Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы «Қ. Үкібаев атындағы жалпы орта мектебі»



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата15.03.2017
өлшемі292,5 Kb.
#9354
1   2

ОТАНДЫ  ҚОРҒАУҒА 

 

Өжет жауынгер, әрі белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының айтқан сөздерінен  

хикметті  бір  әңгімесі  есіме  оралады.  Ол  кімнің  қандай  адам  екендігін  білуді 

қаласаң,  соғысқа  қатыс,  жақын  туысқандарыңның  қалай  екендігін  білгің  келсе 

ауруханада жат деген еді. 

Соғыс    жылдарында  еңбек  майданында  болған  азаматтардың  жұмысының  өте 

ауырлығы  және  жағдайының  күрделігі  көптеген  боздақтарды  едәуір  шаршатып 

қойған еді. Кейбіреулердің аузынан еріксіз өте былапыт сөздер де шығып кететін. 

1942  жылы  Мырзашөл  аудандық  партия  комитетінің  бюросында  ауыл  кеңестері 

қызметі  туралы  әңгіме  өрби  келе,  біреу  Қ.  Үкібаевтың  жұмысын    еш  негізсіз 

сынға  алды.  Бұл  маған  ауыр  тиді  деп,  бүкіл  болмысыммен,  жұмысқа 

етенелігіммен жұмыс істесем де, болмашы былапыт сөздермен қызметіңе кереғар 

пікір  айтса,  кісіге  өте  әсер  етеді  екен.  Сол  сөздер  себеп  болды  да  бастаған 

жұмыстарын шетке ысырып қойып, майданға аттануға шешім қабылдады. 

Бір  айта  кететін  жайт,  Қынабек  атамыз  арнаулы  бұйрық  бойынша  соғыстан 

қалдырылған еді. Соғысқа барамын десем де, жібермей жүрген-тұғын. Бұл кезде 

талабымның  қатаң  екендігін  байқаған  әскери  комиссар  маған  қарсылық 

жасамады.  Мәжіліс  аяқталған  күні-ақ    Красноводскі  бағытына  әскери  эшалон 

жүргелі  тұрғанынан  хабардар  болдық.  Еш  өкінбестен  тез  іске  кірістім.  Мініп 

келген  атымды,  қыстақтық  кеңесінің  төрағасы  ретінде  жүргізіп  отырған  мөрімді 

жанымдағы хатшыға тапсырып. Ата-анасына  түсіндіріп айтуды тағайындады да 

қоштасып сол күні жүріп кетті. 

«Осындай да мейірімсіз, шапағатсыз перзент болады ма? деп өз-өзімді балағаттай 

бастадым.  Ата-ананы  зар  қақсатып,  достарды  жылатып,  дұшпандарымды 

күлдіріп,  соғысқа  аттанғаным  не?  Бір-екі  ақымақ  жамандағанмен  жаман  болып 

қалмайсын ғой! Қорыққаннан өзін жанып тұрған отқа тастады демей ма!» 

Дегенмен  қаншалықты  бас  қатырғаныммен  енді  кеш  еді.  Алда  мені  белгісіз 

тағдыр, азапты күндер күтіп тұрғанын сезетін едім. Дәл сол уақытта борышымды 

өтей бастаған күндерімде Красноводскіде ауа райының ыстығы 60 градусқа жуық 


 

 

еді.  Екі  айдан  соң  мені  Иванова  қаласындағы  әскери-саяси  оқу  орнына  оқуға 



жіберді.  Аласапыран  жаттығулар.  Ауыр  сынақтардан  кейін  3-Украина 

майданындағы әскери бөлімдердің бірінде соғысқа кірдім. 

Қынабек Украина майданында  шайқасты.  Серіктерімен  бірге  Венгрия,  Румыния, 

Югославия және Австрия мемлекеттерін азат етуге қатысты. Бірнеше рет қауіпті, 

өте  қиын,  күрделі  шайқастарда  ерлік  көрсетті.  Мюнхенге  30  километр  қалғанда 

фашизмнің  талқандалып,  жеңіске  жеткендігіміз  туралы  хабарды  естіді.  Соғыс 

аяқталған соң және бір жыл армия қатарында болып, соғыста бүлінген жерлерді 

қалпына келтіру жұмыстарына қатысты. Майдандағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз 

және басқа орден медалдармен наградталды 

Бұл соғыстың бір күнінен аман қалып, екінші күні соғысқа кіру әркімге де нәсіп 

етпейді.  Әр екі  жақ  құмырсқадай  қырылып,  полктер, батальондар,  роталар орны 

саябырсып,  жаңа-жаңа  күштермен  толықтырылып  тұратын.  Дәл  көз  алдымда 

жүздеген қаруластарым қаза болды. Маған жасау, өмір  сүру бұйырған екен. Кең 

байтақ  Украинаның  көптеген  қалаларын  неміс  басқыншыларынан  азат  етті. 

Венгрия,  Румыния,  Югославия,  Австрия  мемлекеттерін  жаудан  азат  етті.  Осы 

уақыттар ішінде болып өткен соғыс қимылдарын ауызша айтуға, қаламмен жазуға 

мұрша да жоқ сияқты. Өз көзіммен көрген адамдар ғана оны анық сезіне алады. 

1945  жылдың  бас  кезіндегі  бір  оқиға  сірә  есімнен  шықпайды,  деді  Қынабек  ата 

Атумен,  ұрып  жығумен  дұшпанды  қуып  бара  жаттық.  Еуропадағы  ең  үлкен 

дариялардың  бірі  саналған  Дунайды  кешіп,  өтіп  жатқанда  өте  қатты  шаршадық. 

Венгрияда  орналасқан  ауасы  таза  –  Балатон  көлі  жанындағы  Сехеш-Фенешар 

атымен аталатын қаланы қолға алдық. Барлығымыз шаршап-шалдығып қалыппыз. 

Сапымызда  жараланғандар  да  көп  еді.  Сондықтан  да  қалада  шамалы  демалуға 

шешім  қабылдадық.  Мұнда  вино  сақталатын  үлкен  қойма  бар  еді.  Нәтижеде 

кейбір  жауынгерлер  мен  командирлерімізге  өте  жақсы  болды.  Көпшілік 

жауынгерлер  тойып,  винодан  ішті.  Бірнешеуінің  мастығы  асып,  аяқта  тұра 

алмайтын жағдайға жетті. Неміс барлаушылары сақтықтың жоқ екендігін байқап, 

фельдмаршал  Гудерианға  бұл  туралы  ақпар  жеткізді.  Гудерианның  таңдаулы 

танктер  құрамасы  шұғыл  шабуылға  шықты.  Қоршауда  қалдық.  Дивизиямыздағы 

жауынгерлердің  90  проценттен  астамын  танктер  езіп-жаншып,  автоматтармен 

атып  тастады.  Қоршаудан  құтылған  біздер-жауынгерлер  өзімізді  Дунай 

дариясына тастадық. Артымыздан оқ жаңбырдай жауып тұрған еді. Мен 10 сағат 

бойы  Дунайдан  жүзіп  өтіп  жағаға  шықтым.  Майдан  командованиясына 

жеңілгенідігіміз  туралы  шұғыл  хабар  жеткіздім.  Бізге  Сибирь  дивизиясын 

көмекке  жіберді.  Қалған  жауынгерлер  қатары  мен  де  олардың  саптарында 

Дунайды  қайта  кешіп  өттім.  Күшті  қян-кескі  ұрыс  болып,  қатардағы 

жауынгерлердің көпшілігі қырылып кеткендіктен біз тірі қалғандардың көңілі өте 

нәзік еді. Жүрегімізде оттай жанған намыс қалай да достарымыз үшін кек алуды 

мақсат  еттік.  Қарсы  шабуылға  өту  арқылы  дұшпанға  ауыр  соққы  бердік.  Сол 

соғыстағы  менің  ерлігім  үшін  жауынгерлік  «Қызыл  жұлдыз»  орденімен 

наградталдым деді. 

Өз тағдырымда оннан астам өлімнен қалдым. Денемнің еш жеріне оқ тимегеніне 

өзім де сенбеймін. Өзім ардагер бола жүріп, дінді насихаттап, оның ережелеріне 


 

 

жүгінбеген  едім.  Қарапайым  адам  ретінде  қыстақтағы  түрлі  қайрымды  істер 



ортасында жүріп, тыңдырымдылығыммен елге танылдым. 

1936  жылдың  басы  еді.  Дін  иелеріне  қарсы  шығулар,  кеңес  ұйымдары  дін 

қайраткерлерін  болмашы  себеппен  жазалауға  кіріскен  кезі.  Көпшіліктің  аузына 

түскен,  көңілін  өзіне  аудара  алған  білімді,  көкірегі  ояу  адамдар  –  молда,  имам, 

қожа, ишандар өлімге үкім етілді. Көптеген дін уәкілдері жер аударылды, немесе 

басқа  да  ауыр  жазалар  қолданылды.  Сондай  аласапыран  дәуірде  де  оларға 

мейірім-шапағатымыз  көп  тиді.  Қабірстандардан  жертөле  қазып,  оған  өзіміз 

білетін  он  бес  шақты  ишандар  мен  молдаларды  жасырдық.  «Осы  айналада 

бірнеше ишандар мен молдалар жасырынған, қай жерде екендігін біліп бересің» 

деп  тұрып  алды.  Өзімді  байыпты  ұстап  бұл  қыстақта  сіздер  айтқан  адамдар 

жасырынбағандығын,  әлдекімдер  ГПУ-ға  өтірік  мағлұмат  беріп  ойын  жан-жаққа 

бөлгенін айттым. Олардың қыстақ кеңесі төрағасына сенетіндігі байқалды. 

Сол адамдардың сауабы тиді ме, дуасы сақтады ма, немесе кездейсоқ па, білмедім 

соғыстан сау-сәлемет үйге оралдым. 1946 жылы туған ауылыма келдім. Шамалы 

уақыт өтпей-ақ мені аудандық партия комитетіне шақырды. 

Соғыстан кейінгі жылдарда колхоз төрағалары құрамында да түбегейлі өзгерістер 

болды. Төрағалардың көпшілігі білімі жоқ, немесе бастауыш білім алған, жоғары 

білімдісі  өте  аз  еді.  Сондай  болса  да,  менің  сол  жылдардағы  саптастарым  жас 

болсын, кәрі болсын қыстақ зиялыларының тамаша уәкілдері еді. 

Мен колхозға төрағалық етіп жүргенімде, көне-көз қарияларды ұстаз деп білдім. 

Халыққа  сүйеніп  істедім,  еңбекшілердің  сөзіне  құлақ  салдым.  Маған  айтылған 

сын  ескертпелерден  қорытынды  шығардым.  Адамдардың  жүрегіне  жол  таба 

білдім.  Нәтижеде  Пушкин  атындағы  колхозда  мақта  өнімдігі  гектар  басына  11 

центнерден  26  центнерге  артты.  Мал  шаруашылығын  өркендетіп,  өндіріс 

тапсырыс нормаларын асыра орындады. 

Колхоз  Мырзашөл  ауданындағы  жан-жақты  өркендеп  дамыған  қожалықтардың 

біріне айналды. 

                                           МӘҢГІ  ТАТУЛЫҚ 

Көп  ұлтты  Өзбекстан  Республикасында  ұлттық  саясат  өзінің  жарқын  мазмұнын 

тапқан.  Қазіргі  таңда  Республикамызда  тұрақтылық,  тыныштық  арқасында 

жүзден астам ұлт және ұлыс уәкілдері тыныш-тату жасап, еңбек етуде. Солардың 

арасында  қазақ  халқының  саны  халық  қожалығында  ұстанған  орны  жағынан 

айрықша маңызға ие. 

Себебі,  өзбек  және  қазақ  халықтарының  келіп  шығу  тарихы,  тағдыры,  діні  бір 

болып,  тілі,  мәдениеті,  әдет-ғұрыптары  да  бір-біріне  жақын.  Ежелден  қандас 

халық  болып  келген.  Бір  өңірде  жасап,  бірге  өмір  сүрген.  Барлық  уақыт  бір-

бірінің қуанышына да қайғысына да серік болған. 

Сондықтан  да  өткен  дәуірлерде  халық  қожалығының  қай  саласында  болмасын, 

қазақ  халқының  өкілдері  өзбектермен  бір  сапта  тұрып  еңбек  етті.  Олардың 

арасынан көптеген мемлекет, қоғам, ғылым, әдебиет және мәдениет саласындағы 

ірі қайраткерлерді, ауыл шаруашылығы озаттарын кездестіруге болады.  



Жақынбек  Атақаев  25  жыл  бойы  Ташкент  уәлаятының  Жоғары  Шыршық, 

Төменгі  Шыршық,  Піскент  аудандарында  аудандық  партия  комитетінің  бірінші 

хатшысы  болып  жұмыс  істеді.  Соңынан  ұжымшар,  кеңшарларға  басшылық  етті. 


 

 

Ол  барлық  уақытта  ұйымдастырушылық  қабілеті,  адамдарға  қамқорлығымен 



бөлініп тұрды. 

Мінайдар  Рамазанов  алмалықтағы  завод  директорлығынан  қалалық  партия 

комитетінің  бірінші  хатшысына  дейін  жоғарылатылып,  соңынан  республика 

Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 

Данияр  Майгелдин  де  өз  қабілетімен,  іскерлігімен  Республика  байланыс 

Министрінің  орынбасары,  Өзбекстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінде 

байланыс  және  транспорт  бөлімінің  меңгерушісі,  соңынан  Мәскеуде  Байланыс 

министрінің орынбасары міндеттерінде қызмет етті. 



Егамқұл  Тасанбаев  Сырдария  тыңдарды  атқару  комитетінің  төрағасы,  партия 

комитетінің  хатшысы,  соңынан  республика  Ауыл  шаруашылығы  министрі 

міндеттерінде жұмыс істеді.  

Бекіш  Насиров  –  Орта  Шыршық  ауданы,  Қашқадария  облысында  хатшы, 

соңынан  Ауыл  шаруашылығы  министрлігінде  басшылық  лауазымдарда  жұмыс 

істеген. Жоғары білікті маман, жақсы адамилық қасиеттерге ие болған жан. 

Жалпы  алғанда  мұндай  іскер  басшы  кадрлар  қатарына  Б.Тулепбаев, 

Н.Қырғызбаев,  Ә.Қосаев,  С.Махаматқұлов,  М.Өтебаев  сияқты  көптеген 

адамдарды қосу мүмкін. 

Өзбекстанда  ғылым  және  мәдениет,  әдебиет  салаларына  өздерінің  лайықты 

үлестерін  қосқан  жүздеген  адамдардың  есімін  құрметпен  тілге  алу  мүмкін. 

Солардың  бірі  –  Өнер  Жамалов.  Ол  экономика  пәні  бойынша  докторлық 

диссертациясын  Мәскеуде  қорғап,  Өзбекстан  Ғылымдар  Академиясы  экономика 

институтының директоры міндетінде жұмыс істеді. Ғылым академиясының мүше-

корреспонденті  болды.  Ол  ұстаз  ретінде  көптеген  шәкірттерді  өсірді.  Барлық 

адамдарға қамқор, мейірімді, қызмет бабында талап қоя білуші еді. 

Осындай  абыройға  ие  адамдардың  тағы  біреуі  –  биология-минерология 

ғылымдарының  докторы,  профессор,  Республика  Ғылымдар  Академиясының 

корреспондент-мүшесі Кенесарин Натай. 

Ол өте ақкөңіл, жайдары барлық адамдармен тез тіл табыса алатын адам еді. 

Осындай  адамдардың  есімін  көп  атауға  болады.  Белгілі  ғалым,  іскер  басшы 



Мұхаммед  Ниязов  та  ғажайып  қызметімен  танылды.  Ол  1950-1960  жылдар 

аралығында  Орта  Азия  политехника  институтының  ректоры  болды.  Көпетеген 

ғылыми  мақалалар  жазды.  Кемтар,  қарапайым  әзіл-оспақты  жақсы  түсінетін 

қамқоршыл  адам  еді.  Осы  күндерде  де  ғылым,  әдебиет  және  өнер  салаларында 

берекелі 

еңбек 


етіп 

жүрген 


Серікжан 

Қарабаев, 

Ж.Қалымбетов, 

М.Бекбергенов, 

Т.Айдаров, 

А.Қашқаров, 

С.Тілеуқұлов, 

Қ.Сәлімов, 

Қ.Сейданов,  Ә.Нуритов,  Н.Өткелбаев,  М.Оразов,  Қ.Саттаров  талантты 

архитекторлар 

Ж.Мәлібеков, 

Ә.Бұхарбаев 

сияқты 


ғалымдар 

мен 


шығармашылықпен  шұғылданатын  қаламгерлер  есімін  құрметпен  тілге  тиек 

етеміз. 


Қазіргі кезде Өзбекстанның тәуелсіздігін нығайтуға ұмтылып, қиындығы мол 

нарықтық экономика жағдайында барлық күш-мүмкіндіктерді іске салып жатқан 

әкімдердің  есімдерін  айрықша  атап  өту  заңды.  Себебі,  Сырдария,  Науаи 

облыстарында әкім болған  Әбдіхалық Айдарқұлов, Ташкент облысы әкімінің 



орынбасары  Абдурашид  Рахымбаев,  Ахангаран,  Бостандық  Мырзашөл, 

 

 

Тамды,  Қожайлы  аудандарының  әкімдері  –  С.Балашов,  К.Юлдашев, 



Б.Сериков,  М.Сүлейменов,  С.Нұрқожаевтар  республика  тәуелсіздігін 

нығайтуға  айрықша  үлес  қосты.  Соңғы  жылдарда  республикада  басқа  ұлттар 

қатары  қазақтардың  да  Ұлттық  мәдениеті  қайта  тіркелді.  Бұдан  бәріміз  шексіз 

ризамыз. 

1989  жылдың  15-  наурызында  Ташкентте  Қазақ  Ұлттық  мәдени  орталығы 

құрылды. Ұлттық әдет-ғұрыптарымыз қайта тіктелді. Тарихымызды терең білуде, 

халықтар арасындағы достық байланыстарды күшейтуде ұлттық орталықтың ролі 

үлкен. Ол өз қызметінде қазақ халқының ақындар айтысын ұйымдастырып, халық 

өнерін  жан-жақты  насихаттап  келеді.  Ұлы  ағартушы  Алишер  Науаи,  қазақ 

халқының  сүйікті  ұлдары  Абай,  Базар  жырауға  арнап  салтанатты  жиындар 

өткізілді.  1991  жылдың  10-қаңтарынан  бастап  республикада  қазақ  тілінде 

«Достық туы» газеті өмірге келсе, 1993 жылдың 20-ақпанына «Нұрлы жол» атты 

газет жарық көре бастады.  

1992  жылдың  ақпан  айында  Ташкентте  Өзбекстанда  жасап  жатқан  қазақтардың 

құрылтайы  өтті.  Өзбекстан  Республикасының  Президенті  И.А.Каримов  жиын 

қатысушыларына  өз  құттықтауын  жолдады.  Бұл  республика  басшылығы  және 

Үкіметінің  Өзбекстанда  жасап  тұрған  қазақ  халқына  көрсетіп  жатқан  шексіз 

қамқорлығының  жарқын  үлгісі.  Өзбекстан  Республикасының  Президенті  сол 

жылы  қыркүйек  айының  басында  Алматыда  болып  өткен  Бүкіл  Дүниежүзі 

қазақтарының  Құрылтайына  да  қызу  құттықтау  хатын  жолдап,  екі  ұлттың  мәңгі 

бірлігі рәмізі ретінде ұлы ғұламдар – Науаи мен Абай бейнелері түсірілген шыны 

ыдысты сыйға тарту етті. 

 

                                      Жас ұрпаққа арналған сөз 



 

Өмір бастап жатқан жастарға айтатыным өздеріңе бабалардың өнегелі өмірлерін 

білу керек, солардың ішінен біреуін өзіңе таңдап жол көрсетіп алу керек. Әр бір 

қазақтың баласы Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының, алаш қайраткерлері, 

қазақтың ұлы азаматтарының өмір баяндарымен таныс болу керек, ол жүректің 

әмірімен келеді. Сол мамандықтың  қас шебері болуға ұмтылу керек, бірінші 

орында жақсы адам боламын деп ұлы мақсат қою керек. 

        Шынайы дос таба білу керек. Адамдардың достығы бір-біріне құрметпен 

сеніммен басталады, сыйластыққа өтеді. Достық теңдікке адалдыққа сүйенеді. 

Шынайы дос – қандай жағдай  басына тумасада  сенің жаныңдағы тірегің болып 

табылады. Басшы адамда мен мендік болмау керек, қол астындағы қызметшіні 

кемсітпеу керек, тек қана берген тапсырыс бойынша талап қылу керек, адамның 

жеке намысына тиместен, жүрегіне кілт табу керек. Басшы әділ болуы керек, сон- 

да қол астындағылар сыйлайды, және өз жұмысының білгірі болсаң абыройың 

өседі. Адамның өзін ертеңгі күнге дайындаудың ең жақсы тәсілі-барлық күш және 

қабілетін бүгінгі күнгі істерді жоғары дәрежеде орындауға қаратып жұмсауында. 

Адам өмірінің мазмұны өмірінің соңғы кездеріндегі халіне байланысты. Өйткені 

адам дүниеге келіп, кетіп бара жатқаның тек қана ақыл өрісі толған сәттерде ғана 

түсініп , жетеді екен. 


 

 

         Бүгінгі нанның төлеуі болғандай өткен өмірдің де төлеуі бар. 



Дүние адамдармен абат, олардың ақыл парасатыменен көркем, өмір жасау және 

жеңіске қарай ұмтылудан құралған. Өмірдің бергенін де алғанында сезе білу 

керек. Өмірді өтіріктің үстіне құрып болмайды. Өмір адал және істің көзін біле -

тұғынадамдар үшін ләззатты. Өмір бұл үлкен жол. Адам сол жолда бара жатқан  

жолаушы. Жолда дауыл да соғады, ашық күнде болады. Адамдар қателеседі, сүрі-

неді. Бұл жолдан аман есен өтіп өз мекеніне жету әрбір адамның өзіне байланыс- 

ты. Өмір заңдарын Алла жаратқан. Өмір жолдарын ақыл шамшырағы қыра тұра- 

ды, өткеннен көз жұмған соң әзірін және болашағын көре алмайды.  

       Қынабек ата еңбектің, адал достар, алланың, әке берген ақыл парасатының 

арқасында үлкен абыройға жетті. Абыройын басқаларға көмектесу үшін жұмсады. 

      Мен ұзақ өмір жасадым, халыққа адал еңбек жасадым. Сол еңбектің арқасында 

үлкен абыройға жеттім. Абырой деген не, ол халықтың сенімінен туылады, біреу- 

ден қарызға алып болмайды, адамның ақыл ыдысы терең борлса абыройы төгіліп 

кетпейді.Биік мәртебелі болуды қалаған адам қолын таза ұстауы ләзім. Ең үлкен 

адамның байлығы оның ақылы, ең үлкен кедейлігі- бұл надандығымен ақымақты- 

ғы, ең үлкен кемшілігі мақтаншақтық деп айтқан Қынабек ата. Сыртыңа да, ішін- 

де де мақтаншақтықты, менмендікті, қызғаншақтықты жақындатпа, осы жолың – 

ның үш тілін бағындыра алсаңдар сіздерден абыройлы адам болмайды, отбасыла- 

рыңа ең үлкен сыйлық сіздердің жақсы мінездерің, әдептерің. 

 

         Надандар, ақымақтар, сараңдар, жауыздар, өтірікшілер мен дос болмаңдар. 



Ақыл бақыт дарбазасының кілті, ақылдың қылышы тіл болса, оның қыны парасат. 

Ақылды адамдар доспен дұшпанды, дұшпанменен досты ауыстырмайды. Дүниеде 

ақыл өлшемінен қайырлы ешнәрсе жоқ.  

         Ақыл – адамның ойлау қабілеті, жақсымен жаманды ажырата білуі, өмірде 

өзің пайдалы шешімдерді қабылдай алуы. Адамның қадіріне жетсең, олармен 

қарым-қатынасың жақсарады. Адам қадірі бақытынан қымбат. Ойлы адам жолы- 

нан адаспайды. Біз өзіндік ділі, тамыры терең, құндылықтары сүйенер, қуат алар 

бай рухани мұрасы бар халықпыз. Жақсы адам болу үшін не істеу керек. Көпті 

көрген, көпті білген дана ағалардыңсөзін тыңдау, жаныңда жүрген, кездескен 

жақсы адамдардың өнегелі өмірінің сипаттарын, солардың іс-әрекеттерін үйрену. 

Өмірлік  тәжірибем  адамның  маңдайында  тағдырдың  жазылғанына  сенемін 

миллиондаған  адамдар  құрбан  болған  соғыстан,  Алла  оттың  ішінде  сақтаймын 

дегендей  бір  де  бір  жарадар  болмай  шықты  дегенге  кім  сенеді,  дегенмен,  ол 

шындық. 


 

    Алла  берген  өмірді  кәдірлеңдер,  арман  қылған  тәуелсіздікті  қорғаңдар.  Екі 



егіз  қазақпен  өзбектің,  екі  бауырлас  халықтардың  достығын  сақтаңдар, 

түркітілдес  ағайындардың  ынтымағы,  бірлігі  үшін  әрекеттеріңді  аямаңдар. 

Болашақ үлкен әлемде тұрандықтардың мәртебелі орны биік болуы тиіс! 

 

 

 

 

 

 

 



              ҚазақстанРеспубликасы елтаңбасының авторы.               

 Жандарбек Мәлібековтың естелігінен. 

 

                                        Ер есімі-ел есінде 

 

Мен 

Қазақстанға 

көшіп 

келместен 

бұрын 

Ташкент 

қаласындағы 

политехникалық институтты аяқтап, сонда ұзақ жылдар бойы сәулетші болып 

қызмет  атқардым.  Сол  уақыттан  бастап  Өзбекстанда  тұрып,  жасай-  тын 

қазақ  ағайындардың  арасынан  елге  танымалы  азаматтарды  көптеп  біліп, 

араласып тұратынмын. Сол кездерден Қынабек ағамыздың елдегі құр- меті мен 

абыройына қанық болатынмын. 

         Егемендікке  қол  жеткізгеннен  кейін  Қазақстан  Республикасы  да  өзінің 

мемлекеттік  рәміздерін  айқындау  үшін  халықаралық  конкурс  жариялады.  Бұл 

қуанышты хабарды шет елдерде тұратын барлық қазақ азаматтары зор ынта-

шынтасымен  қабыл  алды  десекқателеспейміз.  Қынабектің  ұлы  Артықбаймен 

біргелесіп  Өзбекстанда  тұратын  қазақ  халқының  мәдени  орта-  лығын 

ұйымдастыру жұмыстарына, сол елде қазақтардың айтыс өнерін насихаттау, 

талантты жастарына дұрыс жол, бағдар беру ісіне бірге араласқаннан бастап 

жақсы  таныс  болып  кеттік.  Алматы  қаласына  Қазақстан  Республикасы 

Елтаңбасының соңғы, 1992 жылы мамыр айында өткізілген шешуші конкурсына 

қатынасуға  барар  алдын,  мемлекеттік  комис-  сия  мүшелеріне  ұсынатын 

Елтаңбамыздың жобасы мен макетін Ташкентте, алғаш сол өздеріміз біргелесіп 

ұйымдастырған мәдени орталықта, жанашыр азаматтарға көрсетіп, солардың 

басында тұрған Қынабек ағамыздың басқа да ағалардың батасын алған едім. 

 

Экономикағылымдарының  докторы,  профессор,  Мақтарал  және  Мырзашөл 

құрметті азаматы Бегім Серіковтың естелігінен.                                             

            

                                    Мырзашөл майталманы 

 

«Елдің  атын  ер  шығарады,  ердің  атын  ел  шығарады»  деп  атам  қазақтың 

данышпан  нақылына  лайықты  бөтен  елде  ұлттың  атын  ұлықтап  жүрген 

азаматтар баршылық болған Кеңес дәуірінің түрлі аласапыран заманында, одан 

ілгерірек  тағдырдың  тәлкегімен  көрші  Өзбекстан  Республикасына  бір  жарым 

миллионнан  артық  қазақ  диаспорасы  қоныстанып  өмір  сүрді,  ел  мен  заманның 

талабына қарай еңбек етті. Отан қорғады, өніп өсті. Сол елдің арасынан Құдай 

берген  тума  талантымен,  сауаттылығы  және  іскерлігімен,  ерекше 

қабілеттілігімен  алдыңғы  қатарда  жүріп  халықтың,  биліктің  жоғары  бағасын 

алып  танылған  қазақ  азаматтары  көптеген  болатын.Солардың  қатарында 

облыс,  аудан  және  шаруашылық  басқарғандарын  атап  өтетін  болсақ,  елдің 

есінде мәңгілік қалған аға буын ақсақалдары: Қарақалпақстаннан А.Жақапов, Қ. 

Нұрымбетов,  Қашқариядан-  С.Шегебаев,  Бұқарадан-А.Исаев,  Ташкенттен  – 

белгілі  ғалымдар  М.Уразбаев,  А.  Нуралиев,  басшы  П.Қырғызбаев,  Мырзашөлден 

Социалистік  Еңбек  Ері  Қ.Үкібаевты,  С.Керімовты  тағы  басқаларды  ерекше 

 

 

атап  өткен  жөн  болады.Осы  ағалардың  дәстүрлі  өнегелі  іс-әрекеттерін 



жалғастырған  кейінгі  жаңа  буыннан  шыққан  азаматтар  да  бар.  Менің  негізі 

мақсатым «Мырзашөл майталманы»атанған қазақтың біртуар дарынды, іскер 

азаматы,  Социалистік  Еңбек  Ері  Қынабек  Үкібаевтың  туылғанына  100  жыл 

толуына байланысты азды-көпті естеліктерді елдің есіне салу. 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінің жауапты қызметкері 

Айтбаев Елеусіз Шығарбайұлының естелігінен. 

 

                              Ізгіліктің ізі, өмірлік өнеге 

 

Халықтың  қандай  да  тарихында  болмасын  әр  кезеңде  ел  намысын  қорғайтын, 

рухани  қазынасы  болатын,  қоғамның  дамуына  өзінің  қомақты  үлесін  қосып 

отырған,  көш  бастайтын  ірі  тұлғалары  болған.  Елдің  алға  қарай  дамуы  үшін 

осындай  ірі  тұлғалардың  қатары  үзілмей,  жоғалмай,  ары  қарай  жалғасып 

отыруы  қажет.  Мырзашөлдің  гүлденуіне,  мәдениеті  мен  әлеуметтік 

жағдайының  көтерілуіне  сол  жерде  қызмет  атқарған  азаматтардың  барлығы 

дерлік  өздерінің  қадір  қасиетінсарп  етіп,  тиісінше  үлестерін  қосты.  Осындай 

тұлға  қазақ  пен  өзбек  ұлттарының  арасын  жалғастыратын  көпір  ретінде 

ұлағатты  жұмыстар  атқарып,  оңтүстік  өңірге,  оның  ішінде  Мырзашөлге 

өлшеусіз еңбек сіңірген, елдің құрметіне бөленген Қынабек атамыз. 

 

Шымкент  қалалық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Уалихан  Сүлейменовтың 

естелігінен. 

 

                          Алтын көпір болған ағамыз. 

 

Өзбек  және  қазақ  халықтары  арасына  достықтың  алтын  көпірін  тұрғызған 

Қынабек  Үкібаев  ағамыздың  100  жылдық  мерейтойы  аталмақ.  Дана 

халқымыздың бұрыннан айтып келе жатқан «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда 

қазан»- деген ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлағатты сөз бар. Осы 

қағиданы  басшылыққа  алғанда  Қынабекпен  үзеңгілес,  қызметтес  болған 

азаматтардың  көпшілігі  жарық  дүниеден  өтті.  Ағаның  халқына  аянбай 

атқарған  еңбектерін  ,  артында  қалдырған  іздерін  жүз  жылдық  мерей  тойын 

жалпы ел болып атамақшы. 

        Қынабек  ауданды  басқаруда  мақтадан  гектарынан  11  цн.  Өнім  алса  ол 

көрсеткіш 26 ц-ге дейін көтерілді.        Мақтаның көлемі 10 мың гектардан 23 

мың гектарға жеткізді, аудан бойынша суармалы дәнді-дақыл егісінің көлемі 50 

мың  гектарға  жетті.  Мырзашөл  өңірін  игерудегі  және  ауылшаруашылықты 

өркендетудегі  атқарған  еңбектері  жоғары  бағаланып  ,  1957  жылы    Қынекең 

еліміздің  ең  жоғарғы  наградасы  Ленин  орденімен  Социалистік  Еңбек  Ері 

атағына ие болады.с 

 

 

 

 

 

 



                                        Қорытынды: 

 

               Қ. Үкібаевтың  өмірі жастарға өнеге. 

 

         Киелі тарих ешнәрсені ұмытпайды.Мақтарал ауданының   тарихы да, кешегі 

ерлік күресі де, адамдардың қайтпас қайсарлығы мен мұқалмас жігері де  кейінгі 

өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпаққа  беретін    тәлімі  зор.  Бір  кезде  «адамдар  тыңды 

көтерді,тың  адамдарды  көтерді»    деген  қанатты  сөз  шыққан.  Өйткені  аға-

апаларымыз Мырзашөлді игерсе, соған белсене қатысса, сүйікті туған жер оларды 

да үлкен құрметке, биік абыройға бөледі. Ел ырысын арттыруда мол үлес қосқан 

бөлімшелер  мен  бригадаларды  жүздеп  келтіруге  болады.  Осыларға  басшылық 

еткен  кісілердің ерлік істерін бағалау қажет. 

         Шаруашылықтардың  елеулі    табыстарға    жетуіне,  Мақтаралдың  түлеуіне 

үлесін қосқан ұл-қыздары  жан –тәнімен еңбек ете білген.  

         Өсіп  келе  жатқан  ұрпаққа  өз  туған  өлкесінен  шыққан  соғыс,  еңбек 

ардагерлерінің істері өшпес мұра.Сондықтан мен өз шығармашылық жұмысымды 

жазу  барысында    Мақтарал  ауданының  өсіп  -  өркендеуіне  үлесін  қосқан,  

Социалистік  Еңбек  ері,  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  мектебімізге  есімі 

берілген,  Қынабек  Үкібаев  жайлы  ол  кісінің  іскерлік  қабілетін,  еңбекқорлығын, 

адамгершілігі  мен  қарапайымдылығынан  өзімнің  бойыма  қажетті  нәрселердің 

барлығын  алдым  деп  ойлаймын.Алдағы  уақыттарда  бұл  жұмыста  қамтылмай 

қалған жерлері болса тағы да ізденіп , еңбектенемін. 

Адам бұл өмірге келеді де кетеді, ал артында оның істерімен ол туралы естелік 

қана қалады. 

Қынабек  Үкібайұлы  бізге  мұра  етіп  өз  істерін,  шәкірттерін  қалдырды. 

Мыңдаған  жылдары  қахрап  жатқан  шөлді  игеріп,  абат  жерге  айналдырды. 

Мырзаның  шөлін  гүлдей  жайнатты.  Жүздеген  жастарды  тәрбиелеп  басқаруы 

жұмысына  қатыстырды.  Өмірдің  түрлі  тәлкектеріне  түсіп  қалған,  көмек  сұраған 

мыңдаған адамдарға жәрдемін берді. 

Өмірінің соңғы жылдары ол тұжырымды жазба жүргізді, онда оның ең қымбат 

естеліктері, көрген білгендерін, ойлары, жастарға ұсынулары, 

жүрегінінің  айтқысы  келгендерінің  бәрі  болатын.  Адам  өміріндегі  басты  нәрсе 

не.?  Өмірді  қалай  адал  жасауға  болады?.  –  оның  ойлау  мен  пайымдауларының 

негізгі түйіні міне осы. 

Бүгінгі  күні Қынабек Үкібайұлыны еске алғанда біздің көз алдымыздан оның 

тасқындармен  сарқымаларға  толы  қиын  қыстау  өмірі  дария-өзенше  ағып  өтеді. 

Оның  өзені  өз  мұхитына  сәтті  ағып  жетті,  ол  өмірін  ұсақ  түйек  пен  әбігерге 

жұмсаған жоқ, ол қазіргі кезде біз оның ой пайымдауларынан көре алатын басты 

нәрсені істеді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                                     «Қ. Үкібаев атындағы»жалпы орта 

                                                                     мектебінің 8«А» сынып оқушысы 

                                                                     Ілесбек Ержігіттің «Сөнбес сәуле» 

                                                                     атты ғылыми жұмысына жазылған 

 

                               

Пікір 

«Қ.Үкібаев атындағы »жалпы орта мектебінің » 8 «А»сынып оқушысы  

Ілесбек Ержігіттің «Сөнбес сәуле» атты шығармашылық жұмысын оқып шығып , 

оқушының өз шығармашылық жұмысын жазуда өте көп ізденіп тапқанын 

байқадым. 

Ол ең алдымен болашақ жұмысына жоспар құрып , соған  сәйкес ғылыми , көркем 

шығармалармен , жасы үлкен ағалардың айтуларымен  де танысып шыққан. 

Ол Мақтарал ауданының Құрметті азаматы, Отан орденінің иегері, Социалистік 

Еңбек Ері атанған Қынабек Үкібаевтың  өмірі мен қызметіне ерекше  қөңіл 

бөлген.Еңбекті жазуда  Қ. Үкібаевтың  өзінің жазған монографиялық   еңбегін, 

ғылыми еңбектер  мен мұражай , мұрағат материалдарын , жергілікті 

басылымдарды  пайдалана отырып жазған. Еңбекті жазуда Қ. Үкібаевтың отбасы 

мүшелерімен кездесіп сұхбат алды. Бұл оқушының  өлке тарихын игеруге деген 

құлшынысы екендігін атап өтуге болады. Өйткені  қазіргі таңда өскелең 

ұрпақтарды тәрбиелеуде патриоттық тәрбиеге өте   көп қөңіл бөлінуде. 

Патриоттық тәрбие беруде өлке материалдарын сабақтарда тиімді пайдалану 

әрбір ұстазға жүктеледі. 

Отан өлке тарихы арқылы әрбір азамат Отанына  керек екенін түсінеді .Өнген 

топырағы  мен өскен ортасына  деген құштарлық, құрметінің деңгейі артады. 

Сондықтан Ержігіт осы өлке тарихына арналған жұмысы арқылы  түған өлкесінің 

тарихын , елінің тарихын сүйетін, қадірлейтін ұлтжанды азамат болып 

қалыптасатынына сенімім мол. 

Бұл жазылған шығармашылық жұмысты  оқып ұйреніп жазылған жұмыстың тілі 

жатық , ғылыми , көркемдік деңгейі жақсы дәрежеде деген  баға беруге болады . 

Іздену , оқып – үйрену барысында бұл оқушы белсенділік танытумен қатар 

Қ.Үкібаев  туралы материалдарын толық меңгерген .Өзінің туған өлкеснің тарихы 

туралы оқып үйренген. Нақты деректер , цифрлар естеліктерді пайдалана  білген. 

Өлке тарихын жан-жақты зерттеу арқылы бұл оқушының қоғам өміріне араласа 

алатындай дағдысы  қалыптасады. 

 

 



 Шығармашылық жұмысқа жетекшілік еткен : 

 «Қ.Үкібаев атындағы» жалпы орта мектебінің »  

 тарих пәнінің мұғалімі  

                                                                                              Р. Ералиева .     



                                                                                                

 

 

 

 



 

                            Пайдаланған әдебиеттер. 

 

1.

 



Қынабекнама кітабы. 

    


2.

 

Егемен Қазақстан газеті. 2013 жыл 



 

3.

 



Естеліктерден 

 

4.



 

Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының хаттамасы.   

 

5. «Өңірге тұтасқан тағдыр» кітапша. 1999 жыл 



   

6.Ономостика бөлімінің шешімі.   

 

7.Мақтаарал газеті. 2013 жыл   



  

8. Шұғыла журналы  1993. № 10, 2 б. 

 

9. Оңтүстік Қазақстан газеті 2013ж 



 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет