4. СӨЗ ТАПТАРЫ
4. 1 Зат есім
Зат есім. Зат есім – жалпы грамматикалық мағынасы бойынша
заттық ұғымды білдіретін сөздерден тұратын, олардың сандылық,
тәуелдік, септік категориялары бар, баяндауыш қызметінде жақ
категориясының көрсеткішімен түрленетін сөз табы.
Зат есімдер семантикалық жағынан бірнеше топтарға бөлінеді.
Мәселен, зат есім тобына нақтылы (конкретті) зат атауларымен бірге
абстрактілік яғни дерексіз ұғымдар да кіреді. Мысалы: көл, тау, адам,
темір дегендер көзге көрінетін, қолмен ұстауға келетін деректі,
нақтылы заттар болса, сана, ақыл, адамгершілік, зұлымдық дегендер
абстрактілі ұғымдар болғанымен, бұлар да дерексіз ұғымдардың
атаулары.
Адамзат, ғаламзат есімдер. Қазіргі кезде кім? және не? деген
грамматикалық сұрақтарға жауап беретін жалпы зат есімдердің бір
тобы адамға қатысты да, бір тобы қоршаған табиғат, оның
құбылыстарына қатысты болып келеді. Осыған орай, зат есімдер
адамзат және ғаламзат болып екі топқа бөлінеді. Кім? деген сұрауға
жауап беретін адамға байланысты атаулар: бала, кісі, бөпе, шал,
кемпір, әйел, ер, келіншек т.б.; туыс атаулары: әже, әке, шеше,
нағашы, жиен, іні т.б.; кәсіп не мамандық атаулары: ғалым, диқан,
дәрігер, сатушы, етікші т.б.; адамның қабілетіне дарындылығына
орай: әнші, домбырашы, палуан, суреткер, композитор, қобызшы т.б.;
қызмет-бабына, лауазым-аттаққа байланысты: директор, генерал,
президент, хан, ұлық, бастық т.б.; кісі аттары: Асан, Үсен т.б., сол
секілді адамның мінез-құлқына да байланысты атаулар да зат есім
тобына жата береді.
Ал, не? деген сұраққа адамнан басқа жалпы табиғатта кездесетін,
адамның ақыл ойымен танылатын бүкіл деректі әрі дерексіз ұғым
атаулары жауап беретіндіктен оны бір сөзбен ғаламзат зат есімдері
деп атайды да оларды мына секілді топтастыруға болады: өсімдіктер
атаулары: ағаш, гүл, шөп, өрік, алма, жиде т.б.; хайуанаттар атауы:
арыстан, жолбарыс, қоян, қасқыр, піл, құлан, киік; жануарлар атауы:
сиыр, ешкі, қой, жылқы т.б.
Жалқы есім және көптік мәнді есімдер. Тілімізде қолданылып
жүрген зат есімдерді лексика, грамматикалық жағынан жалпы және
жалқы есімдер деп те бөлуге болады. Себебі, сөздерді топтап, сөз
таптарына бөлгенде шақтарының бірі – семантикалық мағыналарын
ескеру болса, зат есімдер семантикалық мағынаға өте бай әрі әр
алуан. Мәселен, зат есімдер қолданғанда кім? не? деген сұрақтар
52
оның бүкіл семантикалық мағыналарының сан алуандығын ашып
бере алмайды; тек лексика-грамматикалық жағынан бір ерекшелігін
ғана көрсете алады. Жалпы зат есімдердің бір ерекшелігі – зат есімдер
жіктелетін болғанымен, жалпы есімдердің стильдік мақсатта болмаса,
тек адамға қатысты атаулар ғана жіктеледі (оқушымын, оқушысың
т.б.).
Ал жалқы есімдер зат есімдерді жекелеп, даралап айтылған
есімдер болады да, олар бас әріптерден басталып жазылады. Жалқы
есімдерді де семантикалық мағына жағынан бірнеше топтарға бөлуге
болады: адам есімдері: Асан, Үсен т.б., жер-су атаулары: Қаратау,
Балхаш т.б., мекен атаулары деп оның өзін бірнеше майда топтарға
бөлуге болады. Мысалы, жоғары оқу орны: ҚарМУ, ҚарПИ т.б.
өндірістік орындар, ауыл шаруашылыққа байланысты т.б. Жалқы
есімдерге мерзімді баспа сөздер аттары, газет-журналдар сол секілді
жекелеген
шығармалар,
хайуанаттарға
қойылған
атаулар,
астрономиялық атаулар деп топтап бөле беруге болады. Ал жалпы
алғанда А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінеде жалқы есімдерді
екі үлкен топқа: кісі аттары, географиялық атаулар деп бөлген.
Жалқы есімдердің грамматикалық ерекшеліктерінің бірі – көптік
жалғауын қабылдамауы. Егер қабылдаса, басқа мәнге ие болады.
Мысалы: Асандар келді десек, көптік мағынаға ие болып тұр, ал
кісілер десек, онда өзгеріп жалпы есімге айналып отыр. Сонымен
бірге жалпы есімдер өзі анықтайтын сөзге ілік формасымен тіркеседі:
Ертіс жағасы, Асанның Үсені; кісі аты атау тұлғада да тіркесе алады:
Қажымұқан балуан, Әміре әнші, Құрманғазы күйші т.б., кісі аты,
фамилиясы күрделі есім жасайды: Әміре Қашаубайұлы т.б.
Жалқы есімдер ішінде кісі атауларына тән реңк категориясы бар:
Үсен–Үсеке, Сәуле–Сәулеш, Сәулетай т.б.; қайсыбір есімдер
жыныстық ерекшелікті де аңғартады: Алма (қыз бала), Асан (ұл бала).
Екі мағынада да қолданылатындары санаулы.
Сонда бұл секілді зат есімдерді затты жеке даралап атамай, оның
жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп
атаймыз деген қорытынды шығаруға болады.
Эмоционалды-экспрессивті сөздер және көмекші есімдер. Енді бір
топ зат есімдер мына секілді жұрнақтардың жалғауымен: -шық, (-
шік), -ша (-ше), -сымақ, -й, -еке (-ке), -тай, -жан, -қан, -қай, -ш (-ыш, -
іш), кен түрлі эмоционалды, экспрессивті реңк тудырып, затқа көлем
не сапа жөнінде үстеме мәндер жамап отырады. Мұндай зат есімдер
түбір күйінде тұрғанымен салыстырғанда жаңа сөз тудырмайды, тек
жаңа реңкте, мәнде қолданылады. Мысалы: бота – бота+қан, Үсен –
Үсе-ке, бала – бала+қан, апа – апа+тай, кітап – кітап+ша, көл –
көл+шік, әке - әке+жан, үй – үй+сымақ, Сәуле – Сәуле+ш т.б.
53
А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде бұл сықылды зат есімдер
семантикалық жағынан, форма жағынан әрі мақмұн жағынан басқа
зат есімдерден айырмашылығы болғандықтан өз алдына зат есімнің
эмоциялы, экспрессивті реңдерді білдіретін категориясы ретінде
қарауды ұсынады.
Зат есімнің морфологиялық құрамы. Морфологиялық құрылымы
жағынан зат есімдер түбір немесе жұрнақ қатысымен келе
беретіндіктен жалаң, ал құрамында кемінде екі түбірлі болып келуіне
байланысты күрделі зат есімдерге бөлінеді. Жалаң зат есімдердің өзі
тек түбір күйінде қолдануына байланысты (бала, көл т.б.) түбір зат
есімдер, қайсыбірі түбірге жұрнақ жалғануынан жасалған зат
есімдерді (көлшік, балалық т.б.) туынды зат есімдер деп аталып жүр.
Зат есімдер жасалуының үш негізгі тәсілі бар: лексикалық
(семантикалық), морфологиялық (синтетикалық) және синтаксистік
(аналитикалық). Лексикалық тәсілмен жасалған зат есімдерге
тілімізде бұрыннан келе жатқан зат есімдер, сол сықылды басқа
тілдерден енген (мотор, самолет т.б.) зат есімдер,тілге тән жалпы
қасиет үнемі дамып отыратын болса, кейбір зат есімдердің
семантикалық мағынасы кеңейіп (аялдама, қатынас) не тарылу, ауысу
арқылы, сөз таптарының қайсыбірі субстантивтенуінен (бірлік,
жақсы+лық) жасалған зат есімдер жатса, ал сөздердің бірігуі,
қосарлануы, тіркесуі немесе қысқару нәтижесінен болған зат есімдер
синтаксистік тәсіл арқылы жасалған тұлғалар болып табылады да,
жұрнақ көмегімен жасалған зат есімдерді: басшылық, жамандық, егін,
сауын т.б. морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдер
қатарына жатады. Зат есімдер тудыратын жұрнақтардың бір тобы
реңк мән үстейтіндігі де көзделеді: балақан, ботақан, әкей, ағатай т.б.
Зат есімдердің реңк-мәнін тудыратын жұрнақтар. Зат есімнің
реңк мәнін тудыратын жұрнақтар мыналар: -тай: сәулетай, қалқатай,
ағатай т.б.; - жан: Абайжан, Сәулежан т.б.; -қан, -ақан, -қай, -кей:
балақан, ботақан, балақай: -шақ, -шек, -шық, -шік: құлыншақ,
жарықшақ, төбешік, таушық, текешік, боташық, бөлмешік; -ша, -ше, -
ш: сандықша, кітапша, қалқаш, Сәулеш, бөпеш, Арман – Армаш; -
сымақ: ақынсымақ, таусымақ, батырсымақ; -шығаш (шігеш):
байшігеш, ершігеш (ерсымақ), батыршығаш (батырсымақ) т.б. Ал –
екеш (-егеш) бұл жұрнақ ретінде әлі толық қалыптасып болмаған, ол
негізінен жұрнақ пен көмекші сөз арасында тұрған форма: тас екеш
тас та сынады, су екеш судың да сұрауы бар.
Көмекші есімдер. Зат есімдер лексика-семантикалық мағыналары
мен грамматикалық қызметтері жағынан бірдей емес. Олардың негізгі
басым көпшілігі тікелей өздерінің лексикалық мағыналарында
жұмсалып, өздеріне тән түрлену жүйелерін және сөйлемде өз
54
алдарына дербес мүше болу қасиеттерін де сақтап отырады. Ондай зат
есімдер негізгі есімдер деп аталады. Сонымен қатар, зат есімдердің
құрамында қарастырылатын, зат есімдерше түрленетін, бірақ зат есім
сияқты толық мағынаға ие бола алмайтын, өздерінің мағыналық
қызметтерінен жартылай айрылған, зат есімдерге тіркесіп келіп
көмекші қызмет атқаратын сөздердің тобын көмекші сөздер немесе
көмекші есімдер дейді.
Көмекші есімдердің лексикалық мағыналары бірде бүтіндей
сақталса, енді бірде солғындап зат есіммен тіркесіп келіп
қолданылады. Синтаксистік жағынан да көмекші есімдер бірде жеке
тұрып, сөйлем мүшесі қызметін атқарса, ал бірде зат есіммен тіркесіп
келіп те сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Морфологиялық жағынан
зат есімдерше түрленеді.
Қазақ тілінде көмекші есімдер сан жағынан көп емес, оларға
мына сөздерді жатқызуға болады: алды, арты, асты, үсті, жаны,
қасы, маңы, арасы, ортасы, іші, сырты, беті, шеті, түбі, төбесі,
тұсы, жағы, айналасы, төңірегі.
Бірақ сан жағынан аз болғанымен көмекші есімдердің қолданылу
өрісі кең, атқаратын қызметтері сан алуан болып келеді. Көмекші
есімдердің көпшілігі түбір күйінде жұмсала алмайды. Мысалы, асты,
алды, арты, үсті деген есімдердің құрамына кірігіп кеткен тәуелдік
жалғауы бар.
Көмекші есімдер есімдерше, олардың ішінде зат есімдерше
қолданылады, ондайда көмекші есімдердің негізгі зат есімдерден
ешқандай айырмашылығы болмайды. Ондай жағдайда, бұл сөздердің
бойында
зат
есімдерге
тән
семантикалық
дербестік
те,
морфологиялық жағынан да сол зат есімдердей түрлену қабілеті де
толық сақталады. Мысалы, 1. Сыртын көріп ішінен түңілме. 2.Ол
қашан артта қалса да, пікірі алда. 3. Сырттан аяз, іштен жалын
шарпыды. 4. Сыртқы күпімді шешіп, жеңіл киіммен күртікті өрлей
ағаштың ішіне жүгірдім. 5. Менің іштегі суды сыртқа төгуімнен
сырттағы судың ішке құйылуы басымырақ боп кетті. Бұл
мысалдардағы сыртқы, іштегі деген жұрнақтар қосылған формалар
да, сыртқа, ішке деген барыс септігіндегі формалар, алда, артта
деген жатыс септігіндегі формалар, сыртын деген табыс септігіндегі
форма, іштен, ішінен деген шығыс септігіндегі формалар да -
өздерінің лексикалық дербестіктерін де, түрлену ерекшеліктерін де,
сөйлемде жеке-дара мүше болып қызмет атқару қабілеттерін де өз
бойларында сақтап тұрған зат есімдер.
Зат есімдер көмекші есімдер есебінде, яғни семантикасы
солғындаған дәнекер сөздер есебінде жұмсалғанда, лексикалық
мағыналары
қожырауымен
байланысты,
синтаксистік
55
дербестіктерінен айрылды да, тек морфологиялық жағынан түрлену
қасиеттерін ғана өз бойларына сақтап қалады. Мысалы,
1.
Омар ұшы-қиыры жоқ даудың ішіне кіріп, шатасты да жүрді.
2.
Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де
осы Тобықты ішінде.
3.
Ой артынан ой туар, желге мінсең жеткізбес.
4.
Игіліктің жаңа үйі көп үйдің ортасында діңкиіп, ерекше
көрінеді.
5.
Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты.
6.
Құдық басында, кешкі ауыл сыртында, от басында әр кезде
Абай сөздерін бұларға оқытып отырып тыңдайтын Дәркембай, көп
кәрі-жас бар.
7.
Қарағайдың түбіне күн сәулесі түспейді.
Осы мысалдардағы даудың ішіне, Тобықты іші, Тобықты ішінде,
ой артынан, үйдің ортасында, жер астынан, құдық басында, ауыл
сыртында, от басында, қарағайдың түбіне деген тіркестердің
бәрінде де іш, арт, орта, бас, аст, түп сөздері лексикалық
мағыналары толық сақталған зат есімдер есебінде емес, ақиқат
мағыналары солғындаған көмекші есімдер ретінде қолданылған. Бұл
сөздердің бәрі де сол сөйлемдерде жеке-дара мүше емес, өздерінен
бұрынғы негізгі сөздермен тіркесіп, күрделі мүшелердің құрамына
енетін көмекші компоненттер есебінде қызмет етіп тұр да, олардың
әрқайсысы семантика жағынан сол негізгі сөздердің мағыналарына
қосымша мағыналар үстеп тұр.
Көмекші есімдер зат есімдерге түрлі мағыналар үстейді. Ол
мағыналар көбінесе көлемдік қатынастарды, ерекшеліктеріне қарай
мезгілдік қатынастарды білдіреді. Сөздерді топтастыру принципі
бойынша көмекші есімдер көмекші сөздердің тобына жатады. Олар
шылаулармен бір топта қарастырылуға тиіс. Бірақ, өкінішке орай,
олардың шылаулардан айырмашылықтары да бар.
Семантикалық ерекшеліктеріне қарай, көмекші есімдер көлемдік
және мезгілдік мағыналарды білдіретін барыс, жатыс, шығыс,
көмектес септік формаларында қолданылады. Бұдан көмекші есімдер
атау, ілік, табыс септік формаларында жұмсалмайды екен деп айтуға
болмайды, олар ретіне қарай, қажетті болған жағдайда, бұл
грамматикалық септік жалғау формаларында да қолданылады.
Көмекші есімдердің түпкі шыққан төркіндері орын, мекен
жайларына байланысты, белгілі бір заттың я нәрсенің, заттық
құбылыстың не оқиғаның алды я арты, асты я үсті, іші я сырты, жаны
я қасы, маңы я тұсы, арасы я ортасы, шегі я жағасы, басы я ұшы
сияқты ұғымдардың атаулары. Көмекші есімдердің көбіне көлемдік
56
қатынастарды
білдіретіні,
олардың
түпкі
төркіндерінің
семантикасымен тікелей ұштасып жатады.
Шылау сөздей емес, көмекші есімнің өзі тіркесетін атаушы сөзге
үстейтін семантикалық реңі я мазмұны қандай болатыны сол тіркестің
мазмұнынан көрініп тұрады. Оның себебі – көмекші сөздердің
мағыналары қаншалықты қожыраса да, шылау сөздердегідей я
бүтіндей, я жартылай жоғалып кетпейді, жартылай, не бүтіндей
көмекші есімдердің бойларында сақталып отырады. Мысалы, үшін,
дейін септеуліктерін, ғой, ма (ма...) демеуліктерін алсақ, олардың
мағыналары атаушы сөздерге тіркеспей, жеке-дара тұрғанда анық
аңғарылмайды. Ал үсті, іші, сырты, арасы сияқты көмекші есімдерді
алсақ, олар тиісті сөздерге тіркеспей-ақ, жеке-дара тұрып та белгілі
бір көлемдік қатынастармен байланысты ұғымдарды білдіреді.
Көмекші есім де өзі тіркесетін атаушы сөзге қосымша мағына
үстеп, оның орнын, бағытын айқындап отырады. Бірақ ол үстейтін
мағыналық рең әрбір көмекші есімнің лексикалық мағынасына сәйкес
тұрақты болғанымен, оған қосымшалардың мағыналарына орай,
қызметі жағынан өзгеріп отырады.
Көмекші есімдерді шылау сөздермен морфологиялық сипаттары
жағынан да бір қатарға қоюға болмайды. Өйткені шылау сөздер –
морфологиялық жағынан белгілі бір формаларда қалыптасқан
көмекші сөздер болса, көмекші есімдер зат есімдерге тән
формалардың бәрін сақтайды.
Демек, көмекші есімдер өздерінің көмекшілік қызметтерінің
қажетіне қарай көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларын және
кейбір жұрнақтарды да қабылдай отырып сақтай береді. Мысалы,
1.
Асқар мен Ержан далаға шықса, үйдің сыртына жалғыз ат
жектірген, үстіне полициялық киімі бар, көзілдірікті, қылышты біреу
түсіп жатыр екен.
2.
Баймағамбеттің әңгімесі жаңа басталғанда, бұл екеуінің
қастарына кішкене молда, Байтоқалар келді.
3.
Біз сияқты, сіз де оқу үстіндесіз.
Осы сөйлемдердегі сыртына (сырт-ы-на), үстіне (үст-і-нде),
қастарына (қас-тар-ы-на), үстіндесіз (үст-і-нде-сіз) формаларында
көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларының бәрі бар.
Көмекші есімдер, қай формада тұрсын, қашанда болсын,
өздерінен бұрынғы ілік септіктегі есімдермен тіркеседі де, солармен
бірлесіп сөйлемнің күрделі мүшесінің құрамына енеді. Сондықтан
көмекші есім тиісті тіркестің септелетін, көптелетін бөлшегі ретінде
жұмсалатындықтан, сол бүтін тіркестің синтаксистік қызметі, сол
көмекші есімдерге жалғанатын қосымшалармен тығыз байланысты
болады. Көмекші есімдер, өздеріне қай септіктің жалғауы жалғануына
57
қарай, орыс тіліндегі предлогтардың беретін мағынасын да қамтиды.
Отан алдында, жиын алдында, үй алдынан, үй алдына деген
тіркестер сөйлемдердің бір ғана мүшесінің қызметін атқарады. Сол
тіркестердің барлығы да көлемдік мағына беретіндіктен, күрделі
мекен пысықтауыш болады. Бірақ бұл тіркестердің әрқайсысының
мағынасында
әр
түрлі
септік
жалғау
жалғануына
қарай
айырмашылықтар бар. Мысалы, отан алдында, жиын алдында деген
тіркестер жатыс септіктің жалғауында тұрғандықтан, қимылдың, істің
болатын (болған, болып жатқан) орнын, мекенін көрсетеді де, қайда?
деген сұраққа жауап береді. Үй алдынан деген тіркес шығыс септікте
тұрғандықтан, қандай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың қай
орыннан шыққанын, қай орын арқылы өткенін білдіреді. Үй алдынан
тіркесінде көмекші есім барыс септігінде тұр, тіркес тұтасымен
қайда? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың бағытын білдіреді.
Көмекші есімдердің синтаксистік қызметінің ерекшелігі олардың
мағыналық ерекшеліктерімен байланысты. Тәуелдеулі көмекші
есімдердің мағынасын ілік септіктегі толық мағыналы есімдерден
бөліп алып қарауға болмайды.
Көмекші есімдер көлемдік қатысты көбінесе жатыс, шығыс,
барыс септіктерінде қолданады. Мысалы:
1. Атау. Үй іші аз уақыт жым-жырт еді.
2. Ілік. Үй ішінің сөзі тыйылды.
3. Барыс. Оның үй ішінде Бейсен - аса жақын дос.
4. Табыс. Үй ішін жинады да, Әсия қой күзетіне шықты.
5. Жатыс. Үй ішінде барлық сөз үзіліп, жым-жырт болды.
6. Шығыс. Үй ішінен шаң-шұң шыққандай болды.
7. Көмектес. Үй ішімен қанша өкпелессе де, ол өзінің бас мұңын
жұмыс үшін құрбан ете алды.
Өзара тіркесіп бір мүше болып қызмет атқаратын ілік септіктегі
негізгі есім сөз бен тәуелдеулі көмекші есімнің арасына дәл, қақ, нақ,
нағыз, тіке сияқты күшейткіш үстеулер қыстырылып та айтылады.
Мысалы, Үйір-үйір жылқыны, Үйіріп әкеп қойыпты, Өзімнің дәл
қасыма. (Жамбыл)
Бұл күшейткіш үстеулер осылай тіркескен атаушы сөз бен
көмекші есімнің ара қатынасын, соған сәйкес, мағынасын ашып,
айқындап түседі. Егер ондай күшейткіш үстеулер сол тіркестердің
арасына түспесе, ілік септікте тұратын есімнің жалғауы көбіне түсіп
қалады. Мысалы, Біз тау басында тұрамыз (таудың басында).
Тәуелдеулі көмекші есімнен бұрын тұратын ілік септіктегі
атаушы сөздердің айтылмайтын жағдайлары бар, үстіңде пальтоң
бар ма? үстімде пальтом бар, үстінде пальтосы бар екен. Бірақ
мұнда мынадай ерекшеліктер бар: біріншіден, ондайда айтылмай,
58
түсіп қалатын ілік септіктегі сөздер не жіктеу есімдіктері болады, не
тәуелденіп барып ілік септікте қолданылатын өздік есімдік болады
(өз-ім-нің). Мысалы, Менің үстімде пальтом бар. Сенің үстіңде
пальтоң бар. Оның үстінде пальтосы бар. Екіншіден, ілік жалғаулы
сөз бұрын айтылған сөйлемнің соңғы ойға байланысынан белгілі
болып тұрған жағдайда ол көңілде сақталады да, жалғыз ғана көмекші
есімнің өзі айтылады. Мысалы, Мен Асқарды көрдім, қасында
Дүйсенбай бар, үстерінде пальтолары жоқ екен.
Көмекші есімдердің синтаксистік қызметі мен морфологиялық
формаларында
айырмашылық
болмайтындықтан,
оларды
семантикалық жағынан ғана жіктеуге болады. Көмекші есімдер бір-
бірімен синонимдес және антонимдес болып келеді. Мысалы, үсті-
басы, арты-сырты, басы-қасы, жаны-жағы, беті-тұсы, алды-беті,
ортасы-іші, арасы-іші, шеті-жағасы, басы-төбесі, түбі-аяғы сияқты
көмекші есімдер - өзара мағыналас. Ал алды-арты, асты-үсті, іші-
сырты, беті-түбі, беті-асты, ар жағы-бер жағы, шеті-ортасы сияқты
көмекші есімдер - өзара қарсы мағыналас сөздер.
Көмекші есімдердің осы сипаттарын олардың қосарланып
қолданылу ерекшеліктерін байқауға болады. Мысалы, Жан-жағынан
айқай шыққан соң, іріктелген жылқылар шаңды аспанға көтереді.
(С.М.)
Көмекші есімдердің қатарына бір кездерде көлемдік я мекендік
қатынастарды білдірмейтін жөні, турасы, жайы, хақы, бабы, арқасы,
тәрізді сөздер де жатқан. Бірақ бұл сөздер көмекші есімдердің
қатарына бірте-бірте бөлініп, жөнінде, турасында, жайында,
хақында, бабында, арқасында, жөнінде, турасында, хақында,
бабынан деген формаларда көнеленіп, шылау сөздердің қатарына
ауысқан.
Ескеретін жай: 1.Көмекші есім қайталанып та қолданылады,
бірақ қайталану арқылы жасалған жаңа форма үстеу сөзге айналады
да, дербес мүше болады. Мысалы, Зеңбірек снарядтарды суға үсті-
үстіне түсіп, аспанға шапшыған судан күміс бағаналар орната
бастады. (Ғ.Мүсірепов) 2.Көмекші есімдердің лексикаланып та,
идиомаланып та кеткен тіркестері де кездеседі. Мысалы, Мал кешкі
өрістен қайтар шақта, ат үсті жүрістер еленбейтін кезде аттанып
кеткен.(М.Әуезов).
4.2 Сын есім
Есімдер деп аталатын сөздер тобының ішіндегі зат есімдерден
кейінгі үлкен тобы - сын есімдер. Сын есім зат есіммен тіркесіп келіп
заттың алуан түрлі қасиетін, сапасын, сипатын білдіреді.
59
Сын есім қай, қандай деген сұрақтарға жауап береді. Сын есім
деп заттың сапасын, сынын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын,
түсін, түрін және басқа да қасиеттерін көрсететін сөздердің тобын
айтамыз.
Сын есімге тән өзіндік семантикалық мағына, морфологиялық
құрылыс, синтаксистік қызмет болады. Ол осы белгілері арқылы
басқа сөз табынан ажыратылады.
Сын есімді жеке сөз табы ретінде сипаттағанда оның
құрамындағы қосымшаларға қарап, не кейде мағынасына қарап
айыруға болмайды.Сын есімнің басты белгісі - ол зат есіммен тіркесіп
келіп сол заттың қасиетін белгілеп тұрады. Себебі, кейде
етістіктермен тіркесіп келіп, оларды анықтап тұратын кезі болады.
Немесе зат есімше сөз таптарынан ажырататын бірнеше белгілер бар:
1. Қазақ тілінде сын есімдер өзінің тура мағынасында жұмсалған
кезде септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді. Бұл
жалғаулар тек зат есімге ғана тән. Егер сын есім осы жалғаулардың
бірін қабылдап тұрса, онда заттанған сын есім болады. 2. Қазақ
тіліндегі сын есімге тән тағы бір ерекшелік - сын есім тудыратын
жұрнақтар, сын есімде ғана болатын шырай категориясы болады.
Мысалы, көк-ірек, көк-шіл т.б. 3.Тек сын есімдерде ғана күшейтпелі
буындар болады. Мысалы, қап-қара, қып-қызыл, жап-жасыл т.б.
4.Сын есім тура мағынада қолданылған кезде тек қана анықтауыш
қызметін атқарады.
Сын есімнің семантикалық сипаты. Сын есімдер заттың түрлі
сын-сипатын, белгілерін, қасиеттерін тікелей, өзінің тура мағынасы
арқылы да, басқа заттардың қатынастары арқылы да білдіре алады.
Осындай семантикалық мағыналары мен грамматикалық
ерекшеліктеріне қарай сын есімдер екі үлкен салаға бөлінеді:
а) сапалық (негізгі) сын есімдер;
ә) қатыстық (туынды) сын есімдер.
А) Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан
сыр-сипатын, яғни түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т.б.), сыры мен
сапасын (жақсы, жаман...), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші...), дәмі
мен иісін (ащы, тәтті...) білдіретін, заттың басқа да белгілерін
білдіретін сын есімдерді айтамыз.
Сапалық сын есімдер қосымшалар жалғанбай-ақ, өзінің мағынасы
арқылы заттың сынын білдіреді. Сондықтан олар бір жағынан негізгі
сын есімдер болып келеді. Жалпы сын есімге тән категориялық
ерекшеліктер мен сипаттардың барлығы да сапалық сын есімдерге тән
болып келеді.
Сапалық сын есімдерге тән негізгі белгілер:
60
1.
Сапалық сын есімдердің барлығы ұлғайту, кішірейту
жұрнақтарымен түрлене алады.
2.Сынның белгісін күшейту үшін қолданылатын үстеме,
күшейткіш буындар тек сапалық сын есімдерге ғана тән. Мысалы,
қып-қызыл т.б.
3.Тек сапалық сын есімдер ғана әрі өз қызметінде
(анықтауыштық), әрі адвербиалдық (пысықтауыштық) қызметте
қолданыла алады. Мысалы, жақсы бала жақсы оқиды т.б.
Ә) Қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есімдер деп заттың
белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы беретін сын есімдерді
айтамыз. Қатыстық сын есімдер сын есім тудыратын жұрнақтар
арқылы есімдер мен етістіктерден жасалады. Мысалы, Көкшетау
бірде қарлы, бірде қарсыз, Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз. Осы
сөйлемдегі қарлы, қарсыз деген сын есімдер қардың барлығы мен
жоқтығына қатысты жасалған. Мұндай мысалды көптеп келтіруге
болады.
Қатыстық сын есімдердің мағынасы түр-түрлі болып келеді.
Қатыстық сын есімдер заттың қасиетін басқа, екінші бір затпен
қатысты көрсететіндіктен, толық абстракцияланып кетпей, сол заттың
төркінімен мағыналас, негізгі ұғыммен сыбайлас болып келеді.
Сын есімнің морфологиялық сипаты. А) Сын есімнің
морфологиялық
құрылысы.
Сын
есімдер
морфологиялық
құрылысына қарай дара және күрделі, негізгі және туынды болып
бөлінеді.
Ақ, көк, қызыл, ұзын, қысқа секілді бір сөзден болған сын есімдер
дара формада да, ал қызыл, көк ала болып күрделі формада да келеді.
Негізгі сын есім мен туынды сын есім тіркесіп келіп те күрделі сын
есім құрай береді.
Туынды сын есімдер белгілі жұрнақтардың есімдерге,
етістіктерге, үстеулерге тіркесуі арқылы жасалады.
Ә) Сын есімнің жасалу жолдары. Туынды сын есімдер 3 түрлі
тәсіл арқылы жасалады. Ол тәсілдер: семантикалық, аналитикалық,
синтетикалық тәсілдер.
1. Семантикалық /морфологиялық-синтаксистік/ тәсіл арқылы
жасалған сын есімдер. Белгілі бір синтаксистік формадағы сөздер
бірте-бірте дами отырып, адъективтену арқылы сын есімге айналады.
Мысалы, басқа, өзге, шалажансар т.б.
2. Аналитикалық /синтаксистік/ тәсіл арқылы жасалған сын
есімдер. Сын есімдердің бұл түрі негізгі сын есімдердің бір-бірімен
тіркесуі арқылы /ақ сары, қара көк, көк ала.../, негізгі сын есімдер мен
туынды сын есімдердің тіркесуі арқылы /ақ киімді, қара белбеулі, зор
денелі.../, зат есім мен туынды сын есімнің тіркесуі арқылы /ауыз
61
жолды, жібек көйлекті, алтын шашты.../ және сын есімдердің
/негізгі және туынды/ қосарлануы мен қайталануы арқылы да
жасалады. Мысалы, үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз т.б.
3. Синтетикалық /морфологиялық/ тәсіл арқылы жасалған сын
есімдер. Сын есімнің бұл түріне арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған
сын есімдер жатады. Мысалы, мал-ды, тау-лы, сырғы-малы, т.б.
Б) Сын есім тудыратын жұрнақтар:
1. Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтар;
2. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар;
Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтар:
–қы, -кі, -ғы, -гі: функциясы өте кең, аса өнімді жұрнақ. Мысалы,
шет-кі, ауыз-ғы, мектепте-гі, кеш-кі, түс-кі т.б.
–лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: аса өнімді жұрнақ. Мысалы, бала-лы,
тас-ты, икем-ді, гүл-ді, әсер-лі т.б.
–сыз, -сіз: өнімді форма. Есім сөздерден болымсыздық мағыналы
сын есім тудыратын жұрнақ. Мысалы, су-сыз, өнім-сіз т.б.
–шыл, -шіл: өнімді форма. Мысалы, ұйқы-шыл, күлкі-шіл.
Сын есім – семантика, грамматикалық жағынан, яғни
морфологиялық ерекшелігі мен сөзжасам, сөз түрлендіру амалы
жағынан да, синтаксистік қызметі мен басқа сөздерімен тіркесіп
қолданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән еркшелігі бар
сөз табының бірі. Сын есім – семантикалық жағынан заттың,
құбылыстың түрлі сапасын, белгісін, түсін, көлемін затқа, құбылысқа,
іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер. Сын есімнің маңызды
белгілері:
- Заттың түр-түсін білдіреді: ақ, қызыл, боз, сары.
- Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын
білдіреді: мол, ауыр, жүйрік, жуас, берік.
- Заттың сапалық белгі, сипатын білдіреді: ақ етті, ашаң жүзді,
әдемі, надан.
- Заттың дәмі, иісі және басқа сипаттарына байланысты
белгілерін білдіреді: қалың, жұмсақ.
- Затқа, қимылға, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды
білдіреді: нұрлы, білікті, атақты, биылғы, жылдағы.
Сын есімнің табиғи қызметі – ешбір өзгеріске түспей-ақ зат
есіммен тіркесіп, заттың әр алуан қызметін, сындық белгісін анықтау.
Абзал адам азбайды арын сүйген. Жақсы тәртіп - әдетке айналса
ырыс, жаман тәртіп - әдетке айналса қырсық.
Морфологиялық жағынан сын есім – түрленбейтін сөз табы.
Шырай тұлғалары жалпы сын есімге тән түрлену жүйесіне емес, сын
есімнің бір ғана мағыналық тобына, сапалық сын есімге ғана тән, ал
қатыстық сын есімге шырай тұлғалары жалғанбайды.
62
Сын есімге септік, тәуелдік, көптік жалғауларының бірі жалғанып
қолданылса, онда ол заттанып, зат есімдердің орнына жұмсалады.
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек ... (Абай). Балаға тең көрінер
бай мен кедей (С.Торайғыров).
Сын
есімнің
шырай
категориясы.Сын
есімнің
шырай
категориясы лексика-грамматикалық категория, жалпы сын есімнің
түрлену жүйесі емес, сапалық сын есімнің семантикалық және
грамматикалық тұлғалану сипаты болып табылады. Шырай түрлері
туралы қазақ тіл білімінде бірыңғай пікір жоқ. Ең алдымен, бірден
көзге түсетін ерекшелік – грамматикалар мен оқу құралдарында
шырай түрлерін жасауға негіз болатын тұлға деп көрсетілген жай
шырай түрін жеке шырай деп көрсетеді. Тек шырай түрлеріне негіз
болатын, ал өзі шырай түрлеріне мағыналық жағынан да, тұлғалық
жағынан да оппозициялық қатар құрай алмайтын тұлға, ол
категорияның ішіне, шеңберіне кіре алмайды. Жай шырай дегенді
есептемегенде, бір оқулықтарда екі түрлі – салыстырмалы және
күшейтпелі шырайлар, енді біреуінде үш түрлі – салыстырмалы
шырай, күшейтпелі шырай және асырмалы шырай, тағы біреуінде
төрт түрлі – салыстырмалы шырай, бәсең я шағын шырай, күшейтпелі
шырай және асырмалы шырай, тіпті кейбір зерттеулерде одан да көп
түрі беріледі. Күшейтпелі және асырмалы деп аталатын шырай
түрлерін біріктіріп қарайтын болсақ, (асырмалы деп жүрген шырай
түрі де күшейтпелі мәнді білдіреді: өте жап-жақсы), шырайдың
сапалық сын есімнің лексика-грамматикалық категориясы ретінде екі-
ақ түрін көрсетуге болады: салыстырмалы шырай және күшейтпелі
шырай.
Ғ.Мұсабаев өзінің еңбегінде қазақ тілінде бес түрлі шырай бар
деп топшылайды да, оларды, біріншіден, салыстырмалы шырай
(жақсырақ), екіншіден, бәсең шырай (жақындау), шағын шырай
(көкшіл), күшейтпелі шырай (қып-қызыл), үдетпелі шырай (аса
жақсы) деген топтарға жіктейді. Ал Ж.Шәкенов қазақ тілінде бес
түрлі шырай бар деп есептейді де, оларды, біріншіден, жай шырай
(«бастапқы қалпында тұрған сапа сындарының барлығы»), екіншіден,
салыстырмалы шырай (терең-ірек), үшіншіден, бәсең шырай (бозғыл-
дау), төртіншіден, күшейтпелі шырай (қап-қара), бесіншіден,
таңдаулы шырай (өте жақсы) деген топтарға бөледі. Ғалым
А.Ысқақовтың еңбегінде төрт түрлі шырай бар деп көрсетіледі: жай
шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.
Жай шырай деп сындық белгінің негізгі дәрежесін білдіретін
шырай атайды. Мәселен, үлкен, кіші, биік, т.б.
Салыстырмалы шырай бір заттың сынын, я сипатын, түсін,
екінші заттың біртектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол
63
салыстыратын белгілердің, түрлердің бір-бірінен, я артық, я кем
екенін білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалады. Ол
қосымшалар: а) –рақ, -рек, -ырақ, -ірек: төменірек, жоғарырақ. ә) –
лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: жалпақтау, аласалау. Сапалық сын
есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар
да бар. Олар: 1) –ғыл, -гіл, -ғылт, -қылт, -ғылтым,-қылтым: сарғылт,
бозғылт. 2) –шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: ақшыл, көкшіл. 3) –ғыш, -
ілдір: сарғыш, көгілдір. 4) –ан, -қай, -ша, -ше: қоңырқай, сопақша.
Күшейтпелі шырай бір заттың бастапқы сынын, белгісін
күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады. Ол, біріншіден, күшейтпелі буын
арқылы жасалады: жап-жасыл, қап-қара, топ-толық. Екіншіден,
өте, аса, ең, тым, тіпті т.б. күшейтпелі үстеулер арқылы жасалады.
Мысалы: өте жақсы, ең ыстық сезім.
Қай тілде болсын, сөз таптары арасында бір-біріне ауысу, алмасу
процестері болып отырады. Осымен байланысты сындық белгіні
білдіретін сөздер сөйлеу қажеттілігіне қарай заттық ұғымда
қолданылады. Сын есімнің көптеліп, септеліп, тәуелденіп келіп, зат
есімге ауысып, заттанып қолданылуы – субстантивтену процесі деп
аталады. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. Өңшең жалбағай
тымақтылар тұс-тұсынан қалың қолға қосылып кетті. Осы сегіз үй
ішіндегі ең бүтіні және үлкендеуі – ортада тұрған жалпақтау бес
қанат үй. Кейбір сын есімдер бүтіндей заттанып біржола
субстантивтеніп кетеді. Олар: жас, бала, ауру, жүдеу. Осыған
байланысты сын есімдердің көбі уақытша, кейбіреулері толық
субстантивтенеді.
Адъективтену – басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын
білдіретін конверсиялық процесс. Сөз таптарының ішінде
адъективтену процесіне зат есімдер мен етістіктер анағұрлым бейім.
Зат есімнен сын есімдерге толық ауысқан сөздер: жамау, бұрау
(қамшы), асқақ, көк (аспан, шөп, түс), ақ (түс, ағарған), жас (жас
мөлшері, жігіт).
Түбір
етістіктерге
қарағанда,
оның
белгілі
тұлғалары
адъективтену
процесіне
жиі
ұшырайтындығы
байқалады.
Адъективтенген қимыл есімдері: ұшқыр, тапқыр, білгір, өткір, үшкір.
Есімше формаларының адъективтенуі: қиылған (қас), уылжыған
(жас), қашаған, сүзеген, тебеген, алаған, береген, ұшқалақ, жаңғалақ,
сасқалақ.
Қазіргі қазақ тілінде сын есімдер сөйлемнің барлық мүшелері
бола алады.
1) Сын есім ілік септікте тұрып, заттанып келіп те матаса
байланысқан анықтауыш болады: Жақсының жақсылығын айт, нұры
тасысын.
64
2) Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде
келіп заттанып, толықтауыш қызметін атқарады: Білімдіден шыққан
сөз, талаптыға болсын кез.
3) Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-
әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп,
пысықтауыш болады: Бетті бастым, қатты састым.
4) Сын есімге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанса, зат
есімнің орнына жүреді. Заттанған сын есім атау септігінде тұрып
қолданылса, бастауыш қызметін атқарады: Баланың жақсысы –
қызық, жаманы – күйік.
5) Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы да
болады: Бақтығұл өзі де кесек, балуан денелі, иықты.
Достарыңызбен бөлісу: |