29
тиіс. Бұл бейімдей оқытуды да: инклюзивті оқыту педагогтан оқыту
стратегиясының үлкен жинағы мен әдістерін меңгеруді талап етеді. Бұл
көпшілік мектепке ғана емес, сонымен қатар, дамуында мүмкіндіктері шектеулі
және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың арнайы
әдістерін білдіреді. «Оқушылардың алған білім нәтижелері оқушының әлеуетті
даму зонасына бағдарланған операционалды қойылған мақсаттарына сәйкес
болған кезде ғана сапалы болып саналады ...» [21]. Сондықтан зерде
бұзылыстары бар оқушыларды критериалды бағалау вариативтілігімен
ерекшеленуі тиіс. В.В. Воронкованың жетекшілігімен жүргізілген КСРО
Педагогикалық
ғылымдар
Академиясы
дефектология
ғылыми-зерттеу
институты қызметкерлерінің көпжылдық зерттеулері нәтижесінде алынған төрт
типологиялық ерекшеліктерге сәйкес зерде бұзылыстары бар балаларды
анықтау мүмкіндігін берді [22]. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде
авторлармен мектеп оқушыларын 4 типологиялық топқа бөлетін оқушылардың
білім алу мүмкіндіктері бойынша оқушылардың педагогикалық жіктемесі
жасалды. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім алу қажеттіліктері
бар оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі мұны
ескеруі және оқушыларды тиімді ынталандыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: