Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
М
10
орталығымен әзірленген «Қолданбалы экономика» білім беру бағдарламасы
бойынша факультативтік курсын ұйымдастыруға болады.
10-11-сыныптарда бейіндік оқыту өз жалғасын табады (2015-2016 оқу
жылында
ұйымдастырылғандай):
қоғамдық-гуманитарлық
және
жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Бір
немесе екі бағытты таңдау оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналардың
сұраныстарын ескере отырып мектеппен жүргізіледі. Саралап оқытуды жүзеге
асыру мен екі бағыт арқылы оқушылардың танымдық қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында кәсіби-бағдарланған тәсілді жүзеге асыру аясында
бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту енгізіледі.
ҚР МЖМБС-2015 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін
ұйымдарда 1-сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда,
ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты
мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
3) ағылшын тілі;
4) өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге
асырылады.
ҚР МЖМБС-2012 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін
ұйымдарда 2-11-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан
асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын
жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес 2-11-сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілді емес 5-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін
3-11-сыныптардағы орыс тілі;
4) 2-11-сыныптардағы шет тілі;
5) 5-11-сыныптардағы информатика;
6) бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);
7) 5-11-сыныптардағы дене шынықтыру (ұл және қыз балалар топтарына);
8) 5-11-сыныптардағы «Технология» (сынып толымдылығына қарамастан
ұл және қыз балалар топтарына) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп
оқыту жүзеге асырылады.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі
сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары)
оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан,
2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,
5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,
8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан,
11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
Үй тапсырмасы – мұғалімнің сабақтан кейін оқушының өз бетімен
орындауы үшін берген тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушының сабақта
меңгерген жаңа материалды ұмытпауының алдын алады, ойын жинақтауына
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
М
11
мүмкіндік береді.
Үй тапсырмасының негізгі түрлері төмендегідей:
1)
материалды оқулық бойынша меңгеру;
2)
әртүрлі жазба және практикалық жұмыстарды (жаттығулар) орындау;
3)
шығарма және басқа да шығармашылық жұмыстарды орындау;
4)
әртүрлі сызбалар мен диаграммаларды дайындау;
5)
биология пәнінен гербарий дайындау, табиғат құбылыстарын бақылау,
сонымен қатар химия, физика және т.б. пәндерден түрлі тәжірибелік жұмыстар
жүргізу.
Үй тапсырмасының тиімділігін арттыруға арналған және оқушылардың
терең білім алуына мүмкіндік беретін дидактикалық әдістер:
- оқу жұмысы процесінде жаңа материалды меңгерту кезінде
оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс орындауына назар аударту алғышарт
болып табылады;
- үй тапсырмасы тек репродуктивті (түсіндірмелі) әрекетке негізделмей,
оқушылардан ойлауды және шығармашылықты талап ететін тапсырмаларға
негізделуі тиіс;
- үй тапсырмасын мүмкіндігінше саралап беру және пәнді терең меңгеруге
талпынатын, қабілетті оқушылар үшін қиындығы жоғары қосымша
тапсырмалар беру;
- үй тапсырмасын орындаудың тиімді тәсілін ұсыну;
- оқушыларды меңгерген материалды белсенді қолдануға және оны сапалы
меңгеруде өзін-өзі бақылауға үйрету.
Кез келген сабақтың дидактикалық құрылымында үй тапсырмасын беру
кезеңі болады. Ол төмендегі көрсетілген әрекеттерден тұрады:
1) әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, үй тапсырмасы туралы
ақпарат беру;
2) оқушыларға үй тапсырмасының, жекелеген жұмыстардың мақсатын,
мазмұнын және орындалу тәсілдерін түсіндіру (нақты нұсқаулық беру);
3) берілген тапсырманы орындау мерзімі туралы ақпарат беру.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары» қағидаларына сәйкес
«Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын
орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй
тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-
3-сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4-5-сыныптарда – 2 сағаттан асырмау, 6-
8-сыныптарда – 2,5 сағаттан асырмау, 9-11-сыныптарда – 3 сағаттан асырмау
керек.
«Жалпы білім беретін оқу орындарында 2016-2017 оқу жылының басталуы
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
27 маусымдағы № 401 бұйрығына сәйкес:
1. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу
аптасы, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
М
12
2. Оқу жылы барысындағы каникулдар:
1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2016 жылғы
31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2016 жылғы 30 желтоқсан
– 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2017 жылғы 21
наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн
(2016 жылғы 31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2016 жылғы
26 желтоқсан – 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2017
жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: 7 күн (2017 жылғы
1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде қосымша каникул белгіленеді.
Назар аударыңыздар!2016-2017 оқу жылынан бастап республика
мектептерінің кезең-кезеңімен бес күндік оқуға көшу басталады. 2016-2017 оқу
жылында бес күндік оқуға республиканың бірінші сыныптары көшеді. 1-шы
сыныпта бес күндік аптаға арналған сабақ кестесін жасау жөніндегі әдістемелік
ұсынымдама оқу жылының қарсаңында білім басқармаларына жіберілетін
болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499
қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» 18-тармағына сәйкес ата-
аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып,
жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру
ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың
бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан
артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік
қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша
арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына
сәйкес денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе
стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту
көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып, даму
мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының
түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайды қамтамасыз етеді..
Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары
(бұдан әрі – ҚБТ) бойынша өз бетінше іске асыра алады.
Оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген
«Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру
қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) бойынша реттеледі.
Қағидалар бойынша ҚБТ барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері
шектеулі тұлғалар оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер
болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. ҚБТ бойынша оқуға ниет
білдірген білім алушылар еркін нысанды білім беру ұйымы басшысының атына
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
М
13
растаушы құжаттарды ұсына отырып оқуда ҚБТ-ын пайдалану мүмкіндігі туралы
уәждемелі негіздемелері бар өтініш жазады. Мүгедек балалар ҚБТ бойынша оқу
процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультация ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚБТ
бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары
бойынша жүргізіледі.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес экстернат - білім
алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу
пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі және жергілікті атқарушы
орган негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ
мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін
бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»,
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға
рұқсат беру» және «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың
төлнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру саласында
жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
стандарттары» бойынша жүзеге асады.
БҒДМБ іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы қол
жетімді біліммен қамтамасыз ету арқылы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында деңгейлік бағдарлама бойынша
оқуға педагог кадрлар белсенді тартылады.
Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік
қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен
менторинг процесі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік
педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХI ғасырда оқушылардың сын
тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын
белсенді әрі табысты қолдану дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін
қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.
Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан
мұғалімдер:
- жоспарлау процесін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті
модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға
тиіс.
Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:
- менторинг мен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс
тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын
ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу
жүргізуі тиіс.
Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:
- мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын,
соның ішінде коучинг пен менторинг процесін жүзеге асыратын мектеп
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
М
14
мұғалімдері тобын ұйымдастыруы;
- білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді
дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі
тиіс.
Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ
деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді процеске тартуды
қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген тірек
мектептері арқылы Бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге
асырылуына мониторинг жүргізу үшін жалпы білім беретін ұйымдардың
басшылығы (директор, оның орынбасарлары) оқытудан өткен мұғалімдермен
практикалық іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс:
(Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша:
- Бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы
оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;
- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг
жүргізу.
(Бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша:
- бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы
оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;
- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг
жүргізу;
- мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін
қадағалау;
- әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін
анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);
- бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойыншаәріптестер тобының
оқыту табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);
- әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің
жұмысына бақылау жүргізу.
(Бағдарламаның бірінші (жетік) деңгейі бойынша:
- бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы
оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;
- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг
жүргізу;
- мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін
қадағалау;
- әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін
анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);
- бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойыншаәріптестер тобының
оқыту табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);
- әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің
жұмысына бақылау жүргізу;
- мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының мектепте және одан тыс
жерлерде ұйымына, қызмет етуіне бақылау жасау;
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
М
15
- деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің түсініктері бойынша талдау
жасау, білім беру саласындағы зерттеулердің әдістерін түсінуі және жоспар
құру мен мектеп көлемінде зерттеу жүргізуі бойынша нақты практикалық
әрекеттер жасау қабілетіне талдау жасау.
Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігі үшін оқыту процесін және
мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруға арналған нормативтер
ұсынылады (1-кесте).
1-кесте – Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге
асыру нормативтері
№
Бақылау нысанасы
Нормасы
1
Сабақтарға және сыныптан тыс іс-
шараларға қатысу және оларды талдау
Аптасына 3-4 сабақ (директордың
орынбасарлары үшін);
Аптасына 3 сабақ (мектеп директорлары
үшін).
2
Сынып журналдарын тексеру
Айына 1 рет, жылына 8-10 рет
3
Оқушылардың күнделіктерін тексеру
Айына 1 рет, жылына 8-10 рет
4
Пәндер бойынша оқу бағдарламалары-
ның орындалуын тексеру
Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет
5
Оқушылардың жеке іс құжаттарын
тексеру
Жылына 2 рет
6
Пәндер бойынша тақырыптық және
күнтізбелік жоспарларды тексеру
Жылына 1-2 рет
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек
ретінде келесі құралдар әзірледі және олар Академияның сайтында
( www.nao.kz) орналастырылды:
1) PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың
математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамыту
бойынша әдістемелік құралдар. Мұнда әдістемелік ұсыныстар мен
оқушылардың білім жетістігін анықтау бойынша халықаралық зерттеулерде
қолданылған тапсырмалар енгізілген;
2) білім беру салалары бойынша қолданбалы курстардың мазмұнын
жобалау мен өткізу бойынша мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралдар;
3) ұлттық тілде оқытылатын мектептерде көптілді оқытудың озық
тәжірибесін тарату бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымда
қазақстандық мектептерде көптілділікті дамыту жолдары қарастырылған,
ұлттық мектептерде пәндерді екі тілде (мектептің оқыту тілінде және
мемлекеттік тілде) қатар оқыту ұсынылған;
4) ұлттық тілде оқытылатын мектептерде «Математика», «География»,
«Физика», «Биология» пәндерін көптілді оқыту бойынша әдістемелік
ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымда жалпы білім беретін мектептердегі сабақта
көптілді оқытуды ұйымдастыру мен пайдалану бойынша практикалық
ұсынымдар, сабақты жүргізудің типтері мен формалары, әдістемелік
тәсілдердің жиынтығы көрсетілген. Пәнді көптілді оқытудың дидактикалық
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
М
16
тәсілдері суреттелген, пән бойынша оқушылардың тілдік құзыретін және
функционалды сауаттылығын дамытудағы жұмыстың мазмұны, әдістері және
нысандары бойынша ұсыныстар берілген;
5)
ғылым
негіздері
бойынша
ұлттық
мектептерге
арналған
терминологиялық сөздік. Әдістемелік құралда терминологиялық сөздікті
әзірлеудің әдістемелік негіздері ашылып, қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік
тілдеріндегі оқу әдебиеттерін оқып білуде көмек болатын кең таралымды және
жиі қолданыстағы пәндік терминдердің жиынтығы берілген. Сөздікте ұлттық
тілде оқытатын мектептерде тілдік пәндердің бірыңғай тақырыптық минимумы
көрсетілген және ғылым негіздері бойынша көрсетілген тілдерде шамамен
11500 термин мен сөз тіркестері жинақталған.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу
процесіне қатысушыларын кешенді қолдауды Академия сайты қамтамасыз
етеді (
www.nao.kz
). Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері
ұсынылады:
-
«Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік-нұсқау
хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің
үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);
-
«Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік
құралдар, ұсынымдар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан
Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық
тәсілдері);
-
«Семинарлар, конференциялар» (Академияда атқарылған іс-шаралар
туралы
ақпарат:
ғылыми-практикалық
конференциялар,
тақырыптық
семинарлар және т.б.);
-
«Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру –
12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері –
Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);
-
«Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау,
Академия мамандарына сұрақтар қоюға болады).
Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары
басшылыққа алатын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық
құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы
(http://www.adilet.gov.kz)
«Әділет»
ақпараттық-құқықтық
жүйе»
(http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.
Жаңартылған білім мазмұнына көшетін 1-сынып мұғалімдеріне
әдістемелік қолдау көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
НЗМ сайтына (sk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру) ұсынылған Жүйелі-
әдістемелік кешен (ЖӘК) әзірледі.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
М
17
Мектеп формасы туралы
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті
мектеп формасының талаптары бекітілді.
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың
зайырлылық сипатына сәйкес келуі қажет.
Мектеп формасының үлгісі және түсі классикалық үлгігіні ұстанып,
бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес түстерді қосуға
болады.
Шымқай ашық түстер емес жағымдытүстер таңдалады.
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшелігін ескере енгізіледі.
Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ер балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, шалбар,
мерекелік көйлек, күнделікті киетін көйлек (қысқы кезеңге: тоқыма желет,
водолазка). Ер балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең
пішіледі.
Қыз балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, белдемше,
шалбар, классикалық үлгідегі жейде (қысқы кезеңге: тоқыма желет, сарафан,
водолазка). Қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең
пішіледі.
Ер балаларға арналған мерекелік форма ақ көйлекпен, қыз балалар үшін
ақ жейдемен толықтырылған күнделікті киетін формадан тұрады.
Ер балаларға және қыз балаларға арналған спорттық формаға: спорттық
костюм (спорттық шалбар , футболка), спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды)
жатады.
Мектеп формасының негізгі түсіне немесе кереғар түсіне сәйкес келетін
классикалық үлгідегі галстугі болады. Мектеп формасында түрлі
Достарыңызбен бөлісу: |