Морфология – сөз және оның грамматикалық көрсеткіштер туралы ілім. Әрбір сөздің контексте нендей өзгеріске түсіп, грамматикалық қандай мағына мен қызметке ие болып тұрғаны ескеріледі.
Мәтін – тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстығы негізінде түзілген. Мәтін – сөйлеу процесінің жемісі болып табылады. Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады. Мәтін – жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым.