Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата30.12.2016
өлшемі481,87 Kb.
#802
1   2   3

 Электр қауіпсіздігі ережесі 

- электр өткізгіштің, арматураның ақауларына, техникалық құралдардың, 

компьютердің  дұрыс  жұмыс  істеуін  қадағалау  керек.  Егер  ақаулар  болса, 

педагог пен тәрбиешіге баяндауы керек;  

-  техникалық  құралдарды,  компьютерді  желіге  қосып,  қараусыз 

қалдыруға болмайды;  

-  тоқтың  қозғалысын  байқаған  уақытта,  жылдам  техникалық  құралдарды 

немесе компьютерді желіден ажыратып, бұл туралы мұғалімге баяндау керек



Кабинеттің санитарлық-гигиеналық талаптары 

Кабинетті  табиғи  және  жасанды  жарықтандыру  СанЕжН  сәйкес 

қамтамасыз  етілуі  керек.    Оқу  бөлмесінің  терезелері  көкжиектің  оң,  шығыс 

немесе  оңтүстік-шығыс  жағына      бағдарлануы  керек.  Бөлмені  сол    жақ 

бүйірден  жарықтандыру  керек.  Екі  жақты  жарықтандыруда  кабитеттің 

тереңдігі  6  м  болғанда  еденнен  биіктігі  2,2  м  кем  емес  оң  жақтан  қондырғы 

міндетті.    Жарық  ойықтарын  (ішкі  және  сыртқы  жағынан)  жабдықтармен 

немесе  басқа  заттармен  қараңғылауға  болмайды.  Кабинеттің  жарық  түсіруші 

ойықтары  реттелетін  күннен  қорғайтын  жалюз  сияқты  құрылғымен,  ашық 

түсті  қабырғаның    және  жиһаздың  түсімен  сәйкес  келетін  тоқылған 



11 

 

перделермен  жабдықталуы  керек.  Жасанды  жарықтандыру  үшін  ЛС002Х40, 



ЛП028х40,  ЛП002-2х40,  ЛП034-4х36,  ЦСП-5-2х40  түріндегі  люминесцентті 

шамдалдарды  қолдану  керек  Шамдалдар  терезеге  паралельді  қатармен 

кабинеттің  төріне    орналасуы  керек.  Шамдалдардың  бөлек  қосылуын 

қарастыру  қажет.  Тақта  оған  паралельді  орналасқан  екі  ЛПО-30-40-122(125) 

("қисықжарық")  түріндегі  айна  шамдалдармен  жарықтануы  керек.    . 

Шамдалдар  тақтаның  үстіңгі  шетінен  0,3  м  және  тақтаның  алды  сыныпқа 

қарай    0,6  м  ара  қашықтықта  орналасуы  керек.  Жарықтандырудың  кіші 

деңгейі жасанды жарықтандыруда мұғалім мен балалар үшін 300 лк  тақтада -

500 лк болуы керек. Бөлменің бояуы бағдарлануына қарай жылы немесе қатты 

түстермен  әлсіз қанықтықпен  орындауы  керек.  Оң  жаққа  қарайтын  бөлмелер 

қатты  түстермен  (көк,  сұр,  жасыл  түстердің  үйлесімдік  гаммасы),  ал 

солтүстікке  қарайтындар  жылы  түстермен  (сары,  қызғылт  түстердің 

үйлесімдік  гаммасы)  боялады.    Ақ,  қара  қарама-қарсы  (қоңыр,  ашық-көк, 

ақшыл-көк,  қара,  қызыл,  қызыл  күрең)  түстермен  бояу  ұсынылмайды.  

Едендер тесігі жоқ және жылытылған негізде  тақтайм, ламинат, паркет немесе 

линолиумнан  болуы  керек.      Кабинеттің  қабырғалары  тегіс  ылғал  әдіспен 

тазалауға  болатын  болуы  керек.  Терезе  жақтаулары  және  есіктер  ақ  түсті 

болуы  керек.    Қабырғаның  жарық  түсу  коэффициенті  0,5-0,6,  төбесі  0,7-0,8 

шамасында  болуы  керек.  Кабинеттің  ауа  температура  17-20  С  шамасында, 

салыстырмалы  ылғалдылық  40-60%  болуы  қажет.  Кабинет  бөлмесінің 

вентиляциясы үшін терезелердің жалпы көлемі еден көлемінің  2%  құрайтын 

желкөзі болуы керек.    



Шетел тілі кабинетіне қойылатын талаптар 

Мектепке дейінгі ұйымдарда кабинеттердің түрлі типтері: тілдік зертхана, 

лингафондық  құрылғымен  жабдықталған  аудио  белсенді  түрдегі,  кіші 

топтармен  жұмысқа  арналған  бөлмелер  қарастырылады.    ҚР  ЖМББС 

талаптарына сәйкес үш тілді оқыту кабинетіне 42 шаршы метр (12 адамға бір 

балаға  3,5  шаршы  метрден  есептегенде)  бөлінеді.  Жұптасып  немесе  топпен 

жұмыс жасайтын балалардың сұранысын ескеріп, өзінің жұбының бетін көріп, 

сөйлейтін  адамның  бет  қимылын  бақылау  үшін,  кабинеттің  жоспары 

балалардың бірорындық немесе екіорындық жұмыс үстелдерін  бір немесе екі 

жарты  шеңбер  етіп,  ортасында  мұғалім  үстелін  қоюды  қарастыруы  керек.  

Үстелдер  қатары  мен  жарты  шеңберлер  ара  қашықтығы  0,6  м  кем  емес. 

Мұғалімнің  үстелі  мен  тақтаның  ара  қашықтығы  1  м  кем  болмауы  керек. 

Үстелдер  қатары  мен  ұзына  бойы  қабырғаның  ара  қашықтығы  0,5-0,7  м, 

бірінші  үстелдер  мен  алдыңғы  қабырғаның  ара  қашықтығы  2,6-2,7  м. 

Кабинетте артқы қабырғаның артында артқы бұрыштарда  оқу құрылғыларын 

сақтау  үшін  құрастырылған  секциялы    шкафтар  қойылады.  Кабинеттің 

алдыңғы  қабырғасына  тақта  мен  аспалы  экран  орналастырылады.  Бүйірдегі 

қабырғаны (терезелерге қарама-қарсы )  тұрақты және мерзімді экспозициялар 

үшін қолданады.   

Кабинеттің жиһаздар жиынтығына қойылатын талаптар 


12 

 

Кабинетте  қолданатын  жиһаздардың  ҚРМС  талаптарына  сәйкес, 



техникалық  құжаттардың  және  гигиеналық  сертификаттың  сәйкестік 

сертификатының болуы.  

Кабинет төмендегідей жиһаздармен жабдықталуы керек: 

- педагогтың жұмыс орнын ұйымдастыру үшін; 

- балалардың жұмыс орнын ұйымдастыру үшін; 

- оқу жабдықтарын сақтау және тиімді орналастыру үшін; 

-  аспаптарды қолдануды ұйымдастыру үшін. 

Педагогтың жұмыс орнын ұйымдастыру үшін жиһазға мұғалімнің үстелі 

кіреді.    Тақта  бөлменің  алдыңғы  қабырғасының  ортасына  орналасуы  керек. 

Тақта  таблицаларды  ілу  және    көрсету  үшін  бейімделіп  жабдықталуы  қажет. 

Тақта ҚРМС талаптарына сәйкес, ашылмалы-жабылмалы, қозғалмалы болады. 

Әрбір балаға жайлы жұмыс орнын қамтамасыз ету үшін кабинеттегі үстелдер 

мен орындықтар ҚРМС талаптарына сәйкес жабдықталуы керек.  

Педагог пен  тәрбиеленушілердің жұмыс орнын ұйымдастыруға 

қойылатын талаптар 

Тілдік зертханадағы педагогтың жұмыс үстелі жазу қағазы бұйымдарын 

сақтайтын бөлімдерден тұратын, екі магнитафоны және күйтабақ ойнатқышы 

бар лингафондық құрылғынының басқару құрылғысы құрылған, жобалық 

аппараттың дистанциялық басқару шығыры орнатылған, жарықтандырылған, 

телефонды-микрофонды аппаратымен болуы керек. Педагогтың жазу үстелі 

өлшемі 1400х740 мм болатын, кішкене тумбочкасы бар үстел. Балалардың 

жұмыс орнын орынды ұйымдастыруда төмендегі жағдайлар сақталуы керек:  

- жазу, сурет салу үшін, телефонды-микрофонды аппаратына жеткілікті 

үстел бетінің болуы  ; 

- баланың ыңғайлы дене күйін сақтау үшін үстел мен орындықтың 

антропометриялық мәліметтерге сәйкес болуы; 

- үстелдің жұмыс бетінің қажетті жарық деңгейі (300 лк).  

Кабинеттің жабдықтары және жоспарлануы 

Жұмыс 


орнын 

дұрыс, 


орынды, 

эргономикалық,гигиеналық, 

антропометрикалық  талаптармен жабдықтау еңбектің өнімділігін арттырады.  

Балалардың  жас  ерекшелігін  ескермей  алынған  жиһаздар,  сабақтарда 

балалардың  шаршауын  арттырып  қана  қоймайды,  сонымен  бірге 

тәрбиеленушілердің денсаулығына тікелей әсер етеді.   



Кабинеттер санының есебі 

Шетел  кабинеттерінің  саны  түрлі  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  әртүрлі. 

Барлығы  мектепке дейінгі ұйымдардың топтасуына, тәрбиеленушілердің және 

топтардың  саны, топтарды топшаларға бөлуге   тәуелді болады. Сабақтардағы 

белсенді  қызмет  түрлерін  ұйымдастыруға  бағытталған,  заманауи  педагогика-

эргономикалық  талаптар,  өлшемі  бір  балаға  шаққанда    3,5  ш.м  кем  емес,  ал 

медиатека  бойынша  6  ш.м  қарастырады.      Бұл  үш  тілді  оқыту  кабинеті  бір 

тобында  12-15  адам  болса,мысалы  бөлменің    өлшемі  40  -  50  ш.м  құрайды 

деген  сөз.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  кабинеті  санын  есептеу  де  аса  

маңызды  сұрақ  болып  табылады.  Есептеу  мынадай  формула  бойынша 



13 

 

жүргізіледі:  аптадағы  жалпы  сағат  санын  ,  топтар  мен  топшалар  санына 



көбейту керек. Кабинеттер саны көптеген жағдайлар қатарына балабақшадағы 

балалар санына байланысты болады, сондықтан үш тілдегі аудиожазбаларды, 

телефон  бойынша  диалогқа  жаттығуларды,  үш  тілдегі  жазбалармен  теле-

бейнебұрыштарды  тыңдату  кабинетін  жабдықтауға  ортақ  ұсыным  беру 

жағдайды  күрделі  етеді.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  ұйымның  басшысы 

өздеріне  барынша  жарамды  нұсқаны  таңдай  алады.  Бірақ  жалпы  ұсыным 

практикалық жұмыста әлбетте пайдалы болады.  

Сынып тақтасы 

Көптілділікке оқыту сабақтары үшін тақтаның  оқу үдерісіндегі болатын 

өзгешеліктері, қызметтік ерекшеліктері және оларды кешенді қолдануда түрлі 

оқу  құралдарының  рөлі  беретін  белгілі  қасиеттері  болуы  керек.    Тақта, 

күнделікті  өзінің  қызметтерінен  басқа  түрлі  көрнекі  құралдарды  көрсетуде 

қызмет  етеді.  Ол  барлық  алдыңғы  қабырғаны  алып  тұрады.  Сондықтан  да 

тақтада картиналарды, таблицаларды  көрсету үшін тетіктер болуы керек. Осы 

мақсатта  тақтаның  үстіне  бекітілген,  қажет  емес  кезде      тақтаның  артына 

жасырып қоюға болатын дөңгелекті ұстағыштар қолданылады. Таблицаларды, 

картиналарды  осындай  ұстағыштардың    көмегімен  бекіту  ыңғайлы  және 

уақытты ұтуға жәрдемдеседі.    

Кабинеттегі баланың жұмыс орнын жабдықтау 

Шетел  тілдерін  оқыту  кабинетіндегі  баланың  жұмыс  орнын  жабдықтау 

ерекше  назар  аударуды  қажет  етеді.  Ол  балаға  педагогтың  тапсырмасын 

сәйкес  құралдарды  қолданып,  қазақ  және  шетел    тілінде  үйлесімді  өзін 

тыңдауға 

дайындауға, 

монолог 

және 


диалог 

сөзді 


безендіруге, 

аудиожазбаларды  тыңдауды  үйренуге  және  диалогпен  сөйлеуге    орындауға 

ыңғайлы  болуы  керек.  Жұмыс  орны  нақты  тапсырманы  қамтамасыз  ететін 

тұрақты безендірілген болуы керек.  

 

ҮШ ТІЛДЕГІ ЖАЗБАЛАРДЫ, ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ДИАЛОГ, ТЕЛЕ-ВИДЕО 

БҰРЫШТАРДАҒЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ, АУДИОЖАЗБАЛАРДЫ ТЫҢДАУ 

КАБИНЕТІНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР 

 

Оқу-көрнекі құралдарды жүйелеу және сақтау 

Шетел тілі кабинеті оқытуды ұйымдастырудың және балалардың осы пән 

бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарының    оқу  орталығы  болып  табылады. 

Кабинетте (тілдік зертханада) баспа, экрандық және дыбыстық оқу-көрнекілік 

құралдар  сақталады.  Дыбыстық  құралдарға  компакт-дискілер  және  магнитті 

лентадағы  жазбалар,  паузалық  жаттығулар,  тыңдауға  арналған  мәтіндер, 

өлеңдер,  қазақ  халқының  және  оқытылатын  елдің        әндері  мен    әңгімелері, 

радиохабарлар  жазбалары,  сонымен  бірге  фоножазбалар  мен  диафильмдер 

жатады.  Экрандық құралдар диапозитив және диафильмдер топтамаларымен, 

оқу 


бейнефильмдерімен, 

киноүзінділермен, 

кодоскопқа 

арналған 

транспараттармен,  үш  тілдегі  жазбаларымен  дискілермен,  бейнероликтермен 

ұсынылуы  қажет.  Шетел  тілдері  оқулықтары  оқу-әдістемелік  құралдарымен 

(мұғалімге  арналған  кітап,  грамофон  күйтабағымен,  диафильмдер,  жапсыру 


14 

 

материалдары,  таблицалар,  картинкалар,  киноүзінділер)  жиынтықта  шығады. 



Мұғалімге  арналған  кітапта  барлық  осы  құралдардың  міндеті,  әрбір  белгілі 

сабақтардағы  қолдану  әдістері  реттілігі    және    байланысы,  олардың  оқу 

үдерісіндегі  орны  анықталған.  Педагог  оқу  әдістемелік  кешенге  қосымшада 

кабинет  жағдайындағы    жұмысқа  арналған  түрлі  тарататын  материалдар 

түрлерін,  соның  ішінде  диалогтар,  монологтар,тыңдау  және  жұмыстың  басқа 

түрлері  үшін:  жеке  бейнелеу  тақырыптарына  таңдалған  картинкалар  немесе 

суреттер,    жағдайларын  бейнелеумен  жұппен,  дербес  және  өзбетінше 

жұмыстар үшін карточкалар, жаңа лексика және грамматиканы жаттықтыруға 

арналған  сөздік  үлгілермен  таблицалар,  балалардың  жеке  білімдерін  ескеріп, 

таңдалған,  оқуға  арналған  мәтіндермен  карточкалар,  баспасөз  материалдары 

қиындыларынан папкалар және т.б. дайындайды.   Кабинеттің ажырамас бөлігі 

кітап  қоры  болып  табылады.  Ол  мұғалімге  арналған  ғылыми-әдістемелік 

әдебиеттерден  және  балаларға  және  ата-аналарға  арналған  әдебиеттерден 

тұрады.    Бұлар  қазақ  және  шетел  тілдерін  оқыту  әдістемесі  бойынша 

журналдар мен кітаптар, психология, педагогика, тіл білімі жалпы сұрақтары 

бойынша  әдебиеттер,  шетел  тілдері  бағдарламасын,  түрлі  оқу  құралдарын 

қолдануға  басшылық  бойынша,  сонымен  бірге  сөздіктер,  баспасөз 

материалдары  Қазақстан  және  тілі  оқылатын  елдің  түрлі  анықтамалық  және 

ақпараттық 

материалдары. 

Ата-аналарға 

және 


балаларға 

арналған 

әдебиеттерге  оқулықтар,  сөздіктер,  тілі  оқылатын  елдің  жазушылары 

шығармаларының аудармалары жатады. Кітапхана жұмысын тәрбиеші немесе 

мұғалімнің өзі жүргізеді.   

Барлық  жабдықтар  тәрбиеші  мен  мұғалім  кез  келген  уақытта  жылдам 

тауып,  сабақтарға  немесе  сабақтан  тыс  уақытта  қолдануға      дайындап 

қоятындай  сақталуы  керек.  Оқу  құралдары  мен  жабдықтары  бағдарламаның 

бөлімдері  және  топтар  бойынша  орналастырылады  және  сақталады. 

Демонстрациялық  құралдар  және  тарататын  материалдар  бөлек  сақталады. 

Құралдарды  сақтау  үшін  кабинет  арнаулы  жабдықтармен,  жиһазбен 

жабдықталады.        Бұл  заттардың  барлығы  секциялық  шкафтарда  сақталады. 

Шкафтардың  екеуі  артқы  қабырғаға,  ал  біреуі  алдыңғы  қабырғаға  мұғалім 

үстелінің  жанына  қойылады.  Үш    тілдегі  аудиожазбаларымен  дискілер,  ата-

аналарға  арналған  әдебиеттер  артқы  қабырғадағы  шкафқа  қойылады.  Үстел 

жанындағы  шкафқа  мұғалімге  арналған  анықтамалық  және  әдістемелік 

әдебиеттер  қойылады.    Үш  тілдегі  аудиожазбаларды,  телефон  бойынша 

диалогқа  жаттығуларды,  үш  тілдегі  жазбалармен  теле-бейнебұрыштарды 

тыңдату  кабинетін  ұйымдастыруда  экспозиция  аса  маңызды  рөл  атқарады.  

Кабинет  –  бұл  көрме  де,  мұражай  да  емес.  Сондықтан  мұнда  шамадан  тыс 

көркейте  түсуге  орындар  жоқ.  Оқытудың  дыбыс-бейне  құралдарын  сақтау 

үшін  арнайы  құрылғылар  болуы  керек.  Магнитофон  кассеталары,  компакт-

дискілер,  бейнекассеталар  шкафтың  сөрелерінде  қораптарда      тігінен 

сақталады.  

 

 


15 

 

ҮШ ТІЛДЕГІ ЖАЗБАЛАРДЫ, ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ДИАЛОГ, ТЕЛЕ-ВИДЕО 



БҰРЫШТАРДАҒЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ, АУДИОЖАЗБАЛАРДЫ ТЫҢДАУ 

КАБИНЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР 

 

Оқытудың техникалық құралдарын қолдану 

Қазіргі  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  үш  тілді  оқыту  барысында  жарық 

және  дыбыс  техникалық  құралдары  қолданылады.  Оқыту  барысында  нағыз 

әртүрлі  қызметтерді  орындай  алатын  көру  ақпараттарын  қамтамасыз  ететін 

жарық  техникалық  құралдар  (кинопроекциялық  аппараттар,  диапроекторлар, 

кадропроекторлар,  кодоскоптар,  фильмоскоптар,  интерактивті  панельдер, 

теле-бейнеаппараттар, DVD-плеерлер): 

- бейнежазбаларды тыңдағанда түсінуге тірек бола алады; 

-  сөздің  мағналық  және  дыбыстық  жақтарын  байланыстырып  тұратын 

буын және есте сақтауды жеңілдетеді; 

- түрлі оқиғаларға диалог бойынша жаттығуларды экранда көрсетеді; 

- кері байланыстың кілті нысанында рөлді орындайды. 

Дыбыс  техникалық  құралдар  (магнитофондар,  электрофондар,  DVD-

плеерлер,  лингафондық  кабинеттің  аудиопассивті  және  аудиоактивті 

құрылғылары)  дыбыстардың  айтылуын  үйреткенде  дыбыстық  көрнекіліктің 

барлық  түрлерін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді,  табиғи  тілдік  нысандағы 

тыңдау  және айту,  диалогқа  жаттығуларды   үйретуде оқыту  үдерісін үдетуге 

мүмкіндік береді:    

-  оқытудың  барлық  кезеңдерінде  табиғи  шеттілдік  ортаның  жоқтығын 

толтырады; 

- көрнекіліктің маңызды дидактикалық қағидасын толық таратады

-  әрбір  баланың  дара  типологиялық  ерекшелігін  ескеріп,  оқуды  жүзеге 

асырады; 

- бағдарламау және бақылау үшін жақсы жағдайлар жасайды; 

- аудиожазбаларды тыңдау және диалогқа жаттығулар жасау дағдыларын 

қалыптастырады және жылдам қалыптасуды қамтамасыз етеді; 

-  балалардың  талдау  және  еліктеу  қабілеттігін  аз  қолданады  және 

олардың ішкі ресурстарын жұмылдырады; 

-  үш  тілді жазбаларда  балалардың  тілдерінің  сапалы  көрсеткішінің көбін 

немесе кемін дәл анықтайды; 

-  барлық  балалармен  айтуды  қосып,  көптеген  белсенді  жаттығулар 

түрлерін орындайды. 



Тілдерді оқытуда теледидарды қолдану 

Теледидарды  белсенді  және  орынды  қолдану  айтарлықтай  шамада  оқу 

үдерісіне  және  мазмұнға  басшылықты  оңтайландыруға  мүмкіндік  береді.  

Ауызша  басқа  тілде  сөйлеуде    сөйлеу  әрекетінің  белсенділігі,  басқа  тілді 

қатынасты  ынталандыру    жағдайларын  жасау  және  ұсынылған  жағдайларда 

шетел тілі негізгі қатынас құралы ретінде меңгеруді жүзеге асыруды бақылау 

үшін  теледидарды  қолдану  мүмкін  және  мақсатты  ұсынылады.  Оқу 

жұмысында  төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:  



16 

 

-    тұтас  қатынас  сюжетін,  бөлек  қақпа  сөздерді  монологтік  айту,  диалог 



түрінде шет тілдік сөздік үлгіні көрсету; 

-  шет  тілдік  сөздік  үлгіні    меңгеруді  басқарудың  аудиовизуальді 

бағдарламасы; 

- «үйренуші-диктор» жүйесіндегі ауызша-сөздік қарым-қатынас; 

-  сөздік  айтудың  және  бөлек  үлгілердің  мазмұнын  аудиовизуальді 

көрсету; 

-  оқушылардың  шет  тілде  айтуын  ынталандыру  үшін  тақырыптық  және 

басқа көрнекіліктерді жасау; 

- міндетті қою және күрделі жағдайларды жасау; 

- ұсынылған жағдайларды бейнелеу; 

- диктордың шет тілді сөзіне кедергі (дыбысты ажырату, шуды кірістіру) 

жасау; 


- тәрбиеленушілердің бейнелі-стилистикалық шет тілдік ойлауын дамыту 

мақсатында еркін және тұрақты сөздік айтуын суретті оқыту; 

- шетел тілінің функциональдық грамматикасын меңгеруге жаттығулар 

- профессиональды – іскерлік және әлеуметтік-тұрмыстық ойындар; 

-  оқушыларды  шет  тілдік  сөздік  этикетпен  және  оқылатын  тілді 

иемденушілердің  тілдік  паралингвистикалық  ерекшеліктерімен  таныстыруға 

жаттығулар; 

-  қатынас  және  әрекет  құралы  ретінде  шетел  тілін  білу  және  меңгеру 

деңгейін анықтауға арналған тесттер. 

Көптілді сабақтарда бейнефильмдерді қолдану 

Шетел тілінің теориялық және экспериментальді шешілетін әдістемесінің 

мәселелерінің  ортасында,  қатынас  құзіреттілігі  және  оларға  жету  әдістері 

барынша өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Балаларды тіл иеленуші - 

халықтың  мәдени  құндылықтарына  қатыстыру  аса  маңызды  міндет  болып 

табылады.  Осы  мақсатта  түпнұсқалық  материалдарды  (суреттер,  мәтіндер, 

дыбысжазбалар  және  т.  б.)  қолданудың  мәні  зор.  Қазақстандықтар  мен 

ағылшын  тілді  елдердің  өмірімен  танысу  көбінесе  мәтін  және  оған 

иллюстрация жасау арқылы болады. Қазақтар мен ағылшын тілінде сөйлейтін 

елдердің  өмірі,  дәстүрі  туралы  көрнекілік  түсініктерді  беру  маңызды.  Осы 

мақсатта  оқу  бейнефильмдерін  қолдану,  қатынас  әдістемесінің  маңызды 

талаптарын таратуды жүзеге асыруға  қызмет етеді.  Сонымен бірге сабақтарда 

бейнежазбаларды  қолдану  оқытуды  даралауға  және  оқушылардың  тілдік 

әрекетін  дәлелдеуді  дамытады.  Қазақ  және  шетел  тілдері  біріктірілген 

сабақтарында  бейнефильмдерді  қолдану  да    уәждеменің  екі  түрі  дамиды: 

өзуәжі, бұл фильм өз-өзінен қызық болғанда және өзі оқитын, түсінетін тілдегі 

фильмді  балаға  көрсету,    арқылы  жететін  уәждеме.  Бұл  әрі  қарай  жетілуге 

деген тілек және өзіне деген сенімге  күш, қанағаттану береді. Балалардың тек 

қана қызық және қызықты сюжет арқылы емес, тілді түсіну арқылы  фильмнен 

қанағат  алуына    ұмтылуы  керек.      Бейнефильмнің  тағы  бір  жетістігі  әсердің 

күші  және  балаларға  эмоциялық  ықпал  ету    болып  табылады.  Сондықтан 

баланың  басты  назары  көргенінен  жеке  қатынасын  қалыптастыру  болып 



17 

 

табылады.  Мұндай  мақсаттарға  жету  ойдағыдай  жету,  біріншіден 



бейнефильмдерді жүйелі түрде көрсету арқылы , екіншіден, әдістемелік дұрыс 

ұйымдастырылған көрсету арқылы  мүмкін болады.     Бейнефильмді қолдану 

тәрбиеленушілердің  психологиялық  әрекетінің  түрлі  жақтарын  және  бәрінен 

бұрын зейіні мен есін  дамытуға  мүмкіндік береді.  

Сонымен,  оқу  бейнефильмдерінің  балаларға  психологиялық  әсер  ету 

ерекшелігі  оқу  үдерісін  үдететеді  және    балалардың  қатынас  құзіреттілігін 

(тілдік  және  мәдени  –әлеуметтік  )  қалыптастыру  үшін  жағымды  жағдайлар 

құрады.   



Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану 

Соңғы  уақытта  ана  және  ағылшын  тілдерін  оқытуда  ерте  жастан  бастап  

заманауи  ақпараттық  технологияларды  қолдану  мәселесі  жиі  көтеріледі. 

Оқытуда  жаңа  технологияларды  қолдану  мүмкіндігінің  маңызы  кеңейді, 

компьютерлерді  «ақылды»  баспа  мәшинкасы  есебінде  қабылдау  қалды,  ал 

Интернет-кабинеттер  тек  қана    информатиканы  оқыту  үшін  емес,  белсенді 

қолданыла  бастады.  Педагог  пен  тәрбиешінің  міндеті  әрбір  баланың  өзінің 

белсенділігіне,  өзінің  шығармашылығына  мүмкіндік  беретін,  осындай  оқу 

әдістерін  таңдау,  әрбір  баланың  тілді  практикалық  меңгеуіне  жағдайлар 

жасаудан  тұрады.    Көптілді  оқыту  барысында,  педагог  танымдық  әрекетін 

белсендіруі  қажет.  Заманауи  педагогикалық  технологиялар  мыналар 

серіктестікте  оқу,  жобалық  әдістеме,  жаңа  ақпараттық  технологияларды 

қолдану.  Интернет  –  ресурстар  оқытудың    жеке-бағдарлы  тәсілін  жүзеге 

асыруға,  балалардың  қабілеттерін,  оқу,  бейімділік  және  т.б.  ескеріп,  оқудың 

даралануы және саралануын қамтамасыз етеді.     

Компьютерді қолдану 

Жеке  компьютер  –  оқу  және  оқудан  тыс  сабақтарды  ұйымдастыру  және 

мазмұны бойынша түрлі сәтті қолдануға мүмкін болатын әмбебап оқу құралы. 

Сонымен бірге оқытудың барлық құралдарын кең қолданумен дәстүрлі оқыту 

аясына  жазылады.  Компьютер  баланың  оқу  барысына  белсенді  қосылуына, 

қызығушылығын демеп, материалды түсінуіне және есте сақтауына мүмкіндік 

береді.  Оқыту  қызметін  орындау  –  компьютерді  оқытуда  қолданудың 

барынша маңызды сипаты. Үйретуші компьютер – өз бетінше жұмысты және 

оны  басқаруды,  әсіресе  тілмен  және  сөздік  материалмен  жаттықтыру 

жұмыстары  барысындағы  құрал  болып  табыладыБұл  диалогта  және 

әдістемелік  әдістерде  қолданып  жүрген  жаттығулардың  сипатын  анықтайды. 

Көбінесе төмендегідей телефон бойынша диалогтардың түрлері қолданылады:  

-  сұрақты-жауапты  диалог,  үйренушінің  жұмысының  мәні,  сұрақта 

тұратын  тілдік  материалдың  негізі  және  жазбасы  сапасында  қолданып, 

компьютердің сұрақтарына тікелей жауап беру;  

-  таңдалған  жауаптарымен диалог, компьютердің  жауабы үшін  үйренуші 

ұсынылған нұсқалар қатарының біреуін ұсынуға таңдайды;  

-  еркін  құрастырылған  жауаппен  диалог,  мұндай  диалог  компьютердің 

қойған әрбір  сұрақтарына жауаптың дұрыстығын бағалау және «білу», барлық 

мүмкін жауаптар нұсқаларымен бағдарламаларды қамтамасыз етеді.   



18 

 

-  қалдырып  кеткендерді  толтыруға  жаттығулар,  компьютер  үйренушіге  



бос  қалдырып  кетулерімен  суреттер  немесе  суреттер  жинағы  беріледі,  қазақ 

және  орыс  тіліндегі  сөздерді  ағылшын  тіліне  аударып,  білдірітпей  айтып, 

қажетті нысанда қолданып, оларды толтыруға жаттығулар жасайды; 

-  сөздікті  меңгеруге  өзіндік  бақылау  үшін  жаттығулар,  осындай 

жаттығулардың мүмкін нұсқалары: 

а) компьютер аударма жасау үшін суреттер ұсынады, 

б)  компьютер  осы  суреттердің  және  сөздердің  үш  тілдегі  баламалы 

жұптарын  табу  және  үш  сөздер  тізіміне  (қазақ,  орыс,  ағылшын)    жатқызуды 

ұсынады  

в) компьютер үш сөздер тізіміне (қазақ, орыс, ағылшын) жатқызуды және 

антонимдер, синонимдер жұптарын орнатуды ұсынады,   

г)  компьютер    үш  тілдегі  сөздердің  және  осы  сөздердің  анықтамалар 

тізімін ұсынады, баладан әр сөзді сәйкес анықтамамен қосу талап етіледі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет