Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет33/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   196
көмекші есімдер дейді. 
Көмекші  есімдердің  лексикалық  мағыналары  бірде  бүтіндей 
сақталса,  енді  бірде  солғындап  зат  есіммен  тіркесіп  келіп 
қолданылады.  Синтаксистік  жағынан  да  көмекші  есімдер  бірде  жеке 
тұрып, сөйлем мүшесі қызметін атқарса, ал бірде зат есіммен  тіркесіп 
келіп те сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Морфологиялық жағынан 
зат есімдерше түрленеді. 
Қазақ  тілінде  көмекші  есімдер  сан  жағынан  көп  емес,  оларға 
мына  сөздерді  жатқызуға  болады:  алды,  арты,  асты,  үсті,  жаны, 
қасы,  маңы,  арасы,  ортасы,  іші,  сырты,  беті,  шеті,  түбі,  төбесі, 
тұсы, жағы, айналасы, төңірегі
Бірақ сан жағынан аз болғанымен көмекші есімдердің қолданылу 
өрісі  кең,  атқаратын  қызметтері  сан  алуан  болып  келеді.  Көмекші 
есімдердің көпшілігі түбір күйінде жұмсала алмайды. Мысалы, асты, 
алды,  арты,  үсті  деген  есімдердің  құрамына  кірігіп  кеткен  тәуелдік 
жалғауы бар. 
Көмекші  есімдер  есімдерше,  олардың  ішінде  зат  есімдерше 
қолданылады,  ондайда  көмекші  есімдердің  негізгі  зат  есімдерден 
ешқандай айырмашылығы болмайды. Ондай жағдайда, бұл сөздердің 
бойында 
зат 
есімдерге 
тән 
семантикалық 
дербестік 
те, 
морфологиялық  жағынан  да  сол  зат  есімдердей  түрлену  қабілеті  де 
толық  сақталады.  Мысалы,  1.  Сыртын  көріп  ішінен  түңілме.  2.Ол 
қашан  артта  қалса  да,  пікірі  алда.  3.  Сырттан  аяз,  іштен  жалын 
шарпыды.  4.  Сыртқы  күпімді  шешіп,  жеңіл  киіммен  күртікті  өрлей 
ағаштың  ішіне  жүгірдім.  5.  Менің  іштегі  суды  сыртқа  төгуімнен 
сырттағы  судың  ішке  құйылуы  басымырақ  боп  кетті.  Бұл 
мысалдардағы  сыртқы,  іштегі  деген  жұрнақтар  қосылған  формалар 
да,  сыртқа,  ішке  деген  барыс  септігіндегі  формалар,  алда,  артта 
деген жатыс септігіндегі формалар,  сыртын деген табыс септігіндегі 
форма,  іштен,  ішінен  деген  шығыс  септігіндегі  формалар  да  - 
өздерінің  лексикалық  дербестіктерін  де,  түрлену  ерекшеліктерін  де, 
сөйлемде  жеке-дара  мүше  болып  қызмет  атқару  қабілеттерін  де  өз 
бойларында сақтап тұрған зат есімдер. 
      Зат  есімдер  көмекші  есімдер  есебінде,  яғни  семантикасы 
солғындаған  дәнекер  сөздер  есебінде  жұмсалғанда,  лексикалық 
мағыналары 
қожырауымен 
байланысты, 
синтаксистік 


 
55 
дербестіктерінен  айрылды  да,  тек  морфологиялық  жағынан  түрлену 
қасиеттерін ғана өз бойларына сақтап қалады. Мысалы, 
1.  Омар ұшы-қиыры жоқ даудың ішіне кіріп, шатасты да жүрді. 
2.  Құнанбайдың  мықты  жері  Тобықты  іші  болса,  әлсіз  жері  де 
осы Тобықты ішінде. 
3.  Ой артынан ой туар, желге мінсең жеткізбес. 
4.  Игіліктің  жаңа  үйі  көп  үйдің  ортасында  діңкиіп,  ерекше 
көрінеді. 
5.  Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты. 
6.  Құдық  басында,  кешкі  ауыл  сыртында,  от  басында  әр  кезде 
Абай  сөздерін  бұларға  оқытып  отырып  тыңдайтын  Дәркембай,  көп 
кәрі-жас бар. 
7.  Қарағайдың түбіне күн сәулесі түспейді. 
Осы мысалдардағы даудың ішіне, Тобықты іші, Тобықты ішінде, 
ой  артынан,  үйдің  ортасында,  жер  астынан,  құдық  басында,  ауыл 
сыртында,  от  басында,  қарағайдың  түбіне  деген  тіркестердің 
бәрінде  де  іш,  арт,  орта,  бас,  аст,  түп  сөздері  лексикалық 
мағыналары  толық  сақталған  зат  есімдер  есебінде  емес,  ақиқат 
мағыналары  солғындаған  көмекші  есімдер  ретінде  қолданылған.  Бұл 
сөздердің  бәрі  де  сол  сөйлемдерде  жеке-дара  мүше  емес,  өздерінен 
бұрынғы  негізгі  сөздермен  тіркесіп,  күрделі  мүшелердің  құрамына 
енетін  көмекші  компоненттер  есебінде  қызмет  етіп  тұр  да,  олардың 
әрқайсысы  семантика  жағынан  сол  негізгі  сөздердің  мағыналарына 
қосымша мағыналар үстеп тұр. 
Көмекші  есімдер  зат  есімдерге  түрлі  мағыналар  үстейді.  Ол 
мағыналар  көбінесе  көлемдік  қатынастарды,  ерекшеліктеріне  қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет