Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата25.11.2022
өлшемі2,05 Mb.
#52628
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
.MKV форматы - бұл өзінде видео мен аудиосы бар видеоконтейнер. 
.AVI форматынан ерекшелігі ол бірнеше тілде болуы мүмкін, сондай-ақ ол өзінде 
видеоның бөлімдері туралы ақпарат, меню және т.б. – яғни DVD-дің барлық 
функцияларын сақтай алады. 
Осы ерекшеліктерден басқа mkv форматында аудио және видеодеректерді 
оңай шығарып алуға болады, бұған арнайы редактордың қажеті жоқ.
Ең бастысы – AVI-ге қарағанда ол біршама жетілдірілген – үлкен файлдар 
ойнатылған кезде тоқтап қалулар мен үзілістер болмайды, бұл баяу жұмыс 
істейтін компьютерлерде жақсы байқалады. 
.MKV форматының .AVI форматынан бірнеше артықшылықтарына 
тоқталайық: 

Әмбебаптылығы: mkv-ның ішінде MPRG, H264, AVC1, WMV және 
т.б. кодектермен сығымдалған видеодеректер бола алады; 

Контейнер оңай өңделеді; 

Аудио және видео деректерді оңай шығарып алуға болады; 

Үлкен көлемдегі файлдарды ойнатқан кезде қатып қалу деген 
болмайды; 

Қызметтік ақпараттарды сақтау бойынша кеңейтілген мүмкіндіктері 
бар; 

Аудиожолақтар (аудиодорожки) бірнеше тілде болуы мүмкін; 


39 

Файлдар бойынша жылдам айналдыру (перемотка); 

Интернет арқылы трансляция жасау; 

Қателіктерге төзімділігі. 
 
4.5. Видеороликтердің түрлері: 

Жанды видео – видеокамера немесе веб-камераның
көмегімен жазылған видео; 

Скринкаст – компьютердің немесе ноутбуктың көмегімен жазылған 
видео; 

Видеотаныстырылым – слайдтың негізінде құрылған видео; 

Суретпен салынған видео – арнайы қызметтің және бағдарламаның 
көмегімен құрылған, сурет салу немесе объектінің кіріктірілуімен 
көрермендердің назарын баурап алатын видео; 

Слайд-шоу – фотолардан құрылған видео; 

Видеоқойылымдар - видеороликтің басында немесе соңында назар 
аудартатын видео; 

Қимыл-қозғалысты видео – эффект және қимыл-қозғалыстары
бар видео. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет