Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет30/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,01 Mb.
#129
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
233 
Оқушылардың  жалпы  санынан  конкурстар  мен  жарыстарда  жеңімпаз, 
жүлдегер,  лауреат  атанған  оқушылардың  үлесі  2014-2015  оқу  жылы  21% 
құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 18%-
ды құрады.  
Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71 
балдан 80 балға дейін жоғарылады.  
Ынталандыру  төлемдері  мен  сыйлықақылардың  арқасында  пилоттық 
мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014-2015 оқу 
жылы  инфляция  деңгейін  есептемегенде  105,3  мың  теңгені  құрады,  бұл 
апробацияның бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.  
Апробациялау  өткізілген  үш  оқу  жылының  нәтижелері  қаржыландыру 
принципін өзгерту мен білім беру сапасының оң динамикасы арасындағы өзара 
тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.    
2015  жылдың  желтоқсан  айында  (7  және  25  желтоқсанда)  ҚР  Премьер-
Министрінің Орынбасары Д.Н. Назарбаевада кеңес өткізілді, оның нәтижесінде 
орта білім беруді жан басына қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске 
асырудың  тұжырымдамалық  тәсілдемелерін  өзгерту:  пилоттық  жобаға  1-9 
сыныптарды  қайтару,  білім  беру  процесіне  шығыстар  құрылымын  кеңейту, 
ынталандыру  қорының  мөлшерін  қайта  қарау,  мектептердің  құқықтық-
ұйымдастырушылық нысанын өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.  
2016  жылғы  21  қаңтарда  Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрінің 
орынбасары Д.Н. Назарбаевада кезекті кеңес өткізілді, оның нәтижесі бойынша 
орта  білім  беруді  жан  басына  қаржыландырудың  апробациясын  2016  жылдың 
қаңтар  айынан  тамыз  айына  дейін  5  облыстағы  63  пилоттық  мектептің  10-11-
сыныптарында, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың                  5 
облысындағы  12  пилоттық  мектептің  (жобаға  қатысушы  63  мектептің  ішінен) 
1-11 (12) сыныптарында жалғастыру туралы шешім қабылданды.  
ҚР Үкіметінде өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша, сондай-ақ ҚР Қаржы 
министрлігімен  әрі  қарай  талқылау  және  ҚР  БҒМ-дағы  ішкі  кеңестер 
барысында  Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландыру 
әдістемесінне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  жоспарланып  отыр,  оларға 
сәйкес мыналар жобалануда:   
1.
 
Білім беру процесінің шығыстары мыналарды қамтитын болады:  
-
 
білім беру процесіне қатысатын қызметкерлердің еңбекақы қоры;  
-
 
оқу  шығыстары  (оқу,  көрнекі  материалдарды  (нақпішіндер,  кестелер, 
плакаттар,  зертханалық  ыдыстар,  қағаз,  химиялық  заттар  және  металдар, 
еңбекке  баулу  үшін  материалдар)  сатып  алу),  оқушыларды  түрлі  ғылыми  іс-
шараларға даярлау және қатыстыру);  
-
 
Интернет қызметтерін төлеу.  
2.
 
Білім беру ортасының шығыстары мыналарды қамтитын болады:  
-
 
білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің еңбекақы қоры;  
-
 
коммуналдық қызметтер;  
-
 
Интернеттен басқа байланыс қызметі;  
-
 
 ғимаратты,  жабдықтарды,  құрал-саймандарды,  мектеп  жанындағы 
интернаттарды  ағымдағы  жөндеу,  оларды  ұстауға  және  күтуге  ағымдағы 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
234 
шығыстар.  
3.
 
Күрделі  шығыстарды,  жалпы  оқыту  қорының  шығындарын, 
тамақтандыруды,  оқулықтар  сатып  алуды  және  жеткізуді  жергілікті 
бюджет қаражатының есебінен жүргізу жоспарлануда.  
Педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  уәкілетті  органның  деңгейінде 
орталықтандырылған болып қалады және республикалық бюджет қаражатының 
есебінен қаржыландырылады.  
Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  әдістемесіне  
жаңа өзгертулер мен толықтырулар жобасына сәйкес білім беру процесін және 
білім  беру  ортасын  қаржыландыру  мектептер  арасындағы  шығыстарды 
теңестіру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлумен жергілікті 
бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
235 
13  ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЖАЛПЫ  БІЛІМ  БЕРЕТІН 
МЕКТЕПТЕРІНДЕ 
БАЛАЛАРҒА 
ҚОСЫМША 
БІЛІМ 
БЕРУДІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қосымша  білім  беру  –  білім  алушылардың,  тәрбиеленушілердің  жан-
жақты  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жүзеге  асырылатын 
тәрбиелеу  және  оқыту  (  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  1-
бап 39- тармақ). 
Республикадағы балаларға қосымша білім беру тиімдендіруді қамтамасыз 
ету үшін келесі заңнамалық және норматиктік құқықтық актілер жаңартылды: 
– «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14,23, 
28, 37, 51, 52, 63, 65-баптары).  
–  «Балалар  музыка  мектептерінің,  балалар  көркемөнер  мектептерінің 
және  балалар  өнер  мектептерінің  үлгілік  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
Министрінің  2011  жылғы  29  желтоқсандағы  №  543  бұйрығына  өзгерістер 
ензігу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2016 
жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы. 
–  «Балаларға  арналған  қосымша  білім  беру  ұйымдары  түрлері 
қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгерістер 
енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 
2016 жылғы 8 сәуірдегі бұйрығы. 
Республикадағы  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  балаларға  қосымша 
білім берудің ерекшеліктері 2016-2017 оқу жылдарында негізгі және қосымша 
білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр. 
Заманауи  мектептердегі  мазмұны  мен  технологиялардың  өзгерістерінің 
инновациялық сипаттары қосымша блім беру есебінінен кәдімгідей күшейтілуі 
мүмкін,  себебі  қосымша  білімнің  сипаты  қызметтің  түрін  таңдаудағы 
еркіндікті,  білім  алушылардың  жоғары  деңгедегі  уәждемелін  болжайды,  яғни 
тұлағының шынайы шығармашылық өзін танытуын болжайды. 
Жаңа  ұрпақтың  білім  беру  стандарттарын  енгізу  жағдайында  балаларға 
қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына 
енгізудің  өзектілігі  мектепте  алған  білім,  білік  және  дағдыларын  практика 
жүзінде  қолдануға  итермелейтін,  білім  алушылардың  танымдық  уәждемелерін 
ынталандыратын  жалпы  білімнің  құрамдастарының  вариативтілігін  күшейту 
қажеттілігімен байланысты болып отыр.   
Негізгі  және  балаларға  арналған  қосымша  білімнің  ынтымақтасуы 
заманауи  педагогикадағы  күрделі  мәселелері  -  тәрбиелеу,  оқыту  және  дамыту 
процестерін жақындастыруға көмектеседі. 
Аталған  бағытты  дамытудың  қажеттілігі  біртұтас  білім  беру  кеңістігін 
сақтауға негізделеді. 
Мектептергі сабақтың оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге 
тән  технологияларды  пайдалануға  болады.  Бұл  кешенді  сабақтар,  оқу 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
236 
жобалары,  дискуссиялық  технологиялар,  ойындар  болуы  мүмкін.  Әдетте,  ол 
сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз 
беттерімен  жасаған  жеке  немесе  ұжымдық  қызметтерін  қарастырады. 
Мектептегі  сабақ  оқу  сабағы  аясында  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын 
іске  асыру  процесі  кезінде  материалдың  мазмұнын  кеңейту  және  тереңдету 
деңгейінде,  сондай-ақ  мектеп  сабағының  жеке  элементтерін  сабақтан  тыс 
қызметтің  түрлі  формаларында  қарастыру  есебінен  де  өз  жалғасын  табуы 
мүмкін.  
Мектептерде  сабақтан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыруда  маңызды 
орынды  пәндік  үйірмелер  мен  секциялар  алады.  Бір  жағынан  –  бұл  пән 
бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.  
Қосымша  білім  білімнің  әр  деңгейіне  қатысты  белгілі  жастық  кезең 
жағдайына байланысты өз модулін ұсына алады: 
 мектепке дейінгі білім деңгейінді – мектеп алды даярлық; 
бастауыш  білім  деңгейінді  –  білім  алушылардың  көзқарастарын 
меңгеруге көмек ретінде: түрлі оқу қоғамдастықтарына қосу;  
жалпы  негізгі  білім  деңгейінді  –  тұлғаның  өзін-өзі  анықтау  процесін 
қолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды 
шешу тәжірибелерін алу; 
орта  білім  деңгейінде  –  білім  алушылардың  кәсіби  өзін  өзі  анықтау 
процесін сүйеу, кәсіпке дейінгі дайындықты қамтамасыз ету. 
 
Мектепте балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері: 
1.  Білім  берудің  негізгі  құндылықтарын  дұрыс  қабылдау  және  оның 
мазмұнын  жақсырақ  меңгеру  үшін  кең  жалпымәдени  және  эмоционалды-
боямды орта құру. 
2.  Балаларды  қызметтің  тұлғалық  маңызды  шығармашылық  түрлеріне 
қосудың  арқасында  «байланғышсыз»  тәрбиені  жүзеге  асыру  процесінде 
өскелең  ұрпақтың  адамгершілік,  рухани,  мәдени  бағдарларының  «байқаусыз» 
қалыптасады. 
3.  Балалларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарында  өздерінің  қабілеттерін 
жүзеге асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық 
(көркемдік,  техникалық,  спорттық  және  басқа)  білдіретін  оқушылардың 
бағдары. 
4.  Білім  алушылардың  негізгі  білімдеріндегі  жеке  білім  жолын 
анықтауға,  өмірлік  және  кәсіби  жоспарларын  нақтылауға,  маңызды  жеке 
қасиеттерін  қалыптастыруға  қажетті  қандай  да  бір  оқу  курстарының 
болмауына байланысты олардың орнын толтыру. 
«Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеясы  рухында  қосымша  білім  беру 
педагогогтерінің барлық атқарылатын жұмыстары білімді, дамыған көшбасшы 
қабілеттеріне  ие,  таңдау  кезінде  өз  еркімен  шешім  қабылдай  алатын, 
ынтымақтастыққа және мәдениетаралық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының 
тағдыры  үшін  жауапкершілік  сезімі  бар  адамды  қалыптастыруға  бағытталуы 
тиіс. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
237 
Біздің  балаларымыздың  ұлттық  идеология  рухында,  мәдени  дәстүрлерде 
білім  алғаны  маңызды.  Идеология  барлық  өткізілетін  іс-шараларда  құрамдас 
бөлігі болуы керек.  
Қосымша  білім  беру  педагогтеріне  республикалық  көрмелердің 
әдістемелік  қорына  жүгіну,  кәсіби  қызметтерінде  көрмелік  материалдарды 
пайдалану ұсынылады.  
Балалар  фольклорлық  ұжымдарының  педагогтеріне  қазақ  халқының 
ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша, әншілік, бишілік, 
халық  қолөнері  және  тағы  басқа  сияқты  өңірлік  фольклорлық  дәстүрлерді 
сақтау  және  дамыту  бойынша  жұмыстарды  жүргізуді  жалғастыру  ұсынылады. 
Сабақ  барысныда  білім  алушыларға  халқымыздың  адамгершілік  құнды 
бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою  қажет, олар: әел-анаға деген құрмет, 
үлкендерге деген ізет, еңбекқорлық, әлеумет және табиғатпен жа т.б. үйлесімде 
өмір сүруге талпыну. 
Театр  шығармашылығы  бірлестіктерінің  педагогтеріне  балалар  театр 
шығармашылығының  дамуының  заманауи  үрдістерін,  театрдың  интерактивті 
түрлерін  дамытуды  ескере  отрып,  мазмұны  жоғары  адамгершіліктен  тұратын 
драматургиялық материалдарды ісзеуге көп көңіл бөлгендері жөн.. 
Бейнелеу  және  қолданбалы-сәндік  шығармашылығы  үйірмелері  мен 
бірлестіктерінің  педагогтеріне  шығармашылық  мәдениетті  дамыту,  әсемдік 
сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. 
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейнелеу өнері, хореография, музыкамен 
айналысу рухани-адамгершілік ағартудың қуатты  механизмі  болып табылады. 
Бірқатар  дербес  байқаулар  және  көрмелер  «Өнер  арқылы-бірлікке  және  өзара 
түсіністікке»  көрінісінде  келесі  номинациялар  бойынша  жалпы    идеямен 
біріктірілген болуы мүмкін еді: 
1) 
«Ұлттық 
салт-дәстүрлер 
мен 
әдет-ғұрыптар» 
(байқау 
қатысушылары  ұлттық  әдет-ғұрыптың  сипаттамасын  ұсынады  немесе 
көрсетеді, сондай-ақ өз халқының салт-дәстүрлерін айтып береді);  
2) «Ұлтық әндер, поэзия, ойындар мен билер» (байқау қатысушылары ана 
тілінде  фольклор  шығармасын  орындайды,  биді,  сондай-ақ  ұлттық  және 
халықтық ойындарды көрсетеді);  
3)  «Ұлттық  киім»  (ұлттық  киімді  немесе  оның  бөліктерін  көрсету. 
Оның  тарихы,  символикасы  және  аталған  бұйымды  жасау  тәсілдерін 
әңгімелеуіне болады);  
4)  «Дәстүр  ордасы»  қолданбалы-сәндік  шығармашылық  (осы 
номинацияның  байқау  бағдарламасына  шығармашылық  жұмыстардың 
авторлары  және  отбасы  жәдігерлерін  сақтаушылар  қатысады  (ұлттық 
ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма, өру, моншақ, ағаштан ою, қыш 
және  т.б.).  «Кішкентай  кереметтер»  балалар  және  отбасылық 
жұмыстардың көрмесі); 
5)  «Ұлттық  асхана  тағамдары»  (байқау  қатысушылары  дайындаған 
тамадарын  ұсынып,  осы  тағамға  байланысты  ұлттық  дәстүрлерді  айтып 
берулері керек, сондай-ақ ұсынған тағамның рецептін безенгдіру қажет); 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
238 
6) «Отбасы альбомы»  шығармашылық  жобасы  (байқау  қатысушылары 
өз  тегінің  өкілдері  туралы  әңгіме  дайындайды.  Әңгімені  фото  суреттерді, 
видеожазбаларды,  хаттарды,  жазба  күнделіктерін,  баслымдарды,  жанұя 
мүшелерінің  шығармашылық  жұмыстарын  және  қызықты  тарихы  бар  үйде 
сақталып тұрған ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін);  
7) «Біз - Қазақстандықтармыз» бейнежобасы және т.б. 
Туризмде үлкен рухани-адамгершіліктік әлеует жатыр. Экскурсиялық 
қызметті  ұйымдастыру  балаларды  өз  халқының,  өз  елінің  тарихына,  мәдени 
мұрасына 
тартуға 
ықпал 
етеді. 
Оқушылардың 
туристік-өткетану 
экспедициялары  аясында  жаяу,  шаңғылы,  сумен,  велосипедпен,  сан  турлі 
маршруттар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн. 
«Туған  өлкенің  көрікті  жерлерінен  –  Қазақстанның  киелі  жерлеріне», 
«Ұлы  Дала  Елі»,  «Қазақстан  –  менің  алтын  бесігім»,  «Сенің  өмірдегі  бірінші 
асуың», «Алтын компас» және т.б.  тақырыптарында, жергілікті табиғат және 
тарихи  ескерткіштерден  бастап  Еліміздің  астанасы  –  Астана  қаласына  және 
елдің  басқа  да  өңірлеріне  дейін  оқушылардың  экскурсиялары  мен 
экспедицияларын ұйымдастыруды белсендіру маңызды.  
Жаңа  оқу  жылында  еліміз  үшін  ең  маңызды  оқиға  «ЭКСПО-2017» 
халықаралық көрмесінің өтуіне ерекше назар бағытталуы керек.  
Сынып 
жетекшілеріне, 
қосымша 
білім 
педагогтеріне 
жас 
өлкетанушылар,  экологтар  мен  натуралистер  арасында  «Болашақтың 
энергиясы»  ұранымен  бір  қатарсабақтар  өткізу  ұсынылады.Мұндай  іс-
шараларды  өткізудің  формалары  түрлі  болуы  мүмкін  («  Жасыл  планета», 
«ЭКСПО  –  2017  балалардың  көзімен»  көрмелері,  «ЭКСПО  туралы  менің  кө-
қарасым»  суреттер  байқауы,    «Ландшафты  дизайн»,  «Екінші  өмір»,  «Туған 
өлкенің битурлерін сақтаймыз және дамытамыз», «Денсаулық және қоршаған 
орта»,  «Жасыл  экономика»  және  т.б.  номинациялар  бойынша  әлеуметтік 
маңызы бар зерттеу жобалары). 
Мұндай  іс-шаралар  балаларды  жастайынан  өзектрі  мәселелер  туралы 
білім алуларын ғана емесе, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, 
балалар үшін карьералық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді. 
Қазақстан  Республикасындағы  жалпы  білім  беретін  мектептерде 
аптаның  алтыншы  күні  (сенбі)  тәрбие  процесін  ұйымдастырудың 
ерекшеліктері. 
Республиканың  жалпы  білім  беретін  мектептеріне  бірінші  сыныптан 
бастап (2016-2017 – 1-сынып; 2017-2018 – 2, 5 және 7-сыныптар; 2018-2019 – 3, 
6,  8  және 10-сыныптар; 2019-2020  – 4, 9,  11  және  12-сыныптар)  біртіндеп  бес 
күндік аптаны енгізуіне байланысты, алтыншы күннің (сенбі) тәрбие процесіне 
ерекше  роль  беріліп  отыр,  ол  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейлеріндегі 
барлық педагогикалық процестің бөлігі болуы қажет.  
5  күндік  оқу  аптасына  ауысу  кезінде  білім  алушының  бос  уақыты 
ұлғаяды.  Сенбі  күнінің  оқу-тәрбие  процесінің  негізгі  ұйымдастырылуы 
қосымша білім болуы қажет. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
239 
Сабақтан  тыс  уақыттағы,  оның  ішінде  сенбі  күні  балаларды  бос 
уақыттарын толық қамту үшін пән-мұғалімдерінің әлеуеттерін тиімді пайдлану 
қажет. 
Пән  мұғалімдері  өз  бейіндері  бойынша  қызығушылықтарына  қарай 
үйірмелерді,  секцияларды,  студияларды,  клубтарды  жүргізе  алады,  сондай-ақ 
танымдық,  байқаулық,  ойын-сауық  бағдарламалырн  ұйымдастыра  алады. 
Мысалы,  физика  пәнінің  мұғалімі  «Қызықты  физика»,  «Робототехника», 
техникалық  шығармашылық  үйірмелерін  жүргізе  алады  (авиа,  судо  жане  тағы 
басқа техниканың түрлерін үлгілеу). 
Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пәннен сабақ береді, ал екінші 
жартысында қосымша білім беру педагогі болады (бір уақытта). 
Осыған  байланысты,  жалпы  орта  және  мектептен  тыс  үйымдар  үшін 
қосымша  білім  беретін  педагогтер  мен  педагог-ұйымдастырушылардың 
қосымша штаттық бірліктерін қарастырады. 
Сонымен қатар сенбі күн білім алушылардың кәсптік бағдар күні болып 
жарияларынп жатыр: екінші және төртінші сенбілер жоғары оқу орындары 
мен  колледждердің  кәсіптік  бағдар  жұмыстарын  жүргізу  үшін  ашық 
болады. 
Осыған  байланысты  жергілікті  арқарушы  органдар  мемлекеттік-жеке 
меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы 
басты  бағыттардың  бірі  ретін  балалардың  бос  уақыттарын  қамту  бойынша 
кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда: 
 қауіп-қатер  тобындағы  жасөспірімдерді  қару  үшін  қосымша  білім  беру 
мұғалімдері мен педагогтері арасынан қоғамдық тәрбиеші-«тәлімгерді» бекіту; 
аула  және  мектеп  жанындағы  клубтарды  ашу  үшін  бос  тұрған 
ғимараттарды тиімді пайдлану; 
балалар  туристік  базаларын,  жаңа  сыртқа  шығу  және  жаяу  өлкетану 
туристік маршруттарын және т.б. ашу. 
Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  алтыншы  күнді  (сенбі)  өткізу 
туралы ұсынымдар. 
Алтыншы  күннің  (сенбі)  басты  мақсаты  –  сенбі  күндері  білім 
алушының  бос  уақытын  оқушының  әлеуметтік,  моральді  қалыпты, 
шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған 
падалы етіп өткізуді қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру. 
Алтыншы күннің (сенбі) негізгі міндеттері болып келесілер табылады: 

қосымша 
білім 
беруде 
оқушылардың 
қажеттіліктері 
мен 
қызығушылықтарын максималды түрде қанағаттандыру; 
-  балалар  мен  жасөспірімдер  бірлестігінің  қызметі  үшін  жағдай  жасау, 
мектептегі өзін өзі басқаруды жетілдіру; 
-  білім  алушылардың  бос  уақыттарын  максималды  қамту  есебінен 
жеткіншектер  арасындағы  құқықбұзушылық  пен  қызмыстардың  тиімді  алдын 
алу шараларын қамтамасыз ету; 
- «отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту; 
- салауатты өмір салтын қалыптастыру. 
Алтыншы күннің (сенбі) бағыттары бола алады: 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
240 
Зияткерлік 
Патриоттық жән азаматтық-құқықтық 
Адамгершілік-рухани 
Ұлттық тәрбие 
Экологиялық, экономикалық 
Спорттық-сауықтыру 
Ақпараттық мәдениет 
Көп салалы мәдениеттілік (шығармашылық, көркемдік-эстетикалық және 
мәдени-танымдық) 
Оқушылардың кәсіби бағдарлары (әр айдың екінші, төртінші сенбісі).  
Бес  күндік  оқу  жағдайында  алтыншы  күн  (сенбі)  оқушылардың 
денсалығын сақтауға, білім алушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің өз бетімен 
білім  алуға  және  дамуға  уақытын  көбірек  бөлуге  бағытталуы  қажет  және 
балалардың  қызығушылықтарын  ескеріп,  сондай-ақ  оларды  ұжымдық  және 
жеке  тақырыптық  ғылыми-зерттеушілік  және  шығармашылық  жобаларды  іске 
асыруға  араластыру  арқылы  балалардың  шығармашылық  әлеуетін  дамытуға 
бағытталуы қажет. 
Бұл  Күн  балалардың  жалпы  мәдени,  көркемдік,  әлеуметтік,  тұрмыстық, 
кәсіби  және  басқа  да  қызығушылықтары  негізінде  түрлерінің,  формаларының 
және  бағыттарының  түрлі  болуымен,  оған  педагогтер  мен  ата-аналардың 
мейлінше көп жұмылдырылуымен сипатталады. 
Жұмыстың формалары оқушының сабақтан тыс қызметін шектмеуі қажет 
(музыка, 
аспаздық,  спорт,  фестивальдер,  олимпиадалар,  «Алло,  біз 
таланттарды  іздейміз»  байқаулары,  жарыстар,  КТК,  қашықтықтан 
өткізілетін  бағдарламалар,  театрларға,  мұражайларға,  кинотеатрларға, 
дәрістерге  бару,  «Бәрін  білгім  келеді»  балалар  журналдарын  әзірлеу  және 
басып шығару және т.б.).  
Алтыншы Күн мектепке келесідей өткізілуі мүмкін: 
Оқушыларға  арналған  ісшаралар:  факультативтер,  дайындық 
курстары,  пәндік  олимпиадалар,  танымдық,  байқаулық-көңіл  көтеру 
байдарламалары, экскурсиялар, мәдениет мекемелері мен мектептен тыс жұмыс 
орталықтарына  бару,  тақырыптық  би  кештері,  спорттық  жарыстар,  бейін 
бойынша  іс-шаралар,  қызығушылықтары  бойынша  мектеп  студияларының, 
клубтарының жұмысы, спорттық секциялар, үйірмелер: 
-  журналистикалық,  жас  репортер  мен  редактор  жазбаша  және  ауызша 
жанрда өз күшетірін сынап көреді; 
-  психологиялық,  ол  жерде  балалды  өздерін  дұрыс  түсінуге,  қоршаған 
ортамен  аралсуды  үйретеді,  өз  қабілеттерін  дамытуды  және  кемшіліктерін 
жеңуді үйретеді; 
-  тарихи-археологиялық,  теорияны  оқу  мен  музейлерге  баруды, 
саяхаттарда жергілікті жерлерді зерттеуді үйлестіреді; 

техникалық  шығармашылық,  пайдаланушының  компьютерлік, 
компьютерлік техниканы, ІТ-технологияларды, робототехниканы бүгінгі таңда 
қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған
- үштілділік жағдайындағы шет тілдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет