақсатында  қоршаған  ортаның 

заттары мен құбылыстарын тікелей көрсетуді, көрнекі құралдарды қарастырады.   

Жобалау әдісі мектепке дейінгі жастағы балаларға тән, оқытуда заттардың 

арасындағы  байланыстарды  табуға,  шет  тілі  кабинетіндегі  «тар  кеңістікті» 

кеңейтуге,  әрекеттің  практикалық  түрлеріне  кеңінен  сүйеніп  жүзеге  асыруға         

мүмкіндік  береді.  Осылай  балаларда  оқытудың  осы  кезеңінде  ағылшын  тілін 

игерудің  қатысымдық  көрсеткіші  ретінде  қарапайым  креативті  құзіреттілігі 

дамиды. 


Ал ата-аналармен жұмыстың келесі түрлерін қолдану ұсынылады: 

- ата-аналар жиналыстары; 

- ағылшын тілі бойынша жеке және ұжымдық кеңестер

- ағылшын тілінен ашық сабақтар; 

- сауалнама; 

- педагогикалық үдерісті жабдықтау бойынша ата-аналардың көмегі және т.б.  

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  шет  тіліне  ойдағыдай  үйретуде 

педагогтың  ықпалы  зор.  Ол  ағылшын  тілін  оқытуда  алуан  түрлі  әдістер  мен 

тәсілдерді сәйкестендіріп, барынша кең көмек пен қолдау негізінде әрбір баланың 

дамуын, танымы мен өзін-өзі танытуын қамтамасыз етеді.        



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ БОЙЫНША 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ 

ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫНА  СӘЙКЕС ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ 

КЕЗЕҢДЕРІ БОЙЫНША  ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ӘРЕКЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ 

 

  Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  ағылшын  тілі  бойынша  мектепке  дейінгі 

ұйымдарда ұйымдастырылған оқу іс әрекеті төмендегі кестеге сәйкес жүргізіледі:  

 

 

№ 

Топтар 

Балалардың жасы 

Ұйымдастырылған  

оқу іс-әрекетінің 

жалпы көлемі 

Ұйымдастырылған 

оқу іс-әрекетінің 

ұзақтығы 

1 II кіші топ 

3 жастан 4 жасқа 

дейін 


екі аптада бір рет 

15-20 минут 

2 Ортаңғы топ 

4 жастан 5 жасқа 

дейін 

екі аптада бір рет  



20-25 минут 

3 Ересектер тобы 

5 жастан 6 жасқа 

дейін 


аптасына бір рет  

20-25 минут 



 

Тілдік біліктер  

Тілдің заттық мазмұны 

        Мектепке дейінгі жастағы балалардың ағылшын тілінде тілдесуі келесі 

үлгілік тақырыптар аясында жүргізіледі:    

1.

 

Мен  және  менің  отбысым.  Жанұядағы,  достармен  қарым-қатынастар. 



Сырқы келбет. 1- ден 12 дейін санау. Бір-біріне сыпайы және қайырымды қарым-

қатынасқа тәрбиелеу.  

2.

 

Үй  жануарлары  және  жабайы  аңдар.  Түстер.  Сын  есім.  Жануарлар  мен 



аңдарға сүйіспеншілікті және жеке және жолдастарының жетістіктеріне жағымды  

көніл күйлерін тәрбиелеу.  

3.

 

Туған ел және тілі үйретілетін ел. Танымал адамдар (ағылшын ханшайымы 



мен ханзадасы).    Көрікті жерлер (ескерткіштер, көшелер, театрлар). 

4.

 



Жыл мезгілдері. Табиғат. Ауа-райы. Етістіктер. Спорт түрлері. Әуестену.  

                   



                         Тілдесу әрекетінің түрлері  

Айтылым 

Диалогтік сөйлеу  

Әдепті  сипаттағы  диалог  –  әңгімені  қолдау  және  аяқтау;  құттықтау,  тілек 

білдіру және оларға жауап қату; алғыс білдіру; сыпайы қайталап сұрау, бас тарту, 

келісу.   

Сурақ-жауап диалогі – деректі ақпараттарды сұрау және хабарлау (Кім? Не? 

Қалай? Қайда?), сұрақ қоюшыдан жауап берушіге ауысу; мақсатты түрде сұрау, 

«сұхбат алу». 

Әрекетке  итермелеу  диалогі  –  өтіну,  әрекетке,  өзара  әрекет  етуге  және 

келісуге  шақыру, қатысуға келіспеу. 


 

Қатысымдық міндеттерді шешу үшін берілген диалог түрлерін қиыстыру.  



Монологтік сөйлеу 

Хабарлау  және баяндау  сипатындағы тілдің  қатысымдық  түрлерін  қолдана 

отырып деректер мен оқиғаларды қысқаша жеткізу.  

Тыңдалым 

Педагогтың сөзі немесе тыңдалған мәтінді есту қабылдау және түсіну. 

Біліктерді қалыптастыру: 

- естіп қабылданған мәтіндегі негізгі ақпаратты бөлу; 

- қажетті ақпаратты таңдап түсіну.  

                                           Тілдік біліктер мен дағдылар  

 Тілдің айтылу жағы 



   Үйретілетін  шет  тілінің  барлық  дыбыстарының  дәлме-дәл  айтылу 

дағдылары  мен  естілу  айырмашылықтары,  сөздер  мен  тіркестерде  екпін  мен 

интонацияларды  сақтау,  әртүрлі  сөйлемдерді,  сезім  білдіру  мен  эмоцияларды 

айтудың ырғақты-интонациялық дағдылары.   



Тілдің лексикалық жағы  

  Мектепке  дейінгі  ұйымның  тақырыбы  аясында  жағдаяттарға  қызмет 

көрсететін тілдегі лексикалық бірліктерді,  тілі үйретілетін елдің мәдениетіне тән, 

барынша  кеңінен  тараған  тұрақты  тіркестерді,  бағалау  лексикасын,  сөйлеу 

әдебінің қақпа сөздерін тану және қолдану дағдылары.  

   Тілдің граматикалық құрылымын қалыптастыру  

   Барынша  кеңінен  қолданылатын  мезгілдік  түрдегі  етістіктердің  белгілері, 

зат есімдер, белгісіз артикльдер, жеке-белгісіз есімдіктер, сын есімдер, үстеулер, 

қосымшалар,  сандық  және  реттік  сан  есімдер.  Сөйлеуде  оларды  тану  және 

қолдану дағдылары.  

                                 Мәдени-әлеуметтік білім мен біліктер  

Өз  елінің және  тілі үйретілетін  елдің  мәдени-ұлттық  ерекшеліктері  туралы 

білімдерін қолданып, тікелей шет тілінде білім әрекетінде және оқыту барысында  

басқа  тура  әрекетте  алынған  тұлғалар  арасындағы  және  мәдениаралық 

қатынастарды іске асыру.  

  Білім: 

- үйретілетін шет тілінің қазіргі әлемдегі маңызы; 

- барынша кеңінен қолданылатын лексика; 

- үйретілетін тілде сөйлейтін елдің заманауи мәдени-әлеуметтік бейнесі; 

- тілі үйретілетін елдің мәдени мұрасы. 

Біліктерді игеру: 

- өзінің мәдениетін шет тілінде жеткізу; 

- өз елі мен тілі үйретілетін елдердің дәстүрлері арасындағы айырмашылық 

пен ұқсастықты табу. 



Оқу-танымдық біліктер  

  Арнайы оқу біліктерін игеру:  

-

 

шет тілінде мәнді мультфильмдерді көруді жүзеге асыру; 



 

-



 

қарапайым тапсырмаларды орындау; 

-

 

сөздіктер мен анықтамаларды соның ішінде электрондық қолдану, 



кіріктірілген сипаттағы жобалау әрекетіне қатысу.  

 

Үлгілік тақырыптық жоспар 



 

Таныстыру (мерекелер).  «Сәлем! Бұл мен!» 

Мақсаты: Тілдесудің сыпайы түрлерін дамыту (сәлемдесу, қоштасу, танысу). 

Міндеттері: 

1.  Өзіне айтылған сөзді түсіне және оларға жауап бере білуді дамыту; 

2. Өзі туралы хабарлай білуді дамыту. 

3. Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы түсініктерді қалыптастыру. 



II кіші топ  

Тыңдау: What is name? How old are you? 

Лексикалық норма: 

A boy, a girl, one, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten. 

Игеруге тиісті тілдік бейнелер: 

Good morning! 

Good afternoon! 

Good bye! 

Hello! 

Hi! 


My name is… 

Практикалық әрекет: 

«Серуендегі кездесу» жағдаятын ойнау  



Елді  тануға  материал:  Ағылшын  тілінде  сөйлейтін  елдердегі  танысу 

ережесі. 

Ағылшын балаларының есімдері. 

Ортаңғы топ  

Тыңдау: How are you? 

Where do you live? 



Лексикалық норма: 

Eleven, twelve, to live, he, she. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

Good evening! 

I am five 

I live in Stary Oskol 

Nice to meet you! 

I’m fine 



Практикалық әрекет: 

«Сұхбаттасу» жағдаятын ойнау 



Елді тануға материал: London, America, Great Britain. 

Ересек топ 

 

Тыңдау:  

How are you? 

Where do you live? 



Лексикалық норма: 

Eleven, twelve, to live, he, she. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

I’m glad to see you. 

Happy birthday to you! 

That’s my name! 



Практикалық әрекет: 

 «Туған күнде» жағдаятын ойнау. 



Елді тануға материал: Ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде туған күндерді 

қалай тойлайды? 



 

«Менің отбасым» 

Мақсаты: Отбасындағы тілектестік қатынастарды дамытуға мүмкіндік беру 

және балалардың сөздік қорларын кеңейту.  

Міндеттері: 

1.

 

Оқиға  желісімен  балалардың  ағылшын  тілінде  қатысу  негіздерін 



қалыптастыру:  өзінің  отбасы  мүшелері,  олардың  немен  айналысатыны  және 

қызығушылықтары туралы айту. 

2.

 

Ағылшын тілінің айтылу дағдыларын дамыту. 



3.

 

Балаларды  ағылшын  тілінде  сөйлейтін  елдердің  тұрмыстық 



ерекшеліктері 

мен 


отбасылық  дәстүрлерін 

бейнелейтін 

түпнұсқалық 

ақпараттармен таныстыру.  



II кіші топ  

Тыңдау:  

Is this…? 



Лексикалық норма: 

A mother, a father, a sister, a brother. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

This is my mother. 



Практикалық әрекет: 

Жанұяның суретін салу. 



Елді тануға материал: Ағылшын отбасының мүшелері қалай аталады және 

олар бір-бірімен қалай сөйлеседі? 



Ортаңғы топ  

Тыңдау:  

Have you got…? 

How many….? 

Лексикалық норма: 

A family, to love. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

Yes, I have 



10 

 

No, I have not 



I have a mother. 

Практикалық әрекет: 

Отбасының бейнесін жасау 



Елді тануға материал: Англияның тұрмысы мен отбасылық дәстүрлері. 

Ересек топ 

Тыңдау:  

Please, show me. 

Let’s count. 

What have you got? 



Лексикалық норма: 

A doctor, a teacher, глагол have, has. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

That is… 

I love my mother. 

My friend has… 



Практикалық әрекет: 

Досымның жанұясы туралы әңгімесі. 



Елді тануға материал: Ағылшын есімдері мен тектері. 

 

«Үй жануарлары мен жабайы аңдар» 

Мақсаты: Балаларда аңдарға қайырымды және қамқорлық қарым-қатынасты 

тәрбиелеу. 

Міндеттері: 

1. Практикалық және ойындық әрекеттердің әртүрлі түрлерінен құралдарды 

қоса  отырып,  түрлі  жастағы  балалардың  ағылшын  тілін  үйренуде  уәждемелік 

аясын дамыту.   

2.  Педагогтың  қысқа  мәтіндері  мен  қаратпа  сөздерін  тыңдау  дағдыларын 

дамыту.  

3.  Ересектермен  және  құрбыларымен  қатысу  жағдайы  негізінде  диалогтік 

қатысудың  қарапайым  деңгейінде  еркін  сөйлесе  білуді  қалыптастыру.  Ауызекі 

сөйлеуде  меңгерілген  лексика  мен  тілдік  бейнелерді  белсенді  қолдана  білу. 

Жануарлар туралы қысқа хабарлама жасау.  

4.  Түрлі  елді  танытатын  материалды  қосу  арқылы  ағылшын  және 

американдық  авторлардың  жануарлар  туралы    көркем  әдебиетімен  таныстыру, 

қоршаған әлем туралы балалардың түсініктерін кеңейту.  

II кіші топ  

Тыңдау:  

What is this? 



Лексикалық норма: 

a bear, a hare, a dog, a frog, a cock, a pig, a bat, a cat, a fox, a mouse, a bird, a 

chick, a horse,; red, grey, green, white, black, blue. 

Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 


11 

 

This is a cat. 



I am a frog. 

I can jump. 



Практикалық әрекет: 

«Менің сүйікті аңдарым» ұжымдық сурет салу. 



Елді  тануға  материал:  Ағылшын  тілді  елдердің  жануарларымен  және  

олардың тіршілік әрекетімен таныстыру. 

A zebra, a giraffe, a snake. 

Ортаңғы топ  

Тыңдау:  

What can you see? 

What do you have? 

What can a frog do? 



Лексикалық норма: 

a hen, a fish, a cow, a rabbit, a goose, a monkey, a duck, a donkey, a pony. Зат 

есімдердің көпше түрі. 

Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

I can see a donkey. 

I have a cat. 

The horse can run. 



Практикалық әрекет: 

 «Үйшік» шағын қойылым. 



Елді тануға материал:  «Көңілді ферма». Адамдарға пайдасы бар, британдық 

фермалардың жануарларымен таныстыру. Milk, cheese, butter, meat  



 Ересек топ 

Тыңдау:  

What does the horse like? 

What colour is the lion? 

What is your favourite animal? 



Лексикалық норма: 

a camel, an elephant, a tiger, a dove, a crocodile, a parrot; corn, grass. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

The horse likes corn. 

The crocodile is green. 

My favourite animal is a dog. 

I like to ride a pony. 

Практикалық әрекет: 

Байқау: «Менің сүйікті жануарым» 



Елді  тануға  материал:  Лондонның  хайуанаттар  бағы.  Лондонның 

хайуанаттар бағнадағы тіршілік етушілермен таныстыру. A kangaroo, a peacock, a 

lion. 

                                        

 


12 

 

«Ойыншықтар» 

Мақсаты:    Тақырып  бойынша  лексикалық  бірліктер  мен  тілдік  бейнелерді 

енгізу жолымен әлеуетті сөздікті кеңейту. 

Міндеттері: 

1.  Балаларда  әрекеттің  ұжымдық  түрінде  бірге  әрекет  ете  білуді 

қалыптастыру. 

2. Күнделікті ойнайтын сүйікті заттар туралы қарапайым деңгейде әңгімелей 

білуді дамыту. 

3. Балаларды көліктің түрлерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру. 

4.  Балаларды  құрбыларының  ұжымында  бірге  әрекет  ете  білуге,  соңғы 

нәтижеге жетуге құштарлыққа тәрбиелеу.  



II кіші топ     

Тыңдау:  

What do you like toys? 



Лексикалық норма: 

a doll, a ball, a car, a kite, a ship, a drum, a bike, a balloon, 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

This is a kite. 

Is this a kite? 

Практикалық әрекет: 

Өтілген тақырып аясында түрлі ойындарды ұйымдастыру және жүргізу. 



Елді тануға материал: Ағылшын ойындарының атаулары. 

Ортаңғы топ  

Тыңдау:  

What is this? 

What have you got? 

Лексикалық норма: 

a doll, a ball,  

a car, a kite, 

a ship, a drum, 

a bike, 

 a balloon, old, new. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

I like a doll. 

This is a new kite. 

This is a old car. 

I have got a doll. 

Практикалық әрекет: 

Өтілген тақырып аясында түрлі ойындарды ұйымдастыру және жүргізу. 



Елді тануға материал: Ағылшын балаларының сүйікті ойыншықтары.                                   

Ересек топ 

Тыңдау:  

13 

 

Where is the car? 



What can you see? 

What can you see in the street? 



Лексикалық норма: 

Near, under, to, from, 

Street, a bus,  

a traffic lights,  

a trolleybus. By car, by bus, 

By trolleybus. 

To  wait, to stop, 

To go,  


Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

The car is under the box. 

Take the ball, please. 

Put the ball into the box, please. 

It` s a street. 

I can see a trolleybus in the street. 

I can see a bus in the street. 

I can see a traffic lights.  

I can see a lot of cars in the street. 

Let`s go by the trolleybus. 

Let`s go by the bus.  

Let`s go by the traffic lights. 

The yellow says «wait»,  

The red says «stop»,  

The green says «go»,  

Now, do so! 



Практикалық әрекет: 

Өтілген тақырып аясында түрлі ойындарды ұйымдастыру және жүргізу. 



Елді тануға материал: Ағылшын халық ойындары. 

 

«Ас» 

Мақсаты:  Ағылшын  тілінде  сөйлейтін  елдердің  үстел  басында  өзін  ұстау, 

үстелді  жасақтау,  негізгі  тағамдармен  тамақтану  мәдениеті    әдебі      туралы 

түсініктерді қалыптастыру. 

Міндеттері: 

1.  Осы  тақырып  бойынша  лексикалық,  грамматикалық  және  елді  тануға 

арналған материалдардың көлемін ұлғайту. 

2. А белгізіздік артиклін қолдану жағдайларын жалпылау. 

3.  Музыкалық  және  теартланған  әрекет  құралдарымен  ауызша  сөйлеуді 

дамыту.  

II кіші топ  


14 

 

Тыңдау: 

Do you like an apple? 

What do you  

like? 

Лексикалық норма: 

a pear, an apple, a banana, an orange, a cake, milk, a tomato, a potato. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

I like apples. 

I don’t like bread. 

Практикалық әрекет: 

Жемісті салу. «Мен нені ұнатам» жағдаятты ойыны. 



Елді  тануға  материал:  Англия  мен  америка  балалары  нені  жегенді  және 

ішкенді ұнатады? 



Ортаңғы топ  

Тыңдау:  

What do you  

drink for breakfast? 

Would you like tea/juise? 



Лексикалық норма: 

A cake, milk, a tomato, a potato, tea, juice, butter, sausage, porrige 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

I would like milk. 

I have a sausage and bread. 

Практикалық әрекет: 

«Қонақта», «Дүкенде» 



Елді  тануға  материал:  Англия  мен  америка  балалары  нені  жегенді  және 

ішкенді ұнатады? 



Ересек топ 

Тыңдау:  

What do you eat for dinner/lunch/supper? 

What do you have for dinner? 

Лексикалық норма: 

Dinner, lunch, supper, a cucumber, meat, salad, macaroni. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

I eat soup for dinner.  

I eat potatoes with meat and bread 

Практикалық әрекет: 

«Үстелдерді жасаймыз» жағдаятты ойыны. 



Елді тануға материал: Англия мен америка балаларының сүйікті тағамдары. 

«Үй. Мектеп құралдары» 

     Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзінің үйіне 

деген қуаныш пен мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу. 

     Міндеттері: 



15 

 

1.



 

Осы тақырып бойынша ауызша монологтік тілді дамыту. 

2.

 

Осы  тақырып  бойынша  лексикалық,  грамматикалық  материалдарды 



кеңейту. 

3.

 



Балаларды  ағылшын  тілінде  сөйлейтін  елдердің  тұратын  үйлерімен 

таныстыру.  

4.

 

Сөздік қорды байыту. 



II кіші топ  

Тыңдау:  

Do you live in the house? 



Лексикалық норма: 

A house, a flat, a room, a home, a pen, a book, a copy-book. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

I live in the house. This is my flat. 



Практикалық әрекет: 

 «Менің үйім», «Үстелде не бар?» сурет салу. 



Елді тануға материал: Ағылшындардың үйлері қандай? 

Ортаңғы топ  

Тыңдау:  

Is your house big? 

What is this? 

What colour is the sofa? 



Лексикалық норма: 

A table, a chair, a sofa, TV, a lamp, a bed, a clock,  a pencil, a rubber, a ruler. 



Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

This is an armchair. It is a green sofa 



Практикалық әрекет: 

Өзінің үйі туралы әңгіме құрастыру. 



Елді  тануға  материал:  Ағылшындар  өз  үйлерін  жиһазбен  қалай 

жабдықтайды? 



Ересек топ 

Тыңдау:  

There is a picture on the wall. What are there on the table? 



Лексикалық норма: 

A  table,  a  chair,  a  sofa,  TV,  my  kitchen,  a  dish,  a  pot,  a  toilet,  a  bathroom,  a 

fireplace, a mirror, a tap. 

Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

There is a picture on the wall. There are books on the table. 



Практикалық әрекет: 

«Үйді жинайық», «Мен мектепке не аламын?» жағдаятты ойындар. 



Елді тануға материал: Неге барлық ағылшын үйлерінде алауошақтар бар? 

 

«Жыл мезгілдері» 

16 

 

Мақсаты:  Ағылшын  және  америка  халықтарының  тілі  мен  мәдениетіне 



балалардың қызығушылықтарын тәрбиелеу. 

Міндеттері: 

2.  Жылдың  сүйікті  мезгілі,  жылдың  түрлі  мезгілінде  немен  айналысқанды 

ұнататындығы,  осы  жылы  жазда  қалай  демалатындығы  туралы  қарапайым 

деңгейде айта білуді дамыту. 

3. Оқиға бойынша тыңдау және айта білуді дамыту. 

4.Сөздікті кеңейту. 

II кіші топ  

Тыңдау: 

What season is it? 

Is spring green? 

Is summer bright? 

Is autumn yellow? 

Is winter white 



Лексикалық норма: 

summer, winter, spring, autumn, green,  

bright, yellow, white. 

Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

It is spring? 

 It is summer? 

It is winter? 

It is autumn? 

Spring is green. 

Summer is bright. 

Autumn is yellow. 

Winter is white. 

Практикалық әрекет: 

Өтілген тақырып аясында түрлі ойындарды ұйымдастыру және жүргізу. 



Елді тануға материал: Британияның ауа-райы қалай? 

Ортаңғы топ  

Тыңдау:  

What season do you like? 

It is warm in spring? 

It is hot in summer ? 

It is cold in autumn? 

It is very cold in winter? 



Лексикалық норма: 

summer, winter, spring, autumn, hot, warm, cold. 

Football, volleyball, basketball, tennis. 

Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

It` s spring .  

It` s warm. 


17 

 

 It` s summer. It` s hot. 



It` s winter.  

It` s very cold. 

It `s autumn.  

It` s cold . 

Play football, Play volleyball, Play basketball,  

Play tennis. 



Практикалық әрекет: 

Өтілген тақырып аясында түрлі ойындарды ұйымдастыру және жүргізу. 



Елді  тануға  материал:  Британия  балалары  жаздық  демалыстарын  қалай 

өткізеді? 



Ересек топ 

Тыңдау:  

What season is it now? 

What will you do in summer? 

Do  you like to ride a bike? 



Лексикалық норма: 

Summer, winter, spring, autumn. 

a duck,  

a flower, 

a boat, 

a park, 


a tree, 

a bush,  

a bike. 

Меңгеруге тиісті тілдік үлгілер: 

It` s spring.  

 It` s summer.  

It` s winter.  

It `s autumn.  

This is a park? 

Is this a duck? 

Yes, it is. It` s a duck. 

No, it isn` t. 

 It ` s a flower. 

I like to ride a bike. 

Практикалық әрекет: 

Өтілген тақырып аясында түрлі ойындарды ұйымдастыру және жүргізу. 



Елді  тануға  материал:  Британия  балалары  жаздық  демалыстарын  қалай 

өткізеді? 

 

 

 

 


18 

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР 



 

Шетел тілін үйрену нәтижесінде балалар: 

-

 

үйретілген  лексикалық  бірліктердің  (сөздерді,  сөз  тіркестерін)  негізгі 



мағыналарын; 

-

 



сөйлемдердің әртүрлі қатысымдық түрлерінің интонацияларын; 

-

 



үйретілген  грамматикалық  құрылымдардың  белгілерін  (етістіктердің 

мезгілдік түрлерін, модальді етістіктерді, артиклдерді, зат есімдерді, одағайларды, 

сан есімдерді, қосымшаларды); 

-

 



тілі үйретілетін елде қабылданған, тілдік әдептің негізгі нормаларын; 

-

 



қазіргі  әлемде  шетел  тілдерін  игерудің  рөлін,  тілі  үйретілетін  елдің  өмір 

сүру,  тұрмыстық,    мәдени  ерекшеліктерін  (бүкіл  әлемдік  балалар  көркем 

шығармаларының белгілі кейіпкерлерін, белгілі көрікті жерлерді), тілі үйретілетін 

ел мен өз елінің дәстүрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын; 

айтылым бойынша: 

-

 



тілдік  әдептің  нормаларын  сақтай  отырып,  тілдесудің  стандартты 

жағдайларында әңгімелесуді бастауды, жүргізуді, қолдау мен аяқтауды; 

-

 

үйретілген  тақырып  пен  меңгерілген  лексико-грамматикалық  материалға 



сүйене отырып, әңгімелесушіге сұрақ қоюды және оның сауалдарына өзінің ойын 

айта  отырып,  жауап  беруді,  өтінуді,  әңгімелесушінің  ұсыныстарына  келісіммен 

жауап беруді, қарсы шығуды; 

-

 



өзі,  өзінің  отбасы,  достары,  өзінің  қызығушылықтары  мен  болашаққа 

жоспарлары туралы әңгімелеуді, өзінің елі мен тілі үйретілетін ел, өзінің қаласы, 

селосы туралы қысқаша мәліметтерді хабарлауды; 

-

 



оқиғалар  мен  құбылыстарды  (үйретілген  тақырыптар  шеңберінде) 

сипаттауды,  қысқаша  хабарлама  жасауды,  негізгі  мазмұнды,  естігенінің  негізгі 

ойын  беруді,  естігеніне  өзінің  қатысын  білдіруді,  кейіпкерлерге  қысқаша 

мінездеме беруді; 

тындалым бойынша: 

-

 



күрделі  емес,  қысқа,  түпнұсқалық,  бағдарламалық  мәтіндердің  (ауа  райы, 

мультфильмдер)  негізгі  мазмұнын  түсінуді  және  маңызды  ақпараттарды 

шығаруды; 

-

 



 тілдің әртүрлі қатысымдық түрлеріне жататын (хабарлама, әңгіме)  күрделі 

емес, түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінуі және білуі тиіс. 

Игерілген білім мен біліктерді практикалық қызмет пен күнделікті өмірде: 

-

 



әлеуметтік  бейімделуде,  шетел  тілін  иемденушімен  ауызша  қатысу 

барысында  өзара  түсінісуге,  қолжетімді  мөлшерде  тұлғааралық  және 

мәдениаралық қатынастарға  жету

-

 



көптілді, көпмәдениетті әлемнің тұтас бейнесін тану, осы әдемдегі ана тілі 

мен үйренетін шетел тілінің рөлі мен орнын тану; 

-

 

шет  тілінің  ақпараттар  көздері  арқылы  (соның  ішінде  мультимедиялық) 



әлемдік мәдениеттің құндылықтарына тарту.                       

 

 

 

19 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 



Түсіндірме жазба 

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 



Мектепке дейінгі ұйымдарда шет тілін оқыту бойынша 

қазақстан республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен 

оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандартына  сәйкес 

жас ерекшелігі кезеңдері бойынша  тәрбиелеу- оқыту 

әрекетінің мазмұны 



 



Күтілетін нәтижелер 



18 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет