Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#6451

Н. 4-63 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 



 

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 

 

 

 



 

 

 



5В020500 – «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығы студенттеріне 

арналған «Қазақ балалар әдебиеті» пәнінің



 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Павлодар 

 


Н. 4-66 

Бекітемін 

ОӘЖжЖТ жөніндегі проректор 

_________ Ж.М.Мұқатаева 

«     » ____________  201   ж. 

 

 



Құрастырушы __________ ф.ғ.к., доцент Н.Б.Ағалиева 

 

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 



 

5В020500 – «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығы студенттеріне 

арналған «Қазақ балалар әдебиеті» пәнінің

 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Жұмыс бағдарламасы жұмыс оқу жоспары мен 5В020500 – «Филология: Қазақ 



филологиясы» мамандығы пәндерінің элективті каталогі негізінде жасалды,  

 

ПМПИ ҒӘК мәжілісінде бекітілді 20__ж. __________ № __ хаттама.



 

 

Кафедра мәжілісінде ұсынылды. 20__ ж. _______“___”  № __ хаттама 



Кафедра меңгерушісі ________ Қ.С.Ерғалиев 

 

 



Факультеттің ӘОК-інде мақұлданды. 

ӘОК төрайымы _________ А.М.Сыздықова 20__ ж. __________“___” 

 

 

Келісілді 



Факультет деканы _________ Қ.М.Текжанов 20 __ ж. _________“___” 

 

 



Мақұлданды 

ОӘБ бастығы _________ С.Ж.Сұлтанова 20__ ж. __________“___” 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі 

 

Қай  халықтың  да  ғасыр  бойы  дамып,  қалыптасқан  ұлттық  дүниетанымы, 

өзіндік  философиясы,  фольклорлық  мұралары,  бір  сөзбен  айтқанда,  өзіне  тән 

рухани  әлемі  болатыны  мәдениет  тарихынан  жақсы  белгілі.  Ұлттық  руханият 

қазынасына  мейлінше  бай  жұрттардың  бірі  қазақ  халқы  екендігі  әр  уақытта 

дәлелденіп келеді. Кейінгі дәуірлерде осынау рухани игілік көлемі сан жағынан 

да,  эстетикалық  әсері  жағынан  да  одан  әрі  жетіліп,  толыға  түсуде.  Бұл 

тұжырымның  бір  айқын  көрінісі  –  қазақтың  жазба  балалар  әдебиеті.  Бүгінгі 

таңда  ол  тарихы  терең,  философиялық-эстетикалық  тұғыры  нық,  ой  мен 

мазмұнға  қашанда  бай  болып  келетін  құнарлы  қазақ  әдебиетінің  үлкен  бір 

тармағына айналып отыр. 

Мақсаты: Студенттерге балалар әдебиетінің ұлттық негізін, ата-бабадан келе 

жатқан дәстүрлі рухын жеткізу. Қазақ балалар әдебиетінің  тәрбиелік мәнін, 

әлемдік әдеби қордағы  балаға етене жақын  туындылардың эстетикалық әсерін 

қабылдауға бағыттау. 



Міндеттері: 

- Студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру; студенттердің 

халық ауыз әдебиеті пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге 

салу; қазақ балалар әдебиетінің даму тарихы, балаларға арналған алғашқы оқу 

құралдарының  шығуы  туралы;  балалар  әдебиетінің  тәрбиелік  мәні  туралы; 

қазіргі заман балалар әдебиеті туралы мағлұмат беру. 

- Балалар әдебиетінің студенттерді тәрбиелеудегі маңызын ашу. 

-  Ауыз  әдебиетінің  даналық  мектептің  және  жүйелі  тәрбие  берудің  үлгісі 

ретіндегі ролін көрсету. 

-  Балалар  әдебиетіндегі  Абай,  Ыбырай  дәстүрі  мен  үлгісі  дамытудағы 

шығармалышық жетістіктерге аса назар аудару. 

-  Кеңес  дәуіріндегі  және  қазіргі  балалар  әдебиетінің  дамуы  және  қазақ 

әдебиетінің  әлем  әдебиетімен  байланысының  балалар  әдебиетіне  ықпалын 

таразылау, саралау. 

-  Балалар  әдебиеті  пәнінің  тарихын  терең  меңгеріп,  оның  өкілдерінің 

шығармаларымен толық танысу. 



Құзыреттілігі:  

Арнайы  –  пән  бойынша  білім,  білік  және  дағдыларды  меңгеруге,  оқушыларға 

кәсіби білім беруге қабілеттілік.  

Ақпараттық – жаңа ақпараттық технологияларды игеруге, пән бойынша қажетті 

ақпаратты өздігінен тауып, іріктеп, талдай білуге, оны жүйелеп, қорыта білуге 

қабілеттілік.  

Зияткерлік  –  аналитикалық  тұрғыдан  ойлай  білуге  қабілеттіліқ,  жеке  тұлғаны 

дамыту және өзін-өзі дамыту тәсілдерін меңгеру.  

Профильді  –  оқыту  профиліне  байланысты  пән  бойынша  білім  мазмұнын 

сұрыптай  білуге,  білім  бері  үрдісін  жоспарлап,  ұйымдастыра  білуге 

қабілеттілік;  профильді  сыныптарда  пән  бойынша  жаңа инновациялық әдістер 

мен  оқыту  технологияларын  таңдап,  бейімдей  білуге  қабілеттілік;  профильді 

сыныптарда  пән  бойынша  оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмысын 

ұйымдастыра  білуге  қабілеттілік;  профильді  сыныптарда  пән  бойынша 



заманауи  әдістемелер  негізінде  оқушылардың  өздік  және  өзін-зі  дамыту 

жұмыстарын ұйымдастыра білуге қабілеттілік.  



Пререквизиттері: 

- Қазақ халық ауыз әдебиеті 

- ХІХ ғасыр әдебиеті 

- ХХ ғасыр басындағы әдебиет 



Қазіргі қазақ әдебиеті 

Постреквизиттері:  

- диплом жұмысы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Н.4-70 

Пәннің мазмұны 

 

Пәннің тақырыптық жоспары 



№ 

р/с 

Тақырып атауы 

Сағат саны 

Дәріс  Тәжір

ибе 

СОӨЖ

/СӨЖ 









Балалар әдебиеті туралы түсінік 



 





Балалар  әдебиетінің  түп  қазығы  –  халық  ауыз 



әдебиеті үлгілері 





Мақалдар мен мәтелдер 







Ертегілер, батырлық эпостың балалар 



әдебиетіндегі ролі. 





ХІХ ғасырдың жартысындаға балалар әдебиеті.  



 





ХХ ғасыр басындағы балалар әдебиеті.   







М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және 



балалар әдебиеті. 





С.Көбеевтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 







С.Торайғыров және балалр әдебиеті 







10  Кеңестік дәуірдегі балалар әдебиеті. 







11  Отызыншы жылдардағы балалар әдебиеті  

 





12  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  балалар 

әдебиеті.  





13  Ғабит Мүсірепов проза жанрының шебері. 







14  Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі балалар 

әдебиеті. 





15  Мұқан 

Иманжанов,  Сәуірбек  Бақбергенов 

шығармашылығының  балалар  әдебиетіне  қосқан 

үлесі.  

 







Барлығы 

30 

15 

90 

 

 

 

 

 



 

 Дәріс тақырыптарының мазмұны 

 1-тақырып:  Балалар әдебиеті туралы түсінік 

 1.Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуы.  

 2.Поэзия, проза, драма саласында еңбек еткен ақын-жазушылар. 



Қысқаша мазмұны 

 Қазақ  балалар  әдебиеті  жылдан  жылға  сан  жағынан  да,  идеялық  сапасы 

жағынан  да  өсіп  келеді.  Мұның  қоғамдық  ірі  мәне  бар.  Өйткені  балалар 

әдебиеті-  тәуелсіз  еліміздің  жаңа  қоғам  құрушы  азаматтарына  тәрбие  берудің 

қуатты  құралы.  Ол  жас  ұрпаққа  ұлттың  рух  беріп,  озат  идеялармен 

қаруландырады. 

Балалар  әдебиетінің  қалыптасуына,  дами  беруіне,  оның  жетіле  түсуіне,  қазақ 

жазушылары  мен  ақындары  жан  ашырлықпен  тікелей  ат  салысып  келеді. 

Мұның  өз  ұрпақ  санасының  өзгеруіне  оқыту  мен  тәрбиелеу  ісі  де  күрделене 

түспек.  Себебі  ендігі  ұрпақ  «заманына  қарай  амалын»  жасай  алатын  болуға 

тиіс.  Ендеше  балаларды  тәрбиелеу  ісінің  салмағы  күн  өткен  сайын  ауырлай 

бермек. Біздің бұл пікірімізді Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» 

атты  еңбегіндегі  ұрпақ  тәрбиесі  төңірегінде  өрбіткен  ой-толғамдары  растай 

түседі.  Ел  президенті  қазіргі  тәрбиенің  көтерер  жүгін  салмақтай  келіп 

ұлтжанды, жігерлі де жетелі ұрпақ өсіруді алға тартады. 

 

2-тақырып.  Балалар әдебиетінің түп қазығы – халық ауыз әдебиеті 



үлгілері 

 1.Халық ауыз әдебиеті үлгілері және балалар әдебиеті.   

 2.Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің балалар тәрбиеміндегі алар орны. 

Қысқаша мазмұны     

Бесік  жыры.  Балалар  әдебиетін  жасаған  -  халық.  Халық  өзінің  әнін  баласына 

арнаған.  Баланы  жұбату,  оны  тәрбиелеу,  оның  алдына  неше  алуан  мақсаттар 

қою өлең жырмен бейнеленген.   

Бата  беру  салты.    Нәрестенің  дүниеге  келуі  –  қай  халықтың  салтында 

болмасын  үлкен  шаттық,  зор  қуаныш.  Бұл  күндері  әр  жанұя  ұлан  асыр  той 

жасап, атап өтеді, оны қазақ «шілдехана» деп атайды 

   

3-тақырып. Мақалдар мен мәтелдер 

  1.Мақал мен мәтелдің тақырыптық аясы. 

  2.Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні.    

  Қысқаша мазмұны 

 

Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, 



сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен 

айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Мақал, 

негізінен,  екі  бөлімнен  (көбінесе  екі  тармақтан)  құралады.  Бірінші  бөлімде 

пайымдау  (айтатын  ойдың  түп  негізі),  екінші  бөлімде  ой  қорытындысы 

айтылады ("Еңбек етсең, емесің"). Тура мағынада ("Еңбек етсең ерінбей, тояды 

қарның тіленбей"), ауыспалы мағынада ("От жақпаған үй  – қорамен тең, адам 



кірмеген  үй  –  моламен  тең")  қолданылатын  мақалдарды,  көбінесе  халық 

шығарған. Жыраулар мен ақындар, ел басылары мен батырлар, зиялы адамдар 

шығар ған (авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдер де өте көп. 

 

4-тақырып.  Ертегілер, батырлық эпостың балалар әдебиетіндегі ролі 

1.Ертегілердің түрлері. 

2.Ертегілердің балалар әдебиетіндегі орны.   

Қысқаша мазмұны 

Бала  тәрбиесіне  ерекше  әсер  ететін  ертегілердің  тәрбиелік  мәні  зор.  Қазақ 

ертегілері  тақырыбы,  сюжетіне  қарай  сан  алуан.  Оларды:  хайуанаттар  туралы 

ертегілер,  қиял-ғажайып  ертегілер,  тұрмыс-салтқа  байланысты  ертегілер, 

батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады. 

Халықтық  ертегілер  өмір  шындығын  баяндайтын  фантастикалық  негізге 

құрылған көркем шығарма. 

 

 5-тақырып.  ХІХ ғасырдың жартысындаға балалар әдебиеті 

1.ХІХ ғасырдың жартысындаға балалар әдебиеті 

1.М.Өтемісұылының балалар әдебиетіне қосқан үлесі.  

2.Өлеңдерінің тақырыптық аясы.  



Қысқаша сипаттама:  

Махамбет  Өтемісұлы  -  халықтың  азаттығын  көксеген  күрескер,  қол  бастаған 

батыр,  құдіретті  ақын.  Ақынның  бүкіл  өмірі  мен  ақындық  қуаты  түгелдей 

дерлік халық қамына жұмсалды. Махамбеттің алып жүрегі халыққа атай салған 

қоңыраудай  күмбірлеп,  тау  құлатар  тасқын  толқындай  тулап  дамыл  таппады. 

Кеудесін  кернеп,  халқының  мұңы  мен  зарын  толғады.  Оның  өлеңдері 

көтеріліс,тартыс, күрес үстінде туды. Махамбет ел үшін еңіреген ерді аңсаған, 

соған  бар  ақындық  жүрегін  арнаған.  Ол  «Асыл  ердің  баласы  жауды  көрсе 

шыдамай,  көзін  салар  қияға»,  деп  бүкіл  поэзиясына  ерлікті  ту  еткен.  Оның 

алмас қылыштай өткір тотияйндай уыты, кекті жырлары әрқашанда халқымыз 

үшін баға жетпес құндылық болып саналады 

 

6-тақырып. ХХ ғасыр басындағы балалар әдебиеті   

1.ХХ ғасыр басындағы балалар әдебиеті   

2.А.Құнанбаев балалар әдебиетін негізін салушылардың бірі. 

3.Ш.Құдайбердиев «Еңлік – Кебек» поэмасы, көркемдік ерекшелігі.  

3.Еңлік бейнесінің  портрет пен диалог арқылы ашылуы.  

4.Поэманың аяқталуындағы тарихи шындық. «Еңлік – Кебек» реалистік  дастан  



Қысқаша сипаттама:  

 

Абай  балалар  әдебиетін  жасаушылардың  бірі  —  ірі  өкілі.  Жасөспірімдерге 

арнап  бірталай  өлеңдер  жазды,  ақыл  сөздер  айтты.  Жасөспірімдерді  өнер-

білімге  шақырды.  Абай  өз  өлеңдерін  еріккеннің  ермегі  еткісі  келмей, 

жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын-ала ескертіп өтеді- 

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,  



Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.  

XIX  ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиеті  тарихында 

Абайдан  кейінгі  ірі  ақын,  ғұлама  ойшыл  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  балалар 

әдебиетінде орны үлкен. 



 

7-тақырып. М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және балалар әдебиеті 

1.М.Жұмабаевтың лирикалық шығармалары. 

2. М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы. 

Қысқаша сипаттама:

М.Жұмабаев - өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен бар білген-түйгенін соған 

сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында – мұңлы толғаныс, 

өкіну  және  қайғы-қасірет,  күйініш  жатса,    екінші  жағында  –  романтикалық 

өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, арман, мақсат, үміт жатады.  

Ақынның  «Ата,  бата»,  «Ана»,  «Сылдырмақ»,  «Сал,  сал  білек,  сал  білек», 

«Бөбектің тілегі», «Сұр құлын» қысқа өлеңдері  баланың оқуына  жеңіл. 

Міржақыптың ақындық даңқын қазақ арасына кеңінен таратқан — «Оян, қазақ!» 

жинағы.  Ақынның  өлеңін  кімге  арнағаны,  не  айтпақ  болғаны,  көңілін  толқытқан 

қандай жайлар екені кітаптың сыртында жазылған: 

 

 



 

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, 

 

 

 



Өткізбей қараңғыда бекер жасты. 

 

 



 

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, 

 

8-тақырып. С.Көбеевтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі 

1.С.Көбеевтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі 

2.«Балалар мен ғалым» әңгімесі, 

3. «Түскі тамақ һәм кешкі тамақ» әңгімелерінің тәрбиелік мәні. 



Қысқаша сипаттама: 

Спандияр Көбеев — Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы. Өз 

ұстазына еліктеп, ол ұстаздық қызметін ағартушылық ісін дамыту үшін 

пайдаланған, казақ халқы арасында озық елдердің мәдениетін, әдебиетін 

насихаттаған. 

 

9- тақырып. С.Торайғыров және балалар әдебиеті 

1. С.Торайғыров және балалар әдебиеті 

2.Б.Өтетілеуовтың балалар әдебиетін қосқан үлесі.    



Қысқаша сипаттама:  

С.Торайғыровтың өнер-білімге іздену сапары, сол жолдағы көрген қиын-қыстау 

кездері  мен  табыстары,  өмірбаяны  балаларды  қатты  қызықтырады,  ойлаған 

мақсатқа жетудің жолдарын үйретеді.  

С.Торайғыров  1893  жылы  28  қазавда  Омбы  уезінін,  Шағырай  болысында, 

Қарауыл Шабар аулында (бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданы) туған. 

Әкесі Шоқпыт атанған (шын аты Әбубәкір) кедей, момын, ақкөңіл адам болған. 

 

10-тақырып. Кеңестік дәуірдегі балалар әдебиеті 

1.Кеңестік дәуірдегі балалар әдебиеті. 



2.  С.Сейфуллиннің  балалар  әдебиетіне  қосқан  үлесі.  «Бандыны  қуған  Хамит» 

әңгімесіне әдеби талдау.  



Қысқаша сипаттама:   

Сәкен  Сейфуллин  аз  ғана  ғұмырында  өлмейтін  мол  мәдени  мұра  қалдырды. 

Қазақ  әдебиетінің  барлық  жанрында  тамаша  туындылар  берген  жаңашыл 

жазушы  қаламынан  туған  шығармалар  халық  өмірінің  ең  бір  көкейкесті 

тақырыптарын  қопара  көрсетіп,  жанды  бейне,  көркем  образдар  арқылы, 

терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады. 

 

11-тақырып.  Отызыншы жылдардағы балалар әдебиеті 

1. Отызыншы жылдардағы балалар әдебиеті  

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш» романының балалар әдебиетінде алатын орны.  

Қысқаша сипаттама:   

С.Мұқанов  балалар  әдебиетінің  өркендеп  өсуіне  көп  еңбек  етті.  Жазушының 

туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі 

қазақ ауылындағы жалғыз оқу — молда оқуы болған. Жас Сәбит осы молдадан 

оқьш,  арабша  хат  таниды.  Жазушының    «Бақташының  баласы»,  «Менің 

мектептерім»,  «Патшаны  қуған  батыр»,  «Балалар»  атты  повестері  мен 

Мәншүк  Маметованың  өзіне  арналған  «Батыр  қыз»  атты  әңгімесі  балалар 

әдебиеті мұрасына қосылған зор үлес болды. 

  

12-тақырып. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті 

1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті  

2.Қ.Әбдіқадыров балалар ақыны. Балаларға арналған өлеңдеріне әдеби талдау. 

Қысқаша сипаттама:  

Майдан  тақырыбына  жазылған  шығармалар  әр  алуан.  Олар  ешуақытта 

бірін-бірі  қайталамайды.  Бәрінде  де  қайсарлық  уыттары  көрініп  отырады. 

Майдан  тақырыбына  жазылған  шығармалардың  бірқатары  атқыштар, 

пулеметчиктер болса, енді бірқатары партизандар өмірін камтиды. Бірқатары 

зеңбірекшілер  мен  танкистердің  ерлік  істерін  сипаттаса,  енді  біреулері 

ұшқыштардың  аспандағы  үрейлі  қайсарлығын  сипаттау  қандай  әсерлі 

десеңізші. 



 

13- тақырып. Ғабит Мүсірепов проза жанрының шебері 

1.Ғабит Мүсірепов проза жанрының шебері  

2.Қ.Қайсеновтың соғыс тақырыбындағы прозалық шығармалары.  

Қысқаша сипаттама:  

Ғ. Мүсірепов «Ара — «Шмель» атты сатиралық журналдардың бас редакторы, 

Қазақстан  Жазушылар  одағының  бірінші  хатшысы  қызметін  атқарып,  1966 

жылдан  кейін  қайтадан  бірыңғай  жазушылық  өнерімен  шұғылданады. 

Жапония, Египет, Алжир, Италия сияқты көптеген елдерді аралап, туған елінің 

сөз өнерін насихаттауда мол еңбек сіңірді Ғ.Мүсірепов — ел құрметіне бөленген 

әйгілі академик-жазушы ғана емес, ол көрнекті қоғам қайраткері еді. 


Қаламгер ондаған мақала мен очерк, әңгіме мен новелла, ұлттық драматургияның 

алтын қорына қосылған «Қыз Жібек» либреттосы, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», 

«Ақан сері — Ақтоқты», «Амангелді» пьесасы мен «Қазақ солдаты», екі томдық 

«Оянған  елке»,  Ұлпан  романы  және  «Кездеспей  кеткен  бір  бейне»  поэмасын 

жазды. 

 

14- тақырып. Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі балалар әдебиеті 

1. Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі балалар әдебиеті 

2. С.Бегалиннің «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген», 

«Алданған жолбарыс» әңгімелеріне әдеби талдау.  



Қысқаша сипаттама:  

С.Бегалин  —  балалар  әдебиетінде  әңгіме  жанрын  дамытқан,  соның  тамаша 

үлгілерін көрсеткен жазушы. Балаларға жазған отыздан аса көлемді әңгімелері 

бар. Соның бәрін жинақтағанда, тақырыбы мен кетерген мәселесіне қарай бес 

топқа бөлуге болады. 

«Сәтжан»  (1947),  «Көксегеннің  көргендері»  (1948),  «Бала  мерген»  (1956), 

«Алданған  жолбарыс»  (1956),  «Тоятқан  тауынан  табылыпты»  (1955).  Бұл 

повестері  мен  әңгімелері  аңшылық  тақырыбына  арналған. Туған өлкесінде, 

көбіне  ауылда  жүріп  қызмет  еткен  жазушы  жаратылыстың  алуан  түрлі 

байлығымен  танысып,  оның  көркем  көріністерін  суреттеуге  зер  салады.  Бұл 

ретте  С.  Бегалиннің  Москвада  орыс  тілінде  екі  рет  басылып  бүкіл  одақтық 

бәйге алған «Сәтжан» повесін ерекше атап өткен жөн. 

 

15- тақырып. Мұқан Иманжанов, Сәуірбек Бақбергенов 

шығармашылығының балалар әдебиетіне қосқан үлесі 

1.  Мұқан  Иманжанов,  Сәуірбек  Бақбергенов  шығармашылығының  балалар 

әдебиетіне қосқан үлесі. 

2. С.Бақбергеновтың «Талғат», «Дина», «Бозторғай» повестеріне әдеби талдау. 

Басты кейіпкерлерінің сомдалу ерекшелігі. 

Қысқаша сипаттама:  

М.Иманжанов  қазақтың    үздік  публицистерінің  бірінен саналады.  ҰлыОтан 

соғысы кезіндегі тылдағы адамдарыдың күнделікті еңбегімен ерліктері туралы 

оның  мақалалары  өткірлігі,  мақсаттылығы,  айқындығы  және  тілінің 

қарапайым,  көркемдігімен  көзге  түседі.  Үздік  мақалалары  жеке  кітап  болып 

басылды.  Оның  очерктері  мен  әңгімелері  1944  жылдан  бері  республикалық 

газет,  журналдарда  басылып  келеді.  1948  жылы  оның  «Жастық»  деген 

әңгімелерінің бірінші жинағы  жарыққа шықты, тағы да осы жылы Қазақтың 

жас өспірімдер театрының сахнасьшда және облыстық театрларға  оның «Жас 

өспірім» деген пьесасы қойылды. 1950 жылы «Алғашқы айлар» деген повесть 

жазды. Бұл повесть қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып шықты. 

 


 

Тәжірибе тақырыптарының мазмұны 

 

Тәжірибелік сабақ 



1-тақырып:  Балалар әдебиеті туралы түсінік 

1.Балалар әдебиеті туралы жалпы түсінік.  

2.Балалар әдебиетінің зерттелу жайы. 

3.Балалар поэзиясы, прозасы, драма жанры. 

4.Балалар әдебиетінің алғашқы асыл арналары. 

Қысқаша мазмұны 

 Қазақ  балалар  әдебиеті  жылдан  жылға  сан  жағынан  да,  идеялық  сапасы 

жағынан  да  өсіп  келеді.  Мұның  қоғамдық  ірі  мәне  бар.  Өйткені  балалар 

әдебиеті-  тәуелсіз  еліміздің  жаңа  қоғам  құрушы  азаматтарына  тәрбие  берудің 

қуатты  құралы.  Ол  жас  ұрпаққа  ұлттың  рух  беріп,  озат  идеялармен 

қаруландырады. 

Балалар  әдебиетінің  қалыптасуына,  дами  беруіне,  оның  жетіле  түсуіне, 

қазақ жазушылары мен ақындары жан ашырлықпен тікелей ат салысып келеді. 

Мұның  өз  ұрпақ  санасының  өзгеруіне  оқыту  мен  тәрбиелеу  ісі  де  күрделене 

түспек.  Себебі  ендігі  ұрпақ  «заманына  қарай  амалын»  жасай  алатын  болуға 

тиіс.  Ендеше  балаларды  тәрбиелеу  ісінің  салмағы  күн  өткен  сайын  ауырлай 

бермек. Біздің бұл пікірімізді Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» 

атты  еңбегіндегі  ұрпақ  тәрбиесі  төңірегінде  өрбіткен  ой-толғамдары  растай 

түседі.  Ел  президенті  қазіргі  тәрбиенің  көтерер  жүгін  салмақтай  келіп 

ұлтжанды, жігерлі де жетелі ұрпақ өсіруді алға тартады. 

 

2-тақырып.  Балалар әдебиетінің түп қазығы – халық ауыз әдебиеті 



үлгілері 

 1.Балалар әдебиетінің алғашқы асыл арналары. 

 2.Халық өлеңдері. 

 3.Ертегілер,  эпостық  жырлар,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  жаңылпаштар, 

өтірік өлеңдер, т.б.  

Қысқаша мазмұны     

Бесік  жыры.  Балалар  әдебиетін  жасаған  -  халық.  Халық  өзінің  әнін  баласына 

арнаған.  Баланы  жұбату,  оны  тәрбиелеу,  оның  алдына  неше  алуан  мақсаттар 

қою өлең жырмен бейнеленген.   

Бата  беру  салты.    Нәрестенің  дүниеге  келуі  –  қай  халықтың  салтында 

болмасын  үлкен  шаттық,  зор  қуаныш.  Бұл  күндері  әр  жанұя  ұлан  асыр  той 

жасап, атап өтеді, оны қазақ «шілдехана» деп атайды 

  Лиро-эпостық  жырлар  ғашықтық  жырлар  -  лирикалық  әрі  эпикалық 

шығарма.  Оқиға  желісі  бірін-бірі  құлай  сүйген  екі  жас  арасындағы  махаббатқа 

құрылады.  Көпшілігінің  оқиғасы  сүйгеніне  қосылуды  аңсаған,  жастарға  ескі 

салт-сана  қарсы  тұрып,  мерт  қылумен  аяқталады.  Лиро-эпостық  жырларларда 

халықтың  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпы,  наным-сенімі,  көңіл-күйі  көбірек 

суреттеледі.  



 

3-тақырып. Мақалдар мен мәтелдер 

 1.ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы балалар әдебиеті.  

2.Махамбет поэзиясы және балалар әдебиеті. 

3.Ы.Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы 

  Қысқаша мазмұны 

Махамбет Өтемісұлы - халықтың азаттығын көксеген күрескер, қол бастаған 

батыр, құдіретті ақын. Ақынның бүкіл өмірі мен ақындық қуаты түгелдей 

дерлік халық қамына жұмсалды. Махамбеттің алып жүрегі халыққа атай салған 

қоңыраудай күмбірлеп, тау құлатар тасқын толқындай тулап дамыл таппады. 

Кеудесін  кернеп,  халқының  мұңы  мен  зарын  толғады.  Оның  өлеңдері 

көтеріліс,тартыс, күрес үстінде туды. Махамбет ел үшін еңіреген ерді аңсаған, 

соған  бар  ақындық  жүрегін  арнаған.  Ол  «Асыл  ердің  баласы  жауды  көрсе 

шыдамай,  көзін  салар  қияға»,  деп  бүкіл  поэзиясына  ерлікті  ту  еткен.  Оның 

алмас қылыштай өткір тотияйндай уыты, кекті жырлары әрқашанда халқымыз 

үшін баға жетпес құндылық болып саналады 

 

4-тақырып.  Ертегілер, батырлық эпостың балалар әдебиетіндегі ролі 

 1.Абай  және балалар әдебиеті

2.Ш.Құдайбердіұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі.  



Қысқаша мазмұны 

ХІХ  ғасырдың  ұлы  ақыны,  ойшыл  қоғам  қайраткері,  қазақ  халқы 

ағартушысының бірі – Абай Құнанбаев. Абай өзі педагог болмаса да, Ыбырай 

Алтынсарин  сияқты  баланы  оқытуға,  тәрбиелеуге  көп  көңіл  бөлген,  оған  зор 

мән  бере  білген  ақын.  Баланы  оқытудың  да  белгілі  мақсаттары,  алдарына 

қоятын  тілектері  барын  айтқан.  «Баламды  медресеге  біл  деп  бердім,  қызмет 

қылсын, шен алсын деп бермедім» - дейді Абай. 

 

Абай 



балалар 

әдебиетін 

жасаушылардың 

бірі 


— 

ірі 


өкілі. 

Жасөспірімдерге  арнап  бірталай  өлеңдер  жазды,  ақыл  сөздер  айтты. 

Жасөспірімдерді өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі 

еткісі  келмей,  жастарға  үлгі-өнеге  көрсету  үшін  жазатындығын  алдын-ала 

ескертіп өтеді- 

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,  

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.  

XIX  ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиеті  тарихында 

Абайдан  кейінгі  ірі  ақын,  ғұлама  ойшыл  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  балалар 

әдебиетінде орны үлкен. 

 

 5-тақырып.  ХІХ ғасырдың жартысындаға балалар әдебиеті 

 ХХ ғасыр басындағы балалар әдебиеті. 

А.Байтұрсынов, М.Дулатов.  

С.Көбеев,  С.Торайғыров 



Қысқаша сипаттама:  

С.Торайғыровтың  өнер-білімге  іздену  сапары,  сол  жолдағы  көрген  қиын-

қыстау  кездері  мен  табыстары,  өмірбаяны  балаларды  қатты  қызықтырады, 

ойлаған мақсатқа жетудің жолдарын үйретеді.  

С.Торайғыров  1893  жылы  28  қазавда  Омбы  уезінін,  Шағырай  болысында, 

Қарауыл  Шабар  аулында  (бұрынғы  Көкшетау  облысының  Қызылту  ауданы) 

туған. Әкесі Шоқпыт атанған (шын аты Әбубәкір) кедей, момын, ақкөңіл адам 

болған. 

 

6-тақырып. ХХ ғасыр басындағы балалар әдебиеті   

1.С.Дөнентаев  және балалар әдебиеті. 

2.М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов. 

Қысқаша сипаттама:  

 

М.Жұмабаев  -  өз  орнын  өмірден  үнемі  іздеумен  өткен  бар  білген-түйгенін 

соған  сарп  еткен  суреткер.  Оның  шығармашылығының  бір  қырында  –  мұңлы 

толғаныс,  өкіну  және  қайғы-қасірет,  күйініш  жатса,    екінші  жағында  – 

романтикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, арман, мақсат, үміт жатады.  

Ақынның  «Ата,  бата»,  «Ана»,  «Сылдырмақ»,  «Сал,  сал  білек,  сал  білек», 

«Бөбектің тілегі», «Сұр құлын» қысқа өлеңдері  баланың оқуына  жеңіл. 

 

7-тақырып. М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және балалар әдебиеті 

1.Кеңестік дәуірдегі балалар әдебиеті. 

2.С.Сейфуллин, Б.Майлин. 

3.І.Жансүгіров, Ш.Иманбаева. 



Қысқаша сипаттама:

Міржақыптың  ақындық  даңқын  қазақ  арасына  кеңінен  таратқан  —  «Оян, 

қазақ!»  жинағы.  Ақынның  өлеңін  кімге  арнағаны,  не  айтпақ  болғаны,  көңілін 

толқытқан қандай жайлар екені кітаптың сыртында жазылған: 

 

 



 

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, 

 

 

 



Өткізбей қараңғыда бекер жасты. 

 

 



 

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, 

Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлмейтін мол мәдени мұра қалдырды. 

Қазақ  әдебиетінің  барлық  жанрында  тамаша  туындылар  берген  жаңашыл 

жазушы  қаламынан  туған  шығармалар  халық  өмірінің  ең  бір  көкейкесті 

тақырыптарын  қопара  көрсетіп,  жанды  бейне,  көркем  образдар  арқылы, 

терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады. 

 

8-тақырып. С.Көбеевтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі 

1.1930-1940 жалдардағы балалар әдебиеті. 

2.С.Мұқанов, А.Тоқмағамбетов. 

3.М.Әуезов және балалар әдебиеті 

Қысқаша сипаттама: 

С.Мұқанов  балалар  әдебиетінің  өркендеп  өсуіне  көп  еңбек  етті.  Жазушының 

туған  жері  қазіргі  Солтүстік  Қазақстан  облысының  Преснов  ауданы.  Ол 

кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу — молда  оқуы  болған.  Жас  Сәбит осы 



молдадан  оқьш,  арабша  хат  таниды.  Жазушының    «Бақташының  баласы», 

«Менің  мектептерім»,  «Патшаны  қуған  батыр»,  «Балалар»  атты  повестері 

мен  Мәншүк  Маметованың  өзіне  арналған  «Батыр  қыз»  атты  әңгімесі 

балалар әдебиеті мұрасына қосылған зор үлес болды. 

 

9- тақырып. С.Торайғыров және балалар әдебиеті 

1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті (1941-1945).  

2.Ж.Жабаев, Қ.Қайсенов, Ғ.Мүсірепов. 

3.Б.Бұлқышев, Қ.Әбдіқадыров, Ғ.Орманов 



Қысқаша сипаттама:  

Баубек  Бұлқышевтің  «Өмір  мен  өлім  туралы»  «Шығыс  ұлына  хат»  

әңгімелерін  ерекше  атаймыз.  Баубектің  осы  әңгімелерінің  бәрінен  де  тауы 

қайтпаған  жалынды жастық шақтың Отанына беріле  қызмет  ету  жайындағы 

патриоттық  сезімдері,  ерлік  істері  көрінеді.  «Ұр  да  жық  ақымақ  фрицтер 

біздің  жастығымызды,  болашағымызды  құртқысы  келеді.  Біз,  әрине  бере 

алмаймыз  оны!  Өлерміз,  бірақ  бере  алмаспыз!  Бермейміз!  Орыс  та  осыны 

айтады,  қазақ  та  осыны  айтады,  барлық  ұлттар  осыны  айтады»,—  дейді 

Б.Бұлқышев  «Өмір  мен  өлім  туралы»  әңгімесінде.  Олардың  Отан  қорғау 

күресіндегі көздеген негізгі нысаналы мақсаттары да осы еді. 



 

10-тақырып. Кеңестік дәуірдегі балалар әдебиеті 

1.Ұлы Отан соғысынан кейінгі балалар әдебиеті (1945-1956). 

2.С.Бегалин, Ө.Тұраманжанов. 

М.Иманжанов, С.Бақбергенов 



Қысқаша сипаттама:   

С.Бегалин — балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, соның тамаша 

үлгілерін  көрсеткен  жазушы.  Балаларға  жазған  отыздан  аса  көлемді 

әңгімелері  бар.  Соның  бәрін  жинақтағанда,  тақырыбы  мен  кетерген 

мәселесіне қарай бес топқа бөлуге болады. 

«Сәтжан» (1947), «Көксегеннің көргендері» (1948), «Бала мерген» (1956), 

«Алданған  жолбарыс»  (1956),  «Тоятқан  тауынан  табылыпты»  (1955).  Бұл 

повестері мен әңгімелері аңшылық тақырыбына арналған. Туған өлкесінде, 

көбіне  ауылда  жүріп  қызмет  еткен  жазушы  жаратылыстың  алуан  түрлі 

байлығымен  танысып, оның көркем көріністерін суреттеуге зер салады.  Бұл 

ретте  С.  Бегалиннің  Москвада  орыс  тілінде  екі  рет  басылып  бүкіл  одақтық 

бәйге алған «Сәтжан» повесін ерекше атап өткен жөн. 

       М.Иманжанов  қазақтың    үздік  публицистерінің  бірінен  саналады. 

ҰлыОтан  соғысы  кезіндегі  тылдағы  адамдарыдың  күнделікті  еңбегімен 

ерліктері туралы оның мақалалары өткірлігі, мақсаттылығы, айқындығы және 

тілінің  қарапайым,  көркемдігімен  көзге  түседі.  Үздік  мақалалары  жеке  кітап 

болып  басылды.  Оның  очерктері  мен  әңгімелері  1944  жылдан  бері 

республикалық  газет,  журналдарда  басылып  келеді.  1948  жылы  оның 

«Жастық» деген әңгімелерінің бірінші жинағы жарыққа шықты, тағы да осы 

жылы  Қазақтың  жас  өспірімдер  театрының  сахнасьшда  және  облыстық 

театрларға  оның  «Жас  өспірім»  деген  пьесасы  қойылды.  1950  жылы 


«Алғашқы  айлар»  деген  повесть  жазды.  Бұл  повесть  қазақ  және  орыс 

тілдерінде жеке кітап болып шықты. 

 

11-тақырып.  Отызыншы жылдардағы балалар әдебиеті 

1.Қазіргі дәуірдегі балалар әдебиеті (1956-1990). 

2.Б.Соқбақбаев, М.Әлімбаев,  

3.С.Сарғасқаев. 

Т.Молдағалиев, С.Мұратбеков 

Қысқаша сипаттама:   

Бердібек  Соқпақбаев  (13.10.1924  жылы  туған,  Алматы  облысы,  Нарынқол 

ауданы,  Қостобе  селосы)  —  қазақ  жазушысы.[1]  Қазақтың  Абай  атындағы 

педагогикалық  институтын  бітірген  соң  (1949)  Нарынқол  ауданында  мұғалім 

болды.  "Жүлдыз",  "Балдырған"  журналында,  Қазақстан  Жазушылар  одағында 

түрлі  қызмет  атқарды  (1952-70).  "Бұлақ"  (1950)  өлеңдер  жинағы,  "Он  алты 

жасар  чемпион"  (1951),  "Бақыт  жолы"  (1952),  "Алыстағы  ауылда"  (1953), 

"Балалықшаққа  саяхат",  "Дала  жүлдызы"  (1960),  "Аяжан"  (1963,  орыс  тілінде 

1965),  "Гауһар"  (1966)  повестерін  жазды.  "Менің  атым  Қожа"  (1957)  кітабы 

балалардың  сүйіп  оқитын  шығармасына  айналып,  орыс,  украин,  француз, 

литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазакфильм" студиясы 

сол  кітап  бойынша  жазылған  киносценарийді  экранға  шығарды.  "Балалық 

шаққа  саяхат"  атты  повесі  бойынша  жазылған  киносценарийі  де  фильмғе 

түсірілді  (1965).  "Менің  атым  Қожа"  фильмі  француздың  Канн  қаласындағы 

жастар  мен  балаларға  арналған  кинофильмдердің  халықаралық  фестивалінде 

(1967)  арнайы  сыйлыққа  ие  болды.  Б.Соқпақбаев  "Бозтөбеде  бір  қыз  бар" 

(1958),  "Әпенденің  айласы"  (1960),  "Менің  атым  Қожа"  (1967)  т.  б.  драмалық 

шығармалар жазды. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен 

жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып 

басылды 


12-тақырып. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті 

1.Т.Айбергенов, Қ.Мырзалиев. 

2.Ә.Нүрпейсов, Н.Әлімқұлов, С.Қалиев. 

3.Қ.Баянбаев, Қ.Толыбаев, Е.Елубаев, А.Асылбеков 



Қысқаша сипаттама:  

Т.Айбергеновтың  өлеңдері  республикалық  баспасөзде  1957  жылдан 

жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы 

бір  топ  өлеңдері  1961  жылы  шыққан  "Жас  дәурен"  атты  топтама  жинақта 

басылды.  Отанға,  туған  елге  деген  сүйіспеншілігін,  замандастарымыздың 

рухани  сезім  байлығын,  ізгі  тілеу,  ақ  ниетін  жарқырата  ашқан,  қазақ 

поэзиясында  өзіндік  жаңа  ыррақ,  тегеурінді  екпін  әкелген  поэтикалық  жыр 

кітаптары  -  "Арман  сапары"  (1963),  "Өмірге  саяхат"  (1965),  "Қумдағы 

мұнаралар" (1968), "Мен саған рашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым 

бар"  (1981),  балаларға  арналған  "Бақшаға  саяхат"  сурет-кітапшасы  (1985) 

жарық  көрді.  Сондай-ақ  орыс  тілінде  "Мир  созвездья"  (1987)  деген  атпен 

таңдама-лы  өлеңдері  аударылып  басылды.  Айбергенлвтың  "Ақ  ерке,  Ақ 

жайық",  "Жаңғырған  Маңғыстау",  "Қазақстан",  "Сені  ойладым",  "Мені  ойла", 


"Ақ  қайыңдар",  "Бір  тойым  бар",  т.  б.  өлеңдеріне  жазылған  әндер  ел  арасына 

кеңінен  танымал.  Қазақстан  Ленин  комсомолы  сыйлығының  лауреаты  (1974, 

қайтыс  болғаннан  кейін).  1997  ж.  ақынның  "Таңдамалы  өлеңдер"  жинағы  мен 

ол  турапы  жазылран  "Біргемін  мен  сендермен"  атты  естелік  кітабы  жарық 

көрді

 

13- тақырып. Ғабит Мүсірепов проза жанрының шебері 

1.Қазіргі балалар әдебиетіндегі үрдіс  (1991-2005). 

2.Балалар поэзиясы. 

3.Балалар прозасы. 

4.Балалар драматургиясы..  

Қысқаша сипаттама:  

Шығармасын балаларға арнаған драматургтеріміздің ескеретін тағы бір міндеті 

—  балалардың  жастық  ерекшеліктеріне  банланысты  өзіне  тән  өзгеше 

қасиеттерін жете меңгеріп, дұрыс түсіну қажеттігі. Орыс драматургиясында В. 

Губаревтің  «Павлик  Морозов»,  С.  Михалковтың  «Үйге  қайтқым  келеді», 

«Қызыл  галстук»,  Л.Гераскинаньң  «Кәмелеттік  аттестат»,  В.  Розовтың  «Оның 

достары» сияқты тартымды жазылған бірнеше шығармалардың  аттарын  атауға  

болады. 


 

14- тақырып. Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі балалар әдебиеті. 

1.Қазақ балалар әдебиетіндегі шетел тақырыбы. 

2.Шетелдердегі қазақ балалар әдебиеті. 

Қысқаша сипаттама:  

Габриэль  Гарсиа  Маркес  «Жүз  жылдық  жалғыздық»  ,  «Полковникке 

жазатын жан қалмады», «Қураған жапырақтар», «Ұлы шешені жерлеу», «Тура 

сағат  6-да  келетін  әйел»,  Эрнест  Хемингуэйдің  «Шал  мен  теңіз», 

«Килиманджаро  қарлы  тау».  Даниэль  Дефоның  «Робинзон  Крузо»  деген 

романын. жапон Ясунари Кавабата «Мың қанатты тырна» ,Жапонның Кобо Абэ 

«Құм құрсауындағы әйел», «Бөтен бет» романдары. 

Франц  Кавка.  «Құбылу».  Роберт  Льюис  Стивенсон.  «Қазына  аралы» 

Харуки  Мураками,  Рюноскэ  Акутагава,  Мопассан,  Чехов,  Пастернак,  Камю, 

Стендаль, Лаксенесс, Бальзак. 

Лев Гумилевтің «Қиял патшалығын іздеу 



15- тақырып. Мұқан Иманжанов, Сәуірбек Бақбергенов 



шығармашылығының балалар әдебиетіне қосқан үлесі 

Орыс балалар фольклорының түрлері. 

Орыс балалар ақын-жазушылары А.Пушкин ертегілерінің тәрбиелік мәні. 

М.Лермонтов шығармаларындағы балалар бейнесі. 

 Л.Толстой балаларға арналған шығармаларының мазмұны. 

Қысқаша сипаттама:  

Шығармасын балаларға арнаған драматургтеріміздің ескеретін тағы бір міндеті 

—  балалардың  жастық  ерекшеліктеріне  банланысты  өзіне  тән  өзгеше 

қасиеттерін жете меңгеріп, дұрыс түсіну қажеттігі. Орыс драматургиясында В. 



Губаревтің  «Павлик  Морозов»,  С.  Михалковтың  «Үйге  қайтқым  келеді», 

«Қызыл  галстук»,  Л.Гераскинаньң  «Кәмелеттік  аттестат»,  В.  Розовтың  «Оның 

достары» сияқты тартымды жазылған бірнеше шығармалардың  аттарын  атауға  

болады. 


 

Студенттердің өздік жұмыс түрлерінің мазмұны 

№ 

СӨЖ түрі 

Тапсыру 

уақыты 

Есеп түрі 

Бақылау түрі 

Сағ 

1  Дәріске дайындық 

1-15-апта 

 

Сабақ айту 



Тапсырманы орындау 



2-апта

 

Мысалдар 



теру 

Талдау 


Ғылыми  еңбектермен 



жұмыс, конспект жасау 

3-апта


 

Конспект 

Ғылыми 

еңбектерді талдау   6 



4  Тапсырманы орындау 

4-апта


 

Мысал теру 

Талдау  

5  Тапсырманы орындау 



5-апта

 

Мысал жазу 



Талдау  

6  Тапсырманы орындау 



6-апта

 

Мысал жазу 



Талдау  

7  Тапсырманы орындау 



7-апта

 

Мысал жазу 



Талдау  

8  Тапсырманы орындау 



8-апта

 

Мысал жазу 



Талдау  

9  Тапсырманы орындау 



9-апта

 

Мысал жазу 



Талдау  

10 



Ғылыми  еңбектермен 

жұмыс, конспект жасау 

1-15-апта

 

Конспект 



Ғылыми 

еңбектерді талдау 

11 


Ғылыми  еңбектермен 

жұмыс, конспект жасау 

1-15-апта

 

Конспект 



Ғылыми 

еңбектерді талдау 

12 


Ғылыми  еңбектермен 

жұмыс, конспект жасау 

1-15-апта

 

Конспект 



Ғылыми 

еңбектерді талдау 

13 


Ғылыми  еңбектермен 

жұмыс, конспект жасау 

1-15-апта

 

Конспект 



Ғылыми 

еңбектерді талдау 

14 


Ғылыми  еңбектермен 

жұмыс 


1-15-апта

 

Конспект 



Ғылыми 

еңбектерді талдау 

15 


Қорытынды  бақылауға 

дайындық 

15-апта

 

 



Коллоквиум 

(Тест) 


 

Барлығы 



90 

 

Студенттердің өздік жұмыстарына ұсынылатын тақырыптар 

1. СӨЖ. Балалар әдебиетінің классикалық үлгілері 



Өздік жұмысының мақсаты: Студенттерді шығарма- эссе жазуға баулу. 

Негізгі сұрақтар: Ертегілер Қиял-ғажайып, хайуанаттар жайлы т.б. 

Тапсырма:Ертегі жазу..  

Әдістемелік  нұсқау:  Студент  кез  келген  тақырыпта  өз  ойынан  ертегі 

құрастыру  керек.  Ертегі  –  фольклордың  негізгі  жанрларының  бірі.  Ертегі 

жанры  –  халық  прозасының  дамыған,  көркемделген  түрі,  яғни  фольклорлық 

көркем  проза.Ертегінің  поэтикасы  мен  композициясы  көркем  әрі  жүйелі. 

Композициясы  бірнеше  бөлшектен  тұрады:  бастама  –  эпикалық  баяндау  – 

аяқтау.  Бастама,  әдетте,  өлең  немесе  ұйқасқан  проза  түрінде  бас  кейіпкердің 



ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен 

таныстырады.  Эпикалық  баяндау  қаһарманның  өсуін,  үйлену  тарихын,  оның 

бастан  кешкендерін  әңгімелейді.  Аяқтауда  кейіпкердің  сүйгенін  алып  немесе 

ойлағанын  іске  асырып,  мұратына  жеткені  хабарланады.  Бастама  мен  аяқтау, 

көбінесе  тұрақты  тіркес  болып келеді. Өзінің ұзақ  тарихында  ертегі  жанры  әр 

дәуірдің,  әр  қоғамның  болмысы  мен  түсініктерінің,  нанымдарының  әр  түрлі 

іздерін  сақтап  қалып,  біздің  заманымызға  жеткізген.  Қазақ  ертегілерінде 

хандық  заманның  шындығы,  сол  шақтағы  әдеттер  мен  нанымдар,  салт-

дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. 

Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 

 

2. СӨЖ Мағзұм Тиесов прозасының тағылымдық мәні. 



Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді мақала жазуға баулу. 

Негізгі сұрақтар:  

М.Тиесов ертегілеріндегі шығыстық үлгі. 

 М.Тиесовтің аудармалары 

Тапсырма:  

Жазушы ертегілерінің  тақырыбы мен идеясы. Жазушының әдебиет тарихынан 

алатын орындарын сөз ету. 

Әдістемелік  нұсқау:  Мақала  -  тұрақталған,  қалыптасқан  тұжырымдарға  жаңа 

қырынан 


қарап,өзінше 

болжамдар 

мен 

түйіндеулерге 



құрылатын 

философияның, 

эстетиканың,әдеби 

сынның,публицистиканың, 

көркем 

әдебиеттің жанры. 



Есеп беру түрі: мақала, жазбаша  

 

3. СӨЖ  Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы 



Өздік  жұмысының  мақсаты:Өздік  жұмыстарында  түсіндірмелі  сөздіктерді, 

фразеологиялық сөздіктерді пайдаландыру барысында қазақ тіл білімінен алған 

білімдерін тереңдете түсу. 

Негізгі  сұрақтар:  М.Гумеровтың,  Б.Соқпақбаевтың,  М.Қабанбаевтың 

шығармалары 



Тапсырма: теориялық талдау 

Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпқа  қажетті  әдебиеттері  іріктеп  алыңыз,  өзіндік 

көзқарасыңызды негізе ала отырып талдау жасаңыз. 



Есеп беру түрі: жазбаша 

әдеби талдау 



 

 

      4.СӨЖ    Сейітжан  Омаров  –  жас  жеткіншектер  әдебиетінің  көрнекті 



қаламгері. 

Өздік  жұмысының  мақсаты:  Студенттер  өздерінің  әдебиет  теориясынан 

алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет. 



Негізгі сұрақтар: С.Омаров «Аманат» шығармасының баяндалу жүйесі 

 

Тапсырма: теориялық талдау 



Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпқа  қажетті  әдебиеттері  іріктеп  алыңыз,  өзіндік 

көзқарасыңызды негізе ала отырып талдау жасаңыз. 



Есеп беру түрі:картотека 

Тапсырманың  орындалу  уақыты  мен  студенттердің  білімдерін  бағалау:  4 

апта 5 балл 



 

 

5. СӨЖ. Қабыкен Мұқышевтың ақындық мұрасы 



Өздік жұмысының мақсаты:Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған 

білімдерін шыңдай түсу үшін қажет. 



Негізгі 

сұрақтар: 

Юморлық, 

 

сатиралық, 



трагедиялық,геройлық, 

романтикалық образдар 



Тапсырма: Қ.Мұқыш «Жақанның арманы» поэмасы. 

Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпқа  қажетті  әдебиеттері  іріктеп  алыңыз,  өзіндік 

көзқарасыңызды негізе ала отырып талдау жасаңыз. 



Есеп беру түрі:картотека 

 

6. СӨЖ.  Балалар әдебиетіндегі мазақтамалардың орны 

Өздік  жұмысының  мақсаты:  Ауыз  әдебиетімен  балалар  әдебиетінің 

арасындағы байланысқа студент назарын аудару. 



Негізгі  сұрақ:.  Мазақтамалар    –  халқымыздың  балалар  бойында  кездесетін 

ұнамсыз  қылықтарды  дер  кезінде  мінеп-шенеп,  түзетіп  отыру  үшін  қолдаған 

қысқа сықақ өлеңдері. 

Тапсырма:жинақтаған  мазақтмаларыңызды  тақырыптық  ерекшеліктеріне 

қарай саралаңыз. 



Әдістемелік нұсқау: Мәселен: Жаман бала жантая кетеді, Жұмсасаң шалқая 

кетеді.  

Немесе:  

Қомағай ішінен қағынады, 

Тентек тісінен қағылады. 

Мазақтамалар әдетте, балалардың өз аузымен айтылып, бірі екіншісінің 

кемшілігін осылайша сынап-мінеп, оның кемшілігін түзетуіне септігін тигізеді. 

Есеп беру түрі: картотека 

 

7. СӨЖНұрсұлтан Әлімқұловтың әдеби мұрасы.  



Өздік жұмысының мақсаты: Студенттердің тіл байлығын дамыта түсу. 

Негізгі сұрақтар: Н.Әлімқұлов. «Қоңырау»  

Тапсырма:Шығарма кейіпкерлеріне  талдау жасаңыз.. 

Әдістемелік нұсқау:Мазмұндап айту. 

Есеп беру түрі: \хат үлгісіндегі толғау-эссе\ жазбаша, ауызша 

 

8СӨЖ. Қадыр Мырзалиевтің балаларға арналған жыр мұрасы  

Өздік  жұмысының  мақсаты:  Студенттерді  өз  бетімен  ізденуге  жол  ашу, 

ғылыми материалдармен жұмыс жасауға баулу. 



Негізгі 

сұрақтар: 

«Заман-ай», 

«Өкінішті 

өткелдер», 

«Парламент» 

шығармаларының тақырыбы. 



Тапсырма: 

1.Қ.Мырзалиевтің балалар әдебиетіндңге алар орны. 



Әдістемелік нұсқау Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктеріне тоқтал. 

Тілдік  ерекшеліктері . 



Есеп беру түрі: ауызша, жазбаша. 

 

8.СӨЖ.. 



Әбдірахман 

Асылбеков 

шығармашылығының 

өзіндік 

ерекшеліктері 

Өздік жұмысының мақсаты: Өзіне тән ерекшелігін дәлелдету. 

Негізгі сұрақ: . Светофор сыры”, “Байқа, балақай” “Ерден атайдың ертегілері”, 

“Бәйшешектер 



Тапсырма: .Шығармалаларының көркемдік ерекшелігі және тәрбиелік мәні.. 

Әдістемелік нұсқау: 

Ә.Асылбековтың балалар әдебиетіндегі алар орынан тоқталыңыз. 



Есеп беру түрі: жазбаша,ауызша 

 

 



10. СӨЖ.. Мұқағали Мақатаев 

Өздік жұмысының мақсаты: Студенттерді жазу жұмыстарына төселдіру. 

Негізгі  сұрақтар:  «Сәби  болғым  келеді»,  «Мен  сені  сағынғанда»,  «Бақыт 

деген» 


Тапсырма:  Өлеңдерін  пайдалана  отырып  балалық  шақ  -    бақытты  шақ  атты 

шғарма жазу. 



Әдістемелік  нұсқау:  :  Студент  кез  келген  бір  жырауға  өз  атынан  ,осы  эссе 

деген термин сөзге сүйене отырып шығарма-эссе жазу керек. 

Эссе-тұрақталған,  қалыптасқан  тұжырымдарға  жаңа  қырынан  қарап,өзінше 

болжамдар  мен  түйіндеулерге  құрылатын  философияның,  эстетиканың,әдеби 

сынның,публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. 

Есеп беру түрі: жазбаша 

 

11. Қ.Әбдіқадыровтың балаларға арналған шығармалары. 



әңгімелері:  тақырып,  кейіпкер  бейнесі,  бейнелеу  құралдары;  «Қажымұқан» 

повесі. 


Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпқа  қажетті  әдебиеттері  іріктеп  алыңыз,  өзіндік 

көзқарасыңызды негізе ала отырып талдау жасаңыз. 



Есеп беру түрі: жазбаша әдеби талдау 

 

12. Ө.Тұрманжанов - қазақ балалар әдебиетінің көрнекті ақыны. 

Ө.Тұрманжановтың  әңгімелері;  өлеңдерінің  тақырыбы,  көркемдік  сипаты; 

поэмалары. 



Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпқа  қажетті  әдебиеттері  іріктеп  алыңыз,  өзіндік 

көзқарасыңызды негізе ала отырып талдау жасаңыз. 



Есеп беру түрі: жазбаша әдеби талдау 

 

13. 1950-1980 ж.ж. қазақ балалар прозасы, драмматургиясы. 

прозадағы  жаңа  тақырыптар;  қазақ  балалар  драмматургиясының 

қалыптасуы. 

Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпқа  қажетті  әдебиеттері  іріктеп  алыңыз,  өзіндік 

көзқарасыңызды негізе ала отырып талдау жасаңыз. 



Есеп беру түрі: жазбаша әдеби талдау 

 

14. М.Әлімбаев, М.Жаманбалинов, Қ.Мырзалиев өлеңдері. 

1.

 



М.Әлімбаев өлеңдерінің сипаты; 

2.

 



М.Жаманбалинов шығармалары; 

3.

 



Қ.Мырзалиев шығармашылығының мәні. 

Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпқа  қажетті  әдебиеттері  іріктеп  алыңыз,  өзіндік 

көзқарасыңызды негізе ала отырып талдау жасаңыз. 



Есеп беру түрі: жазбаша әдеби талдау 

 

15.

 

Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, Ж.Кәрібозин өлеңдері. 

1.

 



Ә.Дүйсенбиев өлеңдерінің көркемдігі; 

2.

 



Ж.Кәрібозин шығармалары; 

3.

 



Ж.Смақов туындыларының ерекшелігі. 

1980-2000 ж.ж. қазақ балалар әдебиеті. 

Ә.Дүйсенбиев өлеңдерінің көркемдігі; 

Ж.Кәрібозин шығармалары; 

Ж.Смақов туындыларының ерекшелігі. 



Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпқа  қажетті  әдебиеттері  іріктеп  алыңыз,  өзіндік 

көзқарасыңызды негізе ала отырып талдау жасаңыз. 



Есеп беру түрі: жазбаша 

әдеби талдау 



Қазақ балалар әдебиетіндегі фантастикалық шығармалар. 

-

 

фантастикалық шығармалардың негізі; 



-

 

ғылым жаңалықтарымен байланыс; 



-

 

қазіргі қазақ балалар фантастикасы. 



Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпқа  қажетті  әдебиеттері  іріктеп  алыңыз,  өзіндік 

көзқарасыңызды негізе ала отырып талдау жасаңыз. 



Есеп беру түрі: жазбаша әдеби талдау 

 

 



 

 

 



 

 

Әдебиеттер тізімі: 

Негізгі әдебиет 

1.

 



Ахметов Ш. Балалар әдебиетінің очеркі. Алматы: Қазмембаспа, 1960. 

2.

 



Ахметов  Ш.    Қазақ  балалар  әдебиетінің  хрестоматиясы.    Алматы: 

Қазмембаспа, 1965. 

3.

 

Ғабдуллин М. Халық ауыз әдебиеті. Алматы:Мектеп, 1974. 



4.  Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. Алматы: Ғылым, 1994.  

5. Қазақ балалар поэзиясының антологиясы. Алматы: Жалын, 1977. 



Қосымша әдебиеттер: 

1.

 



Ақыл тас. Өтірік өлеңдер, ертегі, жұмбақтар. Алматы: Жазушы, 1991. 

2.

 



Қазақ жұмбақтары. Алматы: Ана тілі, 1993. 

3.

 



Қазақтың халық творчествосы.  Алматы: Ғылым,  1989. 

4.

 



Мың бір мақал. Алматы, 1983.  

5.

 



Қазақ мақал- мәтелдері. Құраст. Ө.Тұрманжанов. Алматы: Ана тілі, 1993.  

6.  Жеті жүз жетпіс жеті мақал.  Алматы: Ана тілі, 1993. 

7.  Алмас қылыш. Құраст. С. Дәуітұлы. Алматы: Жалын, 1993. 

8.  Алтын сырлай.  Батырлар жыры.  Алматы:  Жалын, 1993. 

9.  С. Елубаев. Ақыл тіс. Өлеңдер, ертегі, жұмбақтар.  Алматы: Жалын, 1991. 

10. Төрт батыр.   Алматы: Жалын, 1986. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет