281
байланысатын компоненттердің санына қарамастан бәрі де аралас
құрмаласқа жатады. Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер де
бір-бірімен қалыпты салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы
жай сөйлемді құрмаластыру тәсілдері арқылы байланысады.
Аралас құрмаластағы салаласа байланысатын жай сөйлемдер де
бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса
береді. Мысалы; Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге
айналдырып бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды.
Бұл айтылғандардан байқалатын нәрсе -
аралас құрмалас сөйлем
дегеніміз жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан
басқа үшінші тәсілі емес, сол негізгі екі тәсілдің — салаласу мен
сабақтасу тәсілінің бір құрмаластың ішіне топтасқан түрі болып
табылады.
Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері
ретінде төл сөздің болуы да мүмкін. Мысалы:
«Пушкин дегеніміз—
төтенше көрініс және ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да
мүмкін»,— деп, Гоголь Пушкиннің орыс әдебиеті тарихындағы рөлін
жоғары және соншалық әділ бағалады деген сөйлем де аралас
құрмалас сөйлемге жатады. Мұндағы төл сөз кұрамындағы
Пушкин
дегеніміз—төтенше көрініс деген бірінші жай сөйлем төл сөздің
еқінші жай сөйлемімен және жалғаулығы арқылы салаласа
құрмаласса, төл сөздің
ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да
мүмкін деген екінші жай сөйлемі
деп көмекші етістігі арқылы автор
сөзі болып тұрған жай сөйлеммен сабақтаса байланысып тұр т.б.
Достарыңызбен бөлісу: