29
құбылыс. Жекешелік пен болымдылық мағынаның тілде қосымша
арқылы берілуі тілдің табиғатында ықшамдылық принциптің
болғанын көрсетеді. Осы мағыналардың нөлдік морфема арқылы
берілуі тілдік белгілерді ықшамдаған.
Бірақ тілде нөлдік морфеманың болуы аталған екі себеппен
шектелмейді. Мәселен, Көне жазба ескерткіштер тілінде тәуелділік
мағына изафеттің бірінші түрімен берілуі бар. Ол ілік септіктің нөлдік
формасы тілде қосымшалы формадан бұрын шыққанын дәлелдейді.
Ал көне жазба ескерткіштер тілінде ілік септіктің нөлдік формасының
қосымшалы формадан жиі кездесуі осы пікірді дәлелдей түседі. Ол
кезде ілік септіктің қосымшалы формасы тәуелді заттың иесін, нөлдік
формасы заттардың арасындағы қатысты білдіруге бейімделген, одан
осы екі форманың мағынасы бөлінген. Міне, бұл ілік септіктің екі
формасының да тілде сақталуына жол ашқан. Бұған стильдік мақсат
қосылып, ілік септіктің нөлдік формасын тілде әбден бекіткен.
Объекті мағынасы алғаш нөлдік форма арқылы, яғни объектінің
сабақты етістіктің алдынан тікелей қосымшасыз тіркесуі арқылы
берілген. Көне тілде әр объектінің белгілі ғана қимылы болған,
сондықтан әр объекті өзіне қатысты қимылдың алдынан тұрып, сол
қимылға түсетін объектіні білдірген. Қимылға түсетін объекті
негізінен жалпы есімге жататын заттар. Сондықтан күні бүгінге дейін
табыс септіктің нөлдік формасында, алдымен, жалпы есімдер
қолданылады. Тілдің кейінгі дамуында аталған объектіден басқа
сөздердің де объектілік қызметте қолданылуы шығады
(үлкенді
Достарыңызбен бөлісу: